Поэма Сәкен Сейфуллин 4/1/2013 1 Әдеби kz мазмұн



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата04.02.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3386
түріПоэма
1   2   3
Әдеби KZ 
Ондағы жатқан халқыңды 
Кінәміз болса өтсін деп 
Әзімбай беріп жіберді 
Қой басындай күміс пен 
Ат басындай алтынды 
Баламыз еді көрмеген 
Тартыңдар деп көлденең 
Жылқыдан және айдатты 
Тоғыз бие тартуды» 
Жәдігер тағы сөйлейді: 
«Ойда жоқ жерде от қашып 
Қонысымыз тарылды 
Қызуына шыдамай 
Жүрегіміз жарылды 
Өртеп кетіп барады 
Өзеннің буы қалынды 
Шарпуы жұртқа тиеді 
Өшірмесең жалынды 

79 
Әдеби KZ 
Хан сүйекті Қамбар жан 
Айтамын сізге зарымды 
Дұшпанға көрсет бір қайрат 
Білдіріп елге барыңды 
Өкініші кәп болып 
Өткен іс келмес орнына 
Ертерек білдір арынды 
Жердің жүзін сел алды 
Бөгетті қайдан саласың 
Ағысы жаман теңіздің 
Алпыс үйлі арғыны 
Ашыққанда жесін деп 
Қоржынға салып жіберді 
Ат басындай алтын мен 
Қой басындай күмісті. 
Ордасының сыртында 
Отыр еді ер Қамбар 
Салдырып төсек паластан 

80 
Әдеби KZ 
Қарсыласқан дұшпанға 
Қайраты асқан алаштан 
Қараман ханды білмейді 
Қыз Назымға таласқан 
Арыстанның көзі көреді 
Бір топ адам келеді 
Төңірекке қарасқан 
Жан-жағына алаңдап 
Кісіге ұсап адасқан 
Аттары болып қара тер 
Ұшырады Қамбарға 
Жақындағанда намазшам 
Қамбар айтты: «Жақсылар 
Ашылсын жүрген жолыңыз 
Асығып қайда барасыз? 
Ауылға мейман болыңыз 
Құс етін жейміз қақтаған, 
Қазымыз жоқ сақтаған, 

81 
Әдеби KZ 
Бәріңіз аттан түсіңіз 
Жарлылығын жасырған 
Байымас деген бұрынғы 
Аспандағы бұлтқа 
Жетпейді созсақ қолымыз 
Жоқшылықтың жөнінен 
Құралайдың терісі 
Ақ шолақ киген тонымыз 
Бар мақтанса табылар 
Дүние боқтың қорымыз 
Өлімге өзін айдаған 
Мехнатқа белін байлаған 
Қас кедей ек зорымыз 
Соятұғын қойым жоқ 
Айыпқа мені бұйырма 
Ағалар киын сонымыз 
Жәдігер айтты Қамбарға 
«Алатаудай айбатың 

82 
Әдеби KZ 
Ер екенсің айтулы 
Атаңа ұқсап айнымай 
Қуыпсың жастан салтыңды 
Арызымды сізге білдіріп 
Ойланып тұрмын қайтуды 
Қарғын су келіп қаптады 
Ондағы жатқан халқыңды 
Кінәміз болса өтсін деп 
Әзімбай беріп жіберді 
Қой басындай күміс пен 
Ат басындай алтынды 
Баламыз еді көрмеген 
Тартыңдар деп көлденең 
Жылқыдан және айдатты 
Тоғыз бие тартуды» 
Жәдігер тағы сөйлейді: 
«Ойда жоқ жерде от қашып 
Қонысымыз тарылды 

83 
Әдеби KZ 
Қызуына шыдамай 
Жүрегіміз жарылды 
Өртеп кетіп барады 
Өзеннің буы қалынды 
Шарпуы жұртқа тиеді 
Өшірмесең жалынды 
Хан сүйекті Қамбар жан 
Айтамын сізге зарымды 
Дұшпанға корсет бір қайрат 
Білдіріп елге барыңды 
Өкініші коп болып 
Өткен іс келмес орнына 
Ертерек білдір арынды 
Жердің жүзін сел алды 
Бөгетті қайдан саласың 
Ағысы жаман теңіздің 
Токтатып қайтып аласың 
Қайратты туған ер едің 

84 
Әдеби KZ 
Бұған бір айла табарсың 
Өз теңіңнің ішінде 
Ақылың асқан данасың 
Жұбатасың жыласа 
Ноғайлының баласын 
Атыңа батыр еремін 
Арманда болып қаласың 
Жауап берсең қайтамын 
Ағайынды жинап алып 
Назым қыздың әкесі 
Әзімбайға айтамын 
Қай шамада барасың?» 
Қамбар айтты: 
«Жәдігер, 
Қылмаңыз көп уайым 
Әуелі алла екінші 
Жұрт үшін белді буайын, 
Өртіңді жанған өшіріп 

85 
Әдеби KZ 
Асырап қырдан қуайын. 
Халқыңыз қапа болмасын, 
Есен барса жолбарысың, 
Сиындырамын дұшпанды 
Медет берсе құдайым. 
Әзімбайдың ақымақ 
Алты итіне өкпелеп 
Жаманның ісін қылмайын. 
Епсіз қылған зорлыққа 
Тірі боп қайтып шыдайын, 
Ибалы жасы иманды, 
Ақ сақалды қария. 
Ағаларға сәлем де. 
Қара қасқа тұлпарға 
Жұлдыздың мініп оңынан 
Сәтті күні шығайын. 
Жәдігер айтты Қамбарға: 
«Қайсар туған неме екен 

86 
Әдеби KZ 
Қараман патша қасарды, 
Шатырын тігіп шандатып, 
Қорқытты біздей нашарды. 
Кетпекке айла таппадық, 
Ойланып едік қашарды. 
Аралас қонып ауылға, 
Жақындап жаулар жасанды. 
Сырымызды білдірсек 
Ноғайлыны шаппаққа 
Қалмақтар ішті қасамды 
Жайқалып өсіп жасынан 
Әзімбайдың бір қызы 
Назым сұлу атанды. 
Арам қылып кетпесін, 
Зәңгінің қолы жетпесін, 
Аяққа алтын құюлы 
Көбең ет ішіп әкелді 
Қамбар айтты: «Жәдігер 

87 
Әдеби KZ 
Аз болып туған атадан 
Жолынан жүрген адасқан 
Көлеңке жерге түспейді, 
Жапырақсыз ағаштан. 
Кедей де болсам кеп еді 
Қасыма қоңсы жанасқан, 
Бармаққа қылдым уағда 
Артыма назар салмастан. 
Дұғагөй ата-анамды 
Кім бағады өзімдей 
Түзге шықсам үйім жоқ, 
Пендеге киын, жалғыздық 
Бір құдайға жарасқан. 
Ел ішінде кем болдым 
Жал менен құйрық қанаттан, 
Бұрынғының нақылы 
Нұр жауар деген талаптан. 
Уәдеге опа қып 

88 
Әдеби KZ 
Бесінші күні жетемін 
Тірі қып қойса жаратқан». 
Хош айтып жауап берді 
Қамбар мырза, 
Жәдігер айтып 
Кетті болып ырза. 
Қалмақтың әскерінен 
Жасырынып, 
Жол жүріп түніменен 
Келді мұнда 
Аузында Жәдігердің 
Көптің көзі, 
Баршаға жауап 
Берді жалғыз өзі. 
Халық құлақ салып 
Хұп тыңдады, 
Қамбардың қандай 
Түрлі бар деп сөзі 

89 
Әдеби KZ 
Жәдігер бардым 
Деді Қамбар бекке, 
Сәлемін де түсіндіріп 
Айтты көпке Қабыршақ 
Қарымсақ пен Қораз, Дараз, 
Жүр екен төртеуіне қылып өкпе. 
Жолында хан баласы күпір болса 
Үстінен кем тұтынып басып өтпе 
Әлшораз ағайынмен ақылдасып 
Сөйлесті ғой 
Барлығы шығып шетке. 
Үй тікті отын 
Жиып бастандырып, 
Соймаққа талап 
Етті малды қырып. 
Өзінің шатырында 
Бектерімен 
Мәжіліс отыр еді 

90 
Әдеби KZ 
Патша құрып: 
«Ей, шахым сізге 
Айтатын арызым бар, - деп, 
Келмембет сөз 
Сөйледі құлдық құрып, 
Ноғайдың Қамбар 
Деген батыры бар 
Мереке алдымызда 
Болмай тұрып. 
Қамбарды жүрген 
Болсаң бұрын танып, 
Хабар бер атқа 
Мініп өзің барып. 
Көрейін қандай 
Түрлі батыр екен
Алдыма кешіктірмей 
Келгін алып. 
Тоқтатса қарсылық 

91 
Әдеби KZ 
Қылып әмірімді, 
Жабырқат жалаңаяқ 
Жолға салып, 
Келмембет ырғып 
Мініп жорғасына, 
Жөнелді ноғайлының 
Жолбарысына. 
Каңбақтай жел 
Аударған дөңгелетіп, 
Қамбардың, барды 
Жетіп ордасына. 
Ер Қамбар Келмембетті 
Керді қарап, 
Түр еді қара 
Атының жалын тарап. 
Құрысты тұла бойы, 
Қайраттанып, 
Мысалы мас болғандай 

92 
Әдеби KZ 
Ішіп арақ. 
Адам деп мұның 
Өзі қандай түрлі, 
Азырақ сөйлесуге қылды талап 
Келмембет айтты дауыстап: 
Амансың ба, Қамбаржан? 
Алып кел деп алдыма 
Жіберіп еді Қараман 
Әзімбайдың үйінде 
Мейман болып жатырмыз, 
Көп күндер өтті арадан, 
Нәсіп қылып бүл жаққа 
Шығып едік қаладан. 
Патшаның мейірі қанбады 
Сөйлесіп қатын-баладан 
Әңгімеге айланбай 
Ат үстінен айт дағы 
Қайт деп еді даладан» 

93 
Әдеби KZ 
Бүл сөзді естіп Қамбардың 
Қайраты судай тасыды, 
Жолбарыстай ыңыранып, 
Шыбықтай белі бұралып, 
Қаһармен жерді басады 
Бөрі өңгерген лақтай. 
Келмембет қорқып сасады, 
Шапшаң жүр деп, шырағым, 
Кейін қарап қашады. 
Тағы да ұстап алар деп, 
Дөңгелетіп жорғасын 
Бауырлап қамшы басады. 
Қараманның алдына 
Қайтып барып Келмембет 
Кірдім деп Қамбарға, 
Келеді деп кешікпей 
Өтірік сезді басады. 
Шабыты қатты бүркіттей 

94 
Әдеби KZ 
Шаңқылдап дауысын шығарып 
Патша сонда сөйлейді: 
«Өзіңменен қосылып 
Қамбар неге келмеді, 
Қарсыласып менімен 
Ноғайлы да ел ме еді? 
Алдына салып айдамай, 
Екі қолын байламай, 
Кеткенің тастап жөн бе еді? 
Бұйрығыма бүл күнде 
Қай мұсылман көнбейді, 
Жалғыз атты кедейдің 
Жарасар ма екен жеңгені. 
Барған ісін бітірмей 
Келгенше қайтып қатындай 
Жігіттің жақсы өлгені. 
Қатты ұялып қысылып, 
Көп жауапқа тұтылып, 

95 
Әдеби KZ 
Келмембет батыр терледі. 
Келмембет айтты: 
«А, Падишам 
Көп қылып едім зорлықты, 
Жетім менен жесірге. 
Қайратым жетіп түбіме 
Әлшораздың қорлығы 
Ұшырап едім кесірге. 
Теңдесуге кісімен 
Тұрады шықпай есімде, 
Жайын айтып жалынып 
Қалмаған екен бетім де. 
Ар жағы үш күн бір жағы 
Уәде қылып менімен, 
Келмембет кетіп 
Қамбардың 
Қайғыға іші толады: 
Жалғыздық түсіп ойына 

96 
Әдеби KZ 
Өні гүлдей солады. 
Бадана кез берік сауыт 
Баса үстіне киеді. 
Жау жарағын асынып 
Жүрмекке даяр болады. 
Құрама болат дулыға 
Шекесіне қояды. 
Ордасында отырып 
Шарапқа әбден тояды. 
Әумин деп қол жайып, 
Бір құдайға тапсырып, 
Жұртынан жауап сұрайды. 
Қош айтысып Қамбарға 
Тоқсан үйлі тобыр мен 
Алпыс үйлі руы 
Амандасып жылады. 
Арыстан аман келгей деп, 
Бәрі де дұға қылады. 

97 
Әдеби KZ 
Бастырып қатты қадамын 
Қара қасқа тұлпары 
Қаһарланып ұрады. 
Құстай ұшып ашумен 
Тез де жетіп барады. 
Әзімбайға қайрылмай 
Шатырына патшаның 
Атының мойнын бұрады. 
Үзеңгісін шіреніп, 
Ақ найзасын сүйеніп, 
Тұмсығын тығып тұлпардың 
Есігінде тұрады. 
Сол уақытта болғанда 
Керейұлы Келмембет 
Жүрегі тұрмай орнында 
Далаға іштен шығады. 
Көзі түсіп Қамбарға, 
Айтайын деп патшаға, 

98 
Әдеби KZ 
Шегініп кейін бұғады. 
Тізгінін тартып қаңтарып 
Қамбар бек түсті атынан, 
Кіріп келді шатырға 
Келмембеттің артынан. 
Жоғары шық деп Қараман 
Орын берді қасынан, 
Ерегіскен дүшпаннан 
Абырой алған жасынан. 
Алмас даяр белінде 
Өні суық батырдың 
Өзінің қорықты басынан. 
Сырттағы тұрған кісіге 
Саясат қылып сөйледі 
Білдірмей сырын шошыған. 
Патша айтты Қамбарға: 
«Өлтірейін деп едім 
Кешіксең келмей осыдан» 

99 
Әдеби KZ 
Қамбар айтты: «Падишам, 
Атпенен тасып ауылымды 
Қондырып едім көшіріп» 
Пәлен жерден от қашып, 
Сөндірдім оны өшіріп. 
Кедейліктің жөнінен 
Шыға алмаймын далаға. 
Қанатым екі кесіліп, 
Қара қасқа тұлпарға 
Күні-түні тыным жоқ. 
Тебінгісі сартылдап 
Терісі қалды тесіліп. 
Орынсыз насқа шабынып 
Қылыш қалды кетіліп. 
Зорлықпен баса қайрап, 
Сұңқардың ілген қазына 
Бір қара құс таласып 
Жатыр екен өшігіп. 

100 
Әдеби KZ 
Ажыратып екеуін 
Онан бері жүріп ем 
Құмай тазы қуалап 
Алған екен бейнетпен 
Бір төбет ит айқасып 
Қылыпты зорлық есіріп, 
Ажыратып соларды 
Жолымнан қалдым кешігіп. 
Жатыр тігіп шандатып, 
Зорлығыңды андатып 
Ноғайлының сазында 
Сіз де отырсыз шешініп. 
Әзімбайды жүдетіп, 
Сансыз құлды түнетіп, 
Жерімнің жүзін қашырдың, 
Берекесін кетіріп, 
Күйеумін деп Назымға 
Шынтақтап мамықты, 

101 
Әдеби KZ 
Ауылыңды жимайсың 
Аяғыңды көсіліп, 
Сіз бен біз жауласып, 
Жаманның ісін қылмайық, 
Қалаңа қайтып Қараман 
Күнәмді менің кешіріп. 
Қараман сонда сөйлейді: 
«Жіберген ұрып жаушымды 
Әлшораз жаман басынды, 
Елшіге бейнет бар ма еді 
Орынсыз маған асылды. 
Бектеріме күйініп 
Қайғы жеп жаным ашынды, 
Әлін білмей ноғайлы 
Келтірді қанды ашуды. 
Аламан деп ант айтып 
Назымға тіктім қасымды, 
Күйеуі қыздың патша деп 

102 
Әдеби KZ 
Дауысым жұртқа шашылды. 
Айғыр аттай кісінеп 
Ажырайып қарайсың 
Жалғызыңнан жабысқыр 
Ұрысуға қалайсың, 
Құртайын ба басынды! 
Бүл сөзді есітіп ер Қамбар 
Жүгіріп шықты далаға, 
Түлпардың мінді үстіне 
Сыйынып Алла тағалаға. 
Қаһар қылды Қараман 
Ұядан жалғыз балаға, 
Қойыңдар деп ұрысты 
Келмембет түсіп араға 
Айғайлады дауыстап 
Қалмақтар шық деп жеке де 
Қамбарбек ұрып тағара 
Қанша айтты Келмембет 

103 
Әдеби KZ 
Ноғайлының К,амбары 
Ұрысқа шығып сайланды, 
Арманда болып қалмаңдар 
Іс қиынға айналды. 
Қылыш шауып қан төгіп 
Қыздырыңдар майданды, 
Қолыңа ал арынды 
Ақ сапты болат найзаңды. 
Өзім басын кесемін 
Дұшпанға төтеп бере алмай, 
Жүрегі қорқып тайғанды. 
Осындайда ауызды 
Көрсетпесең, асығып 
Батыр туған, бектерім, 
Көремін қашан пайдаңды. 
Үстіне бұйра мінемін, 
Жасанған жауға тиемін, 
Көл бадам атты даярла 

104 
Әдеби KZ 
Түзетіп ұрып сайманды. 
Қамбар айтты: Қараман, 
Мықты болсаң жеке кел, 
Зорлығыңа батайын 
Қасыма таман жақында 
Қырғи ілген торғайдай 
Мойныңды жұлып алайын. 
Қан ағызып көзіңнен, 
Басыңа сауда салайын, 
Қайтарайын еліңе қалмақтардың, 
Талайын қаратып терісін, бетіңді 
Ту сыртыңнан шабайын. 
Олжа қылып атынды, 
Ерінді отқа жағайын. 
Қонаққа сойған қозыдай 
Тамағыңнан бауыздап 
Көңіліңді сенің табайын. 
Шыдай алмай бүл сөзге 

105 
Әдеби KZ 
Қаһарға мініп Қараман 
Жын ұрғандай жұлқынды 
Әумин деп қалмақтан 
Күрзісін алып қолына 
Ұрайын деп ұмтылды. 
Қамбар айтты патшаға: 
Сүр бүркіттей құйылып 
Шыйратасың мұртыңды 
Қайда дұшпан көрінсе 
Жүрсің беріп сыртыңды. 
Мықты болсаң жеке кел, 
Қорғама ана қырқынды. 
Сен залымды өлтіріп 
Сұрайын сенің жұртыңды. 
Қыз Назымға таласып 
Екі батыр соғысты. 
Бұлт жинап, мұз бүркіп 
Үркермен айдай тоғысты 

106 
Әдеби KZ 
Әзімбайдың аулынан 
Қалмақтар қылған қосынды. 
Қараман дәу мен Қамбарың 
Қарсыласып қылыш шабысты, 
Ақ найзасы айқасып 
Нар бурадай алысты. 
Шанышқаныңа шыдамай 
Астындағы Көлбадам 
Шеке жата қалысты. 
Қалмақтың ханы Қараман 
Сол жағынан құлады, 
Артындағы әскері 
Қолынан беріп намысты. 
Арыстан туған Қамбарың 
Аш бөрідей жалақтап 
Аралады қосынды, 
Ақылынан айрылып 
Қалмақтар жаман шошыды. 

107 
Әдеби KZ 
Ортасынан әскердің 
Қызыл қан ағып жосылды. 
Керей ұлы Келмембет 
Бір пәлеге тосылды, 
Ағайын салып Әлшораз 
Бүйрегінен қосылды. 
Сол уақытта ер Қамбар 
Аямады жеткенін Найзаменен піседі, 
Әкежан деп қалмақтар 
Пенде боп қолға түседі. 
Түртіп өтіп кеткені 
Тақиядай ұшады. 
Екпінінен шыдамай 
Атының жалын құшады. 
Өшігіп қалған ноғайлы 
Қоймайтынға ұқсады. 
Қаласына жеткізбей 
Көбісін қырып қалмақтың 

108 
Әдеби KZ 
Қайратты туған ер Қамбар 
Шығарды іштен қысаны. 
Қалмақты қырып 
Жойды қанын шашып 
Дұшпаны майып 
Сыннан қойдай басып 
Ауылына Әзімбайдың келді қайтып 
Мысалы дарбадай көңілі тасып. 
Дем алып ақ ордада отыр еді 
Үстіне Назым кірді амандасып. 
Қамбарға Назым айтты: 
Жаным құрбан, 
Көзіме көрінбейді 
Сіздей бір жан. 
Шығар деп арыстаным 
Ойлап едім 
Майданның ортасында 
Шолан ұрған. 

109 
Әдеби KZ 
Туғызып сіздей 
Сұлтан ноғайлыдан, 
Құдайдан 
Айналайын батыр қылған. 
Отырды сонда 
Қамбар бек шаттанып, 
Ғашықтық жүрегінде 
Отыр жанып. Назымның қудай 
Жайнап жеңгелері 
Көтеріп бір Дастарқан келді алып. 
Неше жыл Назым жүрді 
Жылай-жылай, 
Қамбардың күйігінен 
Кешіп лай. 
Адамы көңіліндегі 
Болып душар 
Жеткізді мұратына 
Барша құдай 

110 
Әдеби KZ 
Бастағы халыққа 
Айтқан уәдемен 
Әзімбай тойын берді 
Қырық күн ұдай. 
Қамбарды Әзімбайдың 
Көңілі сүйді 
Қатарлап қазынаның 
Бәрін жыйды. 
Күмістен керегесі, 
Уық алтын 
Оңаша сегіз қанат 
Тікті үйді. 
Кедейдің жалғыз атты заманы деп, 
Дұшпанның даладағы іші күйді. 
Той тарқап кеткеннен соң 
Тартысы болып, 
Отырып Мұқыш 
Молда неке қиды. 

111 
Әдеби KZ 
Назымды жеңгелері 
Отауға caп, 
Қолына ер Қамбардың 
Малы бітті. 
Сұлудың қылығы 
Бар неше түрлі, 
Қолына лағыл, жақұт 
Тақты дүрді. 
Барша жан порымына қайран қалды 
Қойдай ғып қасқыр қуған 
Бөріктіріп дұшпанды ажыраттың 
Қамап тұрған кереңдей 
Жәннәттегі мысы қорды. 
Көтеріп гауһар тастан патносын алдында 
Қыз-келіншек жобаң жүрді. 
Астында неше қабат палас-төсек 
Асырып өз теңінен 
Дәурен сүрді. 

112 
Әдеби KZ 
Тағдырға жазған 
Екен хақ тағала, 
Қосылып екі 
Асыл зат 
Ойнап күлді. 
Қызына берді жасауға 
Төрт түліктен кәп малды 
Әзімбайдың бүл қызы 
Ноғайлының болды алды. 
Қырық қашырға қазына артып 
Жүз елу берді-ау жамбы. 
Көзінен Әзімбайдың жас ағып 
Жылайды қасиетін 
Алты ұлымның 
Жұртқа шашып. 
Кенжесі бір қызым деп, 
Өсірген тәрбиелеп, 
Қандай бағып, 

113 
Әдеби KZ 
Қалды ауыл қараңғы боп 
Ай батқандай, 
Зарығып күйінбес 
Бұған не ғып, 
Жайқалып қызғалдақтай 
Шықты көші 
Алтыннан неше түрлі 
Қонырау тағып. 
Түрленіп жердің 
Жүзің ошығадай 
Назымды Қамбар мырза 
Қасына алып. 
Жақсы адам қайда 
Жүрсе қор болмайды, 
Шексе де жол бейнетін ашып - арып, 
Қуантып ағайын мен ата-анасын, 
Үйіне аман-есен 
Түсті барып. 

114 
Әдеби KZ 
Әрқашан панаһарында 
Сақтай көр деп. 
Аллаға шүкір айтты 
Міскін ғарып 
Айыр лебін жеңді 
Қамбар онды-солды, 
Дүниеге кейде 
Бұлардың көңілі толды. 
Зәредей жүрегінде 
Қайғысы жоқ, 
Тілегі баршасының 
Қабыл болды. 
Осындай Назымменен 
Өтті Қамбар, 
Білімі, ақылы көп 
Бұл сөзді андар. 
Әуелі айтқан 
Екінші таңдағандар, 

115 
Әдеби KZ 
Жетсін мұратына 
Барша жандар. 
Дүниеге келіп 
Жетті не асыл зат, 
Жаманнан дат 
Жақсыдан қалады ат. 
Бір дұға оқыңыздар 
Аруағына, Қамбардың болып 
Жатсын көңілі шат. 
Аяғы бүл дастанның 
Болды тамам, 
Келмейді көп 
Айтуға менің шамам. 
Құдайым жақсыларға 
Нұры болғай 
Осынша бейнет, 
Бейнет болды тамам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет