дұрыс жазылған шарт, яғни ‘a’ – 97, ал ‘b’ – 98 болып табылады.
A-Z кодтары 65 пен 90 аралығында,
ал a-z 97 мен 122 аралығында орналасқан.
Мысалдар орындау
a = 54321.6789 print('a санының мәні = ',format(a,'10.2f')) # 10.2 # a санының мәні = 54321.68 ұзындығы – 10, бөлшегі - 2 print(format(123456789,'14,d')) # ұзындығы – 14 цифр # 123,456,789
Нәтижесі: a санының мәні = 54321.68
123,456,789
Мысалдар орындау
# Төмендегі нақты (бөлшек) сандар # нүкте бойынша тураланып, бір бағанаға шығарылады. num1 = 127.899 num2 = 3465.148 num3 = 3.776 # Сандар ені - 7 таңба,дәлдігі,яғни бөлшегі 2 - таңба print(format(num1,'7.2f')) print(format(num2,'7.2f')) print(format(num3,'7.2f'))
Нәтижелері:
127.90
3465.15
3.78
Мысалдар орындау
Бүтін сандарды форматтау
format функциясы бүтін сандарды да форматтайды. Оның форматын жазудың екі ерекшелігі бар:
тип көрсеткіші ретінде d символы жазылады;
дәлдігі көрсетілмейді.
123456 санын форматсыз жазайық:
print(format(123456, 'd'))
Ал енді сол санның мыңдықтарын үтірмен бөліп жазайық:
print(format(123456, ',d'))
Нәтижесі: 123456
Нәтижесі: 123,456
Мысалдар орындау
Нақты сандарды пайыз (%) түрінде форматтап шығару
Мұнда f орнына тип көрсеткіші ретінде % символы қолданылады. % символы санды 100-ге көбейтіп, оның соңына % таңбасын қосып жазады. Төменде мысал келтірілген:
print(format(0.5, '%'))
Дәлдігін нөл арқылы берсек, нәтижесі бүтін сан болады: