Протездік – ортопедиялық бұйымдар (оның ішінде – аяқ киімдер);
Ауруханалық киім, төсек орын керек-жарақтары.
Қолданылу саласына қарай бұл полимерлерге қойылатын талаптар да сан-алуан.
Полимерлердің практикалық медицинада қолдану классификациясы
Қолданылу мақсаты мен активтілік дәрежесі бойынша:
өз алдына физиологиялық белсенділік көрсете алатын табиғи және синтетикалық полимерлер – ферменттер, гормондар, қан, плазма алмастырғыштар, т.с.с. жатады;
қосалқы агенттер – дәрілік препараттың құрамдастарын байланыстырушы, дәрілк заттардың сыртын қаптау үшін қолданылатын полимерлер.
Бірақ, полимерлер өздеріне тән қасиеттердің арқасында, дәрілердің құрамында енжар роль атқарып қоймай, олардың физиологиялық активтілігіне игі әсер етеді.
Әсер ету принципіне қарай:
Өз физиологиялық белсенділігі бар полимерлер. Полимерлердің өз физиологиялық белсенділігі деп олардың тек полимерлік күйімен байланысты, кіші молекулалық күйде байқалмайтын активтілігін айтады;
Физиологиялық белсенділігі полимерге қосылған кіші немесе жоғары молекулалы дәрілік заттарға байланысты полимерлер