Положение о порядке предоставления общежития обучающимся в нао «кату им. С. Сейфуллина»


Университет жатақханаларындағы ішкі тәртіптің реттелу ережесі



бет17/22
Дата20.09.2023
өлшемі160,39 Kb.
#108993
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Университет жатақханаларындағы ішкі тәртіптің реттелу ережесі

11.1 Жатақхана сағат таңғы 07.00-де ашылады және жазғы уақытта сағат 23.00-де, қысқы уақытта 22.00-де жабылады.


11.2 Жатақханадағы мәдени немесе басқа да іс-шаралар Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры, әр факультет декандарының және жатақхана меңгерушісі келісімімен өткізіледі.
11.3 Университет оқытушыларына өз лауазымдық міндеттерін орындауы үшін (кафедрада бекітілген кезекшілікті атқаруы үшін) жатақханаға кіруіне факультеттен жіберілген кезекшілік кестесіне сәйкес жеке куәліктерін көрсету арқылы рұқсат етіледі.
11.4 Университеттің күзет қызметкерлері, тәртіп сақшылары жатақханадағы тәртіп жағдайын жауапты тұлғалардың (жатақхана меңгерушісі, түнгі администратор, студенттік кеңес төрағасы) қатысуымен тексереді. Білім алушылардың бөлмелерін түнгі уақытта тексеру жатақханада тұрып жатқан тұлғалар тарапынан тәртіп бұзушылық орын алғанда немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда рұқсат етіледі.
11.5 Жатақханалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, алдын ала құрылған тұрғын-орын комиссиясы (құрамында Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры, факультет декандары және жатақхана меңгерушілері, студенттік кеңес төрағасы, студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы бар) және түнгі администраторлардың қатысуымен шешім қабылданады. Тұрғын-орын комиссиясының шешімі жатақханада тұратын білім алушылар үшін орындалуға міндетті болып табылады.
11.6 Жатақханалардағы тұрғын-орын комиссия құрамы:
Төраға – Басқарма төрағасының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері (кәсіподақтар жәнеерікті негізіндебасқа да бірлестіктері);
Студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;
Деканат өкілдері (декандар немесе декан орынбасарлары, жатақханадағы тұратын білім алушылардың сұрақтарымен жетекшілік ететін);
Жастар саясатының сұрақтарымен жетекшілік ететін, ұйымның құрылымдық бөлімшелерініңөкілдері;
11.7 Білім алушы университеттің ішкі тәртіп ережесін, Ар-намыс кодексінің талаптарын, жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзса, студенттік кеңестің шешімімен 3 күн мерзім ішінде жатақханадан шығарылады.Жатақхананың мүлкіне зиян келтіріп, студент жатақханадан шығарылған жағдайда, төлемақысы қайтарылмайды.
11.8 Егерде студент жатақханадан өз еркімен шығатын болса,төлемді қайтару нақты тұрған мерзімініңсомасының алынуы бойынша жүргізіледі.
11.9 Білім алушы бөлмені кесім бойынша тапсырмай, өз бетінше кетіп қалса немесе бөлме, жиһаз, техникалар, тұмыстық заттар бойынша комиссия ескертуі бар болған жағдайда білім алушының жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға мүмкіндігі жоқ.
11.10 Білім алушының бөлмесінде бөгде тұлға заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіп бұзушылық фактілері анықталса және оны жасырып бүгіп қалған жағдайда жауапкершілік сол бөлменің барлық тұрғындарына жүктеледі.
11.11 Жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылу фактілерін білім алушылар жасырған жағдайда ЖОО әкімшілігі оған оқудан шығаруға дейінгі шараны қолдануға мүмкіндігі бар.
11.12 Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері немесе электр құралдарын пайдалану нұсқаулықтарын сақтамаған, ережелерге жауапкершіліксіз қараған білім алушы жатақханадан шығарылады.
11.13 Жатақханадағы студенттік кеңес өзін-өзі басқару құқығына ие. Студенттік кеңес ішкі тәртіп ережесін бұзған білім алушыларға байланысты өз ұсыныстарын беріп, тәртіп бұзған жағдайда студенттік кеңестің отырыстарында шешім қабылдайды. Кей жағдайларда студенттік кеңес тәртіп бұзған білім алушыларға өз тараптарынан айыбын өтеу мақсатында және екінші мәрте қайталанбас үшін еңбекпен тәрбиелеу шараларын қолданады (тұратын жатақханада кезектен тыс кезекшілік жасау, жастар саясаты бұрышын жасаужәне тағы басқа заңға қарсы келмейтін іс-шаралар), бірінші ереже бұзу фактісі бойынша 3 күн еңбекке тарту, ал 2-рет 6 күн және үшінші рет қайталанса жатақханадан шығарылады.
11.14 Білім алушы Ішкі тәртіп ережесін өрескел бұзған жағдайда (арақ-шарап ішіп ұсталса, жатақханаға арақ-шарап алып кірсе, шылым шексе, насыбай қолданса, кешкі уақыттарда жаз мезгілінде 23:00-ден кейін, ал қыс мезгілінде 22:00-ден кейін жатақхана жабылған соң, өз бетінше рұқсатсыз шығып кеткен жағдайда, үнемі кешігіп келген жағдайда, Студенттік кеңес құрамына, оқу ғимаратындағы, жатақханадағы жеке тұлғаларға балағаттау сөздер айтса, есірткімен айналысса, оқу ғимаратында, жатақханада төбелес ұйымдастырса, заңсыз діни ағымдарды уағыздаса, әкімдік рұқсат етпеген митингілер мен шеруге қатысса, басқа адамның өміріне қауіп төндіретін әрекет жасаса, құқық қорғау ұйымдарынан, оқу орнының әкімшілігінен заң бұзушылыққа қатысы бар дәлелденген ресми құжаттар келсе, бөгде адамды жатақханаға кіргізсе немесе соған қадам жасаса, түнгі 23.00-ден кейін басқа бөлмеде болса, жатақхана тұрғындарының өміріне қауіп төндіріп, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзса, жатақхана мүлкіне қасақана зиян келтірсе) білім алушының ата-анасына хабарланып, шұғыл түрде жатақханадан шығару туралы шешім қабылданады. Бұл жағдайда білім алушы ата-ана жауапкершілігіне тапсырылып, бөлмесін 3 күндік мерзімнен кешіктірмей босатуы керек.
11.15 Бір оқу жылы ішіндегі демалыс уақыттарында (келесі триместрге көшу аралығында) студенттің мүлкі берілген бөлмеде сақталады. Осы кезеңде тұру үшін төлемақы бөлмені броньдау үшін төлем болып есептеледі және қайтарылмайды.
11.16 Санитарлық жағдайды сақтау мақсатында, қысқы, жазғы демалысқа кеткен уақытында бөлмені, тоңазытқышты тазалап, старостаға тапсырып кету керек.
11.17 Ережемен толық танысқан, жатақхана тәртібі бойынша нұсқаулықтан, түсіндіру шараларынан өткен, бірақ моральдық-этикалық қағидаттарын сақтамаған жағдайда, бұған дейін білім алушының атына 3 баяндау хат, тәртіп бұзу кесімі тіркелсе (ауызша ескерту, ескерту, сөгіс), студент жатақханадан шығарылады.
11.18 Университеттің, жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушысының ар-намыс кодексін өрескел бұзғанда, ар-намыс кодексіне сынақтауды тапсыра алмаған жағдайда немесе жатақханадан шығарылған білім алушыға жаңа оқу жылында жатақханадан орын берілмейді.
11.19 Жатақхана меңгерушілері,вахтерлар университеттің күзет қызметкерлері, тәртіп сақшылары, жатақхананың студенттік кеңестері университеттің студенттік жатақханаларындағы ішкі тәртіп ережелерін сақтау бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда оларға түрлі әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Жатақхананың студенттік кеңес төрағасы, түнгі әкімшілік және кеңес мүшелері жатақханадан шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет