Оқыту технологиясының ерекшеліктері: • Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
• Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез - келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс - әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс - әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс - әрекет дейді.
Іс - әрекет үйрену репродуктивтік іс - әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің қолданып жаттығулар жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетінше ізденіп біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс - әрекетті продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір - бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс - әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
1 – деңгей (оқушылық) – репродуктивтік іс - әрекеттің ең қарапайым түрі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
2 - деңгей (алгоритмдік)- репродуктивтік іс - әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:
• Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
3 - деңгей (эвристикалық)
Эвристика грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты – оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, проблемаларды жасату, проблемаларды өз бетімен шешуге үйрету.
4 - деңгей(шығармашылық)
Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндеріне қорғалатын білімдік өнімдердің 3 түрі бар. Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий, газеттің мазмұны. тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Пән аралық және пәннен тыс өнімдер – бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер( талдау тәсілдері, құрастырылған есеп, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу технологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс - әрекеттерін талдау, өзіне - өзі баға беру, пікірлер, сын - пікірлер жазу).
Оқыту қандай болуы керек. Негізгі талап - оқыту үдерісі арқылы оқушыға білімді меңгеру.