Питон (Python) тілінде программалау 1 дәріс – Python тіліне кіріспе



бет12/14
Дата04.04.2023
өлшемі50,79 Kb.
#79152
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Питон (Python) тілінде программалау 1 дәріс – Python тіліне кірі-melimde.com

Практикалық жұмыс


        • A және В бүтін сандары берілген. Егер A < B болса, А-дан В-ға дейінгі барлық сандарды өсу ретімен, кері жағдайда, оларды кему ретімен экранға шыарыңыз.

        • A және В бүтін сандары берілген, A>B. А-дан В-ға дейінгі барлық тақ сандарды кему ретімен экранға шығарыңыз. Бұл есепті if операторын қолданбай шығаруға болады.

        • 10 бүтін сан берілген. Солардың қосындысын табу керек. Осы прог-рамманы айнымалылардың ең аз санын қолдана отырып шығаруға тырысыңыз.

        • Берілген n натурал санының факториалын (n!) табу қажет. Мұнда математикалық math кітапханасын қолдануға болмайды.

Практикалық жұмыс

Берілген n натурал саны бойынша келесі қосындыны 

s = 1!+2!+3!+...+n!1!+2!+3!+...+n!

табу керек. Бұл есепте тек бір ғана циклді қолдануға болады.

Mұнда math кітапханасын қолдануға да болмайды.

Maтематикалық операторлар

Операциясы


Синтаксисі


Функциясы


Қосу

a + b

add(a, b)


Біріктіру


seq1 + seq2


concat(seq1, seq2)


Containment Test


obj in seq


contains(seq, obj)


Бөлу

a / b

truediv(a, b)


Бөлу (бүтін бөлінді алу)


a // b

floordiv(a, b)

ЖӘНЕ (биттер үшін)


a & b

and_(a, b)

Bitwise Exclusive Or


a ^ b

xor(a, b)

ТЕРІСТЕУ (биттер үшін)


~ a

invert(a)

НЕМЕСЕ (биттер үшін)


a | b

or_(a, b)

Дәрежелеу


a ** b

pow(a, b)

Identity


a is b

is_(a, b)

Identity


a is not b


is_not(a, b)


Тізім элементін өзгерту


obj[k] = v


setitem(obj, k, v)


Тізім элементін өшіру


del obj[k]


delitem(obj, k)


Тізім элементін индекстеу


obj[k]

getitem(obj, k)

Солға жылжыту (биттер)


a << b

lshift(a, b)

Қалдық табу


a % b

mod(a, b)

Операциясы


Синтаксисі


Функциясы


Көбейту

a * b

mul(a, b)


Матрицалық көбейту


a @ b

matmul(a, b)

Терістеу (арифметикалық)


-a

neg(a)

Терістеу (Логикалық)


not a

not_(a)

Оң таңбалы


+a

pos(a)

Оңға жылжыту


a >> b

rshift(a, b)

Тізім бөлігін орнату


seq[i:j] = values


setitem(seq, slice(i, j), values)


Тізім бөлігін өшіру


del seq[i:j]


delitem(seq, slice(i, j))


Тізім бөлігін қиып алу


seq[i:j]


getitem(seq, slice(i, j))


Тіркесті форматтау


s % obj

mod(s, obj)

Азайту

a - b

sub(a, b)


Дұрыстығын тесеру


obj

truth(obj)

Реттеу

a < b

lt(a, b)


Реттеу

a <= b

le(a, b)


Тең екенін анықтау


a == b

eq(a, b)

Тең емес екенін анықтау


a != b

ne(a, b)

Реттеу

a >= b

ge(a, b)


        Maтематикалық операторлар (жалғасы)


Мәліметтерді енгізу


        • Мәліметтерді енгізу үшін ішкі "input" деп аталатын функцияны қолдануға болады:

        • Мысалы:

          • a = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 3.*)

            • Тек сөз тіркесін (string) қайтарады

          • b = raw_input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)

            • Бұл да тек сөз тіркесін (string) қайтарады

          • b = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)

            • Енгізілген мәліметтер типін қайтарады

Мәліметтерді енгізу


        • Пернелерден мәліметтер енгізу - input("Бірдеңе енгіз:")

        • Программа жұмысы тоқталады, сол сәтте бір мән енгізіп, Enter бассақ, жұмыс ары қарай жалғасады.

        • Мысал:

name = input("Атың кім?")

print('Сәлем, ' + name)

jauap = input(" Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) ")

if jauap = "Иә" :

print(" онда дос боламыз, программа құрамыз...")

elif jauap == "Жоқ" : print(" онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...") else : print("Не деп отырсың? Тұр орныңнан...")

        Атың кім? Бекен


        Сәлем, Бекен
        Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Иә
        онда дос боламыз, программа құрамыз...
        Атың кім? Секен
        Сәлем, Секен
        Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Жоқ
        онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...
        Атың кім? Төкен
        Сәлем, Төкен
        Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Білмедім
        Не деп отырсың? Тұр орныңнан...

Кодқа комментарийлер қосу


        • Кодқа комментарий қосу программалаудың жақсы тәсілі

        • Комментарийлер сіздің кодыңызды басқалардың (бірігіп жұмыс істейтін мамандардың) түсінуін жеңілдетеді

        • Кодқа комментарийлер қосу үшін келесі тәсілдерді қолданыңыз:

# - осы таңбадан (шарп) басталатын комментарий жол соңында тұрады

''' сөйлемдер ''' – үш жалқы тырнақшамен басталып, үш жалқы тырнақшамен аяқталатын күрделі комментарийлер, бұлар бірнеше жолдардан тұратын түсініктеме мәтіндер түрінде болады

Сөз тіркестері


        • Python-да сөз тіркестерін (тіркестерді) де салыстыруға болады. Мысалы:

name1 = 'Mary'

name2 = 'Mark'

if name1 == name2:

print ('Аттар бірдей.')

else:

print ('Аттар бірдей ЕМЕС.')

'Mary' мен 'Mark' бірдей емес, сондықтан else бөлігі 'Аттар бірдей ЕМЕС.' деген нәтиже береді.

Сөз тіркестері


        • Келесі программа құпиясөз (пароль - password) енгізуді сұрайды, сонан соң оның бұрыннан сақталған 'koseu' сөзімен бірдей екендігі анықталады.

# Қолданушыдан құпиясөз енгізуді сұрау password = input('Құпиясөз енгізіңіз: ') if password == 'koseu': print ('Бәрі дұрыс. ') else: print ('Құпиясөз дұрыс емес.')

        Нәтижесі:


        Құпиясөз енгізіңіз: koseu
        Бәрі дұрыс.

Сөз тіркестері

A = 90; B = 70; C = 60; D = 50 # Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) if ball >=A: print('Әріптік баға - A') elif ball >=B: print('Әріптік баға - B') elif ball >= C: print('Әріптік баға - C') elif ball >= D: print('Әріптік баға - D') else: print('Әріптік баға - F')

        Нәтижесі:


        Балл мөлшерін енгізіңіз: 85
        Әріптік баға - B

Сөз тіркестері


        • ASCII кодтары символдарды реттеп орналастырады. "А" символы "В" символының алдында тұрады (А – 65, В – 66), ал ол "С" символының алдында (С - 67), т.с.с.

        • Программа символдарды салыстырғанда, олардың кодтарын салыстырады, мысалы, мынадай if:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет