МӨЖ №1 Тақырыбы: «Балдырлардың табиғаттағы маңызы, өнеркәсіптің көптеген салаларында шикізат есебінде пайдалануы. Олардың химиялық құрамдары. Қазақстанда кездесетін түрлері. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтың оларға зияны. Оларды қорғау және сақтау шаралары. »
Орындаған: Полатова Альвина Қабылдаған: Ануарова Л. Е. Факультет: Жаратылыстану
Кафедра: Биология
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Балдырлардың табиғаттағы маңызы, өнеркәсіптің көптеген салаларында шикізат есебінде пайдалануы
Балдырларды қорғау
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. Бір грамм қара топырақта 50 000 балдыр болады. Суда өсетін жасыл балдырлар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттек бөліп шығарады. Суда мекендейтін көптеген жәндіктер мен балықтардың тыныс алуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіре отырып, суды тазартады.
Балықтарға азық болатын ұсақ жәндіктер балдырларды қорек етеді.
Балдырлармен балықтар, теңіз жәндіктері қоректенеді.
Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып, топырақ түзуге қатысады.
1. Балдырлардың табиғаттағы маңызы, өнеркәсіптің көптеген салаларында шикізат есебінде пайдалануы
Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады.
Балдырларды шаруашылыққа кеңінен пайдаланады. Қоңыр балдырлар мен қызыл балдырларды ертеден-ақ тамаққа, мал азығына пайдаланып келеді. Себебі бұлардың құрамында йод, фосфор, мыс болады.
Қытай мен Жапонияда порфира балдырын арнайы табиғи жағдайға жақын ортада өсіріп, көкөніс есебінде тамаққа пайдаланады.
Ламинария балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады .