Полилогтық алаң Тақырыбы



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі81,68 Kb.
#18833
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ордабай Аяжан СӨЖ лексикология

3.Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан.Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір – бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.
ІІ. Фразеологизмдердің түрлері

Фразеолгизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір- бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді.Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап – айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі.Сондықтан фразеологизмдерді түр – түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет