Пневмония


Диагностикалық критерийлері



бет4/9
Дата07.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#90797
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Диагностикалық критерийлері:

  • Шағымдар мен анамнез: жөтел. Физикалық тексеру: жиі жəне ауыр тыныс алу: 2 айға дейін > минутына 60 рет;
  • айдан -12 айға дейін > минутына 50 рет;
  • 12 айдан 5 жасқа дейін > минутына 40 рет; 5 жастан жоғары - минутына 28 рет;
  • кеуде клеткасының төменгі бөлігімен ауаны тарту; қызба; пысылдап дем алу (нəрестелерде); аускультативтік белгілер (əлсіз немесе бронхиалды тыныс алу, сырылдар, плевраның үйкеліс шуылы, дауыстық резонанстың бұзылуы).
  • Лабораторлық зерттеулер: қанның жалпы анализі (солға нейтрофильдік ығысумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).

Инструменталдық зерттеулер

  • Инструменталдық зерттеулер
  • Өкпелік асқынуларды анықтау үшін, көкірек клеткасын рентгенологиялық зерттеу (плевралық жалқық (экссудат), эмпиема, пневмоторакс, пневматоцеле, интерстициалды пневмонияны, перикардиалды жалқық)
  • Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
  • - пульмонолог - созылмалы ағым кезінде, демікпелік тыныс болғанда;
  • - хирург - деструктивті асқынулардың дамуы кезінде. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
  • 1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
  • 2. Жалпы зəр анализі.
  • 3. Ішек құрты жұмыртқасына нəжісті тапсыру.
  • Қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:
  • 1. Рентгенологиялық зерттеу (көрсетілім бойынша).
  • 2. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу, пульсоксиметрия - тахипноэ немесе клиникалық гипоксиясы бар барлық балаларға (көрсетілім бойынша).
  • 3. M. Pneumoniae верификациясы үшін суықтық агглютининдер (көрсетілім бойынша).
  • 4. Хламидиозға зерттеу, кандида түрінің саңырауқұлақтарын зерттеу, морфологияны зерттеу (көрсетілім бойынша).
  • 5. Бронхоскопия (көрсетілім бойынша).
  • 6. Компьютерлік томография ЭКГ (көрсетілім бойынша).
  • 7. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығы (көрсетілім бойынша).
  • 8. 2 жастан жоғары жастағы балаларда Mycoplazma IgM зерттеу (көрсетілім бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет