«полиметалл» АҚ Қызыл жобасының ЭӘӘБ


кесте 5.7.17: Шу мен дірілге мониторинг пен аудит жүргізу



Pdf көрінісі
бет51/95
Дата06.03.2017
өлшемі57,11 Mb.
#7962
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95

кесте 5.7.17: Шу мен дірілге мониторинг пен аудит жүргізу 

Шу – мониторинг тәсілдемесі 

Қызыл жобасының ОЭВЖ,  

5.7-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

342 бет 


 

Стандартты 

жұмыс 

рәсімдері 



ESIA  көрсетілген  шуды  бағалау  мониторинг  жоспарымен  бекітілетін  болады,  ол 

пайдалану  және  тарату  кезеңдеріндегі  рәсімдер  мен  мониторинг  нүктелері 

бойынша  нақты  нұсқамаларды  қамтамасыз  ететін  болады.    Жоспар  мыналардан 

құралады: 

  Тиісті мониторингтік жабдық – ҚО мониторинг жүргізу аспаптары бар 1-ші класты 



шу  өлшегіштері  шуға  мониторинг  жүргізу  үшін  пайдаланылатын  болады, 

техникалық  қызмет  көрсетуге  және  сәйкессіздік  рәсімдеріне  қойылатын  тиісті 

талаптар анықталатын болады. Жеткізілім тізбегінің құжаттамасы 

  Шуға  мониторинг  жүргізу  рәсімдері  –  Шуды  бағалау  мониторинг  жүргізуге  және 



жұмыстар аудандарына бағытталатын жабдықты пайдалану мерзіміне қойылатын 

талаптарды  анықтайтын  болады,  бұл  орайда  салдарды  жұмсату  жөніндегі 

шаралардың  тиімділігі  анықталатын  болады.    Рәсім  жоба  жүргізілетін  кезеңде 

деректер жиналатынына және жазбалар сақталатынына  кепілдік  беретін болады, 

келесі мәліметтерден тұрады: 

-   мониторинг үшін сай келетін орындар; 

-   жұмыстардың  әр  сәйкестендірілген  кезеңі  үшін  әр  жерде  жүргізілетін 

мониторингтің ұзақтығы; 

-   Барлық  қажетті  деректердің  жазбалары,  соның  ішінде  шу  деңгейі  (L

Aeq


),  күні, 

уақыты, ауа-райы жағдайы және кез-келген тиісті ақпарат кіреді. 

-   шу деңгейлері бойынша нұсқаулық 

-   шу деңгейлері бойынша ұсыныстар рецепторлар үшін анықталған деңгейлерден 

асып кеткен жағдайда өлшемдер қабылданатын болады. 

  Шағымдарды  қарастыру  рәсімі  –  рәсімде  егер  шуға  қатысты  нақты  шағымдар 



операторлар  арқылы  немесе  обаның  ауқымында  асырылатын  байланыс 

механизмдері  арқылы  тікелей  кліп  түскен  кездегі  әрекеттердің  жан-жақты 

сипаттамасы берілді. 

Мониторинг стратегиясы 

Жабдық 

Рәсім 

Шу 


ҚО мониторинг жүргізу аспабы 

бар 1-ші класты шу өлшегіштері 

учаскеде орналастырылады 

және жоба жүзеге асырылатын 

мерзім ішінде техникалық 

қызмет көрсетілетін болады. 

Шу мониторингі жобаланатын 

Жобаның әр кезеңінде Жобаға жақын 

орналасқан сезімтал рецепторлар 

үшін өкілді болып есептелетін 

жерлерде жүзеге асырылады. 

Қосымша мониторинг тиісті жерлерде 

шуға қатысты түскен шағымдарға 

жауап ретінде жүзеге асырылатын 

болады. 

 

5.7.7



 

Қалдық әсерлер 

 

Әсерді  төмендету  жөніндегі  стандартты  шаралар  және  алдыңғы  қатарлы  тәжірибелер 



жұмыскерлерді  және  кенттердің  тұрғындарын  қорғау  үшін  жобаның  ауқымында 

қабылданатын  болады.  Әсерді  төмендету  жөніндегі  тиісті  шараларды  қолданған  кезде  әрбір 

елді мекендегі шудың деңгейі рецептор орналасқан әр жерге қатысты шу әсерін төмендетеді.   

Сондықтан қалдық әсер жергілікті рецепторлар үшін қысқа мерзім ішінде маңызды деп және 

ұзақ мерзім ішінде бірқалыпты деп қарастырылады.  

 

Қосымша  есептер  бір  жыл  ішіндегі  орташа  метеорлогиялық  шарттарды  қарастырған  кезде 



сезімтал  рецепторларға деген  ықтимал  әсерді  мөлшерлік  анықтау  үшін  арналған.  Нәтижелер 

бойынша  рецепторлардың  шамамен  2-ден  3  дБ  (A)  дейінгі  барлық  орналасқан  орындарына 

төмен әсері болжанады. 


Қызыл жобасының ОЭВЖ,  

5.7-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

343 бет 


 

 

Жұмыстардың  ерте  кезңдерінде  жақсы  тәжірибе  болып  сезімтал  салаларда  тап  болатын 



болжалды  шу  әсерін  қамтамасыз  ету  үшін  жақын  орналасқан  сезімтал  рецепторларға  әсер 

ететін  шуға  мониторинг  жүргізу  табылады.  Бұл  шуға  монитроинг  жүргізу  жоспарына  және 

басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.  

 

Сонымен  қатар,  шу  салдарын  жұмсарту  жөніндегі  іс-шаралардың  тиімділігі  шағымдар  мен 



ұсыныстарды  түсіру  механизмінің  көмегімен  бақыланатын  болады.  Қалдық  әсер  туралы 

деректер кесте 5.7.18 келтірілген. 

 

кесте 5.7.18: Шудың әсері туралы деректер

 

Әсер 



ету 

Қайнар 

көз 

Н

е

гі

зг

і р

е

ц

е

п

то

р

 (

1)

 

Фаза (2)  Маңыздылығы (3) 

Салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар 

Басқару 

жоспары 





ST 

LT 

Шу 


2016 ж. 

пайдалану 

кезеңі –  

5.6-кесте 

 

2019 ж. 


пайдалану 

кезеңі – 

5.7-кесте 

 

2027 ж. 



пайдалану 

кезеңі – 

5.8-кесте 



Х 

SU 


  Көлік құралдары мен ұтқыр 



жабдықтарға, соның ішінде 

тұншықтырғыштарға жүйел қызмет 

көрсету және қарап шығу. 

  Ауыр техника үшн жылдамдықтың 



шектеулерін және барлық 

жолдардағы ортақ трафик пен 

жолдардың күтімін қамтамасыз ету. 

  Құрылыс техникасында шуды 



әлсіреті құрылғыларын орнату. 

  Елді мекеннен алыс жерде 



стационарлық шу көздерін 

орналастыру. 

Қозғалысты 

басқару 


жоспары 

  Қалыпты күндізгі жұмыс уақыты 



кезінде шуы жоғары жұмыстарды 

жүргізу кестесі. 

  Шуы жоғары деңгейдегі учаскелерді 



белгілейтін тиісті тілдердегі 

маңдайша жазуларды орналастыру, 

ол жерлерде есту мүшелерін қорғау 

құралдары міндетті түрде 

қолданылуы тиіс.  

  Қажет болу шамасына қарай, 



уақытша шудан қорғайтын экрандар 

ретінде пайдалануға арналған 

контейнерлерді орналастыру. 

Шуды 


басқару 

жоспары 


Қызыл жобасының ОЭВЖ,  

5.7-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

344 бет 


 

кесте 5.7.18: Шудың әсері туралы деректер

 

Әсер 



ету 

Қайнар 

көз 

Н

е

гі

зг

і р

е

ц

е

п

то

р

 (

1)

 

Фаза (2)  Маңыздылығы (3) 

Салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар 

Басқару 

жоспары 





ST 

LT 

  Шағымдар мен ұсыныстарлы 



орналастыру үдерісі арқылы шумен 

байланысты шағымдарға 

мониторинг жүргізу. 

Мүдделі 


тараптарды 

жұмысқа 


тарту 

жоспары  

Ескертпе: 

(1) Негізгі рецепторлар: R = жергілікті тұрғындар, E = қызметкерлер, B = ғимараттар 

(2) Жобаның кезеңдері: C = құрылыс, O = пайдалану 

(3) Күтілетін мағынасы: ST = әсерлерді жұмсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырған кезде қысқа мерзімді, LT = әсерлерді жұмсарту 

жөніндегі шараларды жүзеге асырған кезде ұзақ мерзімді,  VS = өте маңызды, SU = маңызды, M = бірқалыпты, SL = болмашы, N = жоқ 

5.7.8

 

Қорытынды 

 

Әсерлерді бағалау Жобаның пайдалану кезеңінің шуға сезімтал рецепторларға қатысты әсерін 



бағалау мақсатында жүргізілді. Әсер ету нәтижелері кесте 5.7.18 кестеде келтірілген. 

 

Жоба  салдарынан  туындайтын  шудың  ықтимал  шамасы  анықталған  сезімтал  рецепторларда 



және  шу  әсерін  айтарлықтай  төмендету  үшін  ұсынылған  салдарды  жұмсарту  тиісті 

шараларында  бағаланды.  L

Aeq

  орташа  ұлттық  нормативтік  шекті  деңгейлер  болмаған  кезде 



ықтимал  күндізгі  және  түнгі  әсер  ХҚК-ң  денсаулықты,  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік 

техникасы туралы ұсыныстарына сәйкес бағаланды.    

 

Учаскеге  жақын  орналасқан  қолданыстағы  рецепторларға  шудың  ықтимал  әсерін  төмендету 



мақсатында  салдарын  жұмсарту  жөніндегі  стандартты  шаралар  мен  үздік  тәжрибелер 

жергілікті  тұрғындарды  қорғау  жөніндегі  жобаның  ауқымында  қабылданатын  болады. 

Сонымен  қатар,  шу  салдарын  жұмсарту  жөніндегі  іс-шаралардың  тиімділігі  Жобаға  қатысты 

шағымдарды түсіру және қарастыру механизмінің көмегімен бақыланатын болады.  

 

Маңызды  және  болмашы  әсер  арасындағы  айырмашылық  «бірқалыпты»  және  «маңызды» 



сезімталдық арасында болады. Бірқалыпты  әсерлер айқын және  міндеттелген болуы мүмкін, 

бірақ  мінез-қылықта  болмашы  өзгерістер  туындатады.  Маңызды  салдар  білінетін  және 

бұзатын болуы мүмкін, және мінез-қылықта немесе қарым-қатынаста айтарлықтай өзгерістер 

туындатуы мүмкін. 

 

Пайдалану  кезінде  қалдық  әсер  күндізгі  уақытта  болмайтын  әсер  ретінде  қарастырылады. 



Түнгі уақытта қалдық әсер жергілікті тұрғындар үшін қысқа мерзім ішінде маңызды деп және 

ұзақ мерзім ішінде бірқалыпты деп есептеледі.    

 


Қызыл жобасының ОЭВЖ  

5.8-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

342 бет 


 

5.8

 

Топырақ және жер пайдалану 

 

5.8.1



 

Жобалау қызметінің түрлері және ықтимал әсер ету көздері 

 

Тау  жыныстары  қайырмаларының,  қалдық  қоймаларының  және  көмірлі  кек  қоймасының 



құрылысы сияқты жердің жаңа аудандары қажет болатын жобалау қызметінің барлық түрлері 

топыраққа  әсер  ететін  болады,  себебі  топырақ  қабаты  осы  учаскелерден  алынып  тасталады 

және  кенішті  жапқаннан  кейін  топырақтың  құнарлығын  қалпына  келтірген  кезде  пайдалану 

үшін қоймаланады. Жобалау қызметіне іргелес орналасқан бұзылмаған жерлер де топырақты 

ластауы  ықтимал  құрғақ  және  дымқыл  материалдарды  орналастыру  нәтижесінде  әсерге 

ұшырауы мүмкін.   

 

5.8.2

 

Әсер ету нысандарының сезімталдығы 

 

Жоба  көп  бөлігі  өңделмеген  далалы  жерде  орналасқан.    Қазіргі  таңда  кенішті  және  қосалқы 



инфрақұрылымды болашақта дамыту үшін бөлінген кейбір алаңдарда, атап айтсақ қалдықтар 

сақталатын  жерлер  мен  байыту  фабрикасының  аумағында  мал  жайылады.  Пайдалану 

қарқындылығының  төмен  болуы  және  жерді  ығыстыру  мүмкіндігінің  болуы  салдарынан  жер 

көбінесе ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды болып есептеледі. 4.7-тарауда көрсетілгендей, 

Жобаның айтарлықтай  көп ауданындағы топырақ құрамында органикалық зат мөлшерінің аз 

болуымен  (орташа  есеппен  3,5%),  қуаттылығы  төмен  және  тасты  болуымен  сипатталады 

(табиғи жыныстар мен байыту фабрикасының көп аумағында). Анағұрлым қуатты топырақтар 

ойпаттармен  және  ағын  су  алқаптарымен  шектеледі  (қалдық  қоймасы  аумағының  және  тау 

жыныстары  қайырмасының  шығыс  секциясының  бір  бөлігі).  Сәйкесінше,  көміртекті  сақтауға 

байланысты  жерлердің  жергілікті  маңыздылығы  бар.  Олар  қазір  қолданылатын  нысанда 

эрозияға  төзімді.  Топырақтардың  типтері  мен  олардың  экожүйелері  жергілікті  таралған  (4.9-

тарау:    Биологиялық  әртүрліліктің  фондық  күйін  қараңыз).  Сондықтан  олардың  жергілікті 

мағынасы мен төңректің шегінде жоғары ығыстыру ықтималы бар деп есептеледі.  

 

Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  және  кесте  5.8.1  келтірілген  критерийлерді  пайдалана 



отырып, Жобаның аумағындағы топырақтар сезімталдығы аз нысандар болып есептеледі. 

 

5.8.3



 

Ықтимал әсерлер 

 

Жобаның барлық кезеңдерінің ықтимал әсерлері (құрылыс, пайдалану және жою/құнарлығын 



қалпына келтіру) мыналардан тұрады: 

 



  топырақ қабатының бұзылуы және алынып қалуы; 

  сақтау кезінде топырақ сапасының өзгеруі; 



  апаттық  төгінділер  мен  шығарындылар  салдарынан  ластану  нәтижесінде 

топырақтың химиялық құрамы мен сапасының өзгеруі; және 

  жел немесе су эрозиясының нәтижесінде топырақтың шығарылуы. 



Қызыл жобасының ОЭВЖ  

5.8-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

343 бет 


 

 

Бұзылатын жер телімдерінің шектерінде ағымдағы ластану көздері анықталмайды, сәйкесінше 



осы учаскелердегі топырақтың бұзылуы нәтижесінде ластағыш заттардың шоғырлану тәуекелі 

анағұрлым аз болады. 

Тиісті  қорғаныс  шараларынсыз  Жоба  бұзылған  учаскелерде  құнарлы  қабат  толық  бұзылатын 

дәрежее  дейінгі  өзгерістерді  тудырады.  кесте  5.8.1  белгіленген  критерийлерге  сәйкес 

өзгерістер масштабы үлкен болады. 

 

кесте  5.8.1  белгіленген  критерийлерге  сәйкес  жұмсартқыш  шараларсыз  әсер  ету 



нысандарының  аз  сезімталдығы  өзгерістердің  үлкен  масштабымен  үйлесе  отырып, 

бірқалыпты әсер береді, ол маңызды салдарға әкеп соғады. 

 

5.8.4



 

Жұмсартқыш шаралар 

 

Қалдық  әсердің  ауырлық  дәрежесін  төмендету  үшін  тиісті  шараларды  қабылдау  қажет. 



Топырақтың  шығынын  және  бұзылуын  азайту  үшін  құрылыстардың  орналасу  жоспары  мен 

жобасында келесі шаралар қарастырылды:  

 



  Құрылыс көлемдерін кен орнын зерттеу үшін қажет ауданмен шектеу. 



  Уақытша құрылыстар алаңдарын, мысалы, кірме жолдар мен пайдалану кезеңі 

үшін  қажет  аудандары  бар  құрылыс  кезінде  уақытша  қоймалау  алаңдарын 

біріктіру. 

  Бұзылған  жерлерді  барынша  пайдалану  мақсатында  инфрақұрылым 



нысандарының орналасу сызбасын оңтайландыру. 

  Ертеректе  болған  ықтимал  ластанулар  көздерінен  алыстағы  құнарлы  қабатты 



қоймалау учаскесінің орналасуы (1.3-сызба). 

  Ластағыштарға  іргелес  аумақтарды  қорғауды  қамтамасыз  ету  мақсатында 



қалдық қоймасының, буферлік кен қоймасының және көмір өнімі қоймасының 

құрылымдарында сүзуге қарсы экранды орнату. 

  Қалдық қоймасының, буферлік кен қоймасының және көмір өнімі қоймасының 



алаңдарынан  дренаждық  науаларды  жинау  және  бұзылған  жерлер  мен  ПСП 

қоймасынан бұру.  

  Топырақтың  ластануына  жол  бермейтін  қалдықтарды  жинау  және  уақытша 



сақтау үшін ұйымдастырылған алаңдар. 

  Сонымен қатар, келесі пайдалы жұмсартқыш шаралар ұсынылады: 



  Тау  жыныстары  қайырмасының,  қалдық  қоймасының  және  көмірлі  кек 

қоймасының  учаскелерінен  оларды  пайдалану  басталғанға  дейін  топырақ 

қабатын  алып  тастау  (құрамында  өзгергіш  қуаттылығы  шамамен  30  см 

құрайтын  органикалық  заттар  бар  биологиялық  белсенді  қабат  –  топырақ 

кескінінің егжей-тегжейлі сипаттамасы 4.7.1-қосымшада келтірілген). 

  Қалдық  қоймасының  учаскесінен  және  өсімдік  жамылғысы  қалың  өзге 



учаскелерінен  өсімдік  қабаты  (шым)  ПСП  алынып  тасталғанға  дейін  алынып 

Қызыл жобасының ОЭВЖ  

5.8-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

344 бет 


 

тасталады  және  мүмкіндігінше  эрозия  тәуекеліе  азайту  мақсатында  ПСП 

қоймаларының  жамылғысы  ретінде  пайдаланылуы  тиіс  («Топырақтарды 

оңтайлы пайдаланудың түбегейлі жоспары» 5.8.1-қосымшасын қараңыз). 

  Топырақ қабатын топырақ асты қабатпен араластыруға болмайды. 



  Топырақ  асты  қабатын  (әдетте  30  м-ден  төмен  тереңдікте  орналасқан, 

құрамында органикалық заттар аз болатын сазды немесе құмды қабат) қалдық 

қоймасындағы  қорғаныс  полиэтилен  үлдірі  үшін  негіздеме  және  жабын  қабат 

ретінде  пайдаланылатын  болады.  Топырақ  қабаты  осы  мақсат  үшін  осы 

төңіректе  топырақ  асты  қабатының  көлемі  жеткілікті  болмаған  кезде 

пайдаланылатын болады. 

  Қолданыстағы  өнеркәсіптік  учаскелер  мен  бұзылған  учаскелердегі  топырақ 



бұзылмаған учаскелерден алынған топырақпен араласпайды. 

  Көлік  құралдарының  қозғалысы  қолданыстағы  бағыттармен  және  жаңа 



жобалау бағыттарымен шектелетін болады. 

  Қоймаланған  топырақ  қабаты  кеніштің  жабылу  және  қалпына  келу  кезеңінде 



бұзылған  жерлердің  құнарлығын  қалпына  келтіру  үшін  пайдаланылатын 

болады. 


 

Топырақ  ресурстарын  басқару  бойынша  ұсынылатын  жұмсартқыш  шаралар  «Топырақты 

оңтайлы пайдаланудың түбегейлі жоспары» 5.8.1-қосымшасында келтірілген.  

 

Төгінділер мен апаттық шығарындылардың алдын алу және оқшаулау 

 

Құрылыстың  немесе  пайдаланудың  қалыпты  жағдайлары  кезінде  апаттық  төгінділер  немесе 



шығарындылар  жағдайында  топыраққа  және  судың  сапасына  қолайсыз  әсер  ету 

ықтималдығын  азайтуға  бағытталған  май  төгінділерін  оқшаулау  жөніндегі  жоспарды,  апатты 

болдырмау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын енгізу және оқыту қамтамасыз етілетін 

болады  (Апаттық  дайындық  және  әрекет  ету  құжаты  -  №4  басқару  жоспарына  сәйкес). 

Компанияның  барлық  қызметкерлері  мен  мердігерлері  Жоспарда  қарастырылған  рәсімдерді 

сақтауға міндетті.  

 

Төгінділер  орын  алуы  мүмкін  сақтауға  арналған  сұйыққоймалар  сияқты  учаскелердің 



айналасында  топырақ  үйілетін  болады,  ал  апаттық  төгінділердің  төселетін  топыраққ  түсуіне 

жол  бермеу  үшін  химиялық  реагенттер  мен  ЖЖМ  тиеу/түсіру  немесе  пайдалану  учаскелері 

сүзуге қарсы экранмен жабдықталады немесе бетондандырылады.    

 

Жекелеген  учаскелерде  сақталатын  немесе  пайдаланылатын  материалдар  үшін  сорбенттер 



қамтамасыз  етіледі,  төгінділерді  немесе  апаттық  шығарындыларды  оқшаулау  және  жинау 

қажет болған жағдайда сорбенттер қолжетімді дерлерде сақталуы тиіс.   

 

Кенішті жабу және жердің құнарлығын қалпына келтіру 

 


Қызыл жобасының ОЭВЖ  

5.8-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

345 бет 


 

Кеніш жабылғаннан кейін жердің құнарлығын қалпына келтіру және оның күйін мал жаю үшін 

пайдаланылатын  даланың  күйіне  жеткізу  мүмкіндігі  бар.    Жобаны  жабудың  және  жерлерді 

қалпына  келтірудің  егжей-тегжейлері  «Полиметалл»  дайындаған  техникалық-экономикалық 

негіздемеде  (1-том,  13.3-тарау),  сондай-ақ  өсімдіктерді  қалпына  келтіру  және  жаңғырту 

бойынша  кәсіпорынның  жүргізуі  жоспарланатын    іс-шаралар  сипатталған  Кенішті  жабу  және 

жерді  қалпына  келтіру  жоспарында  (№5  Басқару  жоспарын  қараңыз)  келтірілген.  Тау 

жыныстары  қайырмасының  учаскесі  жоспарланатын  болады,  жоғарғы  топырақ  қабаты 

қалпына келтіріледі және шөптер егіледі. 

 

Жерасты  өндірісі  аяқталғаннан  кейін  жерасты  суының  анағұрлым  терең  ойықтарға  ағуын 



қамтамасыз  ететін  еңісін  қалыптастыру  арқылы  қалпына  келтірілетін  болады.  Анағұрлым 

жазық кірме жолдарға топырақ қабаты төселеді және шабындық күйіне дейін шөптер егілетін 

болады. Жануарлардың кіріп кетуіне жол бермеу үшін карьер периметрі бойынша қоршалатын 

болады. 


 

5.8.5

 

Қалдық әсерлер 

 

Ұсынылатын  қорғаныс  шаралары  шығындарды  азайтуға  және  топырақ  жамылғысының 



бұзылуына  жол  бермеуге  көмектеседі  және  жобалау  құрылғысы  алаңдарының  көп  бөлігін 

қалпына  кілтіру  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  Кейбір  шығындар  мен  өзгерістер  орын  алуы 

мүмкін,  алайда  кен  орнын  өңдегеннен  кейін  топырақтардың  сипаттамалары  мен  сапасы 

ішінара  ғана  өзгереді,  бұл  орайда  өзгерістер  қайтымды  сипатқа  тән  болады.  кесте  5.8.1 

келтірілген  критерийлерге  сәйкес,  топырақтың  өзгеруі  мен  жер  құнарлығының  өзгеруінің 

қалдық  масштабы  бірқалыпты  деп  есептеледі.  кесте  5.8.1  келтірілген  критерийлерге  сәйкес 

өзгерістердің  бірқалыпты  масштабымен  үйлесетін  әсерлердің  жоғары  емес  сезімталдығы 

әсерді шағын етеді, ал қалдық әсерді болмашы етеді.  

 

5.8.6

 

Мониторинг және аудит 

 

Топыраққа  мониторинг  жүргізу  кейбір  қолданыстағы  қадағалау  бөлімшелерінде  (M1-M18) 



жалғасады,  ал  M1,  M2,  M8,  M9,  M12,  M13  бөлімшелері  бұзылу  аймағына  түседі:  карьер, 

жыныстар  қайырмасы,  қалдық  қоймасы,  және  нәтижесінде  қадағалау  үшін  жарамсыз  болып 

қалады.    Жаңа  қадағалау  бөлімшелерінің  дәл  сондай  саны  жоғары  тәуекел  учаскелерінде 

тағайындалатын  болады  (N1–N6  бөлімшелері,  4.7.2-сурет):  жыныстар  қайырмасынан  бастап 

оңтүстік-батысқа және шығысқа қарай, көмірлі кек қоймасынан бастап оңтүстік-шығысқа және 

бөгет  астындағы  қалдық  қоймасынан  бастап  оңтүстікке  қарай  орналасқан  ағын  сулар 

алқаптары. 

 

Эрозия  белгілерін анықтау  үшін  ПСП  қоймаларын қадағалау  ұйымдастырылды.  Қажет  болған 



кезде тиісті қосымша қорғаныс шаралары қабылданатын болады. 

 


Қызыл жобасының ОЭВЖ  

5.8-тарау 

 

 

ZT52-0156/MM1021 



2015 ж. желтоқсаны 

Кесімді нұсқа V1.0 

 

346 бет 


 

5.8.7

 

Қорытынды 

 

Топырақтың  алып  тастау,  орын  ауыстыру  және  сақтау  түрінде  бұзылуы  Жоба  әрекет  ететін 



мерзім  ішінде  орын  алатын  болады.    Белгілі  болғандай,  Жобаның  аумағындағы  топырақ 

ресурстары өзінің қуаттылығының аз болуы және құрамында органикалық заттың (көміртектің) 

аз мөлшерде болуы салдарынан осы аймақ үшін тән тіршілік ортасын қамтамасыз етеді және 

ауыл  шаруашылығы  мақсаттары  үшін  пайдаланылады.  Бағалау  көрсеткендей,  жұмсартқыш 

шараларсыз Жоба қызметінің болмашы салдары болады.  Орналасу жоспары мен құрылыстың 

жобасында,  сондай-ақ  Топырақты  оңтайлы  пайдалану  жөніндегі  түбегейлі  жоспарда  (№7 

басқару  жоспары)  қарастырылған  жұмсартқыш  шаралар  әсерді  барынша  азайтады,  бұл 

болмашы қалдық әсерге әкеп соғады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет