қол арбасы тосылып.
Таксиге мен домаланып
дөңайбатсыз мінем-ақ,
таксист көзін қадап алып,
«шығыңыз» дер сыналап.
Зарядьеде бір қыз маған:
«Ағай, – деген, – өзіңізде
бар ма, сірә, тек дейтұғын?
Қараңызшы, көзіңізде
кедейлік тұр кетпейтұғын.
Таксистерге сөзіңіздің
Себебі сол өтпейтұғын».
Күлдім сонда. Тапты қалай,
Әдемі айтты, не керек!
Кедей едім. Қалдым солай,
Кедейлігім – керемет!
Кедейліктің ең ғажабы –
тарыққанда таба алмау,
Жылпос тұмсық жорғалардың
Жоқ жеңісі, жоқ алдау.
Кедейліктің ең ғажабы –
ойдағыны жасырмау –
сырахана ауласында
мүгедектің арбасында
отырсаң да бас ұрмау.
Кедейліктің ең ғажабы –
қабақтары қас-қағым
Жер таңдамай, күй таңдамай,
көңілдері жалғанады
дырдуында пасханың.
Кедейліктің ең ғажабы
кедейсінбей жырғауы —
трамвайда
бақырларын
Жоғалтқанға қыңбауы.
Қалтам егер сыңғырласа,
Түк қалдырмай қағамын.
Бар байлыққа бір жырғасам –
байығандай боламын.
Кейін өлем... зіл-заланы
Жұмақ көрем бөленер.
Кедейліктің бір ғажабы –
өлсем орным – қара жер.
Өзім кейде өлсем деймін,
өлтіртпейді өзгелер.
Мен өзімді бөлсем деймін
өзіме де, өзгеге.
Көргенімді, көрерімді,
келетінді қолымнан,
Рязаньға да, Парижге де
берсем деймін жолымнан.
Сүйектерім салқам-салқам
базаршылап сабылдым.
Бәрін берем Коста-Рика,
Уругвайға барымның.
Бір үзім нан жан болады
Аш өзекті жалғасаң.
Кедейліктің ең ғажабы –
өле ішкенше бөле ішуі,
бөлісуі әрқашан.
Бір кездегі сібір кемпірінің перрон басында бір үзім нанды қалай
бөлгенін келтіре алмай актриса әбігерге түскені! Ақ тер, көк тер
болды, бірақ саусақтарынан жалған қимыл сезіліп тұрды. Сол кезде
оператордың ту желкесіндегі топтың ортасында аузын ашып,
таңырқай қарап қалған кемпірге көзім түсті. Оның көзінде мың сан
рет кезекте тұрған жансебіл әйелдің көзқарасы бар еді. Оны
қайтадан киіндіріп жатудың да қажеті болмады, өйткені сексен үш
жасар кемпірдің үстіндегі киім сол қырық бірінші жылғы киіммен
пара-пар еді.
–
Мүмкін, сіз байқап көрерсіз?— дедім мен жәй ғана.
Ол түйіншекті қолына ұстап, темір жол қоймасының бөрене
қабырғасына сүйеген қапшыққа тізе бүкті. Іске қосылған
камералардың тарсыл-тұрсылына зәредей назар аудармастан, ол
алдында аш адамның тұрғанын балаға қарамай-ақ көзін жұмып
көргендей еді.
–
Балам, бері келе ғой, – деп күбірлемей-ақ бір күрсінді де
түйіншектің шетін шеше бастады. Ол нанды әр талшығының
қасиетін саусақтарының ұшымен сезінгендей сипалай сындырды.
Қара қылды қақ айырғандай бір үзім нанды қақ ортасынан бөліп
алды да, баланы аяныш сезіммен ашуландырып алмайын дегендей
еппен ғана ұсынды. Одан кейін орамалының шетінен шығып кеткен
ақбурыл шаштарын сол қолымен жәйімен ғана түзеді де, оң
қолының алақанындағы нанның үгіндісін бір қиқымын
қалдырмастан тілінің үстіне тастап жіберіп, әлгі бір түйір нанды
апыл-ғұпыл жеп жатқан балаға көзі түскенде бәрібір аяныш сезімін
жасыра алмай – мұңға толы көкшіл көздерінен жас ытқып-ытқып
кетті. Оператор шыдамай жылап жіберді, маған осынша уақыттың,
адамдардың арасындағы шекара жойылып кеткендей, менің
алдымда маған тілім-тілім, күс-күс қара қоңыр алақанымен,
арзанқол ғана мыс сақина өткізген мүйіз-мүйіз мейірбан
саусақтарымен менің балалық шағымнан шығып баяғы сібірлік
кемпір бір үзімнің қақ жартысын қайтадан ұсынып тұрғандай
болып көрінді.
Уақыттың, адамдардың, халықтардың арасындағы ше-
каралардың жойылуынан артық қандай жақсылық болуы мүмкін...
Мен сендерді құрметтеймін,
қызғылт жүзді шекарашы бауырларым,
жер-көкте
туған елдің тыныштығын
кірпік қақпай күзеткендер тұғырда,
«Мемлекет және революция» атты
лениндік еңбекте
шекарасы болмайтұғын әлем жайлы
мықты айтылған, шынында.
Шекараның әр бағаны
өз-өзінен байызсыз да сенімсіз,
басқа жапырақ, басқа ағашты
сағынады, сарғаяды көңілсіз.
Ағаш екеш ағашқа да ең ауыры жазаның –
шекаралық ағаш болып
сағыну мен сарғаюдың тарту шығар азабын.
Шекаралық бағандарда қалғыған құс – ерқара,
ағаш мұңын өлтірсең де
ойлай алмас толғана.
Шекара да ең алдымен
адамдардың өз ойынан жаралды,
шеңберімен шектеп сосын
шыр үйірді адамды.
Шекаралар шығарды ойлап
полиция, әскерлерді, шекарашы солдатты
таможня тексерісін бас куәлік –
паспорттарға жалғатты.
Шүкір, тоба!
Көз көрмейтін бар екен бір тініміз бен жібіміз,
қан тамыры секілденіп,
бір Құдайдың тамырынан тарапты.
Махаббатқа махаббатты,
сағынышқа сағынышты қосу үшін жан салар
сол суыртпақ, сол бір тіндер темір торлы арандарды
бұзып өтіп, жол салар.
Қайдағы бір Парагвайда
тамып кеткен көздің жасы буланып,
Эскимостың мұртына кеп
таңғалмайсың мұздақ болып қонса олар.
Ойлайды ғой қабырғасы
Чилидегі түрменің
тас шекара болдым-ау деп шемендеген іргені:
Ойлайды ғой: «Қандай рақат,
бұзса мені, тас-талқан ғып тастаса,
сүйегімнен лунапарк, аурухана, мектеп...
сала бастаса».
Нью-Йорктың көк тіреген
(кекшірейген) ғимараттар ғаламы
шалғын иісін ұмытты ғой, жер иіскемей табаны:
«Кремльдік мұнарамен –
(жоқ-ау рұқсат!)
төс қағысса қайтер ед»
деп ойлайды,
неон шамнан көгіс тартып қабағы,
маңдайында әжімі бар шамалы.
Бағзы-бағзы замандағы бабаларым еске түссе қиналам,
Жаудың басын олжа көріп
үңгірді үңгіп көмген дағы жинаған.
Тас найзасын қанға малып,
үшкір ұшы қан жалап
ең алғашқы шекараны тартқан сол ғой таңбалап.
Бас сүйектен тау тұрғызса –
Эверестке жетер ед,
Жер жарықтық қабір – табыт қорабы боп кетер ед.
Шекаралар тұрғанда әзір қаз-қалпында қалыпта,
Біз бәріміз – бағзылармыз,
дейінгіміз тарихқа.
Нағыз тарих басталады жойылған күн шекара,
Нағыз тарих шығар сонда,
келер сонда жарыққа.
Тек әзірге көз көрмейтін
тініміз бен жібіміз
білдіреді бәрімізге бір екенін тегіндегі түбіміз,
Россия, Ирландия,
Таити де түсті деп пе ең аспаннан,
тылсым жұмбақ туыстармыз –
біріміз бен біріміз.
Күллі адамзат –
маған тұтас үкімет
Әр қайыршы – маршалымсың, үкім ет!
Нәсілшілмін, нәсілшілдік жалғыз ғана асығым –
мойындаймын, нәсілдердің нәсілінің нәсілін
Неткен кем сөз, неткен қор сөз:
«шеттен келген шетелдік»
Жер бетінде төрт жарым миллиард көсемім бар –
мен солардың көз көрмейтін
жүректегі жіптерінің қылында
би билеймін –
орыс биін (бас тігіп),
үзілсе өліп кетерлік...
Ал Гитлер – құйыршықтар сұрқия көз, сұм қабақ,
күллі әлемнің төрт құбыласын
концлагерь сымдарымен шырмалап,
Пиночеттің стадионы секілді
дүниені көкала көк торғайдай
еткен болды тонап, талап, жұлмалап...
Мен Леондинг дейтін жердегі қарапайым ғана австриялық
қорымның арасында айналасына айрықша бір қамқорлықпен
шымқай қызғылт қазотын егіп, көмкеріп тастаған қабір басында
тұрдым. Басында фотосуреттері бар құлыптаста «Алоиз Гитлер.
1837—
1903» және «Клара Гитлер. 1852—1907» деген таңбадан
басқа таңғалдырарлықтай ештеңе жоқ еді.
Кенеттен жел үрлеген қазотының бір тал жапырағы әйнек-
суреттегі келбетіне көңілі тоқ баж алушының түнеріңкілеу
жайдарылылық танытатын мұртына барып жабыса қалғаны, көзім
сол сәт солай қарай түспесі бар ма, мыңдаған саптыаяқ сыра ішкен
адамның мұртында сүртілмей қалған көбіктің көпіршігі сияқты боп
көрінді. Сіркіреген жаңбыр тамшылары мейірімді ханымның
ақбурыл самайынан атжақтарына қарай сорғалай бастады.
Гитлердің әке-шешесінің жүзінен мен аламан атжалмандық
ешнәрсе көре қоймадым. Бірақ, олардың ұлдарының жер бетін
алатайдай бүлдіргені есіме түскенде, қабірдің үстін көмкерген
мынау қызғылт қазотының астындағы тылсым тыншуда аламан
атжалмандық бұғып жатқан сияқты сезілді.
Гитлер аламан атжалманға айналған шұнақ құлақ сұртышқан
ғана болатын. Аламан атжалмандар бірден тумайды, бірте-бірте
қалыптасады. Қаншама аналар мен балалардың қан-сүйегіне дейін
кеміріп ол әлемдік ауқымдағы аламан атжалманға қалайша
айналды?
Ламба монастырындағы шіркеу хорына қатысатын балалардың
суретінде артқы қатарда жұрттың бәрінен биік көрініп, жұрттың
бәрінен көзге бөлектеу түсіп, екі қолын кеудесіне қаусырып, екінің
бірі көре бермейтін белгісіз бір нүктеге көзін қадап алған бала
Адольфтың тұрысы туғаннан дене бітімі ойқы-шойқылау
(кемтарлау) көрінсе де, фюрерлік сызданысымен таңғаларлық сыр
аңғартатын сияқты. Айтпақшы, бойы аласа болса да, ол басқа
суреттерде де басқалардан биігірек көрініп тұрады. Суретке
аяғының ұшымен тұрып түскен бе? Туа сала мұндай кеудемсоқ
көкірек оған қайдан пайда болған?
Ол – алты баланың біреуі. 1960 жылы көз жұмған Пауланың
ғұмыры ғана одан ұзақ болды. Густав небәрі екі-ақ жас өмір сүрді,
Ида да екі жыл. Ал Отто небәрі бірнеше ай ғана жарық көрді,
Эдмонд алты жасында өлді. Кім біледі, бір жапырақ Адольф
жарық дүниеге келгенде әкесі шешесіне: «Әй, қойшы,
басқаларынан асып бұл қайда барар дейсің?» – деп, бір бұрқ еткен
шығар. Мүмкін осы әңгіме санасына санасыз түрде сақталып
қалған Адольф сол ерекшелікті дәлелдеу үшін өлмей, өлермендік
танытқан шығар?
Гитлер бауырына басқан нағашы апасының қолында жетім өседі.
Мүмкін оны өшпенді ғып өсірген жетімдіктің жетіспеген қара наны
шығар? Рас, нағашы апасы оны ұрып-соқты ма әлде тұт жалаңаш
киіндірмей өсірді ме, ол жөнінде ешқандай әңгіме-аяң жоқ... Кейбір
әңгіме төркініне қарағанда, Гитлердің түп нағашы әжесі еврей
болған болса керек, сондықтан мектепте оқып жүргенінде оны
жөйтсің деп жаман ызаландырады екен. Оның патологиялық
антисемитизм ауруы осыдан пайда болмады ма екен? Бірақ бұл
болжамнан антисемиттіктің иісі аңқымай ма?
Оның алғашқы екі махаббатының екеуі де сәтсіз – біріншісі
мектепте, Штефани деген қызға, екіншісі өзінің туыстары мен
таныстарының екіжүзділіктерінен жапа шегіп, 1931 жылы өзін-өзі
өлтірген, немере жиені Анжелика Раубалға; осыдан соң ғана Гитлер
Ева Браунға үйленген...
Бірақ, оның өшпенділігінің жұмбағы мұнда емес, басқада ғой деп
ойлаймын.
Гитлер бола алмай қалған суретші және де ол өзінің танылмай
қалғанын өлердей қорлық санаған адам. Мен оның салған
суреттерін кердім, онда ортақол кәсіпқой суретшінің қабілеті бары
сөзсіз. Ал егер ортақол, дүмбіл дүбара қабілеттер кеудемсоқ
ұлылықтың өлермен өшпенділігімен қосылса, қауіптінің қауіптісі
сол ғой. Гитлерді 1907 және 1908 жылдары Венадағы өнер
Академиясы қатарынан екі рет қабылдамай қойған. Ол кезде
Венада негізінен Галициядан шыққан үлкен еврейлер қауымы
болған, сірә, Гитлердің картиналарын қабылдамай қайтарғандар
немесе су тегінге сатып алғандар сол саудагер – еврейлер болуға
тиіс, олар, бұл әрекеттерімен келешек қаныпезердің ызасын
ушықтырғанын, әрине, білген жоқ.
Бұл қалай болғанда да Гитлердің аламан атжалман болуы үшін,
оның ішінде әуелі бүкіл ішек-қарнын қырып кемірген
атаққұмарлықтың тойымсыз сұртышқандары пайда болғаны сөзсіз.
Бәлкім оның австриялық әскердегі қызметінен түлкі бұлаңмен
құтылып, даңққа лайық екенін қыл қаламмен көрсете алмаған соң
мылтықтың дүмімен танытайын деп, 16-шы Бавария полкіне өз
еркімен кіруі осы атақ құмарлығының айғағы шығар.
1918 жылы ол Ла Монтань селосында «сары крест» газымен
уландырған француздардың шабуылына түсіп қап, көзі көрмей
қалады. Артынан айығып, көзіндегі байлаулы шүберекті шешіп,
қайтадан жаратқан тәңірдің жарық дүниесін көрген кезде атағы жер
жарған суретші болу үшін ант-су ішеді. Бірақ, сол кездегі Германия
маңдайын тасқа соғып, тізе бүгіп жеңілген күні, бәлкім, бұл өзінің
аласұрған сезімінің азабын тартты ма, әйтеуір ол тағы да
соқырланып, тағы да тоғышарланып барып, қайта пісіп, қайта
толысқан, бірақ бұл жолғы ант-суды ол өзінің бүкіл ғұмырын,
живописін түсінбеген жөйіттер мен қызылдарға қарсы қырқысқа
арнау үшін ант-су ішеді.
Шындығында, ол атағы жер жарған ажал суретшісі ретінде
алғашқы ішкен ант-суын орындады. Ол жер шарының жыртық
кенебіне қызыл қасап жасап, қанды бояуды айқұш-ұйқыш жағып,
дар ағаштардың адам қолынан келместей мүсіндерін орнатып,
қираған дүниелерден тау-тау үйінді ескерткіштер тұрғызып, тіпті
американ мүсіншісі Колдерден бұрын ең алғаш арантемір
қоршаулардан түршіге таңғаларлық композициялар жасады. Ол
өзін мойындауға мәжбүр етті, ол өзі туралы амалсыз «айтқызуға»
тура келтірді.
Гитлер алпауыт алып-сатарлардың алақанына салып көтерген
ұсақ қана ұңғыт еді. Өздерінің алып-сатар, сауда-саттығының
ауқымын қанды қасап арқылы жер-дүниеге жайып жіберу үшін,
оларға оның көрпесіне қарай көсілуді білмейтін көрсеқызар,
қанағатсыз, тойымсыз ауруы ауадай қажет болды. Сондықтан да
олар Гитлер үшін қол көтерді, сол үшін оның етегінен ұстады. Фа-
шизм – қанағатсыздықтың қанадан шыққан қасиетсіз саудасы.
Үш ұйқтаса түске кірмейтін кездейсоқтықты қараңызшы —
Гитлердің балалық шағы өткен үйде кәзір қорымның көр
қазушылары тұрады екен.
Жын ойнақ тәртіп кез келген елдің түбінде
түбіне жетер,
ішінде жүрген шіреніп
денесі жұмсақ либералдардың ірірде
түсіне қамқор, тегеурін қолдар кіреді.
Ал содан кейін ой қуып жүрген шабақты
тегеурін қолдар желкеден алып, кішіре
Жұмсақтығы үшін рақмет айтып,
бейбақты –
бейшараларды қамайды тордың ішіне.
Либералдардың Гитлер білген бар құнын
социализмнің шабынан түртіп шамалы
циркші сынды,
өрмелеп жасап тағдырын
Гинденбургтің
10
сиреген мұрты арқылы
сығалап тарих сахнасына қарады.
Әнеки, әне ол алдында қара құрым топ
жаңғырды дауысы күшейткіштермен гүрілдеп.
Туларда, жеңде, маңдайда –
свастикалар
қарақұрт сынды билейді қаптап, дірілдеп.
Өңмеңдеп аттап, өңешін жыртып есіріп,
Европаны бағындырған ой басында
қадалып Рем
11
сыр аңдап,
10
Гинденбург Пауль – 1925 жылдан Германияның президенті, 1933 жылы өкіметті фашистердің қолына
беріп, Гитлерге жаңа үкімет ұйымдастыруды тапсырады.
галифелі етік, былғары қоныш сылаңдап,
не кисе дағы... қасапшы екен-ау, расында.
Ойлайды Рем: «керек боп аз күн жүр едің...
фюрерсымақ құйрықтан ертең бір тебем».
Шарпулы оттан тыртық бетінде Ремнің
ойнайды сәуле шырақты түнгі білтеден.
Ремнің ойын жонымен сезіп, демінен,
Желөкпелігін желеу ғып сырттай тобырға.
Гитлер болса «ойнапсың, дейді, менімен
Уақытың бітті... ендігі менің қолымда».
Сыйлаған болып байқатпас Рем әр ізін
есеп қой, тәйірі, қарымта алар, есе алар.
Түндерде мұндай қайшысы ұзын, қолы ұзын
талайдың өмір, талайдың жолын кесе алар.
«Хайль Гитлер!» – ес тана шулап, дүркіреп
бұйра шаш кілең – гретхен біткен зыр қақты.
Ремнің қолын қысастау қысты Гитлер:
«Түн қандай рақат, партайгеноссем, қымбатты!»
Қартайып, денесі сал тартқан әмірші сүйікті адамының келе
жатқанын аңғарып, көзілдірігін қолына алғанда, әлгінде киноға
түсірерде гримердің түтігімен тамызылған, былайша айтқанда,
зордың күшімен шыққан жасанды жас оның ұйқысыздықтан
үңірейген көз алдында көлк-көлк етті. Осы бір дүниенің бәрінен
талақ та тастанды, жападан жалғыз қалған бақытсыз адамды ең ұлы
11
Рем (1887 – 1934) – империя министрі, фашистік Германияда шабуыл жасайтын отряд штабының
бастығы, кейін Гитлер санкциясымен атылған.
мақсат-мұраты тәрк болуға айналған тұста да сатпаған сүйіктісі
ретінде жаттанды жаттығыс әдетімен құшақтауға ұмтылған Клара
Петтачидің көзінде де осындай түтік-тамызықтың жасы бар еді...
–
Мынау масқара ғой! – әйгілі итальян режиссері оқыс айқайлап
жіберді, 1984 жылғы Венеция кинофестивалінің жюри мүшелері
түгелдей зығырдандары қайнап, дүрліге дауыс көтеріп,
құрқылтайдың ұясындай кинозалды басына көтерді. – Фашистік
бояма ғой мынау... Тарихтың өңін айналдыру! Фестивальдің бетіне
түкіргенмен бірдей...
Шыдамай шырыл қаққан батысгермен жазушысы Гюнтер Грасс
езуіндегі трубкасынан кішігірім вулканның түтіні атқылағандай
ашуға шыдамай шырыл қаққанда көзілдірігі мұрнына қарғып,
мұрттары жыбырлап, енеке сиырдай (буйвол) еріксіз басын
шайқады.
–
Үзілді-кесілді қарсымын! Фильмді фестивальда көрсетуден
алып тастау керек. Егер бұл Гитлер туралы немістік фашизм
жөніндегі фильм болса да, мен осыны айтқан болар ем.
Қаншама жылдар бойы шор-шор тырнақтарымен мексикан
кактусына жабысқан Пиренейдің бурыл бас қыранындай Рафаэль
Альберти мұхит арқылы өзінен тартып алған Испаниясына
қимастықпен қинала қарап:
–
Мұнда фашизмнің иісі ғана емес, сасығы мүңкіп тұр ғой, –
деді.
Актерден гөрі провинция мұғаліміне ұқсаңқырайтын швед актері
Эриксон:
–
Менің танауымның сезген иісі дө сондай, – деді сенімді түрде
жұмсақ үнмен.
Сексуалды тақырыпта жазатын американдық жазушы әйел Эрика
Ионг үй шаруасындағы инабатты ұяң әйелдің қалпымен:
–
Масқара, ұят-тағы!, – деп бұйра шаштарын бір сілкіп қойды.
–
Бұл жәй ғана былапыт емес, барып тұрған қауіпті былапыт,
мұны адамдар пайдаланады, зар илеп, запыран құсады, – дедім мен.
Әкімшілік өкілінің көздері безек қаққан қоңырау кнопкасындай
әбігерленіп, бір орында тұрмай әлекке түсті. Бет-аузы әп-сәтте бір
жағы оңға, бір жағы солға тартып, қисайып кеткендей. Мұрыны
оңнан солға, солдан оңға қарай сорайған сыңай танытады.
–
Моментито! Сәл ғана сабыр! Сіздердің айтқан пікірлеріңізді
бірге бөлісемін, синьорлар... Бұл – нашар фильм... иә... иә... өте
нашар фильм... нашардан да нашар, төменнен де төмен фильм...
Бұл Италияның атына ұят... Бірақ әкімшілік өте қиын жағдайда.
Мұндай жағдай бізде бірінші рет, мүмкін әлемдегі ең прогрессивті
жюри жиналып отырған шығар. Бірақ, синьорлар, мені ащы
Достарыңызбен бөлісу: |