Түсініктемелер
«Бақылаудағы» оқушыларға
басты назар аудару расында да
маңызды нәрселерді анықтауға
мүмкіндік береді»
Бақылаудағы А оқушы
Аты…………..
Осы оқушыға арналған табыс
критерийі.
Lesson Study аяқталған кезде А
оқушы ... істей алады (сабақта
қойылған оқу мақсатына
жетудегі қарқынын оқушы қалай
көрсететінін сипаттаңыз).
Қосымша түсініктемелер
12
2-сурет.
Lesson Study қағидаттары
«Адамдардың реакциясын көру маңызды:
егер бір нәрсе қолдан келмесе де, ол
«қаралы оқиға» деп қабылданбайды,
себебі адамдар оны бірлесіп жоспарлады»
13
2-сурет.
Lesson Study қағидаттары
«Адамдардың реакциясын көру маңызды:
егер бір нәрсе қолдан келмесе де, ол
«қаралы оқиға» деп қабылданбайды,
себебі адамдар оны бірлесіп жоспарлады»
5.
Бірінші Lesson Study-ді өткізу
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study-ді жоспарлау үшін келесі бетте ұсынылған
сызбаны қолданыңыз. Оны А3 форматына дейін үлкейткен
абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге, (көшірмесі жасалып,
Lesson Study-дегі бақылаушыларға берілсе) бақылау картасы
ретінде де қолдануға болады және Lesson Study-ден кейінгі
талқылау барысында негізгі материал бола алады.
Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді
бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз. Сіз оқушылардың
жетістіктерін бағалау материалдарын қолдана аласыз. Топ
мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша
сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме
ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырғаны өте
маңызды.
Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың
бірлескен меншігі болып табылады. Бұл бақылаушылардың
мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл
бөлетіндігін білдіреді. Олар әрбір бақылауды бақылаудағы
оқушыға ғана негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен
бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық
сыныптың қамтылуына ұмтылуы керек.
Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әр
түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде
жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақтығын
ескеріп отырулары қажет. Екіталай жағдай туындаса, оларды
да ескеру қажет. Егер барлығына бірдей жағдай орын алса
(мысалы, барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе), оны
оң жақ бағанға белгілеңіз.
Мүмкін болса, әрбір түсініктеменің уақытын белгілеп
отырыңыз.
Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен салыстыра
отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап,
олардың күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін белгілеңіз.
Бақылаудағы оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі
сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан
кейін қандай сұрақ қоя алар едіңіз? Оларды парақтың
соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойыңыз.
Түсініктемелер
14
1-к
есте.
С
абақты ж
оспар
ла
у, бақыла
у және талқыла
у к
ест
есі
Пән
Сабақтың т
ақырыбы
Мұға
лім/бақыла
ушы
Осы
Lesson Study-д
егі
оқу м
ақс
аты қандай
(о
л тізб
ек
телг
ен с
абақт
ар т
опт
ам
асының бір бөлігі бо
луы мүмкін
).
Осы
Lesson Study-д
е қандай әдістемені
ж
етілдір
уді/әзір
леу
ді
м
ақс
ат етіп қойдыңыз
?
Ағымдағы ж
етістік
тер мен
табыс критерийлері Олар
дан с
абақ соңында
белгілі бір аспек
ті бойынша
қандай нәтиж
е күтетініңіз
ді
сипа
тт
аңыз.
Бақыла
удағы А оқушы
......................
Осы оқушыға арна
лған т
абыс
критерийлері
Бақыла
удағы В оқушы
.....................
Осы оқушыға арна
лған т
абыс
критерийлері
Бақыла
удағы С оқушы
......................
Осы оқушыға арна
лған т
абыс
критерийлері
Тізб
ектелг
ен с
абақт
ар
топт
ам
асының к
езеңі
А оқушы(лар)
қа
лай жа
уа
п
бере
ді деп
күте
сіз
Жа
уап бер
у
ке
зінд
е
ол(ар) қал
ай
бақыл
анды
В оқушы(лар)
қа
лай жа
уа
п
бере
ді деп
күте
сіз
Жа
уап бер
у
ке
зінд
е
ол(ар) қал
ай
бақыл
анды
С оқушы(лар)
қа
лай жа
уа
п
бере
ді деп
күте
сіз
Жа
уап бер
у
ке
зінд
е
ол(ар) қал
ай
бақыл
анды
Мыс
алдар
/ сұрақт
ар
К
езең
...
(шам
амен жұмс
ала
тын у
ақыт
)
К
езең
...
(шам
амен жұмс
ала
тын у
ақыт
)
Қорытынды к
езең
...
(шам
амен жұмс
ала
тын у
ақыт
)
Оқушылар нені істей а
лды?
(Олар қандай нәтиж
елерг
е
ж
етті және оның қандай
дәлелдері бар?
)
Алғашқы ойлар
15
6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу аяқталған
соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың
нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан
да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені
өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы
оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады.
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс),
барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке-
жеке жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден,
ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс.
Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын
түртіп алуға тырысыңыз.
Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын топтардағы
басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл жауаптарды әр
түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бергенімен, жиналған
мәліметтерді жүйелеуді қиындатып жіберуі мүмкін.
Түсініктемелер
2-кесте.
Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар
Саған сабақта бәрінен де не ұнады?
Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан
қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей
аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.
Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді
болды?
Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса,
нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер
едің?
«... Олар [оқушылар] бүкіл оқу үдерісін қолға алады,
ол үшін жауап береді және бұл істе оларға көмек
көрсетіледі. Бұл - ғажап, себебі ... олар біз үшін
оларға көмек көрсетуге жағдай жасай отырып,
бізбен байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық,
шынымен таң қаларлық құбылыс!»
16
7
. Lesson Study-ден кейінгі талқылау
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан кейін бірден
жиналу қажет (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан
кешіктірмей). Сіз топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі
жетістікті талқылау критерийлерімен таныстыра аласыз:
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді
ақтауға тырыспау;
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде
бағалау;
4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен
мәселелерді белгілеу;
5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт
беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның
қызметімен байланыстыруға болады;
6. Талқылау барысында Lesson Study тобының білім
алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы
топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға
түсініктеме беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме
беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп қызметкері
болмауы да мүмкін. (
Takahashi
, 2005).
Ең бастысы, талдауды оқытудан емес, бақылаудағы
оқушылар (мен басқа оқушылардың) оқуын, білім алғандығын
қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек (3-суретті
қараңыз). Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар
аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге
жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі
мұғалімдерге субъективті және кәсіптік дамуға ықпал ете
алмайтындай болып көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз).
Қол қойып, күнін жазыңыз.
Түсініктемелерді мұғалімдер бөлмесіндегі кәсіби даму
журналында сақтаңыз.
Түсініктемелер
«…Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан қаншама
нәрсе білетініңіз таңғалдырады. Сондықтан, күрделі
жағдайларда мен бұл мәселені неліктен дәл осылай шешу
керектігімізді дәйектеуім қажет. Соның нәтижесінде
менің білімім де нығайып, өз бетімше істей алмаған
нәрсені түсінуіме мүмкіндік туады.
17
3-сурет.
Lesson Study-ден кейінгі талқылау сызбасы
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға
пайдалануға болады
3-кесте.
Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте
Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазу
Бақылаудағы
А оқушы
Бақылаудағы
B оқушы
Бақылаудағы
C оқушы
Оқушының әрқайсысы
қандай прогреске қол
жеткізді? Ол жеткілікті
болды ма? Олардың
сыныптарындағы басқа
оқушылар қандай нәтиже
көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс
қалай көмектесті немесе
кедергі келтірді (екеуі де
болуы ықтимал)?
Қандай тосын оқиғалар
болды?
Әр оқушының
нәтижесін жақсарту
үшін келесі жолы
әдістеменің қандай
аспекті(лері) түзетілуі
керек?
•
•
Келесі жолы біз не
істеуге тырысуымыз
керек?
•
•
Т.А.Ә.А...……………………………….. Мерзімі…………………………………….
18
8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері
енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай
жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын
әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Мұғалімдер
өздерінің істеген істері туралы пікірлерімен басқалармен
бөлісетінін алдын-ала білсе, олар мұны бүкіл үдеріс бойында
естерінде ұстайтын болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері
мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана
алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді.
Lesson Study
қысқа бейнежазбалары мен
PowerPoint
таныстырылымына салынған фото
суреттері
– сабақты өткізу
барысын көрсетіп, тәжірибені қорытудың танымал тәсілі
(Сізге мектебіңізде бейне және фотоматериалдарды пайдалану
ережесінің бар екендігіне көз жеткізу қажет болады).
Lesson Study тобы дайындаған, бейімдеген немесе жетілдірген
педагогикалық әдістемені толық ұғынуға көмектесу мақсатында
Lesson Study тобына басқа мұғалімдермен жұмыс істеу (коучинг
өткізу) мүмкіндігін ұйымдастырыңыз.
Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету:
1. әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өз тәжірибесін
жетілдіруде көмектесетінін;
2. түсіндіру мен коучинг жүргізіп отырған маманның жұмыс
тиімділігін арттыратынын естен шығармаңыз.
Себебі Lesson Study кезінде мұғалімдер әдетте
пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын тәжірибедегі
жасырын (санасындағы) білімін ашық көрсетеді. Басқаларға
түсіндіру арқылы мұғалімдер өз білімдері туралы көп білуге,
сөйтіп білімдерін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік алады.
Нені білгеніңізді және көпшілікке ұсынғаныңызды атап өтіп, баға
беріңіз.
Мұғалімдер
бөлмесінде
«оқыту
қабырғасын»
ұйымдастырыңыз. Ол жерде Lesson Study тобы өз жұмыстарын
(фотосуреттерін, бақылауларын, оқушылар сауалнамалары мен
пікірталас нәтижелерін, бастапқы болжамдарын) ұсына алады.
Бұл ресми таныстырғаннан кейін де мұғалімдер бөлмесінде
осы мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал
етеді.
Түсініктемелер
«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем
босамайтындықтан, олар өздері енгізетін нәрселердің
нәтижесін басқалардың қолданатынын көргісі келеді,
сондықтан бұл жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен
бейнематериалдар көп көмек бере алады».
19
9. Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және
оны мектеп бағдарламасына енгізу
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Егер Сіз зерттеумен айналысатын мұғалімдер мен мектептегі
басқа әріптестеріңізге бұл әдістің нәтижелерін тәжірибеге енгізуге
мүмкіндік жасасаңыз, Lesson study баға мен сапа тең дәрежеде
ескерілген ұтымды тәсіл болмақ.
Кейбір мектеп директорлары кәсіби білім алуға арнайы уақыт
бөлген, ол уақытта Lesson Study топтары өз сабақтарын жоспарлап,
талдайтын болған.
Мамандарды оқытуда уақытты, кезең кестелерін, үзілістерді және
басқа да тәсілдерді орынды қолдана білсе, сабақ қорытындыларын
талқылауды жоспарлауға және оны өткізуге материалдық
қаражатты талап ете бермейтін уақыт табуға болады.
Оқу бөлімінің меңгерушілері Lesson Study-ді қызметкерлеріне
кәсіби білім беру тәсілі ретінде өз мектептерінің оқыту мен оқу
жүйесіне енгізе алады. Бұл мұғалімдер мен басқа мамандарға
кәсіби білім алу құқығын беріп, қазіргі кезде кең таралған
және оқу тәжірибесіне айтарлықтай ықпал ететін модельдерді
көздейтіндіктен, үздіксіз кәсіби дамуларына мүмкіндік туғызады
(4-бетті қараңыз).
Мысалдардың бірі - Lesson Study мен оның тиімділігін басқару
арасында өнімді байланыс орнату, соның арқасында Lesson
Study-ге қатысу мен оның нәтижелерін әріптестеріне таныстыру
тиімділікті басқару құралдарының бірі ретінде қарастырылатын
болған. Зерттеуге тартылған қызметкерлердің айтуынша, Lesson
Study-ге қатысу оқыту тұрғысынан алғанда оншалықты тиімді
емес салада тәуекелсіз жұмыс істеуге қарағанда, олардың өздерін
сенімсіз сезінетін мәселелерді шешудегі дағдыларының анағұрлым
жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінген.
Lesson Study тиімділік мониторингінен бөлек жүзеге асырылуы
керек.
Кейбір Lesson Study топтары өздері дайындап жатқан әдістерін
басқа мұғалімдерге ашық Lesson Study-де көрсетеді. Мұндай
жағдайда оқушылар сабақтан соң қалып, жақын маңдағы
университеттерден шақырылған адамдар үшін сабақ көрсетіліп,
кейіннен барлығы ол сабақты қызу талқылайды. Мұндай үлгі
Жапонияда кең тараған.
Түсініктемелер
«…Есікті жауып алып, өз сабағын бере беретін мұғалімдер кенеттен:
«Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, сондай-ақ сабақтағы балалар үшін
пайдалы ғой. Мен істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана
емес, бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп ойлануы мені
расында да таң қалдырды әрі қуантты».
20
10. Lesson Study негізінде кәсіптік оқытудың дамуына ықпал
ету және оның моделін ведомствоаралық және мектепаралық
коучингіге арналған платформа ретінде пайдалану мақсатында
Lesson Study бойынша тренерлерді жұмысқа тарту
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study тобына көмек көрсету үшін озат
мұғалімдер мен кеңесшілерді шақыруға болады. Олар:
•
Lesson Study басталмастан бұрын мектепте
басқа мұғалімдерге әдістемені көрсете алады.
•
Lesson Study үдерісін жоспарлау және оған өз
ойлары мен ұсыныстарын енгізу барысында
Lesson Study тобына қосыла алады.
•
Lesson Study тобымен бірлесіп, олар дайындаған
Lesson Study-ді талқылап, педагогикалық әдісті
әзірлеу тәсілдері туралы ұсыныс енгізе алады.
•
(Тиісті құзыр берілген) бақылаушы ретінде Lesson
Study-ге және оқушылар пікіртеріміне қатысып,
сабақ қорытындыларын талқылауға атсалыса
алады.
Жетекші пән мұғалімдері өздері Lesson Study цикліне
қатысып, мектепте көшбасшы болатын болса, олар да
осы сияқты рөлді атқара алады.
Мұғалімдер
оқытудың
белгілі
бір
тәсілдерін
қолданатындығын растайтын портфолио құру немесе
кәсіби/ғылыми біліктілік алу мақсатында осы әдісті
қолданған жағдайда Lesson Study тәсіліне деген
қызығушылық артып, оның құндылығы кеңінен
мойындалар еді.
Сіздің топ оқушылардың білім алуы мен жетілуіне
әсер ететін тәжірибе ойлап тауып, әрі оны басқаларға
қызықты болады деп ойласаңыздар, тәжірибелік зерттеу
ретінде оны төмендегі сайтқа жүктеңіз:
www. lessonstudy.co.uk
Бұл вебсайт сыныптар мен мектептерде өзінің
тиімділігін бір жерде көрсеткен және басқа жерлерде
де ықпал ете алатындығын дәлелдеген тәжірибені
жетілдіруші практик мамандарға көмек көрсету үшін
әзірленген.
Түсініктемелер
21
Пайдаланылған әдебиет
Department for Children, Schools and Families. (2008). Improving practice and progression
through
lesson study: a handbook for head teachers, leading teachers and subject
leaders [Lesson Study арқылы тәжірибені жетілдіру және алға жылжу:
аға оқытушылар, көшбасшы мұғалімдер мен пән мұғалімдеріне арналған
нұсқаулық]. London:
DCSF.
Dudley, P. (2008). Lesson study in England: from school networks to national policy [Lesson
study Англияда: мектептің желілік қоғамдастығынан мемлекеттік саясатқа
дейін]. Presented at the
World Association of Lesson Studies Annual Conference,
Hong Kong Institute of Education.
Dudley, P. (2011). How Lesson Study orchestrates key features of teacher knowledge
and teacher learning to create profound changes in professional practice [Кәсіби
тәжірибеде түбегейлі өзгеріс жүргізу үшін Lesson Study мұғалімнің білімі мен
дағдыларының негізгі мазмұнын қалай анықтайды]. Presented at the World
Association
of Lesson Studies Annual Conference, Tokyo.
Trends in International Mathematics and Science Study. (1999). TIMSS 1999 assessment
results [1999 жылғы математика мен жаратылыстану білімінің сапасын бағалау
жөніндегі халықаралық зерттеудің бағалау нәтижелері]
.
Retrieved June 4, 2010,
from
http://nces.ed.gov/timss/
Takahashi, A. (2005). An essential component of lesson study: post-lesson discussion
[Lesson study-дің негізгі құрамы: сабақ өткізілген соң оны талқылау]. Presented
at the
The Northwest Regional Educational Laboratory’s Lesson Study Symposium,
Olympia, Washington: DePaul University, Chicago.
Wragg, E.C., Wikely, F., Wragg, E., & Haynes, G. (1996). Teacher appraisal observed
[Мұғалімнің қадағалауы және талдауы]. London: Routledge.
|