Поәдк №3 Базалық білім


Білім алушының өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау



бет41/46
Дата28.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#76876
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
abaitanu paninin kesheni 2

Білім алушының өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау

Студенттердің өз бетінше жұмысы. Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – даярлаудың мамандандыруылында ғана емес, ең бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, студенттердің дербестік деңгейіне байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды студент өзі жүзеге асырады.


Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.
Студенттің пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және студенттердің ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер студент танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны.
Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Студент танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек.
Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек студенттердің өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.
Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Студенттер орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде талқыланады.
Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, студенттердің алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады.
Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші студент өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді.
Серіктестердің қатысуы дербес дайындық процесінің психологиялық жүйесін біршама қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше даярлық жұмыстарының тек бірінші жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен баяндау, басқа адамға белгілі бір қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін қамтамасыз етеді.
Өз бетінше оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік деңгейінде студент жеке екі кезеңді де орындай алады:

  1. өз бетінше жеке жұмысты;

  2. бұл нәтижелерді серіктесіне – курстасына көрсету, баяндау, талқылау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет