Жасыл балдырлардың шаруашылықта маңызы зор. Олар фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзіп, судан өз бойына көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады. Бөлінген оттегіні суда мекендейтін жануарлар пайдаланады. Сонымен бірге жасыл балдырлардың біржасушалы және жіптәрізді түрлері судағы балықтардың және басқа да жануарлардың қорегі.
Егістік суғаратын каналдарда, балық өсіретін көлшіктерде балдырлардың шамадан тыс көбейіп кетуі шаруашылыыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан оны болдырмас үшін каналдарды, көлшіктерді оқтын-оқтын тазардып отыру керек.