Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет16/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
bas bilim beru maz umkd 2023

Бақылау сұрақтары

    1. Білім мазмұны дегеніміз не?

    2. Білім мазмұнының компоненттерін атаңыз.

    3. Білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми негіздерін атаңыз.



Ұсынылатын әдебиеттер
1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.
5-6 лекция. Тақырыбы: Бастауыш білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жоспары:
1.1 Бастауыш білімнің мемлкеттік стандарттарының сипаттамасы.
1.2 Қазіргі бастауыш мектептің білім мазмұнын құрастыруға дәстүрлі емес тұрғыдан қарау.
1.3 Типтік оқу бағдарламаларын сыни тұрғыдан бағалау.
1.4 Бастауыш мектеп үшін оқу-әдістемелік жиынтық, құрастыру принциптері және оларды сыни тұрғыдан талдау.


Мақсаты: магистранттарды қазіргі бастауыш мектептегі базалық білім мазмұнымен оқытудың озық технологияларының сипаттамасымен таныстыру.


Түйін сөздер: жалпы білім беретін бағдарламалар, кәсіптік бағдарламалар, білім кеңістігі, нәтижені нормалау, оқу жүктемесі.

Білім саласындағы маңызды құжаттардың бірі- білім берудің мемлекеттік стандарттары. Олардың негізінде жалпы білім беретін бағдарламалар және кәсіптік бағдарламалар жасалынады.


Білім берудің мемлекеттік стандарттарының маңызды функциялары азаматтардың толық білім алуын қамтамасыз ету, республикадағы білім кеңістігінің бірлігін сақтау, білім беруді және оны басқаруды гуманизациялау.
Білім берудің мемлекеттік стандарттары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

  • Мүдделі жақтардың жалпы мәдени орта жағдайын қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру;

  • Алынатын нәтижені нормалауға бағытталуы;

  • Білім берудің салалары мен деңгейлері бойынша стандарттардың сабақтастығын және келісімділігін сақтау;

  • Мектептің әр сатысының ерекшеліктерін ескере отырып тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес білім мазмұнының функционалдық толықтығын қамтамасыз ету;

  • Білім мазмұнының бірліктерін оптималды формада сипаттау;

  • Оқушы тұлғасын, оның қабілеттерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын басымды негізгі алатын келісілген іс әрекеттері болатын мемлекеттің, аймақтық, мектептің құзыреті мен мүдделерінің мазмұнын ашу;

  • Оқушылардың оқу жүктемесін реттеуге ықпал ету;

  • Технологиялылығы, инструменталдық тексеру мүмкіндіктерінің ескерілуі.

Білім стандарттары негізінде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары жасалады.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген.
2. Сауат ашу қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге,байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Бұл мақсат оқу және жазу сабақтарында ауызша және жазбаша сөйлеудің үйлесімділік ұстанымын ескере отырып оның үш кезеңінің (әліппеге дейінгі кезең,әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең) негізгі міндеттерін шешу арқылы қамтамасыз етеді:
1.Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:балалардың өмірінде жаңа пайда болған жетекші әрекет-оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен қызығушылығын тәрбиелеу, баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, оқуға және жазуға дайындау, сөздік қорын молайту, баланыстыра сөйлеуге үйрету;
2.Әліппе кезеңінің міндеттері: қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру, әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқу және жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру, оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру;
3. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқу (сөзді, сөйлемді саналы,дұрыс және түсініп оқу) және жазу (қатесіз,сауатты,таза,каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) дағдыларын жетілдіру, тіл бірліктері (дыбыс,буын,сөз,сөйлем,мәтін) туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру, оқыған мәтіннің мазмұнын талдауға үйрету, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту, қарым-қатынастың әр түрлі жағдайында ана тілін еркін қолдануға бейімдеу.
3. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін аптасына 7 сағат оқытылады (барлығы-231сағат). Жалпы сағат саны кезеңдер бойынша төмендегіше бөлінеді:
1.Әліппеге дейінгі кезең-14 сағат;
2.Әліппе кезеңі-98 сағат;
3.Әліппеден кейінгі кезең-119 сағат.
4.Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
5.Дүниетану пәнімен:
«адам-табиғат-қоғам» туралы білімдерін толықтыру, табиғат құрылымымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы байланыс пен тәуелділікті таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде,табиғатты бақылау барысында алған білімдерін, бақылағандарын оқцшылардың сөздік қорынбайыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсаттарында пайдалану.
6.Музыка пәнімен:
Ертегі,аңыздар оқу бағғдарламасында музыкасына сәйкес музыкалық шығармалар тыңдау, оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету мақсатында балалар әндерін тыңдату.
7.Бейнелеу өнері пәнімен:
Суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту, сурет бойынша өз сезімдерін, ой пікірлерін білдіруге үйрету, сурет салғызу, бояту жұмыстары арқылы қаламды, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту,эстетикалық тәрбие беру.
8.Еңбекке баулу пәнімен:
Еңбек тақырыбына байланысты шығарламалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметеуге тәрбиелеу, ермексазбен, табиғи материалдармен жұмыс жасау, қағаздарды қию, өрнектер салу. Безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.
9.Дене шынықтыру пәнімен:
Партада дұрыс отыру,дене бітімінің дұрыс дамуы үшін жаттығулар жасау, сабақта сергіту сәтін өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет