ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым


ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата06.02.2017
өлшемі5,95 Mb.
#3517
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 249 

 

 

249 



-

 

Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстай тұру; 



-

 

келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т.с.с.; 



-

 

Ctrl пернесін қоя беру. 



        Ерекшелеуді  алып  тастау  үшін  тышқан  батырмасын  жұмыс  парағының 

ерекшеленбеген  кез  келген  бөлігінде  шерту  жеткілікті.  Жаңа  ерекшелеу  де 

бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды. 

Ұяшықтардағы мәліметтер 

        Excel-де  кестенің  кез-келген  ұяшықтарына  мәліметтердің  үш  типін 

енгізуге болады: мәтін, сан  және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін 

теңбілторды  сол  ұяшыққа  алып  барып,  керекті  мәліметтерді  пернелерде  (240 

таңбаға  дейін)  теріп,  соңынан  Enter  пернесін  немесе  бағыттауыш  тілсызық 

пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан 

немесе  мәтін  екенін  оның  бірінші  таңбасына  қарап  анықтайды.  Егер  бірінші 

символ  -  әріп  немесе  "'"  (апостроф)  болса,  онда  ұяшыққа  мәтін  енгізіледі  деп 

есептеледі,  Егерде  бірінші  символ  цифр  немесе  "="  белгісі  болса,  онда  ол 

ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді. 

        Енгізілген  мәліметтер  ұяшық  ішінде  немесе  формула  жолында 

бейнеленеді  және  оларды  енгізу  Enter  пернесін  немесе  бағыттауыш  тілсызық 

пернелердің бірін басқан кезде аяқталады. 

Мәтін енгізу 

        Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын 

болса,  онда  енгізуді  "'"  символынан  бастау  керек.  Егер  мәтін  ені  ұяшықтың 

енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа 

да  орналасады.  Ал,  егер  оңжақтағы  ұяшықта  мәтін  бар  болса,  онда  ол  мәтін 

экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады) 

        Назар  аударыңыздар!  Қателесуден  қорықпаңыздар!  Орындалған  әрбір 

әрекетті  болдырмай  алып  тастауға  болады.  Егер  жұмыс  барысында  сіздің 

жоспарыңызда  жоқ  амалды  байқамай  орындап  жіберсеңіз,  оның  әсерін 

Түзету=>Болдырмау  командасын  пайдаланын  алып  тастауға  болады  немесе 

одан  да  жеңіл  орындалатын  Стандартты  аспаптар  тақтасының  оралмалы 

бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең 

соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы 

орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар. 



Сандарды енгізу 

        Электрондық  кесте  ұяшықтарына  сандарды  =,  +,  -  таңбаларымен  немесе 

оларсыз  да  енгізуге  болады.  Егер  енгізілген  санның  ені  экрандағы  ұяшықтың 

енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе 

ол  санның  орнына # ###  символдарын  қояды  (бірақ  ЭЕМ  жадында ол  санның 

барлық разрядтары толық сақталады). 

        Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды 

формада  беріледі.  Мысалы,  501  000  000  саны  ЭЕМ-де  5.01E+08  болып 

жазылады, яғни ол 5,01 108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып 

жазылады  (5  109).  Аралас  сандардың  бүтіні  мен  бөлшегі  нүкте  не  үтірмен 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 250 

 

 

250 



бөлініп  жазылады,  қандай  айыру  таңбасын  пайдалану  Excel  программасын 

орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады. 



Формулаларды енгізу 

        Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол 

ұяшық  адрестері  мен  сандардың,  функциялардың  арифметикалық  амалдар 

таңбасы  арқылы  біріктірілген  жиынынан  тұрады.  Формула  "="  таңбасынан 

басталуы  керек.  Ол  240  символға  дейін  енгізе  алады  және  бос  орын  болмау 

керек.  Ұяшыққа  C1+F5  формуласын  енгізу  үшін  оны  =C1+F5  түрінде  жазу 

керек.  Бұл  дегеніміз  С1  ұяшығындағы  мәліметтерге  Ғ5  ұяшығындағы 

мәліметтердің  қосылғандығын  көрсетеді.  Нәтиже  формула  енгізілген  ұяшықта 

алынады. 

 

Блоктар.  Абсалютті және қатысты сілтемелер 

 

Блок  (фрагмент,    диапазон)  деп  кестенің  кез  келген  тік  төртбұрышты 



бөлігін  айтады.      1 суретте  6  ұяшықтан  тұратын  блок  боялған.  Блок  қос 

нүктемен  бөлінген  диогональдық  қарама-қарсы  ұяшық  аттарымен  белгіленеді,  

мысалы:E3:F5.  Блок  тек  бірғана  бағаннан  (A1:A4),    немесе  Бірғана  қатардан 

(C1:E1) немесе бірғана ұяшықтан (С3:С3) тұруы мүмкін. 

 

 













 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сурет 1. 



 

 

Қатысты  сілтеме  принципі  мынаны  көрсетеді:  Формулаларда 

қолданылған ұяшықтар адресі формуланың орналасу орны бойынша абсолютті 

емес,    қатысты  түрде  анықталған.  Мысалы:  2  суреттегі  кестеде  С1 

ұяшығындағы  формула  былай  орындалады:  формула  жазылған  ұяшықтан  2 

ұяшық солға қарай тұрған санға бір ұяшық солға қарай тұрған санды қос. Бұл 

принцип  бойынша,    формуланы  басқа  орынға  ауыстырғанда  формуладағы 

ұяшық  аттары  өзгереді.  Формуланы  ауыстыру  кесте  фрагментерімен  әртүрлі 

манипуляция  (көшіру,    орнына  қою,    өшіру,    орнын  ауыстыру)  жасаған  кезде 

болады. 

   


 









А1+В

Сурет 2. 



 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 251 

 

 

251 



 

3  мысал:    5  суреттегі  кестеге  мынадай  өзгеріс  енгізейік  А1:С1  блокты 

А2:С2 блокқа көшірейік. Нәтижесі 3 суретте көрсетілген. 

 

 











=А1+В1 



=А2+В2 

Сурет 3.  

 

Формуланы  бір  жолға  төмен  түсіргенде  ұяшықтар  атындағы  қатар  нөмері  бір 



бірлікке  артты:  А1    А2-ге,  В1    В2-ге  түрленді.  Формуланы  оңға  немесе  солға 

жылжытсақ,    ұяшықтар  атындағы  әріптік  бөлік  өзгереді.  Мысалы:Формуланы 

С2 ұяшығынан Е2 ұяшығына көшірсе,  ол С2+D2 формуласына өзгереді. 

Абсолютті  сілтеме.      Кейбір  жағдайларда  қатысты  сілтеме 

принциптерінің  әрекетін  тоқтатуға,    сөйтіп  формуланы  көшіргенде  ұяшық 

адресін  өзгертуге  (яғни  қатысты  емес,    абсолютті)  болатын  жағдайлар  қажет 

болды. Бұл жағдайда адресті бекіту әдісі қолданылады. Ол үшін ұяшық атына $ 

белгісі  қолданылады.  Ұяшық  адресін  толық  бекіту  үшін  $  белгісі  екі  рет 

қолданылады. Мысалы: $В$2. 

Тек  бағанды  ($В2)  немесе  тек  жолды  (В$2)  бекітуге  болады  (өзгеріссіз 

қалдыру).  Бұл  жағдайларда  формуланы  көшіргенде  адрестің  бір  бөлігі 

өзгермейді де,  бір бөлігі өзгереді. 

Мысал 4. Әлемнің әртүрлі еліне туристік жолдамалардың бағасы туралы 

мәліметтері  бар  кесте  құру  керек.  Баға  теңге  және  доллар  түрінде  көрсетілуі 

керек.Жолдамалар бағасы алдымен доллар түрінде, доллардың теңгеге қатысты 

курсы  берілуі  керек.  Осы  мәліметтер  көмегімен  жолдаманың  теңгедегі  бағасы 

шығарылады. 

В1 ұяшығында теңгемен өрнектелген доллар курсының мөлшері сақталады. 

С3 ұяшығындағы формула жолдаманың теңге түріндегі бағасы доллар түріндегі 

баға  мен  доллар  курсын  көбейту  арқылы  есептеледі.  С4,С5,С6    ұяшықтарына 

формуланы  клавиатурадан  енгізбей,  С3  –тен  көшіруге  болады.  Осындай 

көшіруден кейін кесте мына түрге келеді. 

 

 

 



 

 

А 

В 



С 

1  Доллар 

курсы 


 

Теңгемен 



2  Елдер 

Доллар бағасымен 

Теңге бағасымен 

3  Англия 

 

=В3*$В$1 



4  Болгария 

 

=В4*$В$1 



5  Бельгия 

 

=В5*$В$1 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 252 

 

 

252 



6  Бразилия 

 

=В6*$В$1 



Сорттау  формулалардың  орнын  ауыстыруға  әкеледі,  бұл  кезде  сілтемелер 

өзгереді, ал абсолютті (бекітілген) сілтемелер өзгермейді. 



 

Бекіту сұрақтары: 

 

1

 



Кестелік прцессор дегеніміз не? 

2

 



Кестелік прцессор не үшін қолданылады? 

3

 



Кестелік прцессордағы қатар дегеніміз не? 

4

 



Кестелік прцессордағы баған дегеніміз не? 

5

 



Кестелік прцессордағы ұяшық дегеніміз не? 

6

 



Ұяшықтарға қандай мәліметтер енгізуге болады? 

7

 



Сілтеме не үшін қолданылады? 

8

 



Абсолютті және салыстырмалы сілтеме дегеніміз не? 

 

 

 

 

4-дәріс.  Диаграммалар,  мәліметтер  анализі.  MS  Excel–ді  тізімдер  - 

мәліметтер қорын жасау үшін пайдалану мүмкіндіктері 

 

МақсатыMS Excel–де диаграммалар тұрғызу және тізімдер мен 

мәліметтер қорын  жасау жолдарымен танысу. 

 

Қазіргі  заманғы  кестелік  процессорлардың  барлығындағы  дерлік  іскер 

графика  құралдары  бар.  Ол  үшін  кестелік  процессорларда  графиктік  режим 

қолданылады.  Графиктік  режимде  диаграммалардың  әртүрлі  типтерін  салуға 

болады,  олар сандық тәуелділіктерге көрнекілік береді. 

Диаграмма  -  мәліметтерді  көрнекті  графиктік  бейнелеудің  құралы,    ол 

бірнеше  шамаларды  немесе  бір  шаманың  әртүрлі  мәндерін  салыстыруға 

қолданылады. 

Көптеген  диаграммалар  тік  бұрышты  координат  жүйесінде  салынады. 

Горизонталь  Х    осінен  тәуелсіз  айнымалы  (аргумент)  мәні,    ал  вертикаль  У 

осінен тәуелді айнымалыны (функция) мәні салынады. Бір суретке бір уақытта 

бірнеше диаграмма салынуы мүмкін. 

Кестелік процессордағы сандық мәліметтерді графиктік өңдеу кезінде: 

1.

 



Диаграмма салынатын мәліметтер облысын (блок) көрсету 

2.

 



Алынған  ұяшықтар  блогынан  мәліметтерді  таңдаудың  тізбектілігін 

анықтау (жол бойынша немесе баған бойынша) 

Баған  бойынша  таңдалған  Х  координатасының  мәні    сол    жақ  ең  шеткі 

бағандағы  мәндерден  алынады.  Ал  қалған  бағандар  У  координатасының 

мәндері  болып  есептелінеді.  Бағандар  саны  бойынша  салынатын  диаграмма 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 253 

 

 

253 



саны  анықталады.  Жолдар  бойынша  диаграмма  салынған  ерекшеленген  ең 

жоғарғы  жол  Х  координата,    ал  қалғандары  У  координатаның  мәні  болып 

табылады. 

 

5  әртүрлі  диаграммаларды  қарастырайық.  Әртүрлі  кітаптарда  оларды 



әртүрлі  атайды:  дөңгелек,  диаграмма,    бағанды,    ярусты  (қабатты),    сызықты 

және  аудандар  диаграммасы.  Диаграмма  түрлері  негізінен  көп,    біз  тек  көп 

тарағандарды қарастырып отырмыз. 

І Дөңгелек диаграмма бір нүктедегі бірнеше шамалар мәнін салыстыру үшін 

қолданылады,    әсіресе,    шамалар  қосындысы  бір  бүтінді  (100  %)    құраса,  

дөңгелек диаграмма қолдану тиімді. 

Мәліметті  көрнекті  етіп  көрсетуге  дөңгелек  диаграмма  әр  уақытта  тиімді 

емес. І-ден,  бір дөңгелекте өте көп сектор болуы мүмкін,  ІІ-ден,  әрбір сектор 

бір-біріне жуық болуы мүмкін. 



ІІ.  Бағанды  диаграмма    -  әртүрлі  нүктедегі  әртүрлі  шамаларды  салыстыру 

үшін қолданылады. 

Бағанды  диаграмма  аты  айтып  тұрғандай  бағандардан  тұрады.  Бағандар 

ұзындығы салыстыратын шамалардың сандық мәнімен анықталады.  



ІІІ. Сызықтық диаграмма бірнеше шамалардың бір нүктеден екінші нүктеге 

өткен кездегі өзгерісін көру үшін қолданылады. 

Бағандарды әртүрлі бояу орнына белгілердің әртүрлі (ромбик,  үшбұрыш,  

крестик т.б.б),  сызықтардың түрлі қалыңдығы мен типі (пунктир,  тұтас, т.б) ,  

түсі қолданылады. 

ІV. Ярустық диаграмма (қабатты) бірнеше нүктелердегі бірнеше шамалардың 

қосындысын көрнекті түрде салыстыруға және ол шамалардың әрқайсысының 

қосындыдағы үшін көрсететін диаграмма түрін айтады. 

Ярусты  диаграмма  жасау  бағанды  диаграмма  жасауға  ұқсас.  Ярусты 

диаграммада  бағандар  бірінің  қосында  бірі  емес,    бірінің  үстіне  бірі 

орналасады.  Осыған  байланысты  диаграмманың  вертикаль  және  горизонталь 

өлшемін есептеу ережесі де өзгереді. Вертикаль өлшемі ең үлкен шама мәнімен 

емес,  шамалардың қосындысының ең үлкен мәнімен анықталады. Ал бағандар 

саны тіреу нүктесіне тең; әрбір тіреу нүктесінде бір көп ярусты (қабатты) баған 

болады. 


V.  Аудандар  диаграмманы  -  ярусты  және  сызықты  диаграммалардың 

гибриді.  

Ол әртүрлі шамалардың әрқайсысының және олардың қосындысының өзгерісін 

бір уақытта бақылауға мүмкіндік береді. 

Мұнда  бағандар  үздіксіз  облыс  құрап  бір-бірімен  жалғанады.  Осыдан 

диаграмма  облыстар  немесе  аудандар  диаграммасы  деп  аталады.  Әрбір  облыс 

белгілі бір шамаға сәйкес келеді, оларды әр түрлі түспен бояп отырады. 



 

Бекіту сұрақтары: 

 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 254 

 

 

254 



1

 

Диаграмма дегеніміз не? 



2

 

Диаграмма не үшін қолданылады? 



3

 

Диаграмманың түрлерін атаңыз? 



4

 

Диаграммалардың бір бірінен айырмашылығы қандай? 



 

 

 

5-дәріс. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). Негізгі ұғымдар. 

МҚБЖ  -  нің  функционалды  мүмкіндіктері.  МҚБЖ  -  мен  жұмыс  істеу 

негіздері 

 

Мақсаты:    МҚБЖ  -  нің  функционалды  мүмкіндіктері  және    жұмыс 

істеу негіздерімен танысу. 

Қазіргі  кезде  мәліметтер  қоры  (МҚ)  және  мәліметтер  қорын  басқару 

жүйесі (МҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы 

мағынасында мәліметтер қоры терминін белгілі бір нышандарына байланысты 

біріккен  акпараттардың  кез  келген  жиынына  қолдануға  болады.  Мысалы, 

мәліметтер  қоры  ретінде  поезд  козғалысының  кестесін  немесе  сатып 

алушылардың  тапсырысы  және  тапсырыстың  орындалуы  туралы  мәліметтер 

тіркелген  кітапты  қарастыруға  болады.  Мұнда  мәліметтер  қоры  ретінде  анық 

біріккен  мәліметтердің  жиыны  қарастырылады.  Сондықтан  сіздің  жазу 

кітапшаңыз,  оған  ақпаратты  кұрылымды  түрде  жазбасаңыз,  ол  мәліметтер 

қорыт болып есептелмейді. 

Көптеген  МҚ-да  алғашкы  деректерді  жинақтау  кестенің  көмегімен  іске 

асырылады, оның жолы — қойманың бір объектісі жайлы толық акпаратты, ал 

бағаны  —  объектінің  бір  сипаттамасын  білдіреді.  Кестенің  жолы  (бір  объекті 

туралы  деректер)  жазу  деп,  кестенің  объектілері  сақталған  белгілі  бір 

сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады. 

 

Өріс 

Жазу 

Қызметі 


Аты, тегі 

Телефон 


Президент 

Алиев Қазыбек  61-56-87 

Вице 

– 

президент 



Асқаров Аман 

61-89-75 

Бас есепші 

Советова 

Мөлдір 

61-65-53 



Маркетолог 

Алиева Жанна 

61-45-12 

Офис-менеджер  Елена Шмит 

61-48-78 

 

МҚ  кұруда  тиімді  жұмыс  үшін  оның  құрылымын  әрбір  өрісте  мазмұны 



тек бір типтегі деректер болатындай етіп ойлап табу керек, мысалы: 

 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 255 

 

 

255 



 

өрістің аты: Тегі 



мазмұны: Молдыбаев 

 



өрістің аты: Телефон 

мазмұны: 25-89-56 

 

өрістің аты: Айы 



мазмұны: сәуір  

 

Мәліметтер  қорының  негізгі  белгісі  —  ондағы  ақпараттың  жылдам 



ізделуі.  Егер  абоненеттің  тегі,  аты  және  әкесінің  аты  белгілі  болып,  телефон 

нөмірін  табу  қажет  болса,  бұл  ақпаратты  Телефондық-адрес  кітапшасынан 

аласыз.  Алайда  егер  фирмаңызда,  мысалы,  компьютерлермен  сауда  жасайтын 

кісінің  жай-жапсары  тапсырыстар  кітабында  хронологиялық  тәртіппен 

ретгелген  болса,  онда  белгілі  бір  қалада  тұратын  клиенттердің  тізімін  алуға 

немесе  соңғы  үш  айда  сатып  алушылардың  көп  сұранысына  ие  болған 

компьютерлердің моделін анықтауға біраз уакыт жұмсалады. 

 

Мәліметтердің реляциялық қоймалары  

Соңғы  уақытта  мәліметтер  қорының  ішіндегі  ең  көп  тарағаны  — 

реляциялық  мәліметтер  қоры.  Реляциялық  мәліметтер  қорында  ақпарат  бір 

немесе  бірнеше  кестелерде  сақталады.  Кестелер  арасындағы  байланыс  бір  не 

бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады. 

Реляциялық  мәліметтер  қорында  кестенің  әрбір  жолы  бірегей. 

Жолдардың  бірегейлігін  қамтамасыз  ету  үшін  кілттер  қолданылады,  олар 

кестенің  бір  не  бірнеше  өрістерінен  тұрады.  Кілттер  тізбектелген  түрде 

сақталады,  бұл  іздеу  кезінде  кестенің  жазуларына  тікелей  қатынауды 

қамтамасыз етеді. 

Реляциялық МҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері: 

 

Барлық мәліметтер кесте түрінде сақталады. 



 

Әртүрлі сипаттағы мәліметтер түрлі кестелерде сақталады. 



 

Қойма 



құратын 

кесте 


мәліметтері 

арасында 

қарым-қатынас 

(реляцияның) беріледі. 

 

Әртүрлі  кестелердегі  ақпарат  мәліметтері  жаңа  сұратулар  құру  кезінде 



қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін. 

Реляциялық МҚБЖ-нің жайпақ кестелерден айырмашылығы:  

 

Сипаттама 



Жайпақ кестелер 

Реляциялық ДҚБЖ 

Бірнеше 

кестелердің 

негізінде 

талдау 


жасау 

Мүмкін емес 

Стандартгы  операция  - 

көп құралдар 

Алынып  отырған 

орын 


Қосарланушы 

ақпараттың  кажеттілігі 

есебінен үлкен 

Жекелеп  байланысқан 

кестелердің 

қоймасы 


салалары 

есебінен 

орынды үнемдеу 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 256 

 

 

256 



Қарапайым 

амалдарды 

орындау 

Колмен 


немесе 

жартылай 

автоматтандырылған  

(аз өнімділік) 

Жартылай  автоматтан-

дырылған 

немесе 

автомат-тандырылған  



(жоғары өнімділік) 

 

МҚБЖ құралдары көмегімен орындай аласыз: 

•    Сізге  қызығушылық  тудырған  ақпаратты  таңдау.  Мысалы,  соңғы  екі 

айдағы  белгілі  клиенттердің  барлық  сатып  алғаны  жайлы  мәліметтерді 

ала аласыз. 

•  Бүкіл кестені немесе тек таңдап алынған жазбалар мен өрістерді әртүрлі 

пішімде басу. 

•  Кестенің мәліметтерін графикалық бейнелеу, мысалы, компьютерлердің 

түрлі модельдерін сату туралы мәліметтер. 

•  Есеп  беруді  дайындау  немесе  кестелерден  мәліметтерді  тандау 

процесінде түрлі есептеулерді орындау. 

 

Мәліметтер қорын құру 

МS  Ассеss  реляциялық  мәліметтер  қорын  басқару  жүйесі  болып 

табылады.  Реляциялық  мәліметтер  қоры—  қазіргі  уақытта  едәуір  кең  тараған 

және  ақиқат  өнеркәсіптік  стандарт.  Реляциялық  мәліметтер  қорында  барлық 

мәліметтер  тікбұрышты  кесте  түрінде  сақталады  әрі  мәліметтер  қорымен 

орындалатын  барлық  операциялар  кестелерде  қолмен  жасалып  беріледі,  МS 

Ассеss-те мәліметтер қоры ақпаратты енгізу, сақтау, қарау, таңдау және басқару 

үшін арналған құралдар жиынынан тұрады. Бұл құралдарға кестелер, пішімдер, 

есеп берулер, сұратулар жатады. 

МS  Ассеss-те  мәліметтер  қорын  құрудың  екі  тәсілі  бар.  Бос  мәліметтер 

қорын  құрып  алып,  оған  кестелерді,  пішімдерді,  есептерді  және  басқа 

объектілерді  қосуыңызға  болады.  Мұндай  тәсіл  едәуір  қолайлы,  бірақ 

мәліметтер қорының әрбір элементінен жеке айқындылықты талап етеді. Бұдан 

басқа,  барлық  кажетті  кестелермен,  пішіндермен  және  есептермен  айқын 

түрдегі мәліметтер қорын шебердің көмегімен құруға болады. МS Ассеss сізге 

арналған түрлі мәліметтер қорынан тұратындықтан, екінші тәсіл көп жағдайда 

қолдануға ыңғайлы. Екі жағдайда да кез келген уакытта өзіңіз құрған деректер 

қоймасын өзгертуге және кеңейтуге мүмкіндігіңіз бар 

 

Мәліметтер типтері 

Өріс  атауы  кестелер  мәліметтеріне  сілтеме  жасау  үшін  қолданылады. 

Сақталатын  мәліметтердің  типін  айқындауға  мәліметтер  типі  пайдаланылады. 

Өрістің мәліметтер типі Мәліметтер типі бағаны өрісінде енгізіледі. МS Ассеss-

те келесі типтердің мәліметтері мүмкін болып табылады: 

 

Мәтіндік 



 

Сандық 



 

Ақшалай 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет