2.Фразеологиялық бірлік.
Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешіліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз.Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған.Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады.
3. Фразеологиялық тізбек.
Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек,көк жұлын,аш бүйір т.д. Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірде – екілі сөзбен ғана шектеліп қолданады. Мысалы, көк бет, қасқа жол т.б.
ІII. Фразеологиялық варианттар. Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым – құрылысы жағынан ұқсас келген түрлері фразеологиялық варианттар деп аталады.Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады :
1. фонетикалық вариант;
2. лексикалық вариант;
1.Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқарып айтылуы жатады.Мысалы, ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ деп те айта береді.Мұндағы ай мен әй, ажа мен әже бір – біріне фонетикалық вариант болып есептеледі.
2. Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады.Мысалы, ағама жеңгем сай – апама жездем сай; артына түсті – соңына түсті; аспанмен таласқан – аспанмен тілдескен; азуы алты қарыс – азуы кере қарыс т.б.
Пайдаланған әдебиет тізімі:
К.Аханов.Тіл білімінің негіздері, Алматы,2002ж.
Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Алматы, 2003ж.
Қазақша – орысша сөздік, Алматы, 2004ж
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Достарыңызбен бөлісу: |