1.3
Жобалық шешімдер
Экологиялық және әлеуметтік аялық деректерді жинау және түсіндіру кен орнын геологиялық
барлаудың бастапқы сатысында басталды, ал 2015 жылдан бастап бағдарлама негізгі назарды
жобаның әсеріне ұшырайтын аумақтың шегінде аялық деректерді жинауға жұмылдыру үшін
өзгертілді. Жобаның әсеріне ұшырайтын аумақтың шегі аялық зерттеулердің элементтеріне
байланысты құблып отырады: мысалы, Жобаның әлеуметтік әсеріне ұшырайтын аумақ
экологиялық әсер ету аумағымен салыстырғанда аса кең болып табылады.
Жобалық шешімдер кен орнын өңдеудің екі сатысын қамтиды. Бірінші саты 2016-2026 жылдарға
жоспарланған және бос жыныстардың үйіндісін салып алу арқылы кен орнын ашық тәсілмен
өңдеуді білдіреді. Екінші саты 2026 жылдан бастап 2039 жылды қоса алғандағы кезеңге
жоспарланған және жерасты қазбаларын карьердің орталық және батыс учаскесінен бастап
соңынан карьердің шығыс бөлігінде ашық карьердің табаны астынан өткізуді қамтиды. Ашық
тау жұмыстары дәстүрлі бұрғылау-қопару және тиеу-тасып шығару жұмыстарының көмегімен
жүргізілетін болады. Жерасты қазбасы бітеу арқылы жер қыртысын қабат-қабат кертпештеп
қазып алу тәсілімен жүргізіледі. Өңделген кеңістікті төсеу үшін цементтен жасалған бітейтін
қоспа пайдаланылатын болады. Бітейтін қоспаны дайындау үшін артқы қоймадан қайта
өңдейтін өндірістің соңы пайдаланылатын болады.
Кен бойынша ашық қазбаның жобалық өндірімділігі жылына 1,8 млн.т құрайды, кендегі
алтынның орташа мөлшері 6,90г/т. құрайды. Жерасты қазбасының өндірімділігі құрамындағы
алтынның мөлшері 8,5г/т болған жағдайда жылына 1,2 млн. т. құрайды. Қайта өңдейтін фабрика
уату, ұсақтау желісін және кенді ұсақтауға арналған домалақ диірменнен, көмір қалқымасынан,
құм қалқымасынан және аса дәстүрлі сульфидті қалқымадан тұратын кешенді қалқымалы шекті
қамтиды. Қорытынды өнім құрамында шамамен 99,2г/т алтын болатын сульфидті қалқымалы
концентрат болып табылады. Концентрат кептіріліп, салмағы 1,5т қаптарға қаптамаланады,
ЭӘӘБ Қызыл жобалары,
1-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
олар автомобиль көлігімен Шалабай теміржол станциясына жеткізіледі және одан әрі өңдеу
үшін жүк вагондарымен Амурскке жөнелтілетін болады.
1.4
Domestic and International Processes ішкі және өалықаралық процестері
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауды, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды басқару
процестері, сондай-ақ әсер етуді бағалау процестері ЭӘӘБ жөніндегі есептің екінші тарауында
қаралатын белгілі бір заңдармен, қаулылармен және бұйықтармен реттеледі.
Қазақстанда қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесі
Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық жоспар алды, жоспарлы, жоба алды және жобалық
құжаттама мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуі тиіс. Экономикалық қызмет
сараптаманың оң қорытындысын және биологиялық әртүрлілікті басқаруға рұқсатты алмай
басталуы мүмкін емес. Қолданыстағы экологиялық заңнама экономикалық қызметтің әр сатысы
үшін кәсіпорынның алдын ала жоспарларынан бастап, жобалау, салу, пайдалану және жабуға
дейінгі ҚОӘБ орындалуын талап етеді.
ҚОӘБ жөніндегі есептерді Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігін
және Қазмеханобр қоса алғанда, жергілікті кеңесшілер дайындады. Қазақстандағы қоршаған
ортаға әсерді бағалау процесі жалпылама халықаралық экологиялық және әлеуметтік әсерді
бағалау процесіне сай, алайда, көптеген рәсімдерде, әдістерде және нәтижелерді ұсынуда
кейбір ерекшеліктер бар. Жергілікті ҚОӘБ үшін талап етілетін көптеген аялық деректер де
халықаралық ҚОӘБ-ға келеді, бір ерекшелігі халықаралық ҚОӘБ-дағы әлеуметтік әсерді бағалау
тарауы аса ауқымды және егжей-тегжейлі. ЭӘӘБ әсерді бағалау тарауы Қазақстандық ҚОӘБ-дың
кейбір тарауларымен толықтай келеді. Бағалаулар бір-бірінен тәуелсіз орындалды, бірақ
қосарлас жүріп, Жобаның бір аялық деректері және параметрлері пайдаланылды.
Халықаралық ЭӘӘБ жөніндегі басшылық және ұсыныстар
Пайдалы қазбаларды қазу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнамалық
талаптарға сәйкестілігінен басқа, Жоба, сондай-ақ, Халықаралық Қаржы Корпорациясының
«қызмет стандарттары» (ХҚК ҚС
1
) белгілеген ұсынымдары қоса алғанда, озат халықаралық
тәжірибеге сәйкес келуі тиіс. ХҚК «қызмет стандарттары» жобаларды халықаралық
қаржыландыру үшін негіз ретінде қызмет етеді және экологиялық және әлеуметтік басқарудың
озат тәжірибесі үшін халықаралық бағалау критерийі есептеледі. ХҚК «қызмет стандарттары»,
сондай-ақ, коммерциялық кредит беруді жүзеге асыратын көптеген банктер ұстанатын жобалық
1
IFC Performance Standards on Environmental and Social Sustainability, 2012
http://www.ifc.org/wps/wcm/connect/topics_ext_content/ifc_external_corporate_site/ifc+sustainability/publications/pub
lications_handbook_pps
ЭӘӘБ Қызыл жобалары,
1-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
қаржыландыру аясында экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді анықтау, бағалау және
басқару үшін кредиттік тәуекелдерді басқарудың халықаралық танылған стандаттары болып
табылатын «Экватор қағидаттары» (III нұсқа, 20135 маусым) негізі болып табылады. ЭӘӘБ
орындау процесінде «басқару жоспарларын» әзірлеу процесінде ескерілген басқа да жетекші
салалық стандарттар мен ең үздік тәжірибелі кодекстер де айқындалды
2
. «Қызмет
стандарттары» және талаптары жөніндегі аса толық ақпарат есептің екінші тарауында
ұсынылған.
ЭӘӘБ процесінің маңызды бөлігін жобаны іске асыру процесінде әсерге ұшырағандар деп
анықталған бірінші кезектегі проблемаларды назарға алуды қамтамасыз ететін жергілікті
тұрғындарды қоса алғанда, мүдделі тұлғалармен кеңестер және өзара іс-қимыл құрайды. ҚОӘБ
және ЭӘӘБ іс-шараларын қолдау мақсатында «Мүдделі адамдармен өзара іс-қимыл
жоспарында» ұсынылған ресми және бейресми көпшілік тыңдаулар бағдарламасы әзірленді.
Осы сәтке дейін өткізілген іс-шаралар жөніндегі жиынтық деректер есептің сегінші тарауында
ұсынылған. Бұның барлығы ЭӘӘБ процеснің негізгі аспектілерін түсіндіруге жолданған мүдделі
адамдармен өзара іс-қимыл жөніндегі ресми іс-шаралармен ілестіріледі. ЭӘӘБ маңызды
нәтижесі ЭӘӘБ тұжырымдарына негізделген және тау-кен қазудың озат халықаралық
тәжірибесіне және стандарттарына сәйкес іс-әрекеттің басым салаларын айқындайтын
«Әлеуметтік және экологиялық іс-шаралар жоспарын» қамтитын «Іске асыру жоспары» болып
табылады. Іс-шаралар аялық мониторинг объектілерін түзетуді және/немесе кеңейтуді,
жобалық шешімдерді түзетуді, нобайлы басқару жоспарларын, қосалқы іс-әрекеттер және
басқару жүйелері жөніндегі іс-шараларды, тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды, іске
асыру кестелерін және мамандарды даярлау жөніндегі негізгі бастамалар тізбесін қамтиды.
«Әлеуметтік және экологиялық іс-шаралар жоспары» «Іске асыру жоспарының» негізгі құжаты
болады.
ЭӘӘБ халықаралық талаптар бойынша әлеуетті шоғырландырылмалы әсерді тиісінше ескере
отырып, Жобаның оны пайдаланудың барлық мерзімі бойына әсерін қарастырады. Бағалау
экологиялық және әлеуметтік сипаттағы проблемаларды ескереді және осы аспектілердің
арасындағы байланыстырушы буын ретінде экожүйелер қызметтерін бағалауды қамтиды. ЭӘӘБ
мүдделі адамдармен консультацияға және олардың процеске қатысуына негізделген, ол
Жобадан тиетін әсердің дамуы шамасына қарай оны жұмсартуға арналған «басқару
жоспарларын» қамтиды.
1.5
Мүдделі адамдармен өзара іс-қимыл
Әсер етуді бағалау процесінің маңызды құрауышы мүдделі адамдармен, атап айтқанда,
жергілікті тұрғындармен және мүдделі тараптармен (мысалы, ЭӘӘБ-да жобаны іске асыру
процесінде әсер етуге ұшыраған адамдармен, сондай-ақ жобалық аумақпен көршілес тұратын
2
EBRD Performance Requirements and Guidance for Clients, 2012.
http://www.ebrd.com/pages/about/principles/sustainability/requirements.shtml
ЭӘӘБ Қызыл жобалары,
1-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
ададмармен анықталған кезек күттірмейтін проблемалардың назарға алынып жатқандығына
көз жеткізу үшін үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) консультациялар болып табылады.
Консультациялар, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік ұйымдармен тұрақты өткізіліп отырады.
Жоба бойынша мүдделі адамдармен өзара іс-қимыл Жобаның дамытылуы бойына тұрақты
процесс болып табылады. Тапсырыс беруші жергілікті тұрғындармен, ҮЕҰ және басқа да мүдделі
тараптармен және адамдармен келісілген және үздіксіз ақпараттық өзара іс-қимылды
қамтамасыз етуі үшін көпшілікпен өзара іс-қимыл жөніндегі маманды тағайындады. Сонымен
қатар, жергілікті тұрғындардың сұрақтарын қойып, компания басшылығына шағымдарын
білдіруі үшін шағымдар мен ұсыныстар беру механизмі енгізілді.
Сондай-ақ, Тапсырыс беруші мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл журналын бастады, оған
жобалық кездесулерді, қоғамдық тыңдалымдарды және жергілікті тұрғындармен келіссөздерді
қоса алғанда, мүдделі адамдармен өткізілген барлық кездесулер жазылып отырады. Журнал
аса кең жұртшылықпен өзара іс-қимылды басқару жүйесінің бөлігі болып табылады, ол
өткізілген барлық кездесулер туралы барлық деректерді қамтиды, мүдделі ададмармен өзара
іс-қимыл
жиілігін
көрсетеді
және
қоғамдық
тыңдалымдар
процесінің
барлық
қатысушыларының дерекқорынан және жекелеген адамдар көтеретін сұрақтардан және
мәселелерден тұрады.
1.6
ЭӘӘБ жөніндегі есептің авторлары және олардың жобадағы рөлі
WAI мамандары ЭӘӘБ орындалуына және жобаны жалпы басқаруға толық жауап берді. ЭӘӘБ
орындауға қатысқан адамдар төменде кестеде 1.1.
ЭӘӘБ Қызыл жобалары,
1-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
кестеде 1.1: ЭӘӘБ жұмысшы тобы келтірілген.
Аты
Жобадағы рөлі
WAI лауазымы, біліктілігі
Дэвид Бригнал
Жобаның директоры, биоәртүрлілік
және топырақтану жөніндегі бас
маман
Техникалық директор - BSc, PhD, CSci,
CBio, MIEnvSci
Юлия Бойко
Шарттық
қарым-қатынастарды
үйлестіру және тапсырыс берушімен
келіссөздер жүргізу
WAI Ресейдегі бас директоры - BSc,
Dip, MBA
Руслан Севостьянов
Келісімшартты әкімшіліктендіру
WAI Қазақстандағы бас директоры
және тау-кен инженері - MEng
Элисон Аллен
Жоба менеджері
Экология
және
социология
департаменті
директорының
орынбасары – BSc, MSc, MIEMA, CEnv,
MIEEM, FIMMM
Нил Робинсон
Эколог, атмосфералық ауаның сапасы,
шуыл мен дірілдің әсері жөніндегі
тараулардың бірлескен авторы
Бас эколог - BSc, MIMMM, CSci, CEnv
Алекс Галлахер
Су ресурстары жөніндегі бас маман
Директордың орынбасары – BSc, MSc,
FGS
Бертран Бюрне
Су ресурстары жөніндегі маман
Бас гидрогеолог - Қазақстан - BSc, MSc,
FGS, MIAH
Элизабет Эди
Социология
және
жұртшылықпен
байланыс, қоғамдық тыңдалымдар,
бағалау және мәдени мұраны басқару
жөніндегі бас маман
Бас социолог - BSc, MSc, PhD, PG Cert,
MIEnvSci, CSci, FIMMM
Эдвард Глюксман
Социология
және
жұртшылықпен
байланыс, қоғамдық тыңдалымдар,
бағалау және мәдени мұраны басқару
жөніндегі маман
Бас социолог - BA, BSc, MSc, PhD,
MIEnvSci
Нарина Шорланд
«Жобаның сипаттамасы» тарауы
Тау-кен инженері - BSc
Саймон Аллен
Энергетика және климат жөніндегі
маман
Энергетика жөніндегі бас маман – BSc,
BSc
Скот Слейт
Сызбалар,
климаттың
өзгеруі
жөніндегі маман
Климаттың
өзгеруі
және
ГАЖ
жөніндегі маман – BSc, MSc
Малькольм Уолтон
Атмосфералық ауаның сапасы, шуыл
мен дірілдің әсерін бағалау жөніндегі
бас маман
Техникалық директор - Dip, BSc, AIOA,
MIEH
Якуб Олевски
Жер
қыртыстары
және
жердің
өндірімділігі
Аға почвовед – BEng, MSc, MSc, PhD
Хелен Симпсон
Экожүйелер қызметі жөніндегі бас
маман,
биоәртүрлілікті
басқару
жоспары
Бас эколог –BSc, PhD, AIEMA
Адриан Ли
Қалдықтарды басқару жоспары
Техникалық директор – BA, DipTP
(Eng), MRTPI, MCIWM, FIQ
Ричард Ньюман
Археология жөніндегі бас маман,
мәдени
құндылығы
бар
табыс
табылған
жағдайдағы
іс-әрекет
тәртібіне шолу
Жоба менеджерінің ассистенті - BA,
PhD, MCifA,
ЭӘӘБ Қызыл жобалары,
1-тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
Жеке тарауларды құру үшін жұмысқа қажеттілігіне қарай WAI әкімшілік-техникалық
жұмыскерлері тартылды. Сондай-ақ, ЭӘӘБ орындалуына үлестерін есімдері төмендеОшибка!
Источник ссылки не найден..
1-кестеде көрсетілген көлденең кеңесшілер енгізді: Бірлескен авторлар
Аты
Жобадағы рөлі
Біліктілігі
Сью Струзерс
Қышқылды ағын су жөніндегі
маман
MSc, PhD, ACSM
Амер Вахид Халаби
Жол
қозғалысының
тығыздығын бағалау
BEng, PhD, MBA, FCIHT, FAPM, MIoD, FFB
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
Есептің қысқаша мазмұны
ZT52-0156/MM1021
2015 жылы желтоқсан
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
ЕСЕПТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Полиметалл компаниясының «Қызыл» алтын шығару жобасы Шығыс Қазақстан облысының
Жарма ауданының Шалабай селолық округі аумағындағы Әуезов кентіне жақын орналасқан кен
орнын ашық (Фаза 1, 2016-2024жж) және жерасты (Фаза 2, 2025-2039) өңдеуден тұрады. Кен
орнынан үзілістермен 1956 жылдан бастап алтын шығарыла басталды және 1997 жылдан бастап
консервациялау үстінде.
Жобаның экологиялық және әлеуметтік әсерін бағалау (ЭӘӘБ) Халықаралық қаржы
корпорациясының және Еуропалық қайта құру және даму банкінің стандарттарына сәйкес
орындалды. Ол үлгісі «Экватор қағидаттарын» басшылыққа алатын Даму банктері мен қаржы
институттарының стандарттары болып табылатын озат халықаралық тәжірибеге сәйкестілікті
қамтамасыз етуге арналған.
Жобаланатын кәсіпорынның учаскесі ауылдық жерде орналасқан, ол 839 га алып жатыр және
қатал контитенттік климатты адырлы шөпті ландшафтысымен сипатталады. Ауыл шаруашылығы
жобаланатын кәсіпорын ауданында тұратын тұрғындардың күн көрісінің негізгі көзі болып
табылады. Кәсіпорынның аумағын қоршап жатқан жайылымдарды Әуезов және Шалабай
кенттерінің тұрғындарына тиесілі малды бағумен айналысатын маусымдық бақташылар
пайдаланады. Шабындықтар мен жергілікті көлдерді де жергілікті тұрғындар жидек теру, балық
аулау және аң аулау үшін пайдаланады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көбі ішкі тұтыну үшін
өндіріледі, дегенмен, Шалабай кентінде дәнді дақылдарды өсірумен және бал өндіру үшін
араларды өсірумен айналысатын«Шалабай» ЖШС мал шаруашылығы фермасы бар.
Қазақстанның басқа да көптеген селолық аудандарындағыдай жергілікті елді мекендерде,
әсіресе, Әуезов кентінде кеніш тоқтап тұрғаннан кейін, қазіргі уақытта, төмен тәртіпте көші-қон
байқалады, себебі, тұрғындар жұмысқа тұру мүмкіндігін іздеп кетуде.
Жобаланатын кәсіпорын шамамен 1000 жұмыскерді жалдайды, оның ішінде жобаны іске
асырудың бірінші фазасында 608 және екінші фазасында 1 084. Полиметалл, мүмкіндігінше,
жұмысқа жергілікті тұрғындарды қабылдауға және өндірістегі жұмыс орындарының көп бөлігін
жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына беруге тырысатын болады.
Жергілікті тұрғындарды жаңа кәсіпорында жұмысқа орналастыру қолайлы әсерін береді деп
күтілсе де, ол Әуезов және Шалабай кенттерінің кейбір тұрғындары үшін үйреншікті өмір салтын
ауыстыруды тудыруы мүмкін. Дәстүрлі түрде мал бағу, жидек және саңырауқұлақ теру үшін
пайдаланылған
аумаққа
аяқ
басу
кәсіпорын
инфрақұрылымының
объектілері
орналасатындықтан, атап айтқанда, жобаланатын қалдық сақтағыш ауданында және оны
айнала, сондай-ақ Әуезов кентінен оңтүстік шығысқа қарай байыту фабрикасы учаскесінде
ішінара шектелетін болады.
Жаңа кәсіпорын ұсынып отырған жұмысқа орналастырудың тікелей және жанама
мүмкіншіліктері де көшіп келушілерді тартуы мүмкін, бұл тұрғындардың санын әлеуетті түрде
арттырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты арттыруы мүмкін. Кәсіпорындағы
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
Есептің қысқаша мазмұны
ZT52-0156/MM1021
2015 жылы желтоқсан
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
жалақылар есебінен көтеріңкі төлем қабілеттілігімен қабысқан көтеріңкі сұраныс инфляцияның
таралмауына себін тигізеді. Полиметалл жобаланатын кәсіпорынның әлеуетті кері әлеуметтік
әсерін кеміту мақсатында тұрақты мониторинг, ақпаратты тарату, хабардарлықты арттыру,
мүдделі адамдарды тарту және жергілікті тұрғындардан келіп түсіп жатқан шағымдарды
қабылдау және өңдеу механизмін қолдану арқылы жергілікті тұрғындармен және әкімдікпен
жұмыс жасайтын болады.
Кәсіпорынның ағымдағы жобасын ескере отырып, Әуезов кентіндегі тұрғын рецепторлардың
орналасқан жерлеріндегі шуыл әсері жұмыстарды жүргізудің алғашқы бірнеше жылдары ішінде
түнгі уақытта едәуір деп және аса ұзақ мерзімді келешекте орташа деп бағаланды. Жеңілдету
жөніндегі одан арғы шаралар егжей-тегжейлі жобалау сатысында әзірленуі тиіс. Кәсіпорынның
инфрақұрылымы мен жергілікті тұрғын аймақтары арасындағы аралықты ескере отырып, «ең
нашар» сценарий бойынша SO
2
шығарындыларын қоспағанда, ауаны ластаушы көздердің көп
бөлігінің жергілікті тұрғындарға едәуір әсері күтілмейді. Ауаның сапасына әсер етуді нақты
бағалау үшін қазандықтардың түтін құбырларынан шығарындылардың атмосферада
шашырауын аса егжей-тегжейлі модельдеу талап етіледі. Көлік қозғалысының әсерін бақылау
мақсатында Полиметаллдың тау-кен массасын кенттің жағдылы жол қозғалысынан оқшау
тасымалдануын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа жолдарды салуын қоса алғанда, барлық
мүмкін болатын шаралар қабылданатын болады.
Кәсіпорынның ауыз сумен жабдықталуы Қызылсу өзеніндегі су қоймасынан (тәулігіне 1 400м
3
)
және Қызылту өзенінің аңғарындағы су алу ұңғымалары желісінен (тәулігіне 100 м
3
) су алу
есебінен жүзеге асырылады. Екі көзден алынған суды кәсіпорын жұмыскерлері мен Әуезов
кентінің тұрғындары тұтынар алдында тазартады және залалсыздандырады. Техникалық
мұқтаждықтарға арналған сумен жабдықтау кеніштің тұндырғы бөгетіне (№2 карьер) тартып
шығарылатын, содан соң байыту фабрикасының ыдыстарына ағызылатын карьерден шығатын
су және жерасты қазбаларының суы есебінен жүзеге асырылады. Қызылту су жинағыш
ұңғымаларынан алынатын су техникалық сумен жабдықтаудың резервті көзі ретінде
пайдаланылады. Өнеркәсіптік және тұрмыстық пайдаланылған су кәріз жүйесі арқылы өздігінен
ағып, кәріз суының сорғы станциясына түседі де, одан өткізгіштік қабілеті тәулігіне 3 500м
3
биологиялық тазарту құрылыстарына беріледі.
Кәсіпорын өзі пайдаланатын жерүсті және жерасты суының қорларына айтарлықтай қолайсыз
әсер жасамайды. Дей тұрғанмен, кен орнын жерасты өңдеу сатысында (сутөкпе, ағын шығысы)
және кенішті тарату сатысында (карьер маңындағы су сорғы қалыңдығында қалып қоюы мүмкін
ластаушы заттектер) туындауы мүмкін кейбір әлеуетті әсерлердің маңыздылығын растау үшін
қосымша зерттеулер талап етіледі. Бұдан басқа, жақын жатқан ағын су, оның ішінде Ақбастау
бұлақ бұлағы ағысының жоғалуын тудыратын ілеспелі әлеуетті экологиялық әсерлер де
бақылануы мүмкін.
Жобаланатын кәсіпорын ауданының көп бөлгі бұзылып үлгерген жерлерге келеді, мұнда,
геоологиялық барлау және тау-кен жұмыстары бұған дейін он жыл бұрын жүргізілген.
Осылайша, жобаланатын объект өңірлің биоәртүрлігіне аз әсер етеді және жануарлар мен
Қызыл жобасының ЭӘӘБ,
Есептің қысқаша мазмұны
ZT52-0156/MM1021
2015 жылы желтоқсан
V1.0 қорытынды нұсқа
1-бет
өсімдіктердің сирек немесе өліп жатқан түрлеріне мүлдем әсер етпейді. Алайда, кәсіпорын
қызметінің нәтижесінде шуыл мен шаңның шөгілуі есебінен объектіден тікелей жақын маңдағы
табиғи тіршілік ортасының сапасы төмендейтін болады. Биоәртүрлілікке әлеуетті әсер етулер
жерлерді таратудан кейінгі қалпына келтіру кезінде де тиісті шараларды қабылдау жолымен
қаншалықты мүмкін болғанша төмендейтін болады.
Кеніштің жұмысының жоспарланған мерзімі аяқталысымен кенішті жоюдың толық
бағдарламасы жүзеге асырылатын болады, ол аздырылған жерлерді қалпына келтіруді
қамтиды. Полиметалл адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнетін қандай да бір қауіпті
болдырмау, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесінде табиғи ресурстардың ықтимал ұзақ
мерзімді физикалық және химиялық бұзылуының алдын алуды қоса алғанда, қалдық
экологиялық әсерлерді кеміту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Полиметалл, сондай-ақ,
жергілікті тұрғындарға қолайсыз әсердің ең төменгі деңгейге жетуіне, ал әлеуметтік-
экономикалық пайданың жоғары болуына бағытталған шараларды қабылдайды.
Жүргізілген
іздестірулердің
нәтижесінде
жобаланатын
кәсіпорынның
аумағында
археологиялық құндылығы бар объектілер анықталған жоқ. Полиметалл жұмыстарды жүргізу
кезінде анықталған кез келген маңызды объектінің немесе артефактінің тиісінше тіркеліп,
зерттеліп, жойылып немесе қазылып алынуы үшін «табыс анықталған кездегі іс-әрекет тәртібін»
әзірледі және бекітті.
Мүдделі тараптарды тарту Полиметаллдың негізгі құндылығы болып табылады. Кеніштің жұмыс
жасап тұрған кезеңі бойына мүдделі тараптарды тарту жөніндегі шаралардың басты мақсаты
Полиметалл мен мүдделі адамдар арасында олардың пікірі ЭӘӘБ жүргізу және кәсіпорынды
техникалық жобалау кезінде ескерілуі үшін республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейде екі
тарапты қарым-қатынасты белгілеу, дамыту және қолдау болады. Жергілікті тұрғындармен
жақсы қарым-қатынас осы күнге дейін Полиметаллдың кен орнындағы қызметін қолдап келді.
Кәсіпорын ЭӘӘБ қорытындысына сәйкес жобаланатын объектінің экологиялық және әлеуметтік
әсерін бақылау үшін талап етілетін жеңілдету шараларын жүзеге асыру, басқару және
мониторингілеу кезіндегі кешенді «Экологиялық және әлеуметтік іс-шралар жоспарын»
басшылыққа алатын болады. Тұтас алып қарағанда, «Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар
жоспары» үшін бастапқы құжаттама ретінде 14 «басқару жоспары» әзірленді. Құрылыс
уақытында да пайдалану кезінде де ЭӘӘБ-да көзделген міндеттемелерді тиісінше орындау үшін
кешенді «Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары» әзірленуде.
Қызыл Жобасының ЭӘӘБ,
2 тарау
ZT52-0156/MM1021
Желтоқсан 2015ж.
Ақырғы нұсқасы V1.0
Бет. 13
Достарыңызбен бөлісу: |