Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»


Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет17/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
10.Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат):
1.тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушіні немесе мұғалімді (сыныптастарын) аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі. Тыңдау барысында ақпарат дұрыс қабылдай білу, ондағы негізгі ойды түсіну, тиісті жауап қайтару;
2.айтылым.Сөйлеу кезінде сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айту. Сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдану. Тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатысты білу,сөйлеу барысында айтатын ойын білу мақсатына сәйкес және жағдаятына сәйкес тілдік құралдарды тиімді таңдау. Оқу міндеттеріне (суреттеу,баяндау,пікір айту) сәйкес манологтік (ауызша) сөйлеуді меңгеру, өзі жайында, ата-анасы, үй-іші жайлы, достары туралы айтып бере алу. Мектептегі және күнделікті өмірдегі түрлі жағдаяттарға сәйкес сөйлеу мәдениеті (сәлемдесу,қоштасу,кешірім сұрау) нормалары мен орфоэпиялық нормалар туралы түсінік қалыптастыру. Дауыс ырғағын дұрыс қою. Айтылуы ұқсас л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру: жаңылтпаштар,жұмбақтар,санамақтар жаттату;
3.оқылым.Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы алғашқы түсінік. Сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөзден, сөздің буындардан құралатындығын графикалық сзба арқылы ұғындыру және оқу. Графикалық сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырып оқу;
4.буынтуралы алғашқы түсінік. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын, буын түрлерін анықтау.Графикалық сызбалар түріндегі буындардан сөз құрап оқу;
5.дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік. Буынның дыбыстардан (әріптерден ) құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру. Дыбыстардың дауысты және дауыссыз түрі болатыны: ауыз қуысында ауаның кедергісіз еркін шығуынан жасалатын дыбыстардың дауысты деп аталатыны немесе ауыз қусындағы сөйлеу мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстардың дауыссыз деп аталатыны туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстардың артикуляциясын:дыбыстау кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дауысты дыбыстардың буын жасай алатыны (буындағы дауысты дыбысты ұзағырақ созу);
6.буындық-дыбыстық талдау: сөзді буынға бөлу, буын санын, буын түрін анықтау, сөздегі дыбыс санын, оның дауысты немесе дауыссыз екенін ажырату.
7.жазылым.Жазу жұмысына дайындық жаттығулары: үзік сызықтарды бастыра отырып, түрлі фигуралар, өрнектер, сызықтар (көлбеу,тік,ирек,үзік) салу, үзбей байланыстыра жазуға дағдыландыру. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау (дұрыс отыру, парта бетіне дәптерді дұрыс орналастыру, қаламды дұрыс ұстау ережесі);
8.тіл дамыту.Сөздік қорын байыту:суреттер бойынша кім? не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді?қайтті? не үшін қажет? т.б. сұрақтарға жауап ала отырып, заттардың атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл, іс-әрекетін, атқаратын қызметін,т.с.с. айтқызу, сөздердің мағынасын түсіндіру, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрату,ертегі айтқызу. Тақпақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар жаттату.
11.Әліппе кезеңі (98 сағат):
1) Дыбыс.Әріп. Әріп-дыбыстың таңбасы. Бас әріп және кіші әріп. Қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстармен және әріптермен жеке-жеке таныстыру;
2) Дыбыстар мен олардың таңбалары төмендегідей ретпен өтіледі: 1-кезеңде а,н,л,р,о,т,й,у,ш,с,м,ы дыбыстары меңгертіледі. 2-кезеңде і,ң,и,д,е,қ,ұ,ғ,к,ү,г,ө,з,ә,ж,п,б дыбыстары оқытылады. 3-кезеңде сөйлеу тілінде сирек кездесетін х,һ,щ,я,ю дыбыстары мен орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын в,э,е,ц,ф,ч дыбыстары меңгертіледі. 4-кезеңде орыс тіліндегі ь,ъ белгілерімен таныстырылады;
3) Дыбыс пен әріпті ажырату. Дыбыстың айтылу ерекшелігі. Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстардың артикуляциясы. Дыбыстардың дауысты және дауыссыз түрлері;даусты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;ауыз қуысында ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстардың дауысты деп аталатыны немесе ауыз қуысындағы сөйлеу мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстардың дауыссыз деп аталатыны. Дауысты дыбыстардың буын жасай алатыны.Дыбыстық талдау;
4) Буын. Дыбыстардын буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау;
5) Сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлемдерден шағын әңгіме құрау. Сөйлемнің соңына тыныс белгісі (нүкте, леп, сұрақ белгілер) қойылатыны, тыныс белгісі сөйлемнің аяқталғанын білдіретіні, келесі сөйлемнің бас әріптен басталатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
6) Оқу. Дауыстап оқу. Буындап оқудан біртіндеп сөзді тұтас, үзбей оқуға көшу. Сөздердің мағынасын есте ұстай отырып сөйлемді дұрыс әрі түсініп оқуға дағдыландыру. Сөйлемдегі айтылатын ойдың сипатына қарай дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтандыру. Біртіндеп оқу жылдамдығын арттыру: іштей оқу (алғашқы «көзбен оқу» дағдысын қалыптастыру). Оқу барысында көру арқылы сөзді тұтас қабылдау қабілетін қалыптастырып, «көру аймағын» ұлғайту. Көлемі жағынан шағын мәтінді түсініп оқу және түснгенін айта білу, сұраққа толық, нақты жауап беру, мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді таба біуге дағдыландыру;
7) Жазу. Жазуға қойылатын талаптарды меңгерту (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптердә дұрыс орналастыру,қаламды дұрыс ұстау), саусақтардың ұсақ бұлшықеттерін дамыту,дәптер бетін дұрыс бағдарлау: жұмыс жолы мен үлкен жолды ажырату, жоларалық кеңістікті сақтау, жолдың жоғарғы және төменгі сызығынан шықпау, әріптерді жұмыс жолына дұрыс орналастыру, т.с.с.,әріп элементтерін жазу. Жекелеген элементтерді жазып үйренуден біртіндеп оларды қосып, әріп жазуға, әріпті келесі әріппен дұрыс байланыстырып, сөзді толық жазып болғанша қолды дәптерден алмай, үздіксіз әрі ырғақты жазуға, сөздердің ара жігін ажыратуға машықтандыру,әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату. Бас әріптер мен кіші әріптердің жазылуын меңгерту, жазба және баспа түрде берілген сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру. Жазу барысында сөздерді іштей буынға бөліп айтып отырып жазуға машықтандыру, есту арқылы яғни мұғалімнің айтуымен сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқөа жазу. Жазғанын өздігінен тексеру: көркем жазуға, таза, қатесіз,сауатты жазуға дағдыландыру; графикалық құралдардың қызметін түсіндіру: сөздердің арасына орын қалдыру, жаңа жолдан немес азат жолдан (абзацтан) бастау, сөздің жолға сыймаған бөлігін сызықша белгісін қоя отырып буын жігімен жаңа жолға көшіру,тасымалдау;
8) Тіл дамыту. Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түұсін, дәмін, көлемін, санын, қимыл-әрекетін, орнын, т.с.с.) беретінін жаттығулар арқылы ұғындыра отырып, оларды орынды қолдануға үйрету. Сөйлеу барысында ойын нақты, толық жеткізу үшін қажетті сөзді дұрыс табуға, қажет жағдайда мәндес сөздермен, қарама-қарсы мағыналық сөздермен (термин енгізілмейді) жылдам ауыстыра алуға, жазылуы бірдей сөздердің (омонимдер мен көп мағыналы сөздер) мағынасын ажырата алуға, сөздердің мағыналық реңктерін түйсіне білуге, оларды басқа сөздермен грамматикалық дұрыс байланыстыруға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, одан әңгіме құрауға үйрету. Оқылған әңгіме, ертегі т.б. мәтіндер бойынша түсінгенін айтып беруге дағдыландыру. Дайын үлгі бойынша өз көргенін, бақылағанын әңгімелеуге жаттықтыру. Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтар жаттату және оларды өздігінен құрастыруға үйрету.
12. Әліппеден кейінгі кезең (119 сағат):
1) Оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл көркем шығармалар (Отан,туған тіл,туған жер,табиғат,отбасы,еңбек,т.с.с. туралы) оқу. Әдеби жанрлар (өлеңдер,әңгімелер,ертегілер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар,мақал-мәтелдер, т.б.) туралы алғашқы түсініктер қалыптастыру. Оқылған шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну,түйсіну,мәтінді талдау (мұғалімнің көмегімен) біліктілігін қалыптастыру. Шығарманы толық қабылдау қабілетін дамыту, оқу түрлерін (дауыстап оқу,іштей оқу,түсініп оқу,дұрыс оқу,шапшаң оқу,теріп оқу,мәнерлеп оқу) меңгерту. Оқудың сөздерді тұтас оқу, бірнеше буынды сөздерді буындап оқу тәсілдерін меңгерту. Өлеңдерді, ертегілерді, әңгімелерді дауыс ырғағын, нақышын келтіре отырып оқуға машықтандыру, оқуға ұсынылатын шығармалар (үлгі тақырыптар) : «Сәлем-сөздің анасы», «Талаптыға нұр жауар», «Адам болам десеңіз», «Шаңырақ шуағы», «Менің Отаным- Қазақ елі», «Табиғат тынысы», «Халық ауыз әдебиеті үлгілері»;
2) Жазу.Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру. Шағын мәтіндерді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру, есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтап сөздерді, сөйлемдрді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; дыбыстық және буындық құрылымы әркелкі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты, әрі, жылдам жазуға дағдыландыру; сөзді тасымалдап жаза білу;
3) Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту және ол сөздердің мағынасын түсініп, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып,орынды қолдана білу, оларды қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу дағдыларын жетілдіру, сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту, әңгімелесу барысында өз ой-пікірін білдіру, пікірін дәлелдеу, сұрақ қою біліктігін қалыптастыру, сөәйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту. Белгілі бір тақырыпқа байланысты (айтатын ойының мақсатына қарай) өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп аузша жеткізе білуге дағдыландыру;суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар, (сұраққа жауап жазу) бойынша, сондай-ақ оқығаны, көргені, бақылағаны жайында шағын әңгімелер (мәтін) құрастыру (бастапқы кезде ауызша, бірте-бірте жазбаша); мәтінге ат қою; мазмұндаманың (дайын үлгі бойынша, сұрақтарға жауап жазу,еркін мазмұндау түріндегі) негізгі түрлерімен таныстыру;сөйлеу мәдениетін (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту) меңгерту;
4) Грамматика, емле, дыбыс және әріп. Қазақ тіліндегі дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін жалпылау және пысықтау;қазақ әліпбиін:әріптердің дұрыс аталуын және олардың әліпбиіндегі орнын (ретін) білу. Дыбыс және әріпті ажырату, дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін пысықтау және дамыту. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырату, айтылу ерекшеліктерін білу, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, олардың емлесі:айтылу ерекшеліктерін салыстру;оларды бір-бірінен ажырату, сөз ішіндегі орнын тапқызу; жуан дауыстылардың жуан буындарында, жіңішке дауыстылардың жіңішке буындарда жазылатыны туралы ұғым беру; «а,ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі», «О,ө дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі», «Ұ,ү дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі», ұ,ү әріптері бар сөздерді дұрыс жазу. «Ы,і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі». Қосарлы дауыстылар. И,ұ,я,ю дыбыстары мен әріптері және емлелері. Қосарлы дауытылар кездесетін сөздерді дұрыс жазуға жаттықтыру;буын. Буын (анықтамасын білу). Тасымал (анықтамасын білу). Сөзді тасымалдауға болмайтын жағдайлар;сөз. Сөз туралы білімдерін пысықтау, дамыту. Сөз және оның қызметі. Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздер. Кім? Кімдер? Сұрақтары адамдарға қатысты сөздерге қойылатыны. Не? Нелер? Сұрақтары заттарға, жан-жануарларға қатысты сөздерге қойылатынгы. Кім сұрағы бір адамға, кімдер? Сұрағы бірнеше адамға қатысты қойылатыны. Не? Сұрағы бір затқа, нелер? Сұрағы көп затқа қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер. Адамның аты-жөні, фамилиясының бас әріппен жазылатыны. Қаланың, ауылдың, өзеннің, көлдің, көшенің аттарының бас әріппен жазылатыны. Жан-жануарларға арнайы қойылған аттардың бас әріппен жазылатыны. Аспан денелерінің аттары бас әріппен жазылатыны; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер; сөз және сөйлем. Сөйлем және сөйлемнің сөздерден құралатыны туралы білімдерін пысықтау және дамыту. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет