Сабақ тақырыбы: TcheckBox (тәуелсіз) және TradioButton (тәуелді)
ауыстырып-қосқышты қолдану. Сабақ түрі: практикалық.
Теориялық бөлім:
Ауыстыр қосқыштар қолданушы шешімін білу үшін қажет болады.
TcheckBox ауыстырып-қосқышының 3 күйі бар:
cbUnchecked - босатылған; cbChecked - орнатылған; cbGrayed – екеуінің ортасы.(сұр түсте). Пішінде бір немесе бірнеше TcheckBox болуы мүмкін. TcheckBox –тың ерекшелігі олар бір-бірін жоққа шығармайды. Сондықтан оларды тәуелсіз ауыстырып-қосқыш деп атайды. Ал TradioButton біреуі таңдалған жағдайда қалғандары автоматты түрде босатылады, сондықтан оны тәуелді ауыстыр қосқыш деп атайды. Әдетте олар жақтауға алынады.