Пневмония



бет8/9
Дата07.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#90797
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ауыр түрдегі пневмония:

  • 1. Бактериологиялық зерттеу нəтижесін алғанға дейін бұлшықетке ампициллин тағайындалады (100-400/кг/тəу. əр 6-8 сағат сайын). Қоздырғыш анықталғанда (себінді) антибиотиктер қоздырғышқа сəйкес сезімталдығына қарай ауыстырылады.
  • 2. Баланың күй-жағдайының жақсаруынан кейін, ауыз арқылы берілетін амоксициллинге ауысу қажет (15 мг/кг əр 8 сағат сайын) нмесе амоксициллин + клавулан қышқылы (20-40 мг/кг күніне 3 рет пероралды).
  • 3. Егер ем күтілетін нəтижені 48 сағат ішінде бермесе немесе баланың күй-жағдайы нашарласа, дəрі-дəрмекті ІІ-ІІ буынды цефалоспоринге немесе макролидтерге ауыстыру қажет. Мысалы, цефотаксим (50 мг/кг əр 6 сағат сайын, цефтриаксон (80 мг/кг/күн), цефалексин (12.5 мг/кг күніне 4 рет пероралды, цефуроксим (100 мг/кг/тəу. немесе ровамицин (150 000 МЕ/кг 2 рет қабылдауға бөлінген, пероралды).

4. Баланың күй-жағдайы 48 сағат ішінде жақсармаса немесе нашарласа, дəрі-дəрмек хлорамфениколға (25 мг/кг əр 8 сағат сайын бұлшықетке немесе венаға) жағдайдың жақсаруына дейін ауыстырылады. Содан соң ауыз арқылы ішкізілетін 10 күн бойы – толық емделу курсы.

  • 4. Баланың күй-жағдайы 48 сағат ішінде жақсармаса немесе нашарласа, дəрі-дəрмек хлорамфениколға (25 мг/кг əр 8 сағат сайын бұлшықетке немесе венаға) жағдайдың жақсаруына дейін ауыстырылады. Содан соң ауыз арқылы ішкізілетін 10 күн бойы – толық емделу курсы.
  • 5. Егер балаға стационарда жұқпа жұқса, немесе Staphylococcus aureus жұқпасы анықталса жəне/немесе ауыр стафилококк жұқпаның белгілері болса (мысалы, кеңейген тері жұқпасы, жұмсақ тіндердің абсцестер немесе инфильтрациясы) клоксациллин енгізіңіз (бұлшықетке немесе венаға 50 мг/кг əр 6-8 сайын) жəне гентамицин бұлшықетке (7,5 мг/кг тəулігіне бір рет). Баланың күй-жағдайы жақсарғаннан кейін ауыз арқылы клоксациллинді күніне 4 рет, 3 апта бойына қабылдауы қажет.

Профилактикалық шаралар:

  • 1. Науқастар жəне вирустасымалдаушылармен жанасуды шектеу, əсіресе жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде.
  • 2. Бетперде кию жəне ЖРВИ ауруларымен отбасы мүшелерінің қол жууы.
  • 3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.
  • 4. Шынығулық шараларды жүргізу. Әрі қарай жүргізу
  • Ауыр жəне өте ауыр пневмониямен ауырған балалар 1 жыл бойы диспансерлік бақылауда болады (алғашқы тоқсанда тексеруді əр 2 апта сайын, екінші тоқсанда ай сайын жəне 12 айға дейін тоқсан сайын жүргізеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет