3 Анықтама
Осы Ережеде ХС ИСО 9000:2005 сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.
4 Белгілер және қысқартулар
Осы Ережеде төмендегі қысқартулар қолданылады:
- «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ;
- БАЖБТЕ – «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ білім алушыларына жатақхана беру тәртібі туралы ереже
- СБӨ – сапа бойынша басшылық өкілі;
- ПМҚАД – персонал менеджменті және құжат айналымы департаменті;
5 Жауапкершілік және өкілеттік
5.1 Ережені әзірлеуге, нақтырақ айтсақ, оның мазмұнына, құрылымына, ресімделуіне, бекітілуіне және енгізілуіне Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жауапты болып табылады. Ресімделуіне, бекітілуіне және енгізілуіне сапа қызметі (одан әрі – СҚ) жауапты болып табылады.
5.2 Осы ереже сапа басшылығының өкілімен (одан әрі – СБӨ), Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, персонал менеджменті және құжат айналымы департаменті (одан әрі - ПМҚАД) директорымен, заң бөлімінің бастығы, СҚ бастығымен келісе отырып жүзеге асырылады және «Келісу парағында» (Е қосымшасы) ресімделеді.
5.3 БАЖБТЕ жобасының соңғы редакциясы туралы шешімді СБӨ қабылдайды.
5.4 Әзірлеуші ереже жобасын СҚ-ға тіркеуге береді, олар түпнұсқасын ресімдейді, сәйкес қолдарды жинайды.
5.5 Сапа қызметі ережені іске қосу туралы бұйрық шығарады. Бұйрықты «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ Басқарма төрағасы бекітеді.
5.6 Бекітілген БАЖБТЕ-ні бөлімше қызметкерлеріне жеткізуге бөлімше басшылары жауапты болып табылады. Танысқандығы туралы жазба «Танысу парағында» (Ж қосымшасы) рәсімделуі қажет.
6 Студенттік жатақхана және пәтер түріндегі жатақхана алу тәртібі
6.1 С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура және докторантура) бағдарламалары бойынша оқитын және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғылықты жаймен қамтамасыз етілмеген білім алушылары білім алу кезеңінде С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың жатақханаларынан орын алуға құқықтары бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың тұрғын-үй қорынан орын бөлінгенде, бірінші кезекте қаралады.
6.2 Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың (одан әрі – білім алушылар) өтініштері мен құжаттарын «Жатақхана» электронды порталына енгізу керек http://portal.kazatu.kz/obshezh; өтініштер тапсырылған уақыттан бастап 5 жұмыс күні аралығында қарастырылады.
6.3 Орынды электрондық кезектегі әлеуметтік санаты негізінде студентке жолдама (формасы Б қосымшасында көрсетілген) беріледі және журналға тіркеледі.
6.4 Білім алушыларға жатақханадан орын берілгендігі туралы мәліметті тәрбие жұмысы бойынша департамент маманы В қосымшасына сәйкес ЖОО-ның есеп кітабына тіркейді.
6.5 Білім алушылар үшін ЖОО-ның әкімшілігіне қабылдауға тіркелу, құжаттарды қағаз және электронды форматта тапсыруқарастырылған, бірақ жеделдетілген қызмет көрсету түрі қарастырылмаған (кезек тәртібіне сәйкес).
6.6 Жатақхана алу кезінде «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ оқитын бакалавриат және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылармен келісімшарт (Г қосымшасы) жасалады.
6.7 Тұрғын-орынкомиссия жатақханадан орын бөлуді кезең-кезеңімен өткізеді:
6.7.1 курстан өзге курс студенттерінің өтініштері бойынша, оқу жылының соңында «Жатақхана» АИС-те алдын ала тізімдері жасалады http://portal.kazatu.kz/obshezh;
6.7.2 Курсқа қабылданған студенттер үшін оқу жылының басында (тамызда);
6.8 Жатақханада тұратын білім алушылардың контингентінің өзгеруіне сәйкес, өзге оқу орнынан ауысып келген білім алушылардың немесе 1-курсқа қабылдануына сәйкес қажеттілігіне қарай оқу жылы ағымында жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |