ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым


Ақпараттың өлшем бірліктері



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата06.02.2017
өлшемі5,95 Mb.
#3517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Ақпараттың өлшем бірліктері 

Ақпараттың көлемін бағалау дегеніміз – ақпаратты саны жағынан өлшеу.  

Ақпараттың  көлемін  оның  ұзындығы  деуге  болады.  Ақпараттың  көлемі  деп 

хабардағы  символдар  санын  айтамыз.  Техникада  ақпарат  өзінің  табиғатына 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 10 

 

 

10 



байланыссыз  екілік  түрде  сақталып,  өңделеді.  Екілік  алфавит    0  және  1 

символдарынан тұрады. Осы стандартқа байланысты ақпараттың бит және байт 

деген  стандартты  өлшем  бірліктері  енгізілді.  Бір  символ  8  бит  немесе  1  байт 

арқылы жазылды.  (1 байт =8 бит).  

Бит  дегеніміз  0  немесе  1.  Сонымен  бірге  үлкейтілген  өлшем  бірліктер 

енгізілген: 

1 Кбайт =1024 байт (кило) 

1 Мбайт =1024 Кбайт (мега) 

1 Гбайт =1024 Мбайт (гиго) 

1 Тбайт =1024 Гбайт (теро) 

 

Бекіту сұрақтары 

1

 



Ақпарат терминіне анықтама бер? 

2

 



Сигнал деген не? 

3

 



Электрлік түрде берілген сигналдардың  артықшылықтары.  

4

 



Ақпараттың қасиеттері. 

5

 



Ақпараттың үздіксіз және дискеретті формасы. 

6

 



Ақпараттың өлшем бірліктерін ата. 

 

 



3-дәріс. 

Компьютер  ұғымы.  Компьютердың  функционалды 

схемасы.  

МақсатыКомпьютер ұғымы және оның функционалды схемасымен 

және жасау принциптерн таныстыру. 

Ақпарат  өзімен-өзі  болмайды.  Ол  іздестірудің,  жинаудың,  сақтаудың, 

жеткізу  мен  өңдеудің  және  пайдаланудың  барысында,  басқаша  айтқанда, 

ақпараттық процестерде айқындалады. 

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. 

Ақпараттық  процестерді  жүзеге  асыратын  негізгі  құрал-компьютер

Ақпаратты автоматты түрде өндеуге арналған аппараттық және бағдарламалық 

құралдар кешенін компьютер деп атайды. 



Ақпаратты  автоматты  түрде  өңдеу  —  адамның  қатысуынсыз  өңдеу, 

бұл  кезде  компьютер  алдын  ала  берілген  бағдарлама  бойынша  ақпаратты 

өңдеуді  алғашқы  мәліметтерді  енгізуден  бастап  нәтиже  алғанға  дейін 

жүргізеді. 



Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мумкін: 

Мәтіндік ақпарат: 

оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа 

райын болжау, радио арқылы хабар т.б. 

Сандық ақпарат: 

көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей 

ойынындағы есеп т.б. 

Графикалық ақпарат: 

суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б. 

Музыкалық (дыбыстық) 

ақпарат: 

дыбыстар, музыка, сөз . 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 11 

 

 

11 



Бейне ақпарат 

түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және 

үш өлшемді жылжымалы объектілер. 

 

Компьютердің аппараттық құралдары: 

-

 



кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына 

екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан; 

-

 

ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, 



аралық есептеулердің нәтижелерін сақтауға арналған компъютер 

жадынан; 

-

 



мәліметтерді  өңдеудің  және  өңдеу  процесін  басқарудың  негізгі 

құрылғысы-процессордан; 

-

 

өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы 



түрде шығарып беруге арналған шыәару құрылғыларынан; 

-

 



бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын 

ақпараттық кеңарнадан тұрады. 

Мәліметтерді  бағдарламалармен  өңдейді.  Бағдарлама  -  нұсқаулар 

тізбегі,  оларды  орындау  барысында  компьютер  белгілі  әрекетер  жасайды 

немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді. 

 

 

 



 

 

 



Компьютердің құрылғыларының схемасы. 

Бағдарламалық  құралдар  —  әр  түрлі  мақсаттарға  арналған  бағдарламалар 

жиынтығы.  Компьютердің  бағдарламалық  құралдарын  бағдарламалық 

жасақтама деп те атайды. 

Олар: 

-

 



жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен 

мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын; 

-

 

қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған; 



-

 

бағдарламалық жүйелер деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу 

қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады. 

 

Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы төмендегі суретте 



көрсетілген. 

Процессор 

Жад 

Ақпараттық кеңарна (магистраль) 



Енгізу құрылғылары 

Шығару


 

құрылғылары 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 12 

 

 

12 



 

Көріп  отырғанымыздай  дербес  компьютердің  процессоры  мен  жедел 

жадынан  басқалары  оның  сыртқы  құрылғылары  болып  табылады.  Олар: 

монитор,  пернетақта,  принтер,  маус,  модем  т.б.  Әрбір  сыртқы  құрылғы 

компьютердің  процессорымен  арнайы  блоктар  -  адаптер  немесе  контроллер 

арқылы жалғасады.  Мысалы, монитор  процессор мен дисплей контроллері, ал 

принтер порттар контроллері арқылы т.с.с, жалғасады. 

Контроллер  немесе  адаптердің  міндеті  -  процессордан  келіп  түскен 

ақпаратты  құрылғылардың  жұмысын  басқаратын  сәйкес  сигналдарға 

айналдыру. 

Процессор  басқа  құрылғылармен  көптеген  сымдардан  тұратын 

кабель  арқылы  жалғастырылады,  оны  кеңарна  (магистраль)  немесе  шина 

деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады). 

 

 

Бекіту сұрақтары 

1

 



Компьютер дегеніміз не? 

2

 



Аппараттық құралдар неден тұрады? 

3

 



Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді? 

4

 



Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз. 

 

 

Компьютердің жүйелік блогы 

Процессор 



Ақпараттық кеңарна (шина) 

Жедел жады 

(ішкі) 

Пернетақтаның 



контроллері 

Дисплей 


контроллері 

Порттар 


контроллері 

Дискілер 

контроллері 

Қосымша құралдар 

контроллері 

ИМ

Д



Ж

 

(ди



ске

та)


 

Қ

МД



Ж

 

(ви



нч

ес

тер



CD

-R



OM

 

Пер



нетақ

та

 



Монитор 

Принтер, маус, джойстик 

Сканер, модем т.б. 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 13 

 

 

13 



4-дәріс.  Дербес  компьютердің  архитектурасы.  ДК-дің  негізгі  блоктары. 

Аналық плата. Микропроцессор. Орталық процессор 

 

Мақсаты:  Қазіргі  компьютер  архитектурасы,  компьютерлердің 

функционалдық құрылымы, жады құрылымы түсініктерін енгізу.  

 

Қазіргі  компьютерлер  алуан  түрлі.  Бірақ  олардың  құрылымы  кез-келген 



компьютерде  келесі  негізгі  құрылғыларды  анықтайтын  жалпы  логикалық 

принциптерге негізделген: 

-

 

нөмірленген  ұяшықтардан  тұратын    жады:  (жедел  есте  сақтау 



құрылғысы (ОЗУ)); 

-

 



өзіне  басқару  құрылғысы  (УУ)  мен  арифметикалық-логикалық 

құрылғыны (АЛУ)    қамтитын процессор; 

-

 

енгізу-шығару құрылғысы; 



Бұл  құрылғылар  бір-біріне  ақпарат  беретін  байланыс  каналдарымен 

жалғанған.  Компьютердің  негізгі  құрылғылары  мен  олардың  арасындағы 

байланыс келесі схемада көрсетілген: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жады функциялары: 

-

 

Басқа құрылғылардан ақпарат қабылдау; 



-

 

Ақпаратты есте сақтау. 



-

 

Машинаның 



басқа 

құрылғыларының 

сұранысы 

бойынша 


информацияны беру; 

Процессор  функциясы:  арифметикалық  және  логикалық  операцияларды 

орындау жолымен берілгендерді сәйкес программа бойынша өңдеу. 

-

 



Компьютердің құрылғыларының жұмысын программалық басқару. 

Процессордың  командаларды  орындайтын  бөлігі  арифметико-логикалық 

құрылғы    (АЛУ)  деп  аталады,  ал  басқа  құрылғыларды  басқару  функцияларын 

орындайтын құрылғы басқару құрылғысы (УУ) деп аталады.  

Әдетте бұл екі құрылғы таза шартты түрде ғана бөлінеді, ал құрылымдық 

жағынан олар ажыратылмайды.  

Енгізу-шығару 

құрылғысы 

Жады 

ОЗУ 


ПЗУ 

ысы 


Орталық процессор 

АЛУ 


УУ 

Сыртқы жад 

ҚМД 

Ж

МДЖ 



CD-RW 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 14 

 

 

14 



Процессор  құрамында  регистр  деп  аталатын  жадының  арнайы  қосымша 

ұяшықтары  бар.  Регистрлер  қысқа  мерзімге  команда  немесе  сан  сақтайтын 

функция  атқарады.  Регистр  ішіндегі  мәліметтермен  арнайы  электрондық 

схемалар  кейбір  манипуляцияларды  жүргізе  алады.    Мысалы  кейбір 

командалардың  бөлігін  ары  қарай  қолдану  үшін  қиып  алу  немесе  сандармен 

белгілі  арифметикалық  амалдар  жасау.    Регистрдің  негізгі  элементі  –  триггер 

деп аталатын электрондық схема. Ол бір екілік санды сақтай алады (разряд).  

Регистр  –  ортақ  басқару  жүйесінің  белгілі  әдісімен  бір-бірімен 

байланыстырылған  триггерлердің  жиынтығы.  Регистрлардың  орындалатын 

операциялары  бойынша  айырмашылығы  бар  бірнеше  түрлері  болады.  Кейбір 

маңызды регистрлардың өздерінің атаулары бар, мысалы:  

-

 



Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры; 

-

 



Команда  есептегіш  (счетчик  комманд)  –  кезектегі  орындалатын  команда  

адресі  сақталатын  УУ  регистрі,  жадының  тізбекті  ұяшығынан 

программаларды автоматты теруге арналған;  

-

 



Команда регистрі – команданы орындауға қажет уақыт периодында команда 

кодын  сақтауға  арналған  УУ  регистрі.  Оның    разрядтарының  кей  бөлігі 

операция кодын сақтауға арналған, ал қалғаны операнд адрестерінің кодын 

сақтауға арналған.  

 

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары: 

Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары.  



Микропроцессор  –  компьютердің  негізгі  микросхемасы.  Онда  барлық 

есептеулер  жүргізіледі.  Процессордың  негізгі  сипаттамасы  –  тактілік  жиілік 

(МГц).  Тактілік  жиілік  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  процессордың  жұмыс 

өнімділігі  жоғары  болады.    Мысалы,  процессордың  тактілік  жиілігі  500МГц 

болса, процессор өзінің қалпын 500млн. рет өзгертеді.  

Оперативті  жады  –  компьютер  іске  қосылып  тұрған  кездегі  көп 

ұяшықтарда берілгендер мен командалар сақталып тұратын ұяшықтар массиві.  

Процессор  оперативті  жадымен  бірге  жұмыс  істейді.    Берілгендер 

процессордың регистрларына (процессор ұяшықтарына) көшіріледі де, берілген 

команда  бойынша  өзгертіледі.    Оперативті  жадының  өлшем  бірлігі  –  байт, 

Мбайт.  


Байт  –  адресі  бар  берілгендерді  сақтаудың  ең  кіші  бірлігі.    Ол  өзінен  кіші  8 

бірлік – биттерден тұрады. Бит 2 күйде болады: қосулы/өшулі.  

Процессор  кез-келген  уақытта  байтқа,  яғни  оперативті  жадының  ұяшығына 

адресі  бойынша  бара  алады.  Бұл  кезде  процессор  кез-келген  биттің  күйін 

өзгерте алады.  Ол үшін:  

1

 



Ұяшықтың ішіндегісін процессордың бір регистріне көшіреді; 

2

 



Кез-келген битті немесе биттер тобын өзгертеді; 

3

 



Регистрден кері оперативті жадыға көшіреді; 

Аналық  плата  -    ДК  ең  үлкен  платасы.  Онда  процессор  мен  оперативті 

жадыны  жалғастыратын  шиналар  орналасқан:  берілгендер  шинасы,  адрестер 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 15 

 

 

15 



шинасы,  командалар  шинасы.  Аналық  платаның  шиналарына  басқа  да  ішкі 

құрылғылар  жалғанады.    Чипсет  –  аналық  платаның  жұмысын  басқаратын 

микросхемалар жиынтығы.  

Видеадаптер – аналық платаға жалғанатын ішкі құрылғы. Компьютердің 

графикалық  мүмкіндіктерін  жасайды.  Бұл  құрылғының  өзінің  видео 

процессоры  бар.  Видеоадаптердің  үш  өлшемді  кеңістікті  бейнелеуде  рөлі  зор. 

Кей  модельдерде  видеоадаптердің  функциясын  чипсеттің  микросхемасы 

орындайды. Бұл жағдайда видеоадаптер  аналық платамен интегралданған деп 

аталады.  Егер  видеоадаптер  жеке  құрылғы  болса,  онда  оны  видеокарта  деп 

атайды.      Видеокартаның  разъемдары  жүйелік  блоктың  артқы  жағынан 

шығарылған. Оған монитор жалғанады.  



Дыбыстық адаптер – компьютерде дыбыс шығару үшін аналық платаға 

орнатылған ішкі құрылғы. Ол чипсетте аналық платамен интегралданған болуы 

мүмкін  немесе  жеке  құрылғы  дыбыстық  карта  болуы  мүмкін.    Дыбыстық 

картаның  разъемдары  жүйелік  блоктың  артқы  жағынан  шығарылған,  оған 

микрофон, колонка, наушник жалғанады.  

 

 



Бекіту сұрақтары: 

1

 



Компьютер құрылымының  негізгі  логикалық  принциптері қандай  және 

олар қандай негізгі құрылғыларды анықтайды? 

2

 

Басқару  құрылғысы  (УУ)  және  арифметика-логикалық  құрылғы  (АЛУ) 



туралы не айта аласың? 

3

 



Жады функциясын айтып бер? 

4

 



Процессор функциясын айтып бер? 

5

 



Регистр деген не? 

6

 



Регистрлардың қандай түрлері бар? 

7

 



Аппараттық конфигурация деген не? 

8

 



Базалық аппараттық конфигурация деген не? 

9

 



Базалық аппараттық конфигурацияға кіретін құрылғыларды ата? 

10

 



Компьютердің  сырқы  құрылғыларын  ата  және  олар  қандай  қызмет 

атқарады? 

11

 

Компьютердің  ішкі  құрылғыларын  ата  және  олар  қандай  қызмет 



атқарады? 

12

 



Микропроцессорды сипаттайтын шама қандай? 

13

 



Жадыны сипаттайтын негізгі шама қандай? 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 16 

 

 

16 



5-дәріс.  Сыртқы  құрылғылар:    Ақпаратты  сақтау  құрылғысы.    Жады 

түрлері.  Жады  құрылысы.    Ішкі  жады  құрылысы.    Сыртқы  жады 

құрылысы.  Енгізу-шығару құрылғысы.  

 

МақсатыСыртқы құрылғылар және олардың жұмыс принциптерімен 

таныстыру. 

 

Қатты диск -  программалар мен берілгендерді ұзақ сақтайтын құрылғы. 

Қатты  диск  дегеніміз  –  бір-бірімен  байланысқан  бірнеше  дискіден  тұратын 

батарея.    Дисктердің  беттері  концентрациялық  жолдарға,  ал  жолдар 

секторларға  бөлінген.  Берілгендер  адресі  бет  нөмірі,  жол  нөмірі  және  сектор 

нөмірімен белгіленеді. Қатты диск өте нәзік құрылғы. Оны ұқыптылықпен бір 

блоктан екінші блокқа ауыстыру керек. 

Дербес  компьютердің  аппараттық  конфигурациясы  дегеніміз  – 

компьютердің  аппараттық  құрылғыларының  жиынтығы.  Дербес  компьютердің 

базистік  аппараттық  конфигурациясы  деп  –  компьютердің  жұмыс  істеуіне 

қажет ең аз аппараттық комплектісін айтады.  

Қазіргі  ДК  базалық  аппараттық  конфигурациясына:  жүйелік  блок, 

монитор, пернетақта, тышқан кіреді.  



Жүйелік  блок  –  компьютерлік  жүйенің  негізгі  блогы.    Онда  ішкі  құрылғылар 

орналасқан.    Жүйелік  блокқа  сырттан  қосылатын  құрылғыларды  сыртқы 

құрылғылар немесе перифериялы құрылғылар деп атайды.  

Монитор  –  символдық  және  графикалық  информацияны  бейнелеуге  арналған 

құрылғы.  



Пернетақта  –  компьютермен  жұмысты  басқару  және  информацияны  енгізуге 

арналған құрылғы.  



Тышқан  –  «графиктік»  басқару  құрылғысы.    Пернетақтадан    айырмашылығы 

тышқан үшін аппараттық қамсыздану жеткіліксіз, арнайы бағдарлама қажет.  

Компьютердің  сыртқы  қосымша  құрылғыларына  принтер,  сканер,  плоттер, 

колонка, микрофон және т.б. жатады.  



Жедел  жад  -  бүл  компьютердің  ішкі  жады.  Жедел  жад  немесе  оперативті 

жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және 

одан  оқуға  мүмкіндік  береді.  Бірақ  онда  ақпараттар  уақытша  сақталады, 

яғни  компьютерді  өшіргенше.  Егер  компьютерді  өшірсе,  онда  жедел  жадтағы 

барлық  ақпарат  жойылады  (өшеді).  Жедел  жадта  Қазіргі  кезде  орындалып 

жатқан  барлық  бағдарламалар  болады.  Компьютердің  ішкі  жадының  екі  түрі 

бар: тұрақты жадтайтын құрылгы ТЖҚ  — бұл компьютердің ішкі жады, ол 

компьютердің  ішіне,  құрастырушы  фирмада  орнатылады,  компьютерді іске 

қосқанда,  алдымен  ақпарат  ТЖҚ-дан  алынады,  ал  содан  соң  компьютерге 

орнатылған операциялық жүйе іске қосылады. 



Жедел (оперативті) жадтайтын құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша 

сақтауға  арналған  жад.  Компьютердің  жедел  жадының  көлемі  шекті, 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 17 

 

 

17 



сондықтан  ЖЖҚ-дан  акпараттарды  сыртқы  жадқа  (дискіге)  көшіріп  алу 

керек. 


 

 

ТЖҚ (ПЗУ): тұрақты жадтайтын 

құрылғы. 

ЖЖҚ (ОЗУ): жедел 

жадтайтын құрылғы. 

Ақпаратты тұрақты сақтауға 

арналған жад. 

Ақпаратты уакытша 

сақтауға арналған жад. 

Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-

дағы ақпарат бұзылмайды. 

Компьютерді өшіргенде, 

ЖЖҚ-дағы ақпарат 

бұзылады. 

Мұнда сақталған командаларды 

тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат 

жазуға болмайды. 

Мұнда жазылған командаларды 

оқуға да әрі жаңа командалар, 

ақпарат жазуға болады. 

 

Жедел жадтың негізгі сипаттамасы  — оның сыйымдылығы мен жылдам 



әрекеттілігі.  Процессор  мен  ЖЖҚ  —  ЭЕМ-ның  негізгі  құрылгылары. 

Компьютер жұмыс істеу үшін, бұлардың өзі-ақ жеткілікті. 

Егер  компьютердің  тек  жедел  жады  ғана  болса,  онда  бір  де  бір 

компьютер ойдағыдай жұмыс істей алмас еді. Себебі онда сақталатын ақпарат 

көлемі  өте  аз  болады,  оған  қоса,  компьютерді  өшіргенде,  ондағы  ақпарат 

толығымен  жоғалады.  Сондықтан  компьютердің  өшірілген  кезде  де  жазылған 

ақпаратты  сақтайтын  басқа  жады  болуы  керек.  Сыртқы  жад  ретінде 

магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде негізгі 

ақпарат  тасуыш  болып  табылады,  олар  ақпаратты  тұрақты  түрде  сақтауға 

арналған. 

Магнитті  дискілердің  екі  типі  болады.  Бірінші  типке  иілгіш,  алмалы-

салмалы дискілер немесе дискеттер жатады. Оларда  көлемі онша үлкен емес, 

қажет  ақпаратты  жазып  алып,  тұрақты  түрде  сақтауға  болады.  Олар 

компьютерлер  арасында  бағдарламалар  мен  мәліметтер  алмасу  үшін  және 

құжаттар мен бағдарламалардың көшірмесін сақтау үшін пайдаланылады. 

 

Бекіту сұрақтары 

1

 



Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз не? 

2

 



Компьютер жадының қандай түрлерін білесіздер? 

3

 



Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңыздар? 

4

 



Жадтың сыртқы тасушыларын сипаттаңыздар. 

 

 



 

 

 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 18 

 

 

18 



6-дәріс. Информатиканың арифметикалық негіздері. Ақпараттың берілу 

формалары. Санау жүйелері. Әртүрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер 

 

МақсатыИнформатиканың арифметикалық негіздері және 

ақпараттың берілу формаларымен, санау жүйелері, ондағы әртүрлі санау 

жүйелеріндегі әрекеттермен таныстыру. 

Санау  жүйесі  дегеніміз  –  сандарды  санаудың,  жазудың  ережелері.    Кез-

келген  санау  жүйесінде  жазу  үшін  символдар  таңдалып алынады.  Оларды  сол 

жүйенің базистік сандары деп атайды. Басқа сандар базистік сандарға амалдар 

қолдану арқылы алынады. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес 

болып  екіге  бөлінеді.  Позициялық  емес  санау  жүйелеріне  римдік  санау 

жүйелері жатады.  

Позициялық санау жүйесі дегеніміз – санның жазылуындағы цифрлардың 

орын  ауыстыруына  байланысты  санның  мәніне  әсер  ететін  санау  жүйесін  . 

Мысалы:  21  санында  2  цифр  ондықты  білдірсе,  12  санында  дәл  осы  цифр  (2) 

бірлікті білдіреді.  

Позициялық  санау  жүйелеріне  ондық,  он  алтылық,  екілік,  сегіздік  санау 

жүйелері жатады.  

Ондық санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9;}  

Он алтылық  санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9;A; B; C; 

D; E; F;}  

Сегіздік санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; }  

Екілік санау жүйесінің алфавиті: {0; 1;}  

Екілік  санау  жүйесі  компьютерде  барлық  есептеу,    өңдеу  амалдарын 

жүргізгенде  қолданылады.    Кез-келген  санау  жүйесінен  санды  басқа  санау 

жүйесіне көшіруге болады.   

Ондық  санды  екілік  жүйеге  көшіру  үшін  санды  екіге  бөліп,  қалдығын 

белгілеп  қоямыз.    Қалдықтары:  0,  1.  Шыққан  бүтін  бөлікті  тағы  2-ге  бөліп, 

қалдығын  белгілейміз.  Осы  амалды  бүтін  бөлігі  2-ден  кіші  болғанша 

қайталаймыз. Қалдықтарды кері ретпен тізбектеп жазамыз. Нәтижесінде екілік 

сан алынады.  

2



  

  



  

2



1

2   



  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет