шындықты айтқаным үшін айып етпеңіздер – прогреске тек қана
реакцияның көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Бізді
«Москваның қолында» солшыл экстремизмге ұрынғанымыз үшін
табан астында-ақ айыптайды... иә-иә... синьор Евтушенко, сіз
күлмеңіз! Келесі жылы біздің солшыл әкімшілігімізді таратып
жіберсе, фестиваль кімнің қолында болады? Әрине, «Клареттаны»
жасаған адамдардың қолында қалады.
–
Демек, фашизмге қарсы дауыс беруге болмайды екен ғой,
өйткені сол арқылы біз фашизмге көмектеспейміз бе? Бұл белгілі –
таныс теория, – деп буйвол сияқты бірбеткейлігінен танбайтын
Грасс мұрнының ұшына түсіп кеткен көзілдірігінің астынан сүзе
қарап, қаны басына теуіп бұрқылдай бастады.
–
Өкінішке орай, солай болып тұр, – деді әкімшілік өкілі қолын
шапақтап. – Иә, иә, синьор мырзалар, бұл өлердей ұят, бірақ амал
жоқ. – Өзінің азаматтық ары бар неме екен, бетінен оты шығып,
ұялғаннан піскен шаяндай қызарғаны.
Әйгілі итальян режиссері даңқының дақпыртындай бурыл
шаштарын көк желкесінен құяңы ұстаған адамдай әсіре
кербездікпен әрең-әрең қозғап:
–
Егер бұл фильмді тоқтататын болсақ, онда бізге фашистік
тәсілді пайдаланып жүрген өздерің деп күдік келтіруі мүмкін, –
деп көз қиығын төмен түсірді.
–
Әрине, менің фильм туралы пікірімді өзгертпегенімен, жалпы
мен кез келген цензураға қарсы адаммын,— деп, Эрика Ионг оны
лайықты ықыласпен қолдады.
–
Бұл фильм прокатқа шығарылмасын деген сөз емес қой, мәселе
оны бәріміз бірге жауап беретін фестивальдан алып тастау туралы
болып отыр! – деп Грасс көзілдірігін күлсалғышқа түсіріп алып,
бұрқан-талқан болды.
–
«Алып тастау» деген сөздің негізінде ашықтан-ашық түп-
тамырымен түбегейлі қарсы бірдеңе жатыр ғой, – деді қиқы-жиқы
геометриялық теңдеулері бар бір бет қағазды бетіне жапқан жюри
мүшелерінің біреуі мүләйім дауыспен. – Италияда «тоқтатып
тастау», «алып тастау» деген сияқты сөздерді сүймейді.
–
Фильмнің дарынсыз жасалғаны соншалық, көрермендердің
антифашистік реакциясын қоздырғаннан басқа қосары болмайды, –
деп қосарланды тағы жюри мүшесі.
Фильмді фестивальда көрсетілетін фильмдер тізімінен алып
тастауға Эрика Ионгты қоспағанда үш адам қол көтерді.
Әкімшілік өкілі прогрессивтік қайраткерлігі үшін – ең құрығанда
келесі фестивальға дейін жалақысының сақталатынын сезіп «Уһ»
деп бір дем алды.
Бірақ Грасс өзінің буйволдай бірбеткейлігін тоқтатқан жоқ.
–
Үзілді-кесілді қарсымын! – деді ол қарлығыңқы дауысымен. –
Мұндай жағдайда біз ең болмағанда фильмге деген ортақ
көзқарасымызды айтып қарсылық білдіруіміз керек. Мен жобасын
жазам.
–
Мен де жазам,— дедім мен Грасстың адам жазып жеткізе
алмайтын әлдене жазатынын ішім сезіп. Айтқандай, солай болып
шықты.
–
Сіздер фильм профашистік фильм деп тым қатты қадаласыздар,
бұларыңыз саяси айыптау болып шығады. Өнер саясаттан
жоғарырақ тұру керек қой... Италияда фашизм де, профашистік
зауық та жоқ. Жекелеген, көпшіліктің көрінісі бола алмайтын
топсымақтар бар болса, бар шығар... (Өйтдейт деген, біздің ең
қатал деген сыншыларымыздың ауызынан «көпшіліктің көрінісі
бола алмайтын топсымақтар» деген сөзді көптен бері естігенім).
Италияда фашизм сіздің Германиядағыдай дәрежеде ешқашан
болған емес, синьор Грасс, бізде, мысалға антисемитизм де, улы газ
камералары да болған жоқ... Муссолини бар болғаны оперетталық
қана тұлға сияқты еді, соның өзін шындық деп қабылдауға бола
ма?..
Әлемдегі ең бір прогрессивті жюри мүшелерінің көпшілігі
емеурін-сауалды Грассқа қарай жаудырып жатты.
Менің әлгіден гөрі қайырымдылау қарарымның жобасына
алдымен бәрі де бас шұлғығандай көрінген. Ал артынша-ақ
коллективтік түзету басталған кезде байқадым – бұл менің бүкіл
отыз бес жылдық әдеби өмірімде болып көрмеген масқара түзету
болды. Әкімшілік өкілі бет-аузын тыржаң-тыржаң еткізіп қаулы
қарарын біресе оңнан солға қарай, біресе солдан оңға қарай
аударыстырып, оны азсынғандай біресе астынан, біресе үстінен
оқыды. Әр сөз, әрбір үтір, нүкте сараланып өлшеніп, тұздықталып,
тұздалып жатыр. Әуелі мен қарсыласқан сыңай танытқанмын, бірақ
бірте-бірте қалыпқа түсе бастадым. Мен бір-бірінің жоққа
шығарған ескертпелерін бір-бірімен сәйкестендіре алмай, осынша
орын ауыстырудың, сызудың соңы не боларын қызықтай күттім.
Менің сөзімнен бір ауыз сөз қалмаған қарардың соңғы тексті
миниатюралық парсы өлеңіндей қып-қысқа еді:
«Біз, Венеция кинофестивалінің жюри мүшелері, цензураға
бағынбайтын өнердің тәуелсіз принциптеріне сүйене отырып,
фестиваль
байқауында
көрсетілуіне
жалпы
қарсы
болмағанымызбен,
«Кларетта»
фильміндегі
фашизмнің
сентименталды кейіптеліп, дәріптелуіне өзіміздің адамгершілік
тұрғысынан бір ауыздан қарсы екенімізді білдіреміз».
Мен, былайша айтқанда, бүкіл творчестволық коллективтің
қолымен жасалған осы жобаны оқығанымда, Грасстың қарардың
азусыздығына айызы қанбай, бірбеткей буйволдығымен
тыпыршығанынан басқа тырс еткен дыбыс болған жоқ, бөлме ішін
құлаққа ұрған танадай тыныштық жайлай қалды.
Кенет мен қарарға бұл қалпында қол қойылмайтынын түсіндім.
–
Ал жалпы осы коллективтік қарсылықтың қажеті бар ма? —
деп, әйгілі итальян режиссері ақыр соңында тыныштықты бұзып
желке бұғаналарын сипап, ыңырси ырғатылды. – Әркім өз пікірін
баспасөз бетінде айтсын. Қашанда болмасын, коллективтік пікірде
тобырлықтың салқыны болады. Мен өзім адамның жеке-дара
қасиеттерін боямалауға қарсымын. Оның сыртында біз өзіміздің
қарсылығымызбен бұл фильмге басқа ешкім байқап, сезбей
қалатындай жарнама жасап жүрмейік...
–
Реакцияға неге көмектесеміз? – әкімшілік өкілі тағы да
алақанын шапақтап, саусақтарын қармалады.
Мен осы бір әйгілі итальян режиссерін сүйетін едім – әсіресе,
маған ол түсірген тіршілікке беймаза менмен қыздың көзімен
қарауы, сол беймаза көз жанардың алдында көкке ұшатын отельдер
мен төбесі көк тіреген ғимараттар, немесе шкафтан шашылған ескі
киімдердің гүл-гүл жайнауы, ең ақырында целлофан–кебінге
оралған қатқан тауықтардың тоңазытқыштан шығып, көкке ұша
жөнелгені сияқты кадрлар қатты ұнайтын. Дүниені көз жанармен,
көзқараспен қақ жарып жіберуге болатынын маған үйреткен соның
өзі ғой, сондықтан мен де осы бөлмені жарып жібергендей болдым
–
мағынасыз мәжілістер өткізген столдардың аяқтары аспанға
ұшып, қол қойылмаған қарарлардың ескі қағаздары қалықтап,
әкімшілік өкілі денесінен бөлініп әлденеге ілініп қалған қолдарын
өзінен-өзі қармалап, сыртылдатып шапақтай береді, шапақтай
береді.
–
Міне, сіздер қандайсыздар – сөз бостандығының
қорғаушылары, солшыл интеллектуалдар, – дедім мен осы
режиссерді сүйгендіктен шыдай алмай. – Сіздер, Россияның
правосын қорғауға қарсылық қағаз болса, әрине, қуана қол қояр
едіңіздер, өйткені ол сіздерге түкке де тұрмайды, ал өздерің
өздеріңнің меншікті мафияларыңа қарсы қол қоюға қалай
қорқасыңдар?.. Мен ақымақпын, қарар жазып, қайта көшіріп
жүрген.
Әйгілі итальян режиссерінің бет-әлпеті өзгеріп, қыртыстанып
кетіпті, мен оның ішінен әр сөздің қалай сыздап шығып, әр сөзден
кейін қалай қартайып бара жатқанын байқадым.
–
Сіздер, шетелдіктер ертең кетесіздер, ал біз бұл жерде өмір
сүреміз! – деп ол қос қолымен бірдей мойын бұғанасын ұстап,
шаңқ етіп айқайлап жіберді. – Сіздер мафия дегеннің не екенін
түсінбейсіздер... Ол жасырын суретке түсіруге келген бейшара
папараццоның
12
сүйегін күл-талқан қылды. Әрең-әрең тірі қалды...
Ал мен кастетпен сындырған бас сүйегімді қайсыбір қараңғы
бұрыштан тауып алғанша ең болмаса тағы бір-екі фильм түсіріп
үлгірсем деп ойлаймын... Енді сіздерге бәрі түсінікті ме?
Енді маған бәрі түсінікті болып еді. Қарарға қол қойылған жоқ.
«
Бала бақшаның» журналистерге көрсетілетін қойылымына
келгенде менің арқамнан сонау соғыс жылдары станокқа бойлары
жетпей аяқтарының астына тақтай қойып снаряд жасаған сол бір
12
Папараццо (итальянша) – атақтыларды суретке түсіретін фотограф.
іріңкөз сібір балалары итеріп жібергендей шыдай алмай, жарықты
жағып жіберіп, тағыда топтың алдына шықтым да, мен «Кларетта»
фильмі туралы, фашизмнің не екені туралы ойымдағымды жан
дауысыммен ақтарып салдым. Мен бұл кезде көз алдым – көк
мұнар, тұманның ішінде тұрғандай өз дауысымды естігенім жоқ,
бірақ өзімнің ішімнен шыққандай қырық бірінші жылғы қарлыққан
паровоздардың үздік-создық дауысы құлағымды тұндырып тұрды.
Одан кейін мен тып-тыныш тынши қалған түнгі Венеция
көшесімен келе жаттым, ертең көрсетілетін «Кларетта» фильмінің
көшеге ілінген сансыз жарнамаларынан Клаудиа Кардинал жүзі
менің соңымнан мырс-мырс мысқылмен күле қарап тұрды.
Мотоциклистің қорапша бас киімін киген жігіт «харлей»
тротуардың шетіне тастап тап сондай қорап бас киім киген қызды
бетон қабырғаға қарай нығырлап жатты. Қыз онша қатты
қарсыласқан жоқ-ау деймін, олар сүйіскен кезде қаңғырлаған қорап
бас киімдердің дыбысы шықты. Олар қайтадан мотоциклдеріне
мінгенде мен жігіт бетон қабырғаға қысқан қыздың ақ майкасының
арқасына байқаусыз басылып қалған свастика
13
таңбасын көрдім.
«Харлей» қайтадан дарылдап жабайы жағажайға қарай құйғыта
жөнелді, олар қыздың бел омыртқасына өрмекшінің торындай
жабысқан свастика белгісін сүйреп алып бара жатты. Мен бетон
қабырғаға жақындап свастика белгісінің ұшына қол тигізіп көрдім.
Свастика белгісі үр жаңа екен.
Гитлердің туған күні
бәріне куә
Россияның аспаны астында, –
асылық,
асылық жасап бір топ қыз-жігіт,
13
Свастика – ескідегі дін белгісі және фашистердің белгісі.
аяйсың тіпті ашынып
кішкентай ғана сырғаларына
свастика ғып жасаған
ұлтшылдық пенен нәсілшілдіктің
таңбалары басылып,
Қасқырға емес-ау, күшікке таққан
қарғыбау сынды салпыншақ
салақтайды...
далақтайды дәнемені ұқпай бас ұрып
Әнеки Васек
жарымес жарты, көзінің алды көкжағал,
Әлеміш шашты Нюркаменен әлемет болып
толғанар,
шөмеле сынды шашындағы оның
шотаяқ сынды түйреуіш
Свастика белгісі бар онда да.
Алтынның буы шыдатпағандай,
қисаңдап, Васек қыпылдап,
былғары сынды
қара сақтиян курткасы
қылмаң қаққанмен сықырлап.
Тәртіп сақтайды,
емес ол, тіпті, тәртіпсіз,
(тәртібіне оның түк айта алмайсыз артық сіз.)
Туысқан Отан қабіріне келіп түнерген,
Жарымжан көрсең жылар ма ең әлде күлер ме ең?
Бұл болса оған сүзіле қарап:
«Барсайшы, барсай, әкетай,
Әкесі деген жүрмей ме екен, әрі қарай...
Неге шулайсың, неге айқайлайсың,
көрдің бе?
Соғысқан екен...
соғысқандардың бәрі «құдай»
Басқа ісі жоқ қой –
осыған түсті енді ісі,
«Мынау ма?» - дейді қарғыбауын көрсетіп, –
Индияда бұл – жемісті жәннат белгісі.
Әкесі-ау біздер үнділерменен доспыз ғой...
боспыз ғой біздер... біздікі тұтас «бхай-бхай!»
Үйренген біздер жеке деп,
бірен-саран деп,
қаулады онда қай жақтан мынау арам шөп?
Жиырма миллион құрбаны бар ел ұрпағы
қайғыдан, мұңнан
қағажу өскен қалай шет?
Кім мәжбүр етті.
Кім көмектесті бұларға
Жауыздықтың белгісін тағып бесіктен
таңбасына таңдай қағып туарға?
Шиқылдап шулап, шымшысып
көгершіндері көшенің,
бурыл шаш комбат кеселін –
отандық намыс көседі.
Свастикамен ойнаған
ұрпағын көріп қан құсып,
Қайтадан ұят – намыстан
мұз боп қатты Карбышев.
Бірақ, тарихтың өзі өлімінен кейін де өз фукуын айтып «атың
өшкір!» деп ататқызбайтын есімдер болады.
Үркініш-үрей туғызатыны соншалықты, бұл адамның атын оның
көзінің тірісінде де атамауға тырысатын.
Бірде ол қарасұр жүн пальтосының жағасын көтеріп, қаршыға
кейіптес жауырынын күжірейтіп, қолдан құрастырылған өзінің қара
«ЗИМ»-інде әдеттегі дағдысы бойынша тротуардың жиегіне
жұғыса жылжып келе жатты. Иегінен асыра салған шалмасы мен
тұқырта киген шляпасының арасынан, сәл-пәл ысырылған әйнек
шымылдығынан айналасына көз салғанда, имек мұрынның
үстіндегі алтын пенсне ағараңдайды, тұмсықтың астындағы бурыл
қылтанақтар да сақсынған сыңай таныттырады.
Дәл осы кезде көктемгі жылғаларда жүзген ойыншық кемелерді
қызықтап, (ойыншық кеме жасалған газеттердің ішінде мұның
портреті болуы да мүмкін еді) клеенка портфелін оңды-солды
ырғап, көзі түстес көк беретінен сары алтындай қысқа бұрымдары
торайдың құйрығындай шолтаңдап, толық емес тоқ балтырлы
тәмпіш мұрын оныншы кластық бойжеткен көтеріңкі көңілмен
қарғи-орғи адымдап бара жатты. Қаршыға-адамға қашанда
батпандай толық емес, бірақ бірсыдырғы тоқ балтырлар ұнайтын.
Ол шоферіне белгі берді, бастығының дағдысын бес саусақтай
білетін шофер тротуарға кеп жанасты. Машинадан секіріп шыққан
күзет бастығы бойжеткен оқушыны «жеткізіп тастауға болмас па
екен» деп әдеппен әдемі иілді. Ал оның машинаға мініп қыдыруға
қолы жете бермейтін, сондықтан ол қорыққан жоқ, келісе кетті.
Ақыр аяғында қаршыға-адам үш ұйқтаса түсіне кірмеген жерден
онымен шарғы жіптей шатасты. Ол мұның жалғандағы жалғыз
ашынасы болды, ол кезде ырабайда біреудің қолынан ғана келетін
жағдай жасап, «Арагви» ресторанының қарсысынан оған жеке
бөлме пәтер алып берді, ал ол болса бұған бала тауып берді.
1952 жылы оның мектептес құрбысы маған қоса кәзір даңқпен
салмақсып, салиқаланған, ал ол кезде тек Литинституттың
дәлізінде ғана гүжілдеген тағы бір-екі ақынды туған күніне
шақырды.
Столдағы дастарқан ол кезде әлі дағдыға сіңе қоймаған а-ля
фуршет (асты түрегеп тұрып, жедел-қабыл ішу) қалпымен
жабдықталса да, виктрола асығыстық сыңай байқатпай, танго мен
фокстротты ұзағынан ойнап тұрды, бірақ ешкім билемеді, оның
үстіне кейбір қонақтар тарелкаларын қолдарына ұстап, қабырғаны
жастанып жатып алды, Дастарқанның үстінде пенсияға шыққан
цирктің ұлы кіршісі Лонгиноз Стожадзенің өз қадағалауымен
келгендей тура «Арагви» ресторанының өзінен әкелген
тұздықталған тауық та, гурия капустасы да, сүйексіз өріктер де
қозғаусыз жатты.
–
Ешкімнің билемейтіні қалай? – үй иесі келеңсіз көңілділікпен
сауал тастап, бөлменің ортасына біреуді қолынан сүйреп
шығарғысы келгендей сыңай байқатты.
Бірақ бөлменің ортасындағы кеңістік табан астында ойламаған
жерден қаршығаға ұқсамақ боп жауырынын күжірейтіп,
пальтосының жағасын көтеріп, тұқырта киген шляпасының
жиегінен біздің өміріміздің секундтарын санағандай қатып қалған
мұздақтар сырт-сырт тамып оның өзі жетіп келгендей қаңырап бос
тұрды...
Қаршыға-адам атылғаннан кейін көп жылдар өткен соң, (кәзір
мағынасы жартылай ұмытылған сөзбен айтсам), ол тағы да ату
жазасына бұйрылған, ақша жасаушы Рокотовпен бас қосып еді.
Осылайша, клеенка портфелін оңды-солды ырғаған москвалық
оқушы – бойжеткен тарихқа батпандай толық емес, бірсыдырғы тоқ
балтырының арқасында еніп еді...
Ұмытпасам егер,
жетпіс жетінші жыл еді,
Моторға мініп Колымада келе жатырмыз.
Кездейсоқ келіп,
кездескен үйге түнедік.
Мәссаған! – десей,
Колымада мынау шіреніп,
телевизордан Парижді көріп отырмыз.
Көзімді сүртіп –
өңім бе деймін, түсім бе,
Францияның апталығындай Колымада!
Жатақханада бұрынғы Бурдың
14
орынында,
Азнавур
15
әнші теледидардан көсіліп,
Шырқаған әнін тыңдап отырмын оның да!
Өзімнен өзім өлердей қапа боламын,
Он тоғыз жасар колымалық шофер баланың
Жүк машинасы айнасы алдына
белгілі портретті ілгенін
мардамсынғанын көргенде соған шамалы,
Сонымен қатар –
қарасаң көзің шыдамас
плейбойлық қыздың суреті тырдай жалаңаш,
Жалаңаштығын жаның түршігер жеткізсем –
Шалбардың ауы...
жыртылып кетер шамалас.
«Әкетай дейді ол,
жатырқамасай заманға!
Әлеміш джинсы тауып бер маған одан да...»
Есіңді жина,
бозөкпе шикі, жады жоқ бала санасыз,
атадан тарап, әкеден тумай,
14
БУР – қатаң тәртіп барағы.
15
Шарль Азнавур – францз әншісі.
домалап қайда барасыз?
Баллоныңды бір-ақ жарады
өткеннің аран сымдары,
есіңді сонда бір-ақ жинайсың,
есіңнен сонда танасың.
Әлеміш джинсы дүниенің саған
ұшпағы, сірә, емес пе,
тарихтан тіпті мақұрым қалсаң –
өтірік сол ғой өрескел!
Кешегі өткен құрбандықтарға қарамағандар қырағы
ертеңгі болар құрбандықтарға
қайтадан құлдық ұрады.
Кеудені қысқан қайғы мен қапа
Зіл менен зала іштегі –
қарсыласыңның қолыңды қайырып,
зорлауы сынды, күштеуі –
айлакер, әккі секілді және лагерь мен түрме туралы
Әңгімелерге араласпай-ақ
сұмдыққа толы істері.
Ас ішіп, аяқ босатқанды ая,
қарын қамымен шектелген,
Ойлай білмейтін саяздарды ая,
көргенсізді ая өткеннен.
Не қылған сендер әумесерсіңдер
әпербақандар ұр да жық,
тегеурін қолға табынушылар –
табанын жалар құлдары.
Әлемде жалғыз әділет қол бар –
әлует қол бар, жарықтық,
Құдіретті қолы жер бетіндегі қосылған күллі халықтың!
Экранда, әне, ән шырқап тұрды
Мирей Матье малынып,
Колыманың қыздарын солай
киіндіріп көр, шабылып,
Олар да сонда шыға келер ед, кем түспей бұдан
шабынып.
Жатақхананың жалғыз столын тақасқан шынтақ
ырғайды,
дәулескер даукес қарсыласым да
қарсыласудан тынбайды.
Қарсыласқан соң көзімді шұқып –
дәлелдемей ме мысымен,
қолымды бұрап қайырғысы бар қақпақыл жасап
күшімен.
Қолым-ау менің, неге әлсірейсің,
қалтырайтындай не туды?
Салдырап қалған сотталғандардың сенімсіз қолы секілді.
«Арымның жаным — садағасы» деп,
арымдай сенсем халқыма
Қолымды менің кім бұрай алар?
Достарыңызбен бөлісу: |