Вариативтік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Білім алушының дайындық деңгейі – тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.
Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.
Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басым мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие үдерсін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнның, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелерінің, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығы.
Модуль –қандайда бір жүйенің, ұйымның нақты біршама дербес бөлігі.
Педагогикалық диагностика - 1. оқу-тәрбие үдерісін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңызды екенін негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие үдерісінің барысында оның алғы шарттары, жағдайы және нәтижесі зерттелетін іс-әрекет; 2. оның нәтижелерінің жағдайының себептерін анықтайтын іс-әрекет.
Іскерлік ойындар - болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
ПОӘК-дегі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу ПАРАҒЫ
№
Бөлім
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы негіз (каф.мәжілісі хаттама №