Поэма және проза жанрындағы еңбектері



Дата28.09.2024
өлшемі41,13 Kb.
#146083
түріПоэма
Байланысты:
Поэма және проза



Поэма және проза жанрындағы еңбектері
Қазақ прозасының пайда болуы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, сонау біздің заманымыздан бұрын ІІІ-І ғасыр аралығын қамтыған «Алып Ер Тұңға», «Шу батыр» дастандарынан бастау алады дейді. Сонау түркі тілдес халықтарына ортақ шығармалардағы қара сөздердің барлығы дерлік прозалық жанрда жазылмағанымен, поэзия ішіндегі айтылар ойды саралап тұрған жанрды проза деп қарастырған. Осынадай тұжырымдама ең алдымен қазақ әдебиетінің түркі тілдес халықтарға ортақ мұралармен бастау алады десек, екіншіден тарихи шежірелік оқиғалардың баяндалуында прозалық сарынның бар екендігіне көзімізді жеткізе аламыз.
Прозалық шығармалардың бастауы сонау түркі әдебиетінен бастау алды десек, оның әрі қарай дами түсуі ХІІІ-ХV ғасырлар аралықтарын қамтиды. Шешендік өнер, дұрыс сөйлеу сынды ұғымдардың пайда болуымен қатар проза жанры қарыштай үсті. Себебі, прозаның да басты міндеттерінің бірі – көркемдік бейнені пайдаланып, қозғалған тақырыпты қара сөздің құдіретімен ашу. Бұл турасында жазылған шығармалардың қатарлары көп. Одан кейінгі дәуірлердің тоғысына сонау Алтын Орда дәуіріндегі мол мұралардың тізбектері жалғасын тауып кетеді.
Түркі мәдениеті мен әдебиеті жайында жазылған құнды туындылардың бүгінде тигізер пайдасы қазақ деген ұлттың қай жерден шыққаны жайындағы мәліметтерің жазылуында үлкен ықпалын тигізген. Шежірелерді бір арнаға тоғыстырып, тарих беттерін қайтадан ақтаруда Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Әбілғазы Баһадүрдің жәдігерлік шығармаларының орны ерекше. Жалпы қазақ тарихы мен әдебиеті жайында жазылған құнды деректердің көпшілігі осы шығармалардан көрініс тапқан.
Прозалық шығармалардың шыңына жеткен туындының бірі – әл-Фарабидың «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактаты. Әлемге есімі әйгілі болған ұлы ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидың осы бір құнды шығармасы 942 жылы араб атауымен жазылған. Кітаптың толық нұсқасы Мысыр шаһарында 948 жылы аяқтаған екен. Шығармадағы көтерілетін басты идея – қала болып қалыптасудағы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастарының жүйелі болуы, идеал адамның тұлғасын бейнелейді. Әрине, меншік болған жерде мемлекеттің де болатыны белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда мемлекетте орын алатын әр түрлі жағдайлар соның ішінде – мемлекеттің басқаруындағы өзгерістер, бағытталған ұстанымдары мен жұмсаған күш-қуатының нәтижесінің арқасында тарих сахнасында қалуы, тарихтағы қайшылықтар мен жетістіктері әртүрлі болып келеді.
Әрбір адам баласы өмір сүрген заманына сай қоғамға бейімделіп, сол қоғам өміріне тікелей араласады. Мемлекет құрудағы басты қағидаларды ұстанған кезеңдердің бірі – антикалық дәуір. Бұл кезеңде таптық қоғамның пайда болуымен бастау алып, шағын-шағын ортаны өз қарамағына иеленіп, басқару арқылы жүзеге асырылды. Осы уақыт төңірегінде қаншама ойшылдар мен ғалымдардың тарих сахнасына шығуына да үлкен әсер етті. Олардың ішінде Платон мен Аристотельдің ізгілік қағидасын ұстануға арналған еңбегі мен трактаттары негіз бола алады. Осы ғалымдар мен ойшылдардың арасында әлемге екінші ұстаз атты есімімен таныс әл-Фарабидың шығармалары да бар. Ол өз шығармаларында грек философтарының көтерген идеал мемлекет туралы ой-пікірлерін дамытып жазды. Ғалым бұл турасында қайырымды қала тұрғындарының басшысы қандай болуы керек, тұрғындарының жалпы сипаттамасы қалай жүзеге асырылады деген сұрақ төңірегінде жауап іздеген. Қайырымды қала тұрғындарында көтерілген мәселелерге шолу жасасақ, ғалымның пікіріндегі кейбір жайттардың орындалуы мен жүзеге асыруға болатын қасиеттерін көрсек, енді бір жолдарында қиял-ғажайыпқа толы сәттерін де байқауға болады. Бұл сарын прозалық шығармаларда көтерілетін ел боламыз деген үлкен арманының және ел билеу тұсында басшылардың әділдіктің туын ұстауы шарт екендігін нұсқап кеткен шығармалардың бірі. Расында да бүгінгі сарын сонау ғасыр қойнауында жатқан ұлы ойшылдың шығармаларымен астасып жатыр.
Прозалық шығармалардың қарыштап дамуына Кеңес Үкіметінің ықпалының мол болғандығын тарих сахнасында болған оқиғалар тізбегінен білеміз. Кеңестік дәуір жалпы қазақ әдебиетінің дамуы мен шарықтау шегіне жетуіне үлкен ықпал жасады. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларды таразыға салып талдаған жазушылардың қатары толықтырылып, қазақ әдебиетінің арнасына мол шығармалардың дүниеге келуіне үлкен ықпал жасалынды. Прозаның қазақ даласында таралып, шарықтау шегіне дейін жеткен шағы сонау ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығы болды. Бұл тұста қазақ зиялыларының мектеп ашумен қатар қоғамдық өмірге етене араласқан дәуірімен тұспа-тұс келген уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта жазылған шығармалардың тақырыптық жағынан заман көрінісі мен ұлт тағдырының сипатын анық байқауға болады.
Расында да ел арасындағы саяси оқиғалар мен тұрмыс-тіршіліктің барлығы да осы проза жанрында көрініс тауып, әр заманға өзіндік баға береді. Қазақ прозасының алдыңғы қатарларында тұрған жазушыларға Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин, Әлихан Бөкейханов және тағы да басқа қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларын жатқызуға болады. Қазақ әдебиетінің арнасының кеңейген тұсы да осы дәуірдің іші еді. Расында да қазақ даласының отырықшылдық саясатының белең алып тұрған кезеңінде отырықшы халықтың өмірін сипаттайтын, заман көрінісін анықтайтын шығармалардың дүниеге келуі де құба-құп. Барлық зиялы қауымның ең негізгі мақсаты – халықты сауаттандыру болды. Алғаш Торғай жеріне мектеп салып, қазақ даласында білім нұрын сепкен ұстаздың бірі Ыбырай Алтынсарин. Ұстаздың алғашқы прозалық шығармалары кезіндегі қызғыз бүгінгі қазақ балалар хрестоматиясынан бастау алды. Бұл хрестоматияда баланың өміріне қажетті тәрбиелік-дидактикалық шығармалардың арнасы молайды.
ХХ ғасыр басы қазақ халқы үшін соқтықпалы-соқпалы кезеңдерден бастау алды. Алғаш қазақ романы дүниеге келіп, қағаз беттерін көре бастады. Қазақ әдебиетінде тұңғыш роман 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» деген атаумен жарық көрді. Проза жанрының тууына алғаш септігін тигізген Міржақып Дулатов болатын. Ең алғашқы романның жазылуынан кейін қазақ әдебиеті тарихында жазушылардың саны арта түсті. Өзінің өміршеңдігімен төрткүл ғаламға дәлелдей білген туындылардың бірі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы еді. Қаншама зиялылардың шығармашылығына кері әсерін тигізіп жатқан заманның талабына қарамастан, жазушы өз еңбегін керемет жазып шыққан.
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әдебиет тарихына қосылған үздік туынды ретінде дүниежүзілік әдебиетінде тиісті бағасын алған. Ол туралы Луи Арагон: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі», - десе, Николай Тихонов «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты. Табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті», - дейді. Осындай әдебиеттанушылардың жоғары бағасы «Абай жолы» роман-эпопеясының әдебиет әлеміндегі көркем құбылыс екендігін айқындайды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, тіпті түркі тектес халықтардың мәдениетін дүниежүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде танылды. Бұл шығарма жазушының ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің жемісі. Абайтану ғылымы соқтықпалы, соқпалы жылдары дамып, жетілді. Отызыншы-елуінші жылдардағы кереғар пікірлер көрігінде шыңдалды.
Абайдың заманы, өмір мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Жазушы Абайдың өмірі мен ақындық жолын үнемі зерттеу үстінде болды. Мұхтар Әуезовтың өлшеусіз еңбегіне сол кездегі мемлекеттік марапаттың көрнектісі болып есептелетін Лениндік сыйлық берілді. Мұхтар Әуезов Абайдың мәңгілік тұлғасын сөз өнерінің өзгеше даралықпен сомдаған тұтас бір тарихи дәуірді, қазақ халқының ұлттық өмір салтын алуан сипатты кейіпкерлер бейнесін, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын Абайдың өмір жолымен қиюластыра суреттеді. Бес жүзден аса кейіпкерлер өмір додасында іс-әрекеттерде тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашылды. Оқиғалар мен эпизодтардың көптігіне қарамастан, шығарма сюжет құрылысының шынайылығымен, көркемдігімен композицияның шымырлығымен ерекшеленеді.

Қазақ әдебиетінде Мұхтар Әуезовтан кейін Абайдың шығармашылығына тоқталып, оның өмірі жайында жазылған шығармадан кейін басқа жазушылардың келуіне не себеп болды деген сұраққа ақын Мұзафар Әлімбаев былай деп тіл қатты: «Мұхтар Әуезовтің жалпақ әлемге жайылған «Абай жолы» дәуірнамасынан кейін Абай бейнесіне бару – тайғанақ-тайғақтағы тәуекел емес, дәрменсіз дәме де емес, көзжұмбайдың кеудемсоқ өлермендігі де емес, өнериеттегі өжеттілік, талант табандылығы!». Осылайша Абайды танимын деген адамның бойында тұнығы мол таланттың жататынын ақын өз сөзінде тілге тиек етеді. Расын да Абайды қаншалықты танимын деп тереңдігіне үңіле түссең, жаңаша ақпараттарды табарың анық. Осылайша Абайды қанша зерттесең да, тұнығы мол тұлғаның қыр-сырының ашыла түсетінін айтқан.


Абайдың балалық шағынан бастау алып жазылған Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» атты роман-хамсасы бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы кітабының атауы «Толғақ» деп аталса кейінгі кітаптары: «Жұлдыз құрбандық», «Қызғаныш», «Хақиқат мектебі», «Нұрсипат» деген атаулармен аталады. Бұл кітаптар Абайдың балалық шағынан бастап, кемелденген шағына дейінгі өмір иірімдерінен сыр шертеді. «Абай жұмбағы» роман-хамсасының бастауы Абайдың дүние есігін ашумен басталады. Дүниеге келер алдында Құнанбайдың түсіне Әнет бабаның еніп, есімінің Ибраһим деп қойылуына үлкен ықпалын тигізгенін жазушы өз шығармасында айта кетеді. Жазушы Абайдың балалық шағынан бастап, кемелдеген дәуірін ерекше сипаттап жазады. Оның өмір тартысындағы күресі мен алдына қойған мақсатын айқындай түсіп, жалпы болашағына деген көзқарасын ерекше бағалайды. Жазушы бұл шығармада Абайдың жанында жүргендей күй кешіп, шығарманың шынайылылығына көп көңіл бөлген.

Қазақ әдебиетіндегі адам бейнесінің көрінісі оның тек қана сырт келбетінің суреттелуімен ғана шектелмейді. Сонымен қатар жазушы кейіпкердің жалпы өмірге деген көзқарасының қыр-сырын аша түседі. Расында да шығармадағы кейіпкердің образын ашу әрбір жазушы үшін ең үлкен жұмыстың нәтижесі деп білемін. Абайдың бейнесі «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасында былайша суреттеледі: «Абайдың осындай қақтығыстар кезіндегі орамды тілді шешендігі, әсіресе үлкен отыр екен деп қаймықпай қарсы шабатын түр-тұлғасы тым ерте қалыптасты. Мұндайда төбесінен нұр шалқығандай боп, даусы да саңқылдап ашықжарқын шыға бастайтын еді. Тегінде адам баласы жарық дүниеге келгенде көзін тырнап ашқаннан не нәрсеге бұрын әсерленсе, ғұмыр бойы соған ұмытылып өтетін сияқты».


Бұл романдағы басты ерекшеліктердің бірі Абай мен Шоқанның үндестігі еді. Расында да Шоқанмен тығыз байланыста болған Абай қаншама өнер-білімді, ғылыми ізденістерді осы Шоқаннан алып еді. Жалпы адамдық тұлғасына Абайдың маңайында жүрген ақындардың, әншілердің, қазақ зиялылаларының ықпалы көп еді. Осылайша ол бүгінгі таңда теңдесі жоқ ақын болып шыға келді. Ақынның әрбір өлеңінің астында жатқан құпия сырды ашуының өзінде де үлкен философиялық ойлардың тізбегі жатыр.
Байқап қарасақ, қара сөздің құдыретімен кез-келген жансыз затқа жан бітіріп, жанды дүниені жансыз қылып тастауға болады. Сол сияқты шындықтың астарында қалып қойған ақиқатты ел назарына ұсына білу де осы прозалық шығармалардан бастау алады. Кез-келген прозалық шығарма дидактикалық тәрбиеге арналып жазылды десек, екінші жағынан заман көрінісін сипаттау барысында ұлт тағдырының көрінісі жататыны анық. Олай болса, бүгінгі замандағы қазақ прозасының көрнекті шығармаларының бастауын осы прозалық шығармалардан басталады десек, артық айтпағанымыз болар.

Прозалық шығармалардың өзі де тақырыптары жағынан әр түрлі болып келеді. Фантастикалық бағыттағы, балалар әдебиетіне арналған шығармалар және тарихи прозалық шығармалар деп бөліп қарастыруға болады. Соның ішіндегі бүгінгі әдебиет саласында кеңінен таралған прозаның бір түрі – тарихи прозалық шығармалар. Ұлт тарихы мен мәдениетін күллі қазақ даласына паш етіп, әр оқырманның оң бағасын алып келе жатқан тарихи шығармалардың жас ұрпақ үшін қашан да маңызының жоғары екендігін білеміз. Олай болса, сонау прозалық шығармалар поэзиядан бөлініп шыққан тұсындағы ұлт тағдырын сипаттау сынды таырыптар көне замандардан бастау алды десек, қателеспейміз.

Қазақ прозасының тәуелсіздік жылдарында дамуы
Әдебиет араб тілінен аударсақ, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Ол әлеуметтік мәні бар шығармалардың жиынтығынан құралады. Мазмұнына байланысты әдебиеттің түрлері өте көп. Бүгінгі қоғам, оның ішіндегі мектептегі оқушылар әдебиеттің ішіндегі көркем әдеби шығармалармен танысып келеді. Әдебиеттің басқа пәндерден ерекшелігі бүгінгі қоғам айнасын зерделеп, сараптау болып табылады. Әдебиеттің ішінде де қаншама мамандықтардың бөлшегі жатыр. Әдебиет пен тарих екеуі егіз ұғым іспеттес. Тарих хронологиялық оқиғалардың жиынтығы болса, әдебиет сол оқиғалардың ішіндегі болып жатқан қайнаған күйбең тіршілікті нақты, көркем тілмен жазады. Қазақ әдебиетінің бүгінгі таңдағы заман көрінісі қазіргі қазақ әдебиетінің өкілдерімен тығыз байланысты. Себебі, өткен ғасырлардың қойнауларында қалып кеткен құпия сырлардың ашылуы да бүгінгі жаңалықтардың топтамасы болып табылады. Себебі, қаншама ақын-жазушылардың шығармалары мен өмірінен сыр шерту бүгінгі таңдағы еркіндіктің арқасы деп білемін. Қилы заман басымыздан өтсе де, қаншама құнды деректердің бүгінгі дәуірге дейін сақталып қалуы да үлкен еңбек пен уақыттың нәтижесі деп білемін.
Әдебиеттегі кез-келген шығарма ұлт тарихы мен халықтың салт-дәстүрінен тікелей хабар береді. Ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрып, наным-сенімдерідң барлығын осы бір прозалық шығармалардағы кейіпкерлер бейнесінен анық байқай аламыз. Бұл турасында әдебиеттанушы ғалым, профессор Темірхан Тебегенов былай дейді: «Әдеби процестің негізі сайып келгенде рухани құндылықтарға баулиды. Әдеби шығарма болса, халықың өткені мен бүгінінен сыр шертетін, болашақы тұтастай зерделей алатын тағылымы мол ұлт тарихының мұрасы». Расында да, әдеби шығармалардың басым көпшілігі ұлт тарихының сипатын танытуға тікелей қызмет етеді. Халық арасындағы қақтығыстар мен саясаттың нағыз ошағының көрінісін осы бір сөз өнерінің ішінде тоғыстыру тамаша сипат алады.
Соғыс аяқталғаннан кейінгі жазылған шығармалардың басым көпшілігі сонау тарих сахналарында орын алған оқиғалармен тікелей байланыста болады. Бұл турасында көш бастап тұрған Ілияс Есенберлин, Рамазан Тоқтаров, Мұхтар Мағауин, Бекежан Тілегенов, Софы Сматай, Асқар Алтай, Жанат Ахмеди және тағы да басқа жазушылардың барлығы да қоғамның әлеуметтік тақырыбын көтеріп, әр заманның өзіндік ерекшелігі мен құпия сырларын аша білген. Жоғарыда аталған әрбір жазушының қазақ әдебиеті үшін жасаған еңбегі мен ізденістері болашақ ұрпақтың өткен тарихынан сыр шертуіне үлкен септігін тигізеді. Тарихта үстіртін ғана айтылатын оқиғалардың негізгі бөліктерін және тарих парақтарынан өшіріліп қалған шындықтардың барлығын осы бір туындылардан оқи алады және таба алады.

Қазақ даласында өткен қазақ батырлары мен билерінің ерекше образдарын жасаған жазушылардың қатарына Қабдеш Жұмаділов, Ілияс Есенберлин, Әнуар Әлімжанов, Сәкен Жүнісов сынды жазушыларды жатқыза аламыз. Тарихи романдардың ішіндегі қазақ даласында өткен әрбір батырдың бейнесін ашуда, әрбір билердің шешендік сөздерінің мән-мағынасының тереңде жатқанын танытқан осынау бір авторлардың шығармалары болашақ жазушылар үшін де үлкен мектептің бастауы болды десек, артық айтпағанымыз болар. Әрбір оқиғалардың желісіндегі уақыт шеңберін бір арнаға тоғыстыра білген жазушылардың шеберлігі мен ой өрісінің кеңдігінің арқасында бүгінгі оқырман өткен тарихын тек қана тарихынан емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінен де көрініс таба алады. Сонау ерте замандағы эпикалық шығармалардан бастау алып, бүгінгі таңдағы көлемі үлкен шығармаларға ұласқан әрбір туындының негізгі қайнар көзінде ұлт тағдырының сипаттамасы жатыр.


Қазақ әдебиеті үшін ең күрделі де, ең құнды шығармалардың барлығы осы проза жанрында ерекше сипат алады. Соның ішіндегі тарихи романдардың жазылуы әдебиеттің арнасың кеңейтіп, керемет туындылардың дүниеге келуімен жалғасын тапты. Осы бір арнада қалыпқан жазушылардың шығармалары көп жағдайда қажырлы еңбек пен уақыт кеңістігіне бағынышты болды. Себебі, жазушы үшін тарихта болған оқиғаларды түбегейлі бұрмалау қоғам арасындағы қайшылықтарды тудыратыны анық еді. Тарихи шығармаларды жазудағы қиыншылықтар жайлы әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев былай дейді: «Тарихтағы өткен заманның түпкі құпия шындығын көркемдеп, кескіндеп суреттеу қазақ әдебиетінде туып және қалыптасуы мен өркендеуі өте үлкен және заңды құбылыстардың бірі». Әдебиет зерттеушісінің осы бір пікірінен ел тарихын жазу барысында өткені мен бүгінін зерделеп, зерттеудің нәтижесі арқылы туындайтын тарихи шығармалардың басым көпшілігі жалпы халық арасында өзіндік сипат пен ерекше ықыласқа бөленер шығармалардың жарыққа шығуын тұспалдайды.
Ұлт болып қалыптасып, егемендігімізді алған жылдардан кейінгі қазақ әдебиетінде қозғалған тарихи тақырыптардың өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады. Алғашқы топта XV-ХVІІІ ғасырдағы оқиғаларды суреттеген жазушылардың қатарын тоғыстырсақ, келесі кезеңдерде ХІХ ғасырдың ішінде болған тарихи оқиғалардың тобын шығармаларына арқау еткен жазушылардың тізбегін топтастырамыз. Келесі бір топта осынау ХХ ғасырда аласапыран уақыттарда жазылған шығармалар деп қарастырсақ, соңғы топтарға тәуелсіздік алар жолдағы қиыншылық пен дүрделең уақытты сипаттайтын жазушыларды жатқыза аламыз.
ХV-XVІІІ ғасыр қазақ даласында саяси оқиғалардың тізбегі бірінен кейін бірі жалғасын тапқан уақыттың тізбегіне айналған жыл болды. Қазақ даласының ел болып құрылған сәттен бастау алып, отаршылдық саясаттың ұстануына дейінгі үш ғасырды тоғыстырған қазақ даласының тарихы мен әдебиеті көлемі жағынан да ауқымды болып келеді. Батырлардың, билердің, қазақ даласындағы зиялы қауымдардың, хандардың, уәзірлердің бейнесі ашылған дәуірлер осы бір жылдардың ішінде тоғысып жатқан кез еді. Сонау ел болып қалыптасқандағы қазақ халқының басынан кешірген оқиғаларын тізбектеп, өрнекпен көмкерілгендей өрген Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясы. Бұл трилогияда қазақ даласындағы Керей мен Жәнібектің ел боламын деп Әбілқайыр хандығынан бастау алып, соңғы хан Кенесарының кезеңіне дейін қаншама уақытты қамтыған шығарманың бірі еді. Расында да бұл шығармада қазақ тарихының тылсым сырға толы оқиғалар желісін тауып, сол дәуірде бірге жүргендей кейіпте боласың
Үш бөлімнен тұратын бұл шығармада қазақ хандығының қалыптасуынан бастау алып, соңғы хан Кенесары жайында жазылған көркем шығарманың бірі. Бұл шығармада жазушы әрбір кейіпкерге әр түрлі троптың түрлерін пайдалана отырып ерекше сипаттама береді. Бүл шығармада тарихта айтылмаған ақиқаттардың парақтары ашылғандай көрінеді. Қаншама жылдар жинақталған ақпараттар арқылы жазылған трилогия қаншама оқырманның назарын өзіне қаратты. Керей мен Жәнібек бастаған қалың қолдың бөлініп кетуі, ел боламыз деген асқақ арманы осы шығармада кеңінен талқыланады. Қазақтардың арасындағы бітім, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың барлығын да осы жерден табарымыз анық. Қазақ халқының ежелден келе жатқан үлкенді құрметтеу мен сыйлау да осы шығарманың алғашқы парақтарынан да көрініс береді. Екі ағалы-інілі Керей мен Жәнібектің таққа отыруының барысында Керейдің Жәнібекке орнын беруінде де қаншама қазақ қанында бар үлкенді сыйлау деген үлкен тәрбие жатыр. Шығармада әрбір кейіпкердің мінез-құлқына тән жасалынған іс-әрекеттері ерекше көзге түседі. Бұл шығармада жоғалып кеткен дәстүрлер де жоқ емес. Қазіргі таңдағы салт-дәстүрлердің жаңғыруына да қазақ әдебиетінің тигізер септігі көп. XVІІІ ғасырдағы қазақ халқының басынан кешірген зұлмат заманның көрінісін қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Софы Сматаевтың «Елім-ай» шығармасынан анық байқауға болады. Зұлмат заманның көрінісін сипаттайтын осы бір шығармада жазушының көркемдік тіл ерекшелігін бірден байқаймыз. Тар жол тайғақ кешіп, тәуелсіздікті аңсаған қалың қазақ даласының асқақ арманының жолында жан кешер оқиғаларға баруы шығарманың маңыздылығын аша түседі. Аласапыран кезеңде туылған қазақ даласының көрнекті ғалымдары мен ақын-жазушылары жайлы жазылған шығармалардың жинағы көп. Тәуелсіздік жылдарынан кейін халық арасында өзіндік ерекше бағаға иеленген шығарманың бірі Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» атты туындысы болатын. Бұл шығарманың негізгі кейіпкерінің бірі ретінде қазақ тарихында өзіндік ерекше орны бар зерттеуші, ғалым Шоқан Уалиханов қаралды. Шоқанның жалпы өмір жолындағы атқарған еңбектері жайында жазылған бұл шығармада жазушы Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен жолдарына сапар шегіп, бірнеше ақпараттарды жинақтай отыра шыққан құнды туындыларының біріне айналды. Шығарманың «Аққан жұлдыз» деп аталуының өзінде де ғалымның аз ғана өмір сүргенін айқыдап тұрғандай.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақ даласының және жалпы қазақ атты ұғымның негізі бола білген Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығының зерделеніп, зерттелуі тек қана Мұхтар Әуезовпен ғана шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар Абайды танып-білуде өз еңбегімен Абайдың дүние есігін ашқан сәттен бастап, кемелденген шағына дейінгі туынды 1999 жылы Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» атты шығармасымен жалғасын тапты. Бұл роман-хамсада автор Абайдың бейнесін ашуда керемет троптарды қолдануымен оқырманның назарына ілікті. Бұл шығарма тек қана Абайдың бейнесін ғана сипаттап қоймай, сол замандағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігінен хабар береді. Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» атты роман-хамсасында Абай, Шоқан, Достаевский сынды тұлғалардың іс-әрекеттеріне өзіндік баға береді. Оқиғалардың тізбектерін бір-біріне жалғап, шиеленіскен түйіндерін шешуде оқиғалардың басты кейіпкерлерінің қасиеттері айқындала түседі. Абайдың бойындағы қасиеттерін де осы бір шытырман оқиғалардың арасына салып, кейіпкерінің бейнесінің толық ашылуына септігін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет