«полиметалл» АҚ Қызыл жобасының ЭӘӘБ



Pdf көрінісі
бет4/95
Дата06.03.2017
өлшемі57,11 Mb.
#7962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

 

СУРЕТТЕР   

 

2.1 сурет ЭӘӘБ орындалу үдерісі ....................................................................................................... 38 



Қызыл Жобасының ЭӘӘБ, 

 

 



ZT52-0156/ММ1021

 

Желтоқсан 2015 



Түпкілікті нұсқасы 

 

бет 


 

2.2. -сурет ҚС және ХҚК ҚС нұсқаулығы ............................................................................................ 48 

3.1  -сурет  Бақыршық  кен  шығарылатын  орны  -  01.01.2015  ж.  ашудың  бастапқыдағы  сұлбасы 

және алынған қорлар ......................................................................................................................... 71 

3.2- сурет Кескіннің шартты сызықтары бар жоспардағы үйіндінің түрі ........................................ 72 

3.3-сур. Жыныстар  үйіндісі, 1-1 кескін .............................................................................................. 72 

3.4-сур. Жыныстар  үйіндісі, 2-2 кескін .............................................................................................. 73 

3.5- сур. Жыныстар  үйіндісі, 3-3 кескін ............................................................................................. 73 

3.6- сур. Көкжиектің изометриялық кескіні Тау-кеннің көлденең тізбегі ...................................... 74 

4.2.1 -сурет Қазақстан Республикасы .............................................................................................. 113 

4.2.2 -сурет Орташа айлық жауын-шашын және температура кестесі, Шалабай метеостанциясы, 

1938-2013 жж. .................................................................................................................................... 116 

4.2.3. -сурет Шалабайда 1994-2013жж. ауа температурасының өзгеруі . .................................... 117 

4.2.4 -сурет Шалабай метеостанциясындағы желдің тармақтары (м/сек) .................................. 118 

4.2.5-  сурет  Жер  бедерінен  10  м  биіктікте  жел  жылдамдығының  орташа  айлық  және  жел 

екпінінің өзгерістері (1994 -2013жж.) .............................................................................................. 119 

4.2.6 -сурет Шалабайдағы қар биіктігінің орташа айлық өзгерістері (1994-2013жж.) ................ 119 

4.2.7 -сурет Орташа жылдық температуралардың уақыттық қатарлары және сызықтық екпіндері, 

барлық Қазақстанның аймағы бойынша орташаланған ............................................................... 120 

4.2.8  сурет  Орташа  жылдық  жауын-шашын  мөлшері  уақыттық  қатарлары  және  сызықтық 

екпіндері, барлық Қазақстанның аймағы бойынша орташаланған ............................................. 121 

4.4.1. сурет MicroDust Pro аэрозольдарын бақылау жүйесі .......................................................... 130 

 4.6.1-сурет Өңірлік металлоген картасы ........................................................................................ 135 

4.6.2-сурет Қызыл өңірінің сұлбалық геологиялық картасы ......................................................... 137 

4.6.3-сурет Бақыршық кен орнының минералдануының үлгілік геологиялық кескіні ............... 139 

4.8.1-сурет Пайпер диаграммасы  - 2015 ж. шілдедегі судың сапасы .......................................... 168 

4.8.2-сурет  Қызылту  су  бөгетінің  пайдалану  ұңғымаларына  арналған  судың  деңгейі  (жердің 

деңгейінен - м) 1Э және 2Э, суды тартып шығарудың тәуліктік көлемі және 2001 ж. сәуірінен 2006 

ж. қазанына дейінгі кезеңде жауын-шашынның жиыны, Қазақстан ........................................... 174 

4.8.3-сурет  Қызылту  су  бөгетінің  пайдалану  ұңғымаларына  арналған  судың  деңгейі  (жердің 

деңгейінен - м) 3Э және 4Э, суды тартып шығарудың тәуліктік көлемі және 2001 ж. сәуірінен 2006 

ж. қазанына дейінгі кезеңде жауын-шашынның жиыны, Қазақстан ........................................... 176 

4.8.4-сурет  Судың  деңгейі  бойынша  барлық  бар  мәліметтер  (теңіздің  жоғары  деңгейінен  -  м) 

Қызылту су бөгетінің пайдалану ұңғымаларына арналған ........................................................... 178 

4.8.5-сурет Пайпер диаграммасы  - 2015 ж. шілдедегі жер асты суларының сапасы ................. 180 

4.8.6-сурет Тартып алынған шахтадағы сулардың көлемі, жауын-шашынның жиынтықты айлық 

көлемі  және  1998-2013  жж  кезеңдерде  ағынды  құрайтын  жауын-шашынның  жылдық  көлемі

 ............................................................................................................................................................ 183 

4.8.7-сурет Бейнеленген телімнің картасы және сандық бөлінуі ................................................. 185 

4.9.1 -сурет ХОА Калбин батыс және солтүстік тау етектерінің ұзақтығы. ................................... 186 

4.9.2 -сурет Құстардың көші қонын зерттеу үшін қолданылатын есепке алу маршруттары ( 28-09-

11 және 02-10-11 аралығында) ........................................................................................................ 210 

4.9.3. -сурет Топырақты тұзақтарды орналастыру сұлбасы .......................................................... 217 


Қызыл Жобасының ЭӘӘБ, 

 

 



ZT52-0156/ММ1021

 

Желтоқсан 2015 



Түпкілікті нұсқасы 

 

бет 


 

4.9.4 -сурет Герпетобионтты омыртқасыздардың таралуының динамикалық тығыздығы ....... 224 

4.9.5  -сурет  Антропологиялық  қайта  құрылған  және  табиғи  ценоздарда  герпетобионттардың 

басым тұқымдастарының саны  ....................................................................................................... 225 

4.9.6  -сурет  Антропогендік  қайта  құрылған  және  табиғи  ортада  омыртқасыз  герпетобионттар 

тұқымдастары өкілдерінің динамикалық тығыздығы ................................................................... 226 

4.9.7  -сурет  Зерттелген  учаскеде  іріктеу  нүктелері  (қара  нүктелер  сынамаларды  іріктеу 

учаскелеріне көрсетеді) .................................................................................................................... 231 

4.11.1-сурет Шығыс Қазақстандағы негізгі жолдар Дереккөзі Облыстық әкімдік ...................... 255 

4.12.1-сурет Әуезов кентінде тұрмыстың түрлі заттарын игеру, 52 сұрастырылған жанұялардың 

% .......................................................................................................................................................... 272 

4.12.2-сурет Шалабай кентінде тұрмыстың түрлі заттарын игеру, 65 сұрастырылған жанұялардың 

% .......................................................................................................................................................... 277 

5.2.1-сурет ХҚК нұсқаулығына сәйкес жұмсартатын шаралардың иерархиясы .......................... 272 

5.4.1-сурет ЖГ шығарылымдарының шегі (Дереккөзі: Парникті газдарының шығарылымдарын 

қысқарту бойынша іс-шаралар) ....................................................................................................... 280 

5.4.2-сурет Қазақстандағы желілік электр энергиясының болжанған құрылымы ...................... 281 

5.4.3--сурет Ашық тау-кен жұмыстарының кезеңінде СО2 ЖГ шығарылымдарының үлесі....... 287 

5.4.4--сурет Жер асты тау-кен жұмыстарының кезеңінде СО2 ЖГ шығарылымдарының үлесі 288 

5.4.5--сурет ЖГ шығарылымдарының жиынтықты көлемі ............................................................ 290 

5.6.1 -сурет Көзінен қашықтықта жұтылатын шаңның салыстырмалы деңгейі .......................... 317 

 5.12.1  -сурет  Бақыршық  алтын  өндіретін  жобасының  орналасқан  картасы  (шартты  белгілері 

төменде көрсетілген) ........................................................................................................................ 415 

5.12.2 -сурет Барлық қиылыстар ...................................................................................................... 420 

5.12.3 -сурет Ұсынылған айналып өтетін жолдың бағыты ............................................................. 428 

5.12.4. -Әуезовтан Шалабайға кеніштің өнімдерін тасымалдау бағыты ...................................... 429 

7.1-сур. Қызыл жобасына арналған полиметалл кадрлары.......................................................... 529 

 


ЭӘӘБ Қызыл жобалары,  

1-тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015 

V1.0 қорытынды нұсқа 

 

1-бет 


 

1

 

КІРІСПЕ 

 

Wardell  Armstrong  International  (бұдан  әрі  мәтін  бойынша  «WAI»)  «Полиметалл» 



компаниясының басшылығы Қазақстан Республикасында орналасқан (бұдан әрі мәтін бойынша 

«ҚР») Қызыл алтын кені жобасына (бұдан әрі мәтін бойынша «Жоба») келтірілетін экологиялық 

және әлеуметтік әсерді бағалауды (бұдан әрі мәтін бойынша «ЭӘӘБ») тапсырды. ЭӘӘБ Жобасы 

бойынша  жұмыс  көлемін  толық  түсіну  үшін  «Полиметалл»  2015  жылғы  шілдеде  орындаған 

банктік ТЭН жөніндегі есеппен бірге қарастырылуы тиіс.  

 

Бақыршық кен орны оны алғашқы ашқан адамның құрметіне аталған және бұл атауды Әуезов 



кентінің тұрғындары кенттің ағымдағы атауының орнына жиі қолданады. Есепте «Бақыршық» 

атауы  консервациялау  кезеңінде  кенішті  сипаттау  үшін  қолданылады.  «Қызыл»  атауы  есепте 

«Полиметалл» компаниясының осы алтын кені орнын игеру жобасына қатысты пайдаланылады.   

 

ЭӘӘБ жөніндегі есеп келесі: 



 

  Осы  бағалау  сүйеніп  орындалған  негізгі  тиісті  жергілікті  және  халықаралық 



саясаттың, құқықтық және әкімшілік актілердің қысқаша сипаттамасы;  

  Географиялық, әлеуметтік, экологиялық және уақыттық аспектілерді, эффектерді 



және әсерлерді қоса алғандағы Жобаның сипаттамасы; 

  Техникалық-экономикалық 



негіздемеде 

(ТЭН) 


ұсынылған 

Жобалық 


жоспарлармен салыстырыла бағаланған қоршаған ортаның жай-күйін, жергілікті 

тұрғындардың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларын,  өмір  сүру  жағдайлары 

мен деңгейлерін сипаттайтын фондық деректердің талдауы;  

  Заңнамалық талаптарды, биоәртүрлілікке, мәдени мұраға, жергілікті тұрғындар 



мен персоналдың әлеуметтік ортасына, денсаулығына және қауіпсіздігіне әсерді 

ескере отырып, әртүрлі жобалық инфрақұрылымды орналастырудың баламалы 

нұсқаларын шолу; 

  Кеніштің құрылысымен, жұмысымен, жабылуымен және қалпына келтірілуімен 



байланысты экологиялық және әлеуметтік әсерді айқындау; 

  Жұмыс құжаттамасына әсерді жою немесе рұқсат етілетін деңгейге дейін кеміту 



үшін әсерді жұмсарту жөніндегі шараларды енгізу және баламалы нұсқаларды 

айқындау; 

  Уақыт шектерін көрсете отырып, Жобаны іске асыруға бағытталған «экологиялық 



және әлеуметтік іс-шаралар жоспары» үшін негізгі «нобайлы басқару жоспарын» 

әзірлеу  аспектілерін  қамтиды.  «Экологиялық  және  әлеуметтік  іс-шаралар 

жоспары»  кенішті  салуды,  өндіру  және  жабу  сатысын  қоса  алғанда,  жобаны 

дамытудың барлық сатыларында түрін өзгертіп, толықтырылатын болады. 

  Өндірістіктен кейінгі сатыға арнап «Кенішті жабудың нобайлы жоспарын» және 



іс-шараларды әзірлеу. 

 


ЭӘӘБ Қызыл жобалары,  

1-тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015 

V1.0 қорытынды нұсқа 

 

1-бет 


 

1.1

 

Жобаның орналасуы  

 

Қызыл жобасы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында орналасқан.  Жобалық ауданы 



шамамен 839 га құрайды және келесі орталық географиялық координаталарынан тұрады: 

81 34’ 48” ШБ және 49 43’ 16” СЕ. Жоба терең емес жыралар кезектесіп отыратын дөңесті дала 

жерінде орналасқан.  Жобалық аумаққа жақын жатқан жерлер игерусіз болып табылады және 

оны бақташылар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жидектерді теру және аңшылыққа бару үшін 

пайдаланады.  Жақын  жатқан  көлдер  мен  өзендер  балық  шаруашылығы  және  демалу  үшін 

пайдаланылады.   

 

Таяу  елді  мекен  Жобалық  алаңға  жалғасатын  Әуезов  кенті  болып  табылады.  Олар  бірлесіп 



Шалабай  селолық округінің аумағымен шектеседі. Ең жақын теміржол  станциясы орналасқан 

Шалабай  кенті  Әуезов кентінен батысқа  қарай  6 км  жерде  орналасқан.  Жоба  Жобаға  ең  таяу 

қала  болып  табылатын  облыс  орталығынан  –  Өскемен  қаласынан  оңтүстік-батысқа  100  км 

жерде орналасқан.  Өскемен – металлургия өнеркәсібі (қорғасын, мырыш титан, магний), азық-

түлік  өнеркәсібі  және  машина  жасау  саласы  дамыған  индустриалды  қала.    Қала  тұрғындары 

шамамен 303 720 адамды құрайды.  

 

 



 

1.2

 

 ЭӘӘБ көлемі мен міндеттері  

 

Жобаға шолу 

 

ЭӘӘБ 3-тарауында кен орнының және оның кенді денесінің геологиялық сипаттамасы жасалған, 



сондай-ақ кенді қазудың ұсынылған әдістері баяндалған.  

 

Кен орны дәстүрлі ашық тәсілмен өңделетін болады, сондай-ақ сынаудың жер асты тәсілдері 



пайдаланылатын  болады  (1.3  сызбада  кенді  қазу  және  қайта  өңдеу  үшін  жобалық 

инфрақұрылым  мәнмәтінімен  ашық  карьерлердің орналасуы көрсетілген). Шығарылған кенді 

уақтау  және  алдын  ала  қайта  өңдеу,  содан  соң  автомобиль  және  теміржол  көлігімен  қайта 

өңдеудің ақырғы сатысы үшін Ресейге жіберу жоспарлануда. Жобның екі өндірістік сатысының 

ұзақтығы  тиісінше    8  және  14  жылды  құрайды.  Бірінші  саты  (2016-2024жж.)  ашық  тау-кен 

жұмыстарын  қамтиды,  оларда  ауысыммен  жұмыс  істейтін  417  адам  және  толық  жұмыс 

аптасына кірістірілген 608 адам жұмыс жасайтын болады. Екінші саты (2025-2039жж.) жер асты 

тау-кен жұмыстарын қамтитын болады, оларда ауысыммен жұмыс істейтін 533 адам және толық 

жұмыс аптасына кірістірілген 1084 адам жұмыс жасайтын болады.   

 

Қызыл  жобасының  бірсыпыра  орташа  экологиялық  және  әлеуметтік  әсер  ететіндігіне 



қарамастан, оны мүлдем жоюға немесе ықшамдауға болады. Төтенше жағдайларға дайындығы 

бойынша  жіктеуге  сәйкес  Жоба  А  санатына  жатады,  және  де,  тиісінше,  ЭӘӘБ-да  кері  әсердің 



ЭӘӘБ Қызыл жобалары,  

1-тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015 

V1.0 қорытынды нұсқа 

 

1-бет 


 

алдын  алуға,  бейтараптандыруға  не  ықшамдауға  немесе  орнын  толтыруға  және  Жобаның 

пайдалы  әсерін  барынша  арттыру  жағдайында  экологиялық  және  әлеуметтік  қызмет 

көрсеткіштерін арттыруға қажетті әлеуетті экологиялық іс-шаралар қаралады.  

  

 

Скринингтер мен шолу әлеуметтік-экологиялық зерттеу 



 

ЭӘӘБ орындау процесі шолу әлеуметтік және экологиялық зерттеуден басталды және Жобаның 

әсеріне түсуі мүмкін әлеуметтік және экологиялық аспектілердің толық түсінігін алу үшін фондық 

деректерді  жинаумен  жалғасты.  Әсер  етуді  бағалау  және  әсер  етуді  жұмсарту  жөніндегі  іс-

шаралар 

жобасы 


фондық 

деректерге 

негізделген 

және 


зиянды 

заттардың 

шығарынды/тастандыларын  және  Жобаның  қызметімен  байланысты  өзге  де  әсер  етулерді 

ескереді.  

 

Ең  басында  ЭӘӘБ-ға  қойылатын  талаптарды  айқындау  үшін  экологиялық  заңнаманың 



ережелері,  жобаға  қатысты  қолданылатын  нормалар  мен  стандарттар  зерделенді.  Одан  әрі 

әлеуетті әсерді айқындау, жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасты жолға қою жне фондық 

деректерді  жинау  үшін  техникалық  тапсырманы  әзірлеу  үшін  шолу  әлеуметтік-экологиялық 

зерттеу  орындалды.  Шолу  әлеуметтік-экологиялық  зерттеу  ЭӘӘБ  одан  әрі  жүргізу  барысын 

айқындайды.  ЭӘӘБ  процесінің  ең  басынан  жобаның  мақсатын  түсіндіру  және  жергілікті 

тұрғындардың  қолдауына  ие  болу  үшін  қоғамдық  тыңдалымдарды  өткізу  және  ақпаратты 

көпшілікке  жаю  басымдыққа  қойылды.    2013  жылдың  қыркүйек  айында  WAI  мамандары  

«Бақыршық  жобасын  шолу  әлеуметтік-экологиялық  зерттеу  жөніндегі есепті»  дайындады  (№ 

ZT52-0141 WAI есебі).  

 

Шолу әлеуметтік-экологиялық зерттеу нәтижелерінің негізінде орындалған алдын ала бағалау 



көмегімен  зерттеуде  айтылған  тәуекелдердің  кемітілуі  мүмкіндігі,  ал  жобалық  шешімдерге 

оларды  басқару  жөніндегі  шаралар  кіріктірілуі  мүмкіндігі  айқындалды.  Зерттеу,  сондай-ақ, 

әлеуметтік немесе экологиялық факторлар түрінде көрсетілген жобаның толық ауқымды ЭӘӘБ 

жүргізуге кедергілердің жоқ екендігін растады. Зерттеу уақытында қоршаған және әлеуметтік 

ортаның төменде көрсетілгендей фондық жай-күйін қалыптастыру тәртібі айқындалды: 

 



  Климаты; 

  Топографиясы және өсімдік жамылғысы; 



  Атмосфералық ауасының сапасы: 

  Шуыл мен діріл; 



  Геология және сейсмикалық ахуал; 

  Жер қыртысы мен жердің құнарлылығы; 



  Су ресурстары; 

  Биоәртүрлілік; 



  Экожүйелер қызметі; 

  Археологиялық және мәдени мұра; 



ЭӘӘБ Қызыл жобалары,  

1-тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015 

V1.0 қорытынды нұсқа 

 

1-бет 


 

  Траффик және тасымал; 



  Билік органдары, демографиялық жай-күй және мәдениет; 

  Әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім;   



  Экономика, өмір сүру көздері, табыстары мен тұрғындардың әлсіз тобы.  

 

Одан әрі бағалау үшін таңдап алынған осы экологиялық және әлеуметтік аспектілерЖоба үшін 



маңызды қоршаған және әлеуметтік орта аспектілерінің фондық жай-күйін анықтауға арналған 

фондық деректерді жинаудың тоғыстырылған бағдарламасының объектісі болды. 

 

ЭӘӘБ мақсаты – жобалық қызмет нәтижесінде әлеуетті экологиялық және әлеуметтік әсерлерді 



сәйкестендіру,  бағалау.  Осындай  сәйкестендіру  жолымен  жобалау  сатысында  кері  әсерден 

құтылуға, кемітуге және орнын толтыруға не қолда бар мүмкіндіктер аясында оларды басқаруға 

болады.  Бұл  жобалау  сатысында  болатын  циклдік  процесс  және  инженерлермен,  тау-кен 

инженерлерімен,  экологтармен  және  социологтармен  тығыз  ынтымақтастықты  талап  етеді. 

ЭӘӘБ дайындау уақытында тау-кені өндірісінің орналастырылуы сызбасына өзгерістер енгізілді. 

Бұл  өзгерістер  ЭӘӘБ  дайындау  кезінде,  тіпті,  ЭӘӘБ  нәтижелерін  көпшілікке  ресми  ашу  өткен 

2015 жылдың қазанына дейін ескерілді.  

 

 



ЭӘӘБ ұғымы және құрылымы 

 

ЭӘӘБ-да бағалау орындалған контексті қалыптастыратын саясат, сондай-ақ нормативтік және 



әкімшілік қор ұсынылған. Сондай-ақ ЭӘӘБ-да жобаның географиялық, экологиялық, әлеуметтік 

және уақыттық аспектілерін қамтитын сипаттамасы жасалған.  Есеп физикалық, биологиялық, 

мәдени  және  тарихи  жағдайларды  сипаттайтын  фондық  деректерді,  сондай-ақ  Жобаны  іске 

асырумен  байланысты  экологиялық  және  әлеуметтік  әсерді  қамтиды.  Сондай-ақ,  есепте  әсер 

етуді  рұқсат  етілетін  деңгейге  дейін  кеміту  үшін  қажетті  шаралар  және  жүзеге  асырылатын 

баламалардың  талдауы  ұсынылған.  Жұртшылықты  дамыту,  экологиялық  және  әлеуметтік 

көрсеткіштерді  жақсарту  жөніндегі  жоспарлар,  сондай-ақ  кеніштің  құрылысын,  өндірістік 

сатысын,  жабылуын  және  қалпына  келтірілуін  қоса  алғанда  Жобаны  дамытудың  барлық 

сатыларына  арналған  «экологиялық  және  әлеуметтік  іс-шаралар  жоспары»  әзірленген  және 

ұсынылған. 

   

  

 



ЭӘӘБ орындау мақсаты  

 

ЭӘӘБ  орындау  мақсаты  –  орын  алып  отырған  барлық  экологиялық  және  әлеуметтік 



жағдайларды құжатқа түсіру, жоспарланған өндірістік қызметті сипаттау, осы қызметтің әсерін 

айқындау,  әсерді  жұмсарту  жөніндегі  шараларды  және  оларды  орындау  жөніндегі  іс-

шараларды әзірлеу. ЭӘӘБ-да кеніштің құрылысын, кенді қазуды және қайта өңдеуді, қосалқы 

инфрақұрылымды  дамытуды,  кәсіпорынды  пайдаланудан  шығаруды  және  қалпына  келтіруді 



ЭӘӘБ Қызыл жобалары,  

1-тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015 

V1.0 қорытынды нұсқа 

 

1-бет 


 

қоса алғанда, Қызыл  жобасы бойынша жоспарланған өндірістік  қызмет қаралады. Әсер етуді 

бағалаудың заттар саласы көбіне өзара байланысты. 

 

«Полиметалл»  ЭӘӘБ  жөніндегі  есепті  тиісті  үкіметтік  органдарға  және  қаржы  институттарына 



ұсынады. Сондай-ақ, есеп қоғамдық қарау және түсініктемелер жазу үшін қолжетімді болады. 

Осы  мақсатта  жұртшылықтың  бағалауды  жүргізуге  қосатын  үлесі  ынталандырылды  және 

«Полиметалл»  және  мүдделі  адамдар  арасында  екі  тарапты  өзара  іс-қимыл  жасауға  бастама 

білдірілді,  оны  ұйымдастыруды  тиісті  халықаралық  қаржы  институттары  мен  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасы  қадала  ұсынып  келеді.  Осыған  байланысты,  осы  ЭӘӘБ-да 

жасалған  тұжырымдар  мемлекеттік  органдарда  сараптамадан  өтуі  үшін  жолданатын 

қорытынды ҚОӘБ жөніндегі құжаттаманы құрастыру үшін пайдаланылатын болады. 

   


Осы  есептің  құрылымы  мен  мазмұны  ЭӘӘБ  халықаралық  стандарттарының  талаптарымен 

айқын келісілген.  Осы Жобаға релеванттық және Жобаның әрекет етуінің бүкіл мерзімі бойына 

туындауы мүмкін фондық деректер мен міндеттердің тиімділігі негізінде Халықаралық қаржы 

корпорациясының «қызмет стандарттары» (ХҚК ҚС) қолданылғандығын атап өткен жөн.  

  

 

ЭӘӘБ жобасы 



 

ЭӘӘБ материалдары үш бөлікте ұсынылған: 

 

A бөлігі: Кіріспе, ол Жоба туралы қысқаша ақпаратты, сондай-ақ Жобаның құқықтық нормалары 



мен  сипаттамасын  қамтиды.  Сондай-ақ,  мұнда  зерделенген  әртүрлі  баламалар  сипатталған 

және таңдап алынан нұсқаның негіздемесі жасалған.   

 

B бөлігі: Аялық зерттеулер және әсерді бағалау. Аялық жағдайлар жөніндегі деректерді және әр 



әсер 

ету 


саласы 

үшін 


әсердің 

егжей-тегжейлі 

бағасын 

қамтиды. 

(аялық зерттеулер жөніндегі бөлімнің тарауы жоғарыда 1.3.2 тармағында ұсынылған). Әсерді 

бағалау жөніндегі бөлімнің тарауы болжанатын әсер салалары бойынша орындалған:   

 



  Климаты; 



  Атмосфералық ауасының сапасы: 

  Шуыл мен діріл; 



  Геология және сейсмикалық ахуал; 

  Жер қыртысы мен жердің құнарлылығы; 



  Су ресурстары; 

  Биоәртүрлілік; 



  Экожүйелер қызметі; 

  Мәдени мұра; 



  Траффик және тасымал; 

  Билік органдары, демографиялық жай-күй және мәдениет; 



ЭӘӘБ Қызыл жобалары,  

1-тарау 


 

 

ZT52-0156/MM1021 



Желтоқсан 2015 

V1.0 қорытынды нұсқа 

 

1-бет 


 

  Әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім;   



  Экономика, өмір сүру көздері, табыстары мен тұрғындардың әлсіз тобы.  

 

C бөлігі: Тұжырым және экологиялық аспектілерді, қауіпсіздік техникасы және  еңбекті қорғау 



аспектілерін  қамтитын  «басқару  жоспарлары».  Сонай-ақ  бұған  кері  әсерді  кеміту  жөніндегі 

өндірістік  іс-шараларды  және  кенішті  жабу  және  қалпына  келтіру  жөніндегі  міндеттерді 

қамтитын «нобайлы басқару жоспарлары» кіреді. Кері әсерді кеміту жөніндегі іс-шаралар шолу 

әлеуметтік-экологиялық  зерттеу  нәтижесінде  анықталған  және  әсерді  бағалау  уақытында  аса 

егжей-тегжейлі  зерделенген  тәуекел  индикаторлары  негізінде  әзірленген.  Тиісті  түрде 

әзірленген  іс-шаралардың  міндеті  –  жобаның  аса  жауапты  негізде  дамытылуына  ықпал  ету. 

Қызыл  жобасына  арналып  әзірленген  негізгі  «нобайлы  басқару  жоспарлары»  есепке 

қосымшаларда. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет