2. Жаңа Қазақстандық кәсіпкерліктің қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық талдауы Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда. Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде оған барлық қажетті жағдайлардын жасалғанын атап керсетті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында, тауардың мейілінше тапшы, гиперинфляция мен халыктың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті құру жұмыстары басталды. Ол киын шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарык қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі — қоғамдық пікір де оған қарсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді камтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық каты-настарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі кадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылды. Соның нәтижесінде бүгінде онеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Еллің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайьз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халыктың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір ляцензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымландырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарда” және Қазақстанның 2015 жылға жейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.