Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданады. Олардан йод, спирт, сірке қышқылы, жасунық, агар-агар (ғылыми зертханаларда бактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта) алынады. Агар-агарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады.

Теңізде толқынның әсерінен жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады. Оларды кептіреді де, топыраққа араластырады. Әсіресе бау-бақша өсімдіктері мен жүзімнің түсімі артады.
Кладофора жасыл балдырларын қағаз өндірісінде пайдаланады.
Жасыл балдырлардың шаруашылықта маңызы зор. Олар фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзіп, судан өз бойына көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады. Бөлінген оттегіні суда мекендейтін жануарлар пайдаланады. Сонымен бірге жасыл балдырлардың біржасушалы және жіптәрізді түрлері судағы балықтардың және басқа да жануарлардың қорегі.

Егістік суғаратын каналдарда, балық өсіретін көлшіктерде балдырлардың шамадан тыс көбейіп кетуі шаруашылыыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан оны болдырмас үшін каналдарды, көлшіктерді оқтын-оқтын тазардып отыру керек.
Балдырлардың күлі-бром мен йод алуға арналған шикізат. Йод ашылғаннан бері (XIX ғасырдың ортасы) Норвегия мен Шотландия оны тек түбіндегі өсімдіктерден алды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде йодқа деген қажеттілік күрт өскен кезде жапон зауыттары миллиондаған тонна шикі балдырларды өңдеп, шамамен 600 тонна йод алды.

Диатомит абразивті ұнтақтар мен сүзгілердің құрамында қолданылады, сонымен қатар асбестті алмастыратын жылу оқшаулағыш материал ретінде қызмет етеді.