Пит Дадли (Ұлыбритания) Lesson Study uk



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі2,27 Mb.
#5991
  1   2   3   4

Lesson Study:

теориясы мен қолдану тәсілдері

Пит Дадли

(Ұлыбритания)

Lesson Study UK

www.lessonstudy.uk

Астана, 2013

2

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығының

Әдістемелік кеңесі ұсынған

Рекомендовано Методическим советом

 Центра педагогического мастерства 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Recommended for publishing byMethodological Council of

Center of Excellence

AEO «Nazarbayev Intellectual Schools»

   

Пит Дадли (Ұлыбритания = Великобритания = Great Britain) Lesson Study: те-

ориясы мен қолдану тәсілдері = Lesson Study: теория и практика применения = 

Lesson  Study:  a  handbook  -  Астана:  «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ-ның 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013,-Астана: Центр педагогического мастерства 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013, - Astana: Center of Excellence AEO 

«Nazarbayev Intellectual Schools», 2013.

Мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары 

мен студенттеріне, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған әдістемелік құралда 

мектепте  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  дамытуға  бағытталған  Lesson  Study  тәсілін 

жоспарлау,  қолдану  және  талдау,  сондай-ақ  аталған  тәсілді  қолдану  нәтижесінде 

жинақталған білім мен дағдыларды әріптестерге тарату мәселелері қаралады.

В  методическом  пособии,  адресованном  учителям  школ,  профессорско-препо-

давательскому составу и студентам педагогических вузов, а также широкой педаго-

гической общественности, рассматриваются вопросы планирования, применения и 

анализа Lesson Study в школах, вовлечения учащихся в данный процесс, обобщения 

практических знаний и навыков, полученных в  результате его использования.

In the method book such issues as planning, implementation and analysis of Lesson 

study in schools, transfer of  knowledge and practical skills to collegues, obtained as a 

result of its implementation is duscussed. The method book  is addressed to the school 

teachers, higher education teaching personnel and pedagogical institutes  students, as well 

as to a general public.

 

 



 

©  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

 

 

 



 

 

 



      Педагогикалық шеберлік орталығы

© Центр педагогического мастерства 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

© Center of Excellence AEO 

«Nazarbayev Intellectual Schools»


3

МАЗМҰНЫ

Lesson Study: нұсқаулыққа кіріспе....................................................................................5

Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?..........................................................7

Lesson Study жүргізу...........................................................................................................9

Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау  және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау.......11

Бірінші Lesson Study-ді өткізу..........................................................................................13

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу..............................................15

Lesson Study-ден кейінгі талқылау...................................................................................16

Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру....................................................18

Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп

бағдарламасына енгізу......................................................................................................19

Lesson  Study  негізінде  кәсіптік  оқытудың  дамуына  ықпал  ету  және  оның  моделін 

ведомствоаралық және мектепаралық коучингіге арналған платформа ретінде 

пайдалану мақсатында Lesson Study бойынша тренерлерді 

жұмысқа тарту...................................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиет....................................................................................................21



4

Питер Дадли  - PhD, Лестер университетінің құрметті про-

фессоры (Ұлыбритания).

Питер  Дадли  көп  жыл  бойы  Шығыс  Лондонда  және  шет 

елдерде  бастауыш  және  орта  мектептерде  сабақ  берген.  Ол 

Ұлыбританияның бірқатар мектептерінде басшылық лауазым-

дарды атқарды. 5 жыл бойы Ұлыбритания үкіметі жанындағы 

Бастапқы  ұлттық  стратегиялар  жөніндегі  директоры  лауазы-

мын атқарды. Білім беру саласында зерттеу жүргізіп, көптеген 

кітап жазған. Питер 2001 жылы Ұлыбританияда Lesson Study 

тәсілін ұсынды. Сондай-ақ соңғы 12 жыл бойы ол Lesson 

Study  тәсілін  қолдану  жөніндегі  көптеген  ұлттық  және  ғылыми-зерттеу 

бағдарламаларын енгізді.

Питер  халықаралық  Lesson  Study  қауымдастығының  құрметті  бас  хатшысы  бо-

лып  табылады.  Питер  Дадли  2012  жылы  «Lesson  Study  жағдайында  мұғалімдер 

қалай  білім  алады»  атты  зерттеуі  үшін  Британияның  білім  саласындағы  зерттеу 

қауымдастығының марапатына ие болды.


5

Lesson Study: нұсқаулыққа кіріспе

Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson 

Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады.

Кітапша:



мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда,



Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда



Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда,



Lesson Study өткізу  нәтижесінде  алынған  тәжірибелік  білімді 

әріптестермен бөлісуде көмектесе алады.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, 

сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық 

тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста 

қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.



Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен 

оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы 

қатысады.  Lesson Study  циклін  өткізу  кезінде  мұғалімдер  оқыту  тәжірибесіне  жаңа 

әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс 

сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Батыста  Lesson Study  америкалық  зерттеушілер  жапон  мұғалімдерінің  жалпы 

педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон 

оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі 

бір  пәнді  оқыту  саласында  да  білімдері  жоғары  екендігін  дәлелдегеннен  кейін  осы 

ғасырда ғана танымал бола бастады (

Stigler and Hiebert

, 1999; TIMSS, 1999).

Қазіргі  уақытта  Шығыс  Азияда  Lesson Study Жапониямен  қоса,  Сингапурде, 

Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның 

ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.

Lesson Study бастауыш  және  орта  мектептерде  негізгі  пәндер  бойынша 

оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, 

сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында 

табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс 

істейтін мұғалімдер:  

•  Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін 

оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

•  Алдағы  уақытта  әзірленетін  немесе  жетілдірілетін,  белгіленген 

міндеттерге  жауап  беретін  оқыту  әдістемесін  бірлесіп  анықтайды  (1-суретті 

қараңыз).

•  Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы 

белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, 

орта, төмен оқушылардан.

•  Lesson  Study-ді  бірлесіп  жоспарлап,  сабақты  өткізу  барысында 

зерттелетін  үш  оқушыны  үнемі  назарға  ала  отырып,  оқыту  әдістемесін 


6

пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

•  Бақылаудағы  оқушылардың  дамуы  мен  оқуына  басты  назар  аудара 

отырып,  Lesson Study өткізеді  және  оны  қадағалайды.  Аталған  үдерістер 

бірнеше  сабақ  бойы  қайталанып,  жетілдірілуі  мүмкін.  Бақылауды  барлық 

Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.

•  Бақылаудағы  оқушылардың  Lesson Study туралы  ойларын  білу  үшін 

олармен сұхбаттасады.

•  Lesson Study-ді талқылайды.

•  Қолданылатын  әдіске  бақылаудағы  оқушылардың  қалай  қарайтынын, 

олардың  жеткен  жетістіктерін,  оқуда  көрсететін  нәтижелері  мен  кездесетін 

қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен 

оқу  әдістемесін  әзірлеу  үшін  пайдалану  мақсатында  Lesson  Study-ге  талдау 

жүргізеді.

•  Мектеп  мұғалімдеріне  таныстырылым  жасау  немесе  коучинг  өткізу 

арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.

Осы  аталған  әрбір  кезең  бойынша  толық  ұсыныстар  кітапшаның  тиісті 

тарауларында көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен 

колледждерде Lesson Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.

Соңғы екі тарауда мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы 

идеялар қарастырылған:

a.  Lesson Study  өткізу  уақытын  жоспарлау  және  осы  тәсілді  мектеп 

бағдарламасына енгізу;

ә.  Lesson Study негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен 

қатар мектеп аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study 

моделін қолдану үшін жетекші мұғалімдерді пайдалану.

Алғыс білдіру 

Осы кітапшада автор Ұлттық стратегиялар (2008), Ұлттық мектеп көшбасшылығы 

колледжі (2003, 2005), Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы (TLRP) мен 

CfBT үшін жазған Crown Copyright материалы пайдаланылған.

Жоғарыда аталған және осы басылымдарға негіз болған зерттеулерді автор 2003 

жылдан 2011 жылдар аралығында Кембридж университетінде Экономикалық және 

әлеуметтік  зерттеулер  кеңесі  Оқыту  мен  оқу  саласындағы  зерттеу  бағдарламасы 

аясында бөлген грант қаражатына жүргізген.

Мен  білімімнің  толысуына  үлес  қосқан  және  Lesson Study  тәсілі  туралы 

түсінігімнің  қалыптасуына,  сол  арқылы  осы  кітаптың  жазылуына  ықпал  еткен 

көптеген  мұғалімдерге,  директорларға,  жергілікті  билік  өкілдеріне,  ғалымдарға, 

саясаткерлерге және шетелдік әріптестерге алғысымды білдіремін. 



Пит Дадли

Кембридж, 2011

7

1. Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: 

•  әдеттегіге  қарағанда  балалардың  білім  алғандығының  анағұрлым  анық, 

әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

•  мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал 

шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

•  оқытудың  нәтижесінде  оқушылардың  қажеттіліктерін  барынша 

қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

•  Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ 

мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің 

желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (

Dudley, P

. 2011a);

•  Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға 

көмектеседі.

Dudley, P

. (2011) 



Lesson Study: what it is, how and why it works and who is using it

 

[



Lesson Study

: ол не, ол қалай және неліктен жұмыс істейді, оны кім қолданады], 

www.teachingexpertise.com

 

Табысты  мұғалімдер  көбінесе  сыныпта  болып  жатқанның  біразына,  кейде 



тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға 

көмектескен үдерістердің нәтижесі.

Толығырақ  тоқталайық.  Сынып  дегеніміз  –  кәсіпқойларға  қызмет  етуге  тура 

келетін  барынша  күрделі  жұмыс  жағдайлары:  шамамен  бір  сағатқа  жуық  уақыт 

ішінде  сабақта  жұмыс  істеп  отырған  30  және  одан  да  көп  оқушы  үлкен  көлемді 

ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның 

салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады 

(

Lewis



, 1999).

Зерттеушілер  мұғалімдердің  ақпараттың  осы  ағынын  және  оның  жылдамдығын 

қалай  игеретінін  бақылаған.  Рэгг  және  басқалар  (1996)  анықтағандай,  мұғалімдер 

бірінші  үш  жылда  барлық  қиындықтан  өтіп,  жақсы  педагог  болып  қалыптасады, 

себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін 

тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі 

бір  оңтайлы  нысанға  айналдырып  алады  да,  реті  келген  кезде  қолданып  отырады. 

Осындай  жағдайларда  тәжірибелік  білім  мұғалімнің  саналы  түрде  істеп  тұрғанын 

растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің 

велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана 

білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.

Мәселен,  тәжірибелік  білімдері  егжей-тегжейіне  дейін  жазылып,  басқаларға 

беріліп,  кейіннен  қайта  орындалатын  хирургтардан  айырмашылығы,  мұғалімнің 

тәжірибелік  білімі  өзінде  қалады,  себебі  ол  тәжірибе  кезінде  қалыптасады,  оның 

үстіне  иесі  әдетте  оның  бар  екенін  біле  де  бермейді.  Мұғалімдер  өз  сыныбында 

автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде 



8

әріптесінің  «болжамды»  білімін  тәжірибеде  көруге  мүмкіндік  бола  бермейді.  Ал 

мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі 

бағаланатын  болғандықтан,  ол  сол  баға  мен  пікірдің  үдесінен  шығуға  тырысып, 

өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн 

көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді.

Санасыз  субъктілерге  қарағанда  адамдар  көп  көлемді  ақпаратты  «сүзгіден» 

өткізу арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың 

аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап, 

тек  маңыздысына  немесе  оқыстарына  ғана  көңіл  аударып  үйренгенбіз.  Мұндай 

сүзгілеу  тетіктері  бізге  өз  мақсатымызға  жету  үшін  қолдануды  маңызды  деп 

санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: 

қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды 

нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден 

өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз 

басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос 

ұстауға мүмкіндік береді.

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға 

да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп 

талдау  арқылы  біз  оқыту  туралы  бірлескен  пікір  қалыптастырамыз.  Бұл  жағдайда 

біз  оқыту  аспектілерін  өзіміздің  ұстанымымыз  тұрғысынан  ғана  емес,  Lesson Study 

дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson 

Study  барысында  бақылаған  нақты  сабақты  өзіміздің  жоспарлаған  сабағымызбен 

салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп 

тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға 

түрткі болады.



Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін 

жекелеген  оқушылардың  оқудағы  қажеттіліктері  мен  мінез-құлықтарына  назар 

аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың 

әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың 

аралығындағы  «орташа»  сыныпты  оқытуға  қарағанда,  Lesson Study мұғалімге  өз 

жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, 

өмір  бойғы  тәжірибесінде  әрбір  оқушының  қажеттілігін  ескеріп  отыруға  мүмкіндік 

береді.


Менің зерттеулерім (

Dudley, 2011b

Lesson Study-дің рефлексивті, қайталамалы және 

бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші 

дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін 

көрсетіп отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей қатысты бөлігін 

ғана  басқаруды  қамтамасыз  етеді,  басқа  жағдайда  ақпараттың  дәл  осы  бөліктері 

қажетсіз болар еді. Lesson Study тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы тәжірибесі 

тек жоғарыда аталған сүзгіні іске қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін болады 

дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі.



9

2. Lesson Study жүргізу

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, 

ол  сабақтарды  мұғалімдер  тобы  бірлесіп  жоспарлап,  оқытып/қадағалайды  және 

талдайды (төмендегі 1-суретті қараңыз).

1-сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқыту мен оқудағы 

шеберлік орталығының» оқу құралы: Lesson Study, 



Dudley,

 Р. (2011))

«

Бұл сыныпта болып 

жатқан нәрселерге басқаша 

қарауыма мүмкіндік берді».

10

Ұсынылатын іс-әрекеттер

Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу ұнайтын 

бір  топ  мұғалімді  іріктеп  алыңыз  (үш  адам  болғаны 

қолайлы  болмақ).  Бұл  топтың  құрамына  басшылық 

өкілі  мен  бай  тәжірибесі  бар  мұғалім  қатысса,  Lesson 

Study тиімді болады.

Күтілетін  нәтижелерді  анықтап,  топ  мүшелерінде 

өздерін  сырттан  қатаң  бақылауға  алынғандай  сезім 

тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік 

беретін негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс 

өткізіңіз.  Lesson Study барысында  топтың  барлық 

мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең 

болады.

Белгілі  бір  мектептің,  сыныптың  немесе  белгілі 



бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде 

қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық 

жұмыс  арқылы  оқыту  үшін  пікірталасты  қолдану 

қағидаттары.

Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда 

Lesson  Study-дің  жалпы  нысандарын  пайдаланыңыз 

(үлгілері осы кітапшада берілген). 

Бірінші  Lesson  Study-ді  жоспарлау  үшін 

мұғалімдерге  арнайы  уақыт  бөліңіз  (кем  дегенде  бір 

сағат).

Lesson Study  кезінде  олардың  уақытын  бағалаңыз 

және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немесе көп 

уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз.

Жұмыс  барысына  белсенді  түрде  қызығушылық 

танытыңыз.

Lesson  Study-ді  жүргізетін  топқа  өз  нәтижелерін 

әріптестеріне  көрсетулері  үшін  арнайы  мүмкіндік 

ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.).

Топтың  бұл  мүшелерін  келесі  Lesson  Study-ді 

өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық 

ұжымның көшбасшылары ретінде пайдаланыңыз.



Түсініктемелер

11

3, 4. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» 

оқушыларды анықтау

Ұсынылатын іс-әрекеттер

Бірінші 


Lesson 

Study-ді 

қандай 


сыныпта 

өткізетіндігіңізді  анықтап  алыңыз,  содан  кейін  әртүрлі 

білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш 

оқушыны:  жалпы  дағдылар  немесе  жекелеген  пәндер 

үшін  қажетті  дағдылар  бойынша  сыныпта  оқитын 

оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері 

бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз. 

Lesson Study  бағытында  жұмыс  істейтін  әрбір 

оқушының деңгейін анықтап алыңыз.



Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже 

күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. (Сізге 

1-суреттегі жоспарлау сызбасын пайдалануға болады).

Өзіңіз  жетілдіргіңіз  келетін  немесе  пайдалануды 

жоспарлап  отырған  оқыту  әдісінің  қолданылу  ретіне 

назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. 

Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетініңізді 

жазып  отырыңыз:  өзінің  тақырыпты  игеру  қарқынын 

көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді.

Қандай  ресурстар  қалай  қолданылатындығын  және 

тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз, 

әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз.

Бақылаушылар  арасында  кім  қай  бақылаудағы 

оқушыны  (оқушыларды)  қадағалайтынын  келісіп 

алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы 

назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.

1-суретте  Lesson  Study-ді  жоспарлау  сызбасы 

ұсынылған.  Оны  пайдалану  үшін  А3  форматына  дейін 

үлкейту қажет. Сабақтың басында Lesson Study тобының 

әрбір мүшесінде сызбаның көшірмесі болу керек, өйткені 

олар  бақылау  барысында  оған  түсініктемелерін  жазып 

отырып,  кейін  талқылау  кезінде  өз  жазбаларына  сүйене 

алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет