Білім басқармасы Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы 2023 жылғы 26 қаңтардағы №4-16/104 хатына сәйкес, 2022 жылдың 6 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовтың төрағалығымен өткен «БҚО тұрғындарымен кері байланыс QR жүйесі негізінде жұртшылықтың қанағаттану деңгейін өлшеу» туралы кеңес хаттамасын орындау мақсатында төмендегіні хабарлайды.
Хаттаманың 2.1-тармағын орындау үшін: 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін ұсынымға сәйкес QR-кодтарды сапалы ламинатталған фотоқағазда басып шығарып, арнайы белгіленген орындарда орналастыру қажет.
Осыған байланысты, объектілерде орналастырылған QR-кодтар бойынша бейне және фото есептеріңізді төмендегі сілтеме бойынша өтіп жүктеп салу қажет.
Сілтеме:https://drive.google.com/drive/folders/1K9U7iJSjqe5lDhnX05fPwBOTglcE8c7Y?usp=sharing
Аталған мәселе облыс әкімдігінің тікелей бақылауында екенін ескеріп, атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратты және объектілерде орналастырылған QR-кодтар бойынша фотоны а.ж. 1 ақпанына дейін жолдауды сұраймыз.
Басқарма басшысының орынбасары Л.Батыргалиева М.Жумагулова 260465