Питон (Python) тілінде программалау



бет13/14
Дата16.02.2023
өлшемі142 Kb.
#68329
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

56. Мысалдар орындау


a = 54321.6789
print('a санының мәні = ',format(a,'10.2f')) # 10.2
# a санының мәні =
54321.68 ұзындығы – 10, бөлшегі - 2
print(format(123456789,'14,d'))
# ұзындығы – 14 цифр
#
123,456,789
Нәтижесі: a санының мәні = 54321.68
123,456,789


57. Мысалдар орындау


# Төмендегі нақты (бөлшек) сандар
# нүкте бойынша тураланып, бір бағанаға шығарылады.
num1 = 127.899
num2 = 3465.148
num3 = 3.776
# Сандар ені - 7 таңба,дәлдігі,яғни бөлшегі 2 - таңба
print(format(num1,'7.2f'))
print(format(num2,'7.2f'))
print(format(num3,'7.2f'))
Нәтижелері:
127.90
3465.15
3.78


58. Мысалдар орындау


• Бүтін сандарды форматтау
• format функциясы бүтін сандарды да форматтайды. Оның
форматын жазудың екі ерекшелігі бар:
- тип көрсеткіші ретінде d символы жазылады;
- дәлдігі көрсетілмейді.
123456 санын форматсыз жазайық:
Нәтижесі: 123456
print(format(123456, 'd'))
Ал енді сол санның мыңдықтарын үтірмен бөліп жазайық:
print(format(123456, ',d'))
Нәтижесі: 123,456


59. Мысалдар орындау


• Нақты сандарды пайыз (%) түрінде форматтап шығару
• Мұнда f орнына тип көрсеткіші ретінде % символы қолданылады.
% символы санды 100-ге көбейтіп, оның соңына % таңбасын
қосып жазады. Төменде мысал келтірілген:
print(format(0.5, '%'))
Нәтижесі: 50.000000%
Дәлдігін нөл арқылы берсек, нәтижесі бүтін сан болады:
print(format(0.5, '.0%')) Нәтижесі: 50%


60. Қорытынды


• Сонымен Питон жылан емес (бірақ қашса қуып жетіңіз)
• Енді print() функциясын дұрыс қолданатын болдыңыз
• Питондағы шартты операторларды жазуды үйрендіңіз
• Питондағы математикалық операторларды да игердіңіз
• Мәліметтерді пернетақтадан енгізе алатын болдыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет