Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата13.02.2017
өлшемі0,94 Mb.
#4044
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Министерство образования и науки Республики Казахстан  

 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  



Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



PISA, TIMSS 

ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ 

САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ  

 

Оқу-әдістемелік құрал  



  

РАЗВИТИЕ ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНОЙ ГРАМОТНОСТИ 

ШКОЛЬНИКОВ В КОНТЕКСТЕ МЕЖДУНАРОДНЫХ 

ИССЛЕДОВАНИЙ PISA, TIMSS  

 

Учебно-методическое пособие  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2014  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2014 жылғы 18 сәуірдегі № 3 хаттама).  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 18.04. 2014 года)  

 

PISA



,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың 

ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту. Оқу-әдістемелік құрал.

 

– 

Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б.  



 

Развитие  естественнонаучной  грамотности  школьников  в  контексте 

международных исследований PISA, TIMSS. Учебно-методическое пособие. 

– 

Астана: НАО имени И.Алтынсарина, 2014. – 40 с.  



 

 

 



Бұл  әдістемелік  құралда  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану 

сауаттылығын  қалыптастырудағы  отандық  және  шетелдік  тәжірибелер 

зерделеніп,  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  нәтижелеріне  сараптама  жасалған. 

PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың  ғылыми 

жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар 

берілген.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  зерттеуде  қолданылған 

тапсырмалардың үлгілері көрсетілген.  

Әдістемелік  құрал  жаратылыстану  саласы  пәндерінің  мұғалімдеріне, 

мектеп  басшылары  мен  әдіскерлерге,  қосымша  білім  беретін  педагогтерге, 

білім бөлімі басшыларына арналған.  

 

В  методическом  пособии  рассмотрен  отечественный  и  зарубежный  опыт 



развития  естественнонаучной  грамотности  учащихся,  проанализированы 

результаты  исследовании  PISA,  TIMSS.  Даны  методические  рекомендации  по 

развитию  естественнонаучной  грамотности  учащихся  на  основе  заданий 

исследования  PISA,  TIMSS.  Включены  примеры  заданий,  которые 

использовались  в  международном  исследовании образовательных  достижений 

учащихся.  

Работа  адресована  учителям  предметов  естественного  направления, 

руководителям  школ,  методистам,  педагогам  дополнительного  образования, 

работникам управления и отделов образования.  

 

 



© Ы.Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2014.  

© Национальная академия образования  

им. И. Алтынсарина, 2014.  

 



КІРІСПЕ  

 

Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіруі 



үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу 

жағдайында  тұлғаның  ең  басты  функциялық  сапалары  белсенділік, 

шығармашыл  тұрғыда  ойлауға  және  шешім  қабылдай  алуға,  кәсіби  жолын 

таңдай  алуға  қабілеттілік,  өмір  бойы  білім  алуға  дайын  тұруы  және  т.б. 

функционалдық 

дағдылар 

мектеп 

қабырғасынан 



қалыптасады. 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-

экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан 

халқына  Жолдауын  іске  асыру  мақсатында  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-

қимыл  жоспары  (бұдан  әрі  –  Ұлттық  жоспар)  ҚР  Үкіметінің  Қаулысымен 

бекітілді  [1].  Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасындағы  білім  сапасын 

жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының  мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен 

жүйелілігін  қамтамасыз  етуге  бағытталып,  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  үдерісін  мазмұндық,  оқу-әдістемелік,  материалдық-

техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  жалпы  бағдары 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [2]. Ондағы басты 

мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның  құбылмалы  әлемге  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім 

алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 

оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 

білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 

«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 

өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге 

қабілеттілік  пен  даярлықты  білдіретін  қалыптасқан  құзыреттіліктерді 

анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.  

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 

бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, 

өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер 

қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  және  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 

ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай  өмір  сүріп,  қызмет  етуде.  Осыған 

байланысты  еліміздің  оқушыларының  білім  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау 

үшін Қазақстан PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысты. 

PISA (Programm for  lnternational  Student  Assessment)  – 

оқушылардың  оқу 

жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  бағдарламасы.  Бұл  бағдарламаның 

мақсаты  білім  беру  жүйелері  әр  түрлі  елдердің  15  жастағы  жасөспірімдерінің 

мектепте  математика  және  жаратылыстану  ғылымдарынан  алған  білім,  білік 



және  дағдыларын  өмірде  кездесетін  әртүрлі  жағдайларды  шешуде  қолдана 

алуларын,  сонымен  қатар  түрлі  мәтіндерді  оқып  және  түсінулерін 

салыстырмалы бағалау болып табылады. PISA зерттеуі үш бағыт бойынша үш 

жылда бір өткізіледі.  

PISA бағдарламасы халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму 

ұйымының  (ЭЫДҰ)  (OECD  –  Organization for Economic Cooperation and 

Development)  және  ұлттық  орталықтардың  қатысуымен  алдыңғы  қатарлы 

халықаралық  зерттеуші  ұйымдардан  құрылған  Консорциуммен  жүзеге 

асырылады.  Консорциумға  келесі  ұйымдар  кіреді:  Білім  беру  аймағындағы 

Нидерланд  Ұлттық  өлшеу  институты  (Netherlands  National  Institute  for 

Educational  Measurement,  CITO);  АҚШ-тың  педагогикалық  тестілеу  қызметін 

көрсету (Educational Testing Service, ETS); білім беру саласындағы Жапонияның 

Ұлттық  зерттеу  институты  (National  Institute  for  Educational  Research,  NIER); 

статистикалық ақпараттарды жинау бойынша Америкалық ұйымы (WESTAT). 

Ал  Консорциумның  жұмысын  педагогикалық  зерттеулердің  Австралиялық 

Кеңесі (The Australian Council for Educational Research, ACER) [3].  

Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастығы IEA 

(International Association for the Evaluation of Educational Achievement өткізетін), 

TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) 

халықаралық 

мониторингтік  зерттеуі  төрт  жыл  сайын  әлемдегі  50-ден  астам  елдің 

математикалық  және  жаратылыстану  ғылымдары  білімінің  дамуы  үрдісін 

бақылауға мүмкіндік береді.  

TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) – 

математика және 

жаратылыстану  білімінің  сапасын  бағалау  бойынша  халықаралық  зерттеу. 

Жобаға  қатысушы  елдердің  білім  мазмұнын  ескере  отырып,  бұл  зерттеудің 

аясында  4-ші  және  8-ші  сынып  оқушыларының  математика  және 

жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  дайындықтарының  сапасы  бағаланады. 

TIMSS зерттеулері оқу жетістері туралы жан-жақты мағлұмат алумен қатар, ел, 

мектеп  және  білім  берудің  жағдайлары  туралы  қосымша  ақпарат  алуға  да 

мүмкіндік  береді.  TIMSS-ке  қатысушы  елдердің  құрамы  алуан  түрлі,  олар 

экономикалық  дамуы,  географиялық  жағдайы,  халқының  саны  жағынан  бір-

бірінен  ерекшеленеді.  Бірақ  олардың  бәрі  білім  беру  ұйымдарының  жүйесін, 

оқу  бағдарламалары  мен  оқыту  әдістерін  оқушылардың  жетістіктері  арқылы 

салыстыру,  білім  беру  саласында  тиімді  курстар  әзірлеуге  арналған  құнды 

ақпарат жинақтауға көмектеседі [4].  

TIMSS жобасын жүзеге асыруға белгілі ғылыми-зерттеу орталықтары: білім 

саласында тестілеу қызметін көрсету (ETS – Educational Testing Service, США); 

Канаданың  Статистика  Орталығы  (Statistics  Canada);  білім  берудегі 

жетістіктерді  бағалау  бойынша  халықаралық  қауымдастықтың  хатшылығы 

(IEA, Нидерланды); білім берудегі жетістіктерді бағалау бойынша халықаралық 

қауымдастықтың  мәліметтерін  өңдеу  орталығы  (DPC  IEA  –  Data Processing 

Center  IEA,  Германия)  және  дүние  жүзінің  басқа  да  ғылыми-зерттеу 

орталықтары қатысады.  

Халықаралық зерттеулердің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау 



жұмысы  жүргізіледі.  Бұл  әрбір  қатысушы  елге  білім  беру  жүйесінің 

стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.  

Біздің еліміз үшін халықаралық зерттеулерге қатысу білім берудің бақылау-

бағалау  жүйесін  реформаландырудың  қажеттілігін  ескертетін  бірқатар 

факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім 

беру  кеңістігіне  кірігуіне  негізгі  себеп  болады.  Қазақстанның  халықаралық 

зерттеулерге  қатысуы,  оқушының  өзін-өзі  дамытуды  максималды  түрде  іске 

асыруы  мен  қоғам  өмірінде  өз  орынын  табу,  өздігінен  іздену,  талдау  жасау, 

құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.  

Салыстырмалы  халықаралық  зерттеулер  отандық  және  халықаралық 

контексте білім беру жүйесінің жағдайын бағалап, қазақстандық білім берудің 

жетістігі  мен  осал  тұстарын  анықтауға  және  алға  қойған  мақсаттардың  ең 

тиімді  жолдарын  белгілеуге  жағдай  жасайды.  Ғылыми  жаратылыстану 

сауаттылығын  анықтауға  бағытталған  халықаралық  зерттеу  тапсырмаларын 

сабақта 

пайдалану 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруға негіз болады.  

Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни PISA, TIMSS 

зерттеулерінің  тапсырмалары негізінде  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану 

сауаттылықтарын  дамытуға  арналған  әдістемелік  құралы  ұсынылады. 

Әдістемелік  құралда  оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын 

анықтауға 

бағытталған 

халықаралық 

зерттеулер 

тапсырмаларының 

ерекшеліктері,  ғылыми  жаратылыстану  пәндері  бойынша  қазақстандық 

оқушылардың  халықаралық  зерттеулерінің  нәтижелерін  талдау,  оқушылардың 

ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  дамыту  бойынша  әдістемелік 

нұсқаулықтар беріледі.  

 

 







Оқушылардың  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығын  анықтауға 

бағытталған халықаралық зерттеулер тапсырмаларының ерекшеліктері  

 

Қазақстан оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын анықтауға 

бағытталған  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  және  PISA 

(Programme for International Student Assessment) 

зерттеулеріне қатысып келеді.  

TIMSS  халықаралық  зерттеуі  4  және  8-сынып  оқушыларының  математика 

мен  жаратылыстанудан  білім  сапасын  бағалайтын  төрт  жылдық  мерзіммен 

(1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге әлемнің 63-

тен  аса  елдері  қатысады.  Бағдарламаны  оқушылардың  білім  жетістіктерін 

бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді. 1995 жылдан 

бастау  алатын  TIMSS  зерттеуінің  негізгі  мақсаты,  4  және  8-сынып 

оқушыларының  математика  мен  жаратылыстану  пәндері  бойынша  оқу 

жетістіктерін  бағалау 

және 


мектепішілік,  мектептен 

тыс  білім 

детерминанттарын анықтау болып

 

табылады.  



PISA  – 

1997  жылдан  басталған  бұл  сынақ,  үш  жылдық  мерзіммен 

өткізілетін  жалпы  орта,  техникалық  және  кәсіби  білім  беру  ұйымдарында  15 

жастағы  білім  алушылардың  математика,  жаратылыстану  және  оқу 

саласындағы  сауаттылығын  бағалауға  арналған  (2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 

2015).  


Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  бойынша  PISA  Халықаралық 

бағдарламасы  оқушылардың  оқу  барысында  алған  білімдері  мен  дағдыларын 

өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәнімен тікелей 

байланысты  емес  мәселелерді  шеше  білу  құзіреттіліктерін  бағалауға 

бағытталған.  

Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) 

жүзеге  асырылады.  PISA  зерттеуі  оқушылардың  білім  жетістіктерінің 

нәтижелерін,  білім  беру  жүйесіндегі  болып  жатқан  өзгерістерді  бақылауға, 

жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 2012 жылы 

бағдарламаның бесінші кезеңі жүзеге асырылды, ал 2015 жылы алтыншы кезеңі 

өткізіледі.  

PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы 

оқушылардың  математика,  жаратылыстану  және  оқу  бағытындағы  пәндерден 

игерген білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың оқу 

барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана 

білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.  

Көптеген  елдерде  жасөспірімдер  15  жаста  негізгі  білім  беру  сатысын 

аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он 

бес  жастағы  оқушылардың  өз  беттерінше  өмір  сүрулеріне  қажет  білім,  білік, 

дағдыларды қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтайды.  

PISA  халықаралық  зерттеуінің  негізгі  міндеті  –  білім  беру  саласындағы 

әлемдік  басымдықтарды  сипаттайтын  зерттеу  құралдарының  негізінде 

объективті  өлшеулер  арқылы  алынған  айқын  нәтижелерді  талдау  болып 

табылады.  



Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге 

асады:  «математикалық  сауаттылық»,  «жаратылыстану  сауаттылығы»  және 

«оқу сауаттылығы». 

Оқу  сауаттылығы  –  жазба  мәтіндерді  түсіну,  өз  мақсатына  жету  үшін 

оның  мазмұнын  қолдану,  қоғам  өміріне  белсенді  қатысу  үшін  білімі  мен 

мүмкіншіліктерін  дамыту  қабілеті  (оқу  сауаттылығы  2000,  2009  жылдары 

жүргізілді). 

Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика 

рөлін  анықтау  және  түсіну,  жасампаз,  мүдделі  және  ойшыл  азаматқа  тән 

дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және 

болашақта  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін  қолдана  алу  қабілеті 

(

математикалық сауаттылығы 2003, 2012 жылдары жүргізілді). 



Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс 

көмегімен  шешілетін  және  зерттелінетін  проблемаларды  анықтау  үшін, 

тәжірибе  мен  бақылау  негізінде  қорытындыға  қол  жеткізу  үшін 

жаратылыстану  білімін  қолдану  қабілеті.  Бұл  қорытындылар  қоршаған 

ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен 

қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет [2]. 

Зерттеудің  әрбір  кезеңінде  үш  зерттеу  бағыттарының  біріне  ерекше  көңіл 

(тапсырмалардың  үштен  екі  бөлігі)  бөлінеді.  2000  жылы  зерттеудің  негізгі 

бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылығы», 2006 

жылы  –  «жаратылыстану  сауаттылығы»,  2009  жылы  білім  жетістіктерін 

бағалаудың  негізгі  аймағы  «оқу  сауаттылығы»  болды,  ал  2015  жылғы 

тестілеуде  негізінен  «жаратылыстану  сауаттылығы»  бағаланады.  PISA-2012 

жаратылыстану  сауаттылығын  тексеруге  арналған  тестердің  құрамына 

өлшеудің  4  аспектісі  кіргізілді,  олар:  контекст,  білім,  құзіреттіліктер  және 

қарым-қатынас.  Оқу  бағдарламаларының  (жоспарының)  орта  мерзімді  жаңа 

құрылымында:  «Білімнің  ұсынылатын  түрлері»,  «Қысқаша  шолу»  және 

«Контекс» (мәнмәтін) пунктерінен тұратын жалпы әдістемелік ақпараттар бар, 

оларды бір немесе басқа аспектіде (мысалы, тұлғалық не әлеуметтік) тұрғыдан 

қарауға жағдай жасайды. 

Ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  ғылыми  жаратылыстану  (әлем 

туралы)  және  әдіснамалық  құрылымдардан  тұрады.  Әдіснаманың 

құрылымында  ғылым  туралы  білімін  және  оны  қалай  зерттеуге  болатыны 

айтылады.  Орта  білім  мазмұнының  жаңартылған  тұжырымдамасында  зерттеу 

жұмысы  негізгі  дағдылардың  бірі  болып  табылады.  PISA-ның  «Денсаулық» 

атты  тестік  тапсырмалары,  сұрақтары  және  есептері  оқушылардың  өздерінің 

денсаулығына  қатысты  жаңа  білім  беру  кеңістігін  құрастыруға  мүмкіндік 

беретін мәдениеттің индикаторы ретінде маңызды. 

Халықаралық  PISA  зерттеулерінде  барлық  сұрақтар  мен  тапсырмалар 

жалпы  үш  топқа  бөлінеді,  олар:  «Қалай  білуге  болады?»  атты  таным  әдісін 

қолдануға  арналған  тапсырмалар.  «Түсіндіріп  көр»  –  құбылыстар  мен 

фактілерді  түсіндіруге  арналған  тапсырмалар.  «Қорытынды  жаса»  –  берілген 

деректер негізінде қорытынды құрастыруға арналған тапсырмаларды орындау. 



Оны  төменде  берілген  халықаралық  зерттеулердің  мектеп  оқушыларының 

ғылыми  жаратылыстану  сауаттылықтарын  тексеруге  арналған,  құрылымы 

жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалардың үлгісінен көруге болады.  

1-

мысал. Кейбір сұрақтарда әріппен белгіленген төрт түрлі жауаптың үлгісі 



берілген.  Бұл  сұрақтарға  жауап  беру  барысында,  сіздің  ойыңызша  дұрыс 

болатын жауаптың тұсындағы әріпті дөңгелекпен белгілеңіз. Мысалы:  



1972 жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті?  

A. 

Мехико  

B. 

Мюнхен  

C. 

Лос-Анджелес  

D. 

Сидней.  

Егер, сіз, жауап беруге қиналсаңыз, онда өзіңіз дұрыс деп ойлаған жауапты 

белгілеңіз.  

Ал  егер берген  жауабыңызды өзгерткіңіз келсе, берген  жауабыңызды  «Х» 

белгісімен сызыңыз да, дұрыс деген жауабыңызды белгілеңіз. 

2-

мысал.  Кейбір  тапсырмалардың  қысқаша  жауабын  арнайы  қалдырылған 



дәптердің жолдарына жазу қажет. Қысқаша жауап жеке сөздер, суреттер немесе 

сан түрінде болуы мүмкін. Мысалы:  



1990-

2012  жылдардың  аралығында  Олимпиада  ойындарының  астанасы 

болған Азияның үш қаласын жазыңыз 

Дұрыс жауап келесі үлгіде жазылуы мүмкін: Токио, Сеул, Пекин. 

3-

мысал.  Тапсырмалардың  мазмұнына  қарай  жауап  жазуды,  түсініктеме 



беруді, берген жауаптың толық түсініктемесін беруді немесе есептің шығарылу 

жолын көрсетуді талап ететін тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмаларға берілген 

жауаптар еркін формада жазылады. Мысалы: 

Сіздің ойыңызша 2016 жылғы  Олимпиада  ойындары  қай құрылықта өтуі 

мүмкін? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 

Бұндай  тапсырмалардың  жауабын  арнайы  қалдырылған  жолдарға  жазу 

керек.  Жолдардың  саны  сіздің  жауабыңыздың  көлемі  қандай  болуы  мүмкін 

екенін көрсетеді. 

4-

мысал. Болашақ Олимпиада ойындары қайда өтуі мүмкін екендігі туралы 



түсініктемені таңдаңыз.  

А. Африка. Олимпиада ойындары мұнда 1964 жылдан бастап болған емес. 

В. Аустралия. Бұл кезеңде Олимпиада ойындары мұнда бір рет қана болған. 

С.  Солтүстік  Америкада  деп  ойлаймын.  Бұнда  Олимпиада  ойындары  жиі 

өткізілген,  бірақ  АҚШ  дүние  жүзіндегі  бай  елдердің  бірі  болғандықтан, 

осындай қымбат ойындарды тағы да өткізе алады.  

Д.  Азия  мен  Еуропадан  басқа  кез-келген  құрылықта,  өйткені  бұл 

құрлықтарды соңғы ойындар өткізілген болатын. 

5-

мысал. Есептеулердің орнына логикалық ойлауды талап ететін, деректері 



толық берілмеген тапсырмалар да қызықты. Мысалы: 

Айдар  шәшкеге  температурасы  90°С-қа  тең  ыстық  шай  және  екінші 

ыдысқа  температурасы  5°С-қа  жуық  суық  минералды  су  құйып  алды.  Екі 

шәшкенің және құйылған сусындардың көлемі бірдей. Айдар отырған бөлменің 



температурасы 20°С-қа жуық. 10 минуттан кейін шай мен минералды судың 

температурасы қанша болуы ықтимал? 

A) 70°С және 10°С;  

В) 90°С және 5°С; 

С) 70°С және 25°С; 

D) 20°С және 20°С». Дұрыс жауабы (А) 

Әрбір  тапсырма  бір  мәселені  суреттеген  мәтінді  қамтиды  және  мәтінмен 

қатар  төрт  немесе  бес  нұсқада  жауабы  бар  сұрақтар,  немесе  таңдау  бойынша 

қатар  екi  жауабы  болуы  мүмкін  жорамалдар  мен  нақты  бекiтулер  түрінде 

көрсетiлген  қиындық  дәрежесі  әртүрлі  бірден  алтыға  дейін  сұрақтарды 

қамтиды.  Сұрақтардың  қалған  бөлімдеріне  оқушылар  өз  жауаптарын  жазуы 

керек,  олардың  кейбiрi  қысқа  немесе  толық  жауапты  талап  етедi.  Ішінде  тест 

тапсырушылардан  жеке  өзіндік  пiкiрді  талап  ететін  және  өз  көзқарасын 

айқындауға мүмкiндiк беретін тапсырма түрлері де қарастырылған. Сондай-ақ, 

оқушылардан сұрақ жауаптарының шеңберде шектелген нұсқаларын таңдауын 

талап ететін тапсырмалар да бар, олар дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады 

(жабық құрастырылған жауаптар).  

PISA зерттеуінің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс 

зерттеудің  негізгі  бағыты  бойынша  толық  ақпарат  алуға  және  бұл  бағыттағы 

үдерістерге салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. 

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбiр оқушыға әрбір 

топтағы тапсырманы орындауына қарай (математика, жаратылыстану және оқу 

бойынша) халықаралық 1000 балдық шкала бойынша ұпай қосылады. Сонымен 

қатар,  тапсырма  барлық  тестіленушілермен  қаншалықты  орындалғанына 

байланысты  әрбiр  тапсырмаға  аталған  шкалаға  сәйкес  нақты  ұпай  қосылады 

(тапсырманың қиындығы үшін). 

Әрбір елдің нәтижелерін талдауда және халықаралық шкаланы құрастыруда 

жеке  елдердің  тапсырмаларды  орындау  ерекшелiктерi  есепке  алынады.  Ал 

қатесі  бар  тапсырмалар,  мысалы,  полиграфиялық  немесе  аудармасында  қате 

кеткен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады. 

Бұл  зерттеуде,  сонымен  қатар,  бағдарламаға  қатысушы  елдер 

оқушыларының нәтижелеріндегі  өзгешеліктерді  түсіндіруге  мүмкіндік  беретін 

факторлар  да  зерттеледі.  Мұндай  факторларға  оқушылардың  және  олардың 

отбасының  сипатамасы,  білім  беру  мекемелерінің  және  оқу  үрдісінің 

жағдайларының сипаттамалары жатады.  

Тест тапсырмаларының:  

33,69%-


ға жуығы еркiн құрастырылатын жауаптардан тұратын сұрақтардан 

жасалған, оқушылар оларға өздік қисынды жауаптар берулерi керек;  

ал 9,47 % тапсырмалар қысқаша жауапты сұрақтардан тұрады;  

тапсырманың 5,26 %-ын оқушылар сөздермен немесе сандармен шектелген 

жауаптарды  өздері  құрастырады,  осындай  тапсырмалар  «жабық  құрастыру 

жауабы бар тапсырмалар» деп аталады;  

бір ғана дұрыс жауапты таңдауды талап ететін, дайын жауабы бар сұрақтар 

тест тапсырмаларының 34,21 %-ын құрады;  



тапсырмалардың  5,26%  «иә»  немесе  «жоқ»  деген  жауапты  талап  ететін 

тапсырмалардан тұрды.  

Бастауыш  және  негізгі  мектептің  білім  сапасын  бағалау  TIMSS 

халықаралық  зерттеуінде  жүзеге  асады.  TIMSS  мектептегі  білім  сапасын 

халықаралық  зерттеу  (Trends in International Mathematics and Science Study)  – 

әлемнің  63  елінде  жаратылыстану-математика  бағыты  бойынша  мектептегі 

білімнің даму басымдылығын анықтау үшін жүргізіледі.  

TIMSS 


халықаралық  зерттеуінің  мақсаты  –  әртүрлі  елдердегі  білім жүйесі 

мен  орта  мектеп  оқушыларының  жаратылыстану-математикалық  дайындық 

деңгейін  салыстырмалы  бағалау  және  осы  дайындық  деңгейіне  әсер  ететін 

факторларды анықтау.  

TIMSS 

халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік 



артықшылықтарды  көрсететін  объективті  өлшемдер  шегіндегі  құралдары 

негізінде  алынған  нәтижелерді  талдау  және  білім  саясатына  қажетті  ғылыми 

дәлелденген  қорытындылар  жасау.  Халықаралық  зерттеу  негізгі  екі  бағыт 

бойынша  жүзеге  асады:  «математика»  және  «ғылыми-жаратылыстану», 

сонымен қатар оқушылардың жалпы оқуды меңгеруі және зияткерлік қабілетін 

бағалауға ерекше көңіл бөлінеді [5].  

Білім үш деңгейлік тұрғыдан қарастырылады:  

– 

жоспарланған  (мемлекет  тарапынан  әлеуметтік  тапсырыс  ретінде 



анықталады); 

– 

жүзеге асырылған (мектептердегі нақты оқу процестерімен анықталады); 



– 

қол жеткізілген (мектептердегі оқытудың нәтижелерімен анықталады). 

Білім  алушылардың  білім  жетістіктерін  анықтау  үшін  жаратылыстану-

математика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық 

ақпараттың нақты параметрлері анықталады.  

TIMSS 


халықаралық зерттеулерін өткізуде қолданылатын құралдар:  

 



тест тапсырмалары бар буклеттер; 

 



мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама; 

 



оқушыларға арналған сауалнама; 

 



математика  және  жаратылыстану  пәндерінің  (математика,  физика, 

биология, химия, география) мұғалімдеріне арналған сауалнама; 

 

Ұлттық Үйлестірушіге арналған нұсқаулық; 



 

облыстық Үйлестірушіге арналған нұсқаулық; 



 

мектеп Үйлестірушісіне арналған нұсқаулық; 



 

тест өткізу туралы нұсқаулық [4].  



TIMSS  зерттеуінің  негізгі  компоненті  ретінде  4  және  8-сыныптар 

оқушыларының оқу  жетістіктері  қаралады. 4-ші  сынып оқушыларының  тестік 

тапсырмаларының  әр  варианты  44-50  тапсырмадан  тұрады,  8-сынып 

оқушылары  үшін  –  55-60  тапсырма  қарастырылған.  Онда  жауаптар  әртүрлі 

болуы мүмкін. Тапсырманы орындау үшін 4-ші сынып оқушыларына 72 минут, 

8-

сынып оқушыларына 90 минут уақыт бөлінеді. Бағалау диапазоны 0-ден 1000 



балл аралығында болады, орташа статистикалық балл 500 баллды құрайды.  

Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады:  

10 


 

 



ілгері (625 – 1000 балл);  

 



 

жоғары (550 – 624 балл);  

 

 



орта (475 – 549 балл);  

 



 

төмен (400 – 474 балл).  

Жабық  тапсырма  бойынша  әр  дұрыс  жауапқа  халықаралық  эксперттер  1 

балл береді. Ашық тапсырмалар бойынша әр жауапқа арнайы екі таңбалы код 

беріледі – «дұрыс жауап», «жартылай дұрыс жауап», «жауап дұрыс емес».  

Оқушылардың математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын 

тексеру  үшін  347  тапсырма  қолданылды  (оның  175  математика  және  172-сі 

ғылыми  жаратылыстану).  Бұл  тапсырмалар  28  блокқа  жүйеленген  (14-і 

математика және 14-і жаратылыстану). 8-сынып бойынша да осындай тәртіппен 

тапсырманың 14  әр  түрлі  нұсқасы  пайдаланылды.  Тапсырманың  барлық  саны 

434 (217 математикадан және 217 жаратылыстану бағытында).  

Зерттеулерге  арнайы  сауалнамаларға  жауап  беру  арқылы  Ұлттық 

координаторлар  қатысады.  Бұл  жауаптар  алынған  нәтижелердің  кейбір 

себептерін түсіну үшін қосымша ақпараттарды құрайды. 4-ші және 8-ші сынып 

оқушыларының  мектеп  пәндеріне  көзқарастары,  мұғалімдер  тарабынан 

сабақтарды  ұйымдастыру,  сыныптан  тыс  іс-шараларға  қатысу,  отбасын 

сипаттау туралы сауалнамалық сұрақтарға жауап береді.  

Сауалнама  сұрақтарына  берілген  жауаптар  арқылы  оқушылардың  білім 

жетістігіне  кері  әсер  ететін  факторлар  анықталады.  Мысалы,  халықаралық 

сарапшылар жасаған модель бойынша мынадай факторлар [6]:  

 

 



оқушылардың 

демографиялық 

сипаттары 

(тестілеу 

кезіндегі 

оқушылардың жасы және олардың жынысы);  

 

 



отбасының 

әлеуметтік-экономикалық 

жағдайы 

(отбасында 

компьютердің, ұялы телефонның, автомобильдің бар болуы және т.б.);  

 



 

отбасының мәдениеті (үй кітапханасының бар болуы, сөйлесу тілі);  

 

 



өз  жетістіктерін  бағалау  (пәнге  деген  көзқараспен  анықталады  – 

«жалықтыратын пән», «жеңіл пән», «әр адамның өмірінде маңызды»);  

 

 



оқушының уәждемесі (білім траекториясы, пәнді игеруге тиісті жігердің, 

қызығушылықтың болуы);  

 

 



мектептен  тыс  іс-әрекеттер  (оқушының  мектептен  тыс  шараларға 

қатысуы, бос уақытты тиімді пайдалануы);  

 

 



мектептегі және сыныптағы психологиялық ахуал анықталады.  

Кадрлық әлеует сапасының оқу процесін ұйымдастыру сапасына әсерін пән 

мұғалімдерінің сауалнама сұрақтарына берген жауаптары арқылы анықталады. 

Сауалнаманың  нәтижесінде  мынадай  ақпарат  алынады:  мұғалімдердің  жеке 

мінездемелері  (жынысы,  жасы,  жұмыс  өтілі,  білім  деңгейі),  кәсіптік 

құзыреттілігі  (сабаққа  дайындалу,  оқу  жұмыстары,  оқу  жетістерін  бағалау, 

мұғалімдер  мен  оқушылардың  ынтымақтастығы,  біліктілікті  жетілдіруі  және 

т.б.).  


Халықаралық  сарапшылардың  көзқарасы  бойынша  оқушылардың  оқу 

жетістіктеріне мынадай факторлар: мектептің орналасуы, білім беру ұйымының 

материалдық ресурстары, тәртіп деңгейі, психологиялық «ахуал» және басқару 

11 


қызметінің жекеленген аспектілері әсер етеді. Бұл сұрақтар бойынша алынған 

ақпарат білім беру ұйымының басшыларының сауалнамасында ескеріледі.  

TIMSS-2011 

құрылымдық  құжаттары  бойынша  жоғары  деңгейдегі 

оқушылар  ғылыми  жаратылыстану  процестері  бойынша  меңгерген  білімдерін 

өзара  байланысты  төрт  блок  бойынша  көрсете  білулері  тиіс.  Мектеп 

оқушылары  эксперименттердің  нәтижелерін  суреттеу,  қорытындылау  сияқты 

дағдыларға  ие  болулары  тиіс.  Төменде  оқушыларды  жаратылыстану  пәндері 

бойынша  халықаралық  зерттеулерге  дайындау  барысында  ескеру  қажетті 

мазмұндық блоктардан мысалдар берілген [6].  

1-

мысал. «Биология» пәнінен алған білімдерін көрсету барысында жауапты 



еркін  құрастыруға,  оқу-танымдық  әрекеттерін  көрсете  білуге  бағытталған 

тапсырмалар.  

Тапсырма: «Өсімдіктің құрылысы көрсетілген сызбаның көмегімен оның әр 

мүшесінің атқаратын қызметін сипаттау».  

Халықаралық зертеудің нәтижесі бойынша бұл сұраққа бақылауға қатысқан 

төртінші сынып оқушыларының жалпы санының 21%-ы ғана жауап берген, ал 

Қазақстандық  қатысушылардың  27%-ы  жақсы  нәтижеге  көрсеткен.  Бұл 

көрсеткіш халықаралық нәтижеден 6%-ға жоғары.  

2-

мысал. «Физика» пәнінен жоғары деңгейлі тапсырма.  



«Балжанда  екі  магнит  (А  мен  В)  және  бірдей  екі  темір  шеге  бар.  Ол 

үстелдің  бойымен  А  магнитін  шеге  магнитке  жабысқанға  дейін  қозғады.  Ол 

үстелдің  бойымен  В  магнитін  шеге  магнитке  жабысқанға  дейін  қозғады. 

Балжан  А  магниті  шегені  15  см  қашықтықтан,  ал  В  магниті  шегені  10  см 

қашықтықтан  тартып  алғанын  байқады.  Сырым  екі  магниттің  де  күші 

бірдей күшті деді. Сіз Сырыммен келісесіз бе?  

Бұл сұрақ оқушылардан өз білімін қолдану, ойлау және қорытынды жасау 

біліктерін  талап  етеді.  Тапсырма  оқушылардың  тәжірибе  нәтижесін  саралау, 

тәжірибенің  нәтижесі  негізінде  жасалған  қорытындыдағы  қателікті  табу  және 

өз  жауабын  негіздеу  біліктерін  тексереді.  Бұл  тапсырманы  орындауда 

жетістікке  жету  үшін  оқушылар  магниттің  шегені  тарту  күші  қашықтыққа 

байланысты анықталатынын түсінулері қажет.  

3-

мысал. «Химия» пәнінен жоғары деңгейлі тапсырма.  



«Ахмет  шыны  түтікке  кішкене  мөлшерде  ұнтақ  салды.  Содан  соң  оның 

үстінен  сұйықтық  құйды  және  сілкілеп  араластырды.  Химиялық  реакция 

жүрді.  Химиялық  реакция  барысында  сіз  байқауыңыз  мүмкін  екі  процесті 

сипаттаңыз. (Температураның өзгеруі. Газ түйіршіктерінің шығуы.).  

Тапсырманы  орындау  маңызды  тұжырымдамаларды  түсінуді  және 

химиялық  реакция  кезінде  болатын  өзгерістерді  нақты  сипаттау  шеберлігін 

талап  етеді.  Бұл  тапсырманы  орындауда  қазақстандық  сегізінші  сынып 

оқушылары  халықаралық  көрсеткіштен  әлдеқайда  төмен  нәтиже  көрсетті  -

(17%).  


4-

мысал. «Физика» пәнінен гравитация күшін сипаттау саласынан кешенді 

және  абстрактілі  тұжырымдамаларды  көрсете  білуге  бағытталған,  жоғары 

деңгейлі тапсырма.  

12 


«Суретте  парашютистің  төрт  жердегі  бейнесі  берілген.  1.  Секіру 

алдында ұшақтың ішінде. 2. Секіргеннен кейін, парашют ашылардың алдында, 

еркін  құлау  барысында.  3.  Парашют  ашылғаннан  кейін  жерге  қонғанда.  4. 

Жерге  қонған  сәті.  Қай  жағдайда  парашютистке  гравитациялық  күш  әсер 

етеді?»  

А. Тек 2 позицияда.  

В. Тек 2 және 3 жағдайда.  

С. Тек 1, 2, 3 жағдайда.  

Д. Барлық жағдайларда.  

Қазақстандық  8-сынып  оқушылары  үшін  бұл  тапсырма  өте  қиын  болып 

шықты, халықаралық орташа нәтижеден 10%-ға төмен көрсеткіш көрсетті.  

5-

мысал.  «География»  саласынан  берілген  тапсырмалар  оқушылардың 



логикасын бағалауға арналған.  

«

Келесі бес тұжырымдама, су айналымы барысында болатын процестерді 

сипаттайды. Судың теңіз бетінен булануы, су айналымының бірінші сатысы 

ретінде айқындалады. 2-ден 5-шіге дейінгі тұжырымдамаларды су айналымы 

процесінің ретіне сәйкес орналастырыңыз».  



Су буы жылы ауаға көтеріледі.  



Су өзенмен теңізге қарай ағады.  



Су теңіз бетінен буланады.  



Су буы суиды және бұлтқа айналады.  



Бұлттар қозғалады, су жер бетіне жаңбыр түрінде түседі.  

Біздің  4-сынып  оқушыларының  көрсеткіші  халықаралық  орташа 

көрсеткіштен 8%-ға төмен болды.  

Халықаралық  TIMSS  зерттеуде  жаратылыстану  құзыреттiлiгі  бойынша 

қазақстандық оқушылар төменгідей үш деңгей бойынша нәтижелерді көрсетті. 

Жетік  деңгей  бойынша  –  7  %,  оқушылардың  жаратылыстану  бағытында 

жасалатын  тәжірибелерден  және  зерттеулерден  алғашқы  мағлұматтары  бар, 

олардың істелген жұмыстың нәтижелерін бағалау дағдылары қалыптасқан және 

ғылыми  жаратылыстану  саласы  пәндерінің  мазмұнын  өздігінен  өзара 

байланыстыра алады. Жоғары деңгей бойынша - 28%, ғылыми құбылыстарды 

түсіндіру  және  күнделікті  өмірде  қолдану  қиындық  тудырады.  Орта  деңгей 

бойынша  -  58%,  негізгі  білімі  мен  түсінігін  практикалық  жағдайда  ғана 

пайдалана  алады.  Төменгі  деңгей  бойынша  -  84%  адамның  денсаулығына, 

жануарлардың мінез-құлық әрекетіне қатысты қарапайым мәліметтерді біледі.  

 

 

 



 

 

 



 

 

13 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет