Әдеби KZ
Жалғыз атты кедейге
Есен тұрсам сау болып,
Еш уайым жемеймін.
Он екі баулы өзбектен
Тақ отырмын демеймін.
Сайратып тілді көмейден
Жағымды қайрап безеймін.
Бөтен туған бала едім
Жұртқа тұлға болғандай,
Сол себеп сені тежеймін.
Ақылың болса ойлап көр,
Ендігісін өзің біл,
Асырып мұнан не деймін.
Қамбар менен Назымның
Асылық болып таласы
Қасірет қоймай айтысып
Озады сөздің саласы:
Ажырамай тұр еді
39
Әдеби KZ
Екеуінің арасы
Әңгімеге айналып
Өтіп кетті кешігіп
Қайта тұғын шамасы.
Үйінен шықты далаға
Назымның үлкен ағасы.
Қарындасы қасында,
Оқалы берік басында,
Көлденеңдеп тұр екен
Қамбардың қасқа қарасы.
Ашуға мінді Қабыршақ
Адамда жаман сол еді
Сақалы ұзын ақымақ.
Айғайын салып келеді,
Бақырауық неме еді.
Әңгі есектей аңқылдап
Қораз, Дараз, Әлшораз,
Қайдасың деді Қарымсақ
40
Әдеби KZ
Қорлағаны емес пе
Жалаңаяқ жарлының
Жүргені бізге жақындап?
Інілеріне айтады:
— Ақ семсерді қолына ап,
Мандайын жарып, басын шап
Жерге түссін мойыны
Келеді кіммен ойыны
Қызға таңсық мырзаның
Қылышпенен көңілін тап.
Бесеу еді белгілі
Әзімбайдың тентегі
—Қайда, деп, кедей жүгірді,
Қолында бір-бір келген.
Жын ұрғандай бұрқылдап,
Адамның бәрін жинады.
Түсіп қалды бір жерге
Басынан тері келпегі.
41
Әдеби KZ
Алтауының ішінде
Ақылы көп артықша
Әлшораз еді еркегі
Ағаларына айтады:
—Қамбардың көңілін қалдырма
Қайратты туған ер еді:
Болар деп бір күн керегі
Қарымсақ сонда сөйлейді
Бәріне қылып өкпені:
—
Алды-артында қара жоқ
Бұл кедей бізден көп пе еді?
Қораз сенін жаманың
Ауылдың үстін жол қылып
Іргені жанап өткені.
Ажалына асығып
Өз басына жеткені.
Қарымсақ,
42
Әдеби KZ
Дараз қайдасың?!
Ат үстінен аударып
Қолын байлап Қамбардың
Дәл көтіне теп, — деді
Тумай кеткір Әлшораз
Кезіме менің көрінбе
Түр жоғал, аулақ кет, — деді.
Алты ұлдың ішінде
Әкем - шешем арқалап
Аяулы өскен Назымды
Жалғыз атты кедейге
Бермегіміз еп пе еді?
Әлшораз айтты:
— Ағалар
Сүйінбе малдың көбіне
Кімді қырып тастайсың
Жан көрінбей көзіңе
Көтере алмай жүрсіңдер
43
Әдеби KZ
Бергенін құдай өзіңе.
Менің де келді ашуым
Сендердің айтқан сөзіңе,
Үй жығылып қалғандай
Қойныңның бір қап желіне
Ешкімнің тілін алмайсың
Едіреңдеп бәрің де
Пісіріп нанды деміңе.
Екіталай іс болып
Ат құлағы теңессе,
Паналарсың тығылып
Осының барып жеңіне.
Ағайынмен ойласып,
Назымжанды қосайық
Қаласа құдай теңіне.
Дараз айтты: — Ағалар
Артық екен бізден де
Әлшораздың ақылы,
44
Әдеби KZ
Ағаш үйі өзбек үй
Сүйегі тамыр болады
Құдайдан соңғы жақыны
Ойлағанға кідіріп
Осы екен істің мақұлы
Кекті болып кетпесін
Ноғайлының батыры.
Азулымен өшіксең
Тигізер зиян ақыры
Бұл сөзді естіп тентек те
Таяғын жерге тастады
Бәрінін қайтып ашуы
Миығынан бір күліп
Назымның тартты тақымы.
Жөнеліп Қамбар барады
Шаңғытып жерді тұяғы
Тұлпардың шығып тасыры.
Қыз Назымға жаушы қып
45
Әдеби KZ
Жиырма кісі жіберді
Қалмақтың ханы жұртынан
Құйрық-жалы түйілген
Құр айғыр ұстап жылқыдан.
Жолға түсіп жосытып
Жорғадан мініп былқыған
Сусары бөрік басында
Үстіне киіп құлпыдан
Керейұлы Келімбет
Сөйлес қылып кідірді
Ауылдың келіп сыртынан
Аяғын жерге жай басып
Манаурап көзін зорға ашып
Әзімбай шықты далаға
Тұрғандай болып ұйқыдан
Әзімбай сонда сөйлейді
Анғуы келіп азырақ
Беті оттай қабынып
46
Әдеби KZ
Омырауын көтеріп
Нар бурадай шабылып
Белін бумай желбегей
Бөрі ішігін жамылып
Қабаттап киген камзолды
Сыдыра түйме тағынып
Ертелі-кеш шұбырып
Қонады мейман ағылып
Кедейлер мені көрмесе
Қалады деді сағынып
Отымның басын бермеді,
Іздеген жоғы табылып,
Керейұлы Келмембет,
Сендер де келдің сағынып,
Көз ілінбес кешқұрым,
Танымас едім ешбірін,
Қайырлы болсын сапарың,
Жөніңді келген сұрайын.
47
Әдеби KZ
Жүрсіндер балам нағылып.
Келмембет сонда сөйлейді:
«Болсын деп әлі Әзімбай,
Арызымды сізге айтам.
Көтерсең менің назымды.
Саусағы алтын сұңқарға
Ілдірейін деп келдім
Көлдегі үйрек - қазыңды,
Алтайы қызыл түлкіңе,
Қосайын деп ойлап ем,
Құмай жүйрік тазыңды,
Тікпекке ақ үй сұраймын.
Ел қонбаған сазыңды,
Бұйырып патшам жіберген,
Қайта алмаймын бүл жерден,
Іздеген жоғым табылмай,
Келмембет тағы сөйлейді,
Асықпасаң байеке,
48
Әдеби KZ
— Мүйізі ұзын боз бұқа
Пайікелін аралап,
Пәлегінді езеді,
Артына қарап бұрылып,
Айдайын десе сүзеді.
Иісі жұртқа жайылып,
Піскен аңқып түйнегін,
Қолына өткір кездік ап,
Ортасынан тіледі.
Жемекке әркім әуес қып,
Көрмей-ақ сырттан біледі.
Қанатты қара бүркітім,
Асыраған әлпештеп,
Ақ құйынды іледі.
Құс етіне тояттап,
Кеудесіне мінеді.
Дос адамың қайғырып,
Дұшпаның қатты күледі.
49
Әдеби KZ
Осы айтқаным болмаса,
Тұғырға сұңқар қонбаса,
Ноғайлы елің біледі.
Келмембет тағы сөйлейді.
«Бұғалық салып мойнына,
Жуасытып қайтамын,
Асауымды үйретіп.
Азулы арлан бөріме,
Жегіземін құйрығын,
Бағланыңды сүйретіп,
Тістетемін тамағын,
Қабырғасын күйретіп,
Ақ сапты болат найзамен.
Шанышқызамын күйретіп.
Түлейден қашқан түлкіңді,
Ұстайын қуып індетіп,
Мекен еткен қырғауылымның,
Қызығын көрсем деп едім.
50
Әдеби KZ
Шеңгелдетіп мойнына
Лашын құсқа жүндетіп.
Келмембет тағы сөйлейді;
«Сен сұрасаң Әзімбай,
Айтайын келген жеңімді,
Арада жүрген жеңгеңе,
Кигіздім қымбат тонымды.
Мәрт кісінің белгісі,
Бітірсең тездеп сонымды.
Ешкім саған тие алмас,
Ұстасаң менің қолымды,
Жаушы ғып патшам жіберді.
Жеті атасы орынды,
Алатаудай айбаты Рүстем
Дастан порымды
Ерегіссең онымен
«Құртады» әбден сорынды
Сәулеті мен дәулеті
51
Әдеби KZ
Құп езіне қонымды
Бүгін саған мейманмын
Тандап сой семіз қойынды
Құда түсіп, құйрық жеп,
Қыламыз қызық ойынды
Ноғайлыны шақырма
Өзіме бер төріңді.
Бір үйінді босатып
Салдырып төсек, ат ұста,
Тырнадай созбай мойныңды.
Отаудан шығып далаға
Алшыораз сонда сөйледі;
«Жүрсіндер қайдан адасып
Қалмақтың қасқа бектері?
Екі иініңнен дем алып
Екпінін, қатты білінді
Қараман дәудің ерлері,
Айтар сөзге шүлеңгер,
52
Әдеби KZ
Сен екенсің зерігер,
Келмембет деп естуші ек
Ініңнің осы көргені.
Биеке, сізге бар екен
Бұрынғының өрнегі,
Жақсы адамда жаттық жоқ
Жасың үлкен ағасын
Көріселік кел бері»
Келмембет сонда сөйледі:
«Ер екенсің Әлшораз
Бала жолбарыс пішінді
Жүр екенсің селтеңдеп
Қайратын қысып ішіңді
Кездестірді құдайым
Ізденіп шыққан кісімді
Ерегіссең міне мен
Көрсетермін күшімді
Ақылың болса жарқыным
53
Әдеби KZ
Жіберме шарға ісімді
Қадіріме жетер ең
Танымайсың түсімді».
Сол сөзді айтып Келмембет
Көріссең кел деп шырағым
Еңкейіп қолын ұсынды.
Жағадан ұстап Әлшораз,
Талтая тартып табанын,
AT үстінен жұлып aп,
Аударып жерге түсірді.
Жаушыға келген батырдың,
Зәресін жаман ұшырды
Келмембеттің үстінде
Жігіті қылды ұрысты.
Тарта соқты таяғын
Бере алмай көпке тұрысты.
Көтеріліп табаны
Атының мойнын бұрады
54
Әдеби KZ
Жабындыны тасалап,
Қалмақтар қашып жарысты,
Алшыораз атып мылтықты,
Сілтеді өткір қылышты,
Қараман дәудің ерлері
Тәбе ойнап шығысты
Қатын-бала соңынан
Қарғадай түсіп шуылдап
Біреуін қоймай қырысты.
Бөрі де қайтты үйіне
Онда деп құдай бүл істі
Қайтып келіп қасына
Келмембеттің Әлшораз
Құлағын отап құнтитты.
Өткір қара пышақпен,
Мұрнын кесіп шұнтитты,
Қылшықтай мойнын қуартып
Тоқпақтай басын сымпитты
55
Әдеби KZ
Қояндай көзін бадырайтып
Бүйректей бетін бұлтитты
Тескейден қашқан борсықтың
Ініңдей қылып өңірейтіп
Танауын екі таңқитты.
Алшыораз сонда сөйледі;
«Жүр едің мас боп Келмембет,
Кұдайдың берген бағына
Басыңнан құлақ садаға
Боласың адам тағы да
Ішпесе тамақ өлер деп
Қылмадым зиян жағыңа.
Кесілген жерің жазылар
Шүкір ет қалған жаныңа,
Біз таласып бармаймыз
Қыз-келіншек, бойжеткен
Некелеп алған жарыңа.
Қазақ пен қалмақ қатысып
56
Әдеби KZ
Құда болған бар ма екен
Бұрынғыдан соңғыға?
Дұғай сәлем дегейсің
Қараман дәудей ханыңа».
Келмембет сонда сөйледі;
«Қол-аяғым болмаса,
Қоймадың аман жерімді
Соғымда сойған өгіздей
Алғаның жақсы терімді.
Әбден жүзі қарамын
Қандай ғып елге барамын?
Кеуілжірім кесіліп
Маңдайдан миым көрінді.
Тұмсығымнан айрылып
Есіл мұрным бүлінді.
Далаға шықсам жылаймын
Құдайдан сұрап өлімді.
Жолымен келген кайтсын деп
57
Әдеби KZ
Оймадың екі көзімді.
Құлағы құрсын ырзамын,
Жіберсең тірі өзімді.
Қараман дәуге тапсырған
Қалдырмай бірін, шырағым,
Аман барсам ит-құстан
Жеткізермін сөзіңді»
Келмембет Алшыоразға
Көгі сөз айтып,
Көргенше аман бол деп
Кетті қайтып
Алдына патшаның барды жетіп
Шомылып тұла бойы қанға батып
Қараман мұны көріп
Қайран қалды.
Шошынып ет жүрегі
Есінен танды;
«Әлінен Келмембеттің
58
Әдеби KZ
Сөз сұра деп,
Отырған уәзірлер
Ақыл салды.
Түбіңе, қап, ноғайлы
Жетермін, — деп
Патша ашуланып
Қапа болды.
Жолбарыстай ыңыранып
Қараман қылды қаһарын.
Айдаһардай ысқырып
Бетіне жайды заһарын.
Бір жасауыл жіберіп
Жинады тегіс шаһарын.
Бес мың алды адамнан
Ноғайлыға бармаққа
Жігіттің өңшең қатарын.
Даяр болды жүрмекке.
Құдайдан сұрап сапарын.
59
Әдеби KZ
Қараман шықты қаладан,
Кернейлері бақылдап,
Байрақты тулар жалпылдап,
Алтыннан қалқан жарқылдап,
Сыбызғы сырнай шақылдап,
Мінгендері дәл бедеу
Келеді бектер лапылдап.
Аударысып ойнады
Буыршынды тақымдап,
Шаншысады машық қып
Ақ найзасы сатырлап
Көрінеді алыстан
Жұлдыздай ұшы жалтылдап,
Бір күн өтіп арадан
Әзімбайдың аулының
Үстіне келді жақындап.
Бие бауы шалғынға
Қондырды патша қосылды
60
Әдеби KZ
Әскерді көріп сыртынан
Әзімбай жаман шошынды.
Шақырып алып алдына
Алшыоразға кейіді;
«Айтып едім жүгермек
Қылдың. деп бекер осыңды
Қарындасың екеуің
Қамбарды ер деп мақтаушы ең
Табасың қайдан досыңды?
Ақырын құдай онда деп
Бұл сөзді айтып Әзімбай
Көзінің жасы жосылды.
Қараман дәудің бектері
Алдына қоршап жиылды.
Өз дінімен олар да,
Құдайға таза сыйынды.
Патшаға қызын бермесе
Қылайық деп кеңесті
61
Әдеби KZ
Әзімбайға қиынды.
Бел байлады бәрі де
Әлшораз бек жауласып
Өткізбекке бейілді.
Қараман айтты бұл сөзді;
— Ноғайлының қайраты
Маған салсаң тиеді.
Қырық жігітке бас болып
Алшыоразға жолық деп
Келмембет ерді бұйырды
Патшадан пәрмен болған соң
Келмембет мінді атына
Бітеу сойып аққудың
Терісін киді басына,
Жөнеліп кетіп барады
Қырық жігіт ертіп қасына;
Әзімбайдың аулыға
Жетіп барды сол уақытта
62
Әдеби KZ
Мойнын бұрмай артына.
Келмембет сонда сөйлейді;
— Үйінде болсаң Әзімбай
Жауап бер бізге жолығып,
Қараман қонды қасыңа.
Олжаға қалдың молығып,
Күні-түні тыным жоқ.
Шаршадым әбден зорығып;
Ортада өзім жүрмесем
Қазақ пен қалмақ ұрысып,
Қырылар дедім обығып.
Ашуы жаман Алшыораз
Айта алмай тұрмын қорынып.
Ерегескен менімен
Талан қылып халыңды,
Шауып алып малынды
Асықпасаң қайтармын
Қатыныңды қоры ғып».
63
Әдеби KZ
Сол уақытта Әзімбай
Тұра келіп орнынан
Көкірегі күрілдеп,
Көзінің алды іріндеп,
Қайрат берді өзіне.
Көтере көр пірім деп.
Үш сүрініп жығылды
Әр буыны дірілдеп.
Екі қолын қусырып
Есіктен шықты далаға.
Әзімбай айтты; Келмембет,
Қайттың ба барып далаға,
Іздегенің мал болса,
Патшадан бәрі садаға,
Қолыңнан келсе жәрдем ет
Қартайған мендей ағаңа.
Жақсының кегі Келмембет
Жібек орамал кепкенше.
64
Әдеби KZ
Тимесін қолын, жағама.
Оңаша үйге түсе түр,
Шөлдесең сусын іше түр,
Саған жауап берейін
Ойласып қатын, балаға.
Атын ұстап түсіріп,
Сыйлады күтіп қалмақты
Ерегісіп болмайды
Әскер жатыр салмақты;
Ағайынын шақырып
Жинады тегіс жан-жақты;
Әлшораз да айбатты
Ер еді асқан ардақты,
Келмембеттің алдына
Қызмет қылып бармайды;
— Бұйырған алар біреуі
Қараға да ханға да.
«Беріндер» деп Назымды,
65
Әдеби KZ
Әзімбай жылап зарлапты.
Ағайыны жиылып
Әлшоразбен кеңесті;
«Берейік» деді Назымды
Патшаға қылмай егесті
Қалмақпенен өшіксең
Ат құлағы теңесті;
Келмембеттей батырдың
Құлағын кесіп құнтитып
Іс қылып едің өрескел.
Тоғыз бие тарту ғып
Алдына алып барайық
Қамбар тірі тұрғанда
Ешкім бізді жемес - ті
Жай айтпасақ жалынып,
Сүйегі асыл ақ болат
Өздігінен кимес - ті.
Әзімбай сонда сөйлейді;
66
Әдеби KZ
«Жаңа таптың ақылды
Ризамын саған халайық,
Қол қусырып, қой сойып
Қалмақты күтіп алайық
Келмембеттің өзіне
Ықтиярды салайық
Ерегісіп қанменен
Ұялып жұрттан қалмайық;
Құтылармыз қандай ғып
Бұған бір айла қылайық
Не десе де мақұл деп
Ауызына қарайық,
Басынды бұзба ағайын,
Алдына тегіс барайық»
Қызмет шегіп жүгірді
Келмембет ердің жолында
Heшe түрлі дастарқан
Бозбаланың қолында.
67
Әдеби KZ
Зияпатын асырып
Әзімбай тұрды оңын да
Айдаған қойдай топтанып
Шұбырған адам соңында
Екі жорға даярлап
Келмембеттің үйіне
Жағасы алтын жібектен,
Кигізді алтын тонын да.
Келмембет айтты:
«Әзімбай,
Арызымды жақсы тыңдадың
Бүл сапарда бұрынғы
Әдетіңді қылмадың,
Қадіріме бек жетіп
Қасиеттеп сыйладың
Тағы да құдай ұрды деп
Қалмады қорқып иманым;
Қанша кінәм асса да
68
Әдеби KZ
Өлімге мені қимадың
Көрінеді көзіме
Оттан да ыстық дидарын
Ақылыңа тәнтімін
Назымды беріп патшаға
Артықша болды қылғаның.
Әзімбай айтты, «Келмембет
Ағайыным жиылып
Ақылымды талады
Алшыоразды айнытып
Әр түрлі жолға салады
Қартайсам да қайратпен
Көндірдім қатын-баланы
Қатарым деп өзімнің
Назымжанды ханды қалады.
Қызға жаушы көп екен
Тағдырда жазған алады
Қараман күйеу біз ата
69
Әдеби KZ
Қайтпасын ердің талабы
Жұрт иесі патшаның
Болмасын қор қадамы
Сан жылқыны аралап
Семізін тандап сояйын
Сабаға қымыз ашытып
Даярлап бәрін қояйын
Тілесе нені тамағы
Қырық күн ұдай тойым бар
Әр түрлі қызық ойын бар.
Тамашаға жиылсын
Алты алаштың адамы.
Қош айтысып баршаға
Келмембет қайтты қуанып,
Өткен күнді ұмытып
Жылаған көңіл жұбанып
«Сәлем де деп патшаға»
Әзімбай қалды шығарып
70
Әдеби KZ
Қырық жігіт жосып жөнеді
Ілгері кейін шұбалып
Алдына барып Келмембет
Шатырдың түсті түбіне,
Оттай беті қызарып,
Сәлем берді патшаға
Төмен қарап мұңайып.
Қараман айтты:
«Келмембет, Қыз
Назымнан не хабар,
Кайттың ба?» — деді тіл алып.
Келмембет айтты: Падишам
Ноғайлының қызықпадым
Тай-тұяқ, жаңғы, пұлына,
ЬІзғарыма шыдамай
Жиылып шықты ығыма,
Бәрі де қорқып жүр екен
Көңіліме салған дағыңа
71
Әдеби KZ
Зиянды асты көшіріп
Тастаған жолға бастай боп,
Түстім әбден сыныма
Көп кейіді Әзімбай
Әлшораз деген ұлына,
Сізге берді Назымды
Құлағының құнына,
Жұрт иесі Қараман
Риза бол мендей құлыңа.
Сүйтіп сізден сұраймын
Мархабат етсең мұныма».
Қараман сонда сөйлейді;
Сүйінші десең Келмембет
Көңіліңді сенің табайын
Өлгеніңше өзіңді
Тәрбиелеп бағайын
Аяғыңа жығылып,
Дұшпаның болсын ағайын,
72
Әдеби KZ
Ерегіскен кісіңнің
Жүрегін майдай шағайын,
Етін итке жегізіп,
Сүйегін өртеп жағайын.
Бетіңе біреу қараса
Күрзімен ұрып сабайын,
Төтесінен сіңіріп,
Қазықтай жерге қағайын,
Құдай берсе Назымды
Қалаға алып барайын,
Қондырайын оңаша
Алтыннан салып сарайын;
Сүйіншіге Келмембет
Әр уақыт халіне
Пірәрдар болып барайын
Дүние таппай кысылсаң,
Қазынамды сарп қып
Күніңе киын жарайын»
73
Әдеби KZ
Қараман қайраттанды
Көңілі тасып
Хош болып уақыты
Халден асып
Әскерге топ алдырып
Кеней қойды
Алдым деп Назым қызды
Болса нәсіп
Құдай-ай не шараны көрсеттің деп
Әзімбай қапаланды қайғы басып
Аздықтың қасіреті
Осы екен деп
Айырылып ақылынан
Қалды сасып.
Қалмақтың зорлығына шыдай алмай,
Сүйегі жабырқады жаман сасып,
Жіберді тарту қылып тоғыз адам
Қамбарға қайтыңдар деп амандасып
74
Әдеби KZ
Білдірді жаңа халыққа
Хабар шашып
Санаулы қырық күн
Ұдай тойым бар деп
Әзімбай айтты жақсылап
Ер Қамбарға сәлемді
Көбіміз бірге туысты
Ағайын кісі өсте ме
Қалайша бізбен суысты?
Кердіұлы Келмембет
Баламның жолын қуысты
Көптігіне сүйеніп
Қалмаққа белін буысты
Бүркіттей жазып шеңгелін
Салмаққа даяр ұрысты
Қайратымыз азбайды
Қылайық десек ұрысты
Сүйегін сұлтан қорлай ма
75
Әдеби KZ
Ойласын батыр бүл істі.
Жауың жаман сыңайлы
Тастасын басқа жұмысты»
Тоқсан ойлы тобыр мен
Алпыс үйлі арғыны
Ашыққанда жесін деп
Қоржынға салып жіберді
Ат басындай алтын мен
Қой басындай күмісті.
Ордасының сыртында
Отыр еді ер Қамбар
Салдырып төсек паластан
Қарсыласқан дұшпанға
Қайраты асқан алаштан
Қараман ханды білмейді
Қыз Назымға таласқан
Арыстанның көзі кереді
Бір топ адам келеді
76
Әдеби KZ
Төңірекке қарасқан
Жан-жағына алаңдап
Кісіге ұсап адасқан
Аттары болып қара тер
Ұшырады Қамбарға
Жақындағанда намазшам
Қамбар айтты: «Жақсылар
Ашылсын жүрген жолыңыз
Асығып қайда барасыз?
Ауылға мейман болыңыз
Құс етін жейміз қақтаған,
Қазымыз жоқ сақтаған,
Бәріңіз аттан түсіңіз
Жарлылығын жасырған
Байымас деген бұрынғы
Аспандағы бұлтқа
Жетпейді созсақ қолымыз
Жоқшылықтың жөнінен
77
Әдеби KZ
Құралайдың терісі
Ақ шолақ киген тонымыз
Бар мақтанса табылар
Дүние боқтың қорымыз
Өлімге өзің айдаған
Мехнатқа белін байлаған
Қас кедей ек зорымыз
Соятұғын қойым жоқ
Айыпқа мені бұйырма
Ағалар киын сонымыз
Жәдігер айтты Қамбарға
«Алатаудай айбатың
Ер екенсің айтулы
Атаңа ұқсап айнымай
Қуыпсың жастан салтыңды
Арызымды сізге білдіріп
Ойланып тұрмын қайтуды
Қарғын су келіп қаптады
|