Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет14/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
bas bilim beru maz umkd 2023

Курстың объектісі: білім мазмұны мен оқыту технологиясы магистрдің 7М01303 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім стандартына сәйкес кәсіби білімінің құрамдас бөлігі рөлі.
Курстың пәні: 7М01303 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім стандартына сәйкес магистранттарда білім мазмұнын жасау мен оқыту технологиясы бойынша білім, білік және дағдысын қалыптастыру барысы.
Пәнді оқытудың әдістері: педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді, қазіргі бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен оқуәдістемелік құралдарын теориялық тұрғыда талдау; білім мазмұнын жасау және және қазіргі заманғы оқыту технологиясын пайдалану тәжірибесін бақылау, оқып үйрену, талдау және қорытындылау; әңгіме; педагогикалық эксперимент және т.б.
Білім мазмұнын жасау мен оқыту технологиясын түзу мәселесіне бұған дейін қазіргі уақыттағыдай баса назар аударылмаған еді. Ол қазіргі күні ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық мүшелерін де қызықтырады. Қазіргі күні бұл мәселені шешу жалпымемлекеттік маңызға ие болып отыр.
Бақылау сұрақтары
1. Пәнді оқытудың мақсаты қандай?
2. Пәнді оқытудың міндеттерін атаңыз.
3. Пәнді оқытудың басқа пәндермен байланысына сипаттама беріңіз.
4. Пәнді оқытудың әдістерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.


3-4 лекция. Білім мазмұны
Жоспары:
1.Педагогикалық категория ретіндегі «білім мазмұны» ұғымының мәні-мағынасы мен көлемі.
2.Негізгі компоненттердің (білім, білік және дағды, іс-әрекет тәсілдерінің орындалуы, креативтік іс-әрекет тәжірибесі, іс-әрекетке, өз ісіне, өз іс-
әрекетіне сезімдік-мазмұндық қатынас) сипаттамасы.
3.Білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлері және олардың сипаттамалары.
4.Білім мазмұны оқытудың мақсаты, нәтижесі, объектісі және құрал ретінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет