Аалы Токомбаев Шоңкелін ауылында, Қырғызстанда 1904 жылы кедей әулетінде туды. Ташекеттегі В.И.Ленин атындағы Отраазиялық коммунистік университетін бітірген.(1922). Қырғыз тіліндегі алғашқы газет 1924 жылы шыққан, мұнда негізінен Қырғыз совет поэзиясының бастауында тұрған Тоқтағұл Сталығанов, Аалы Токомбаев сынды ақындардың өлңдері жарияланды. Токомбаевтың есімімен қырғыздың жазу әдебиетінің туып, дамуы байланысты. Оның алғашқы шығармаларының тақырып аясы кең, революциялық пафос тын. Алғашқы өлеңдер жинағы «Ленин хақында» (1927) – ақын халықтың жоқтау жырларының үлгісін пайдаланып, көсемнің ажалына қайғырып, жоқтау айтады.
«Әйел афнасы» атты кітапта (1929) қырғыз әйелдерін социалистік құрылысқа белсене араласуға шақырады. Оның 30ж. туындылары осы заманғы тақырыптарға арналған: «Еңбек гүлі»(1932), «Шабуыл»(1933), «Алғашқы жырлар» (1934), «Тұтқын Марат»(1932) және басқалары.Аалы Токомбаев 1934-49 жылға дейін Қырғыз Жазушылар одағының басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Қырғыз Ғылым Академиясының академигі болды. Жоғары кеңестің депутаттығына сайланып, қоғамдық өмірге етене араласты.30ж. аяғы мен 40ж.басында ол «Днестр терең теңізге құяды»(1939), «Жараланған жүрек»(1940), «Әуен сыры», «Дат»(1940) шығармаларын жариялайды.
Міне, сол ғасырлар қойнауында бұйдасы үзіліп, бұрылып қалып қойған әдебиет көшінің жоғалған бір бөлігін М.Әуезов, Ш.Уәлиханов бағдары арқылы тоғыз жолдың түйіскен торабы сияқты қырғыздың «Манас» эпосынан табады. Әдебиет көшінің күңгірт бағдарының сырын ашу жолында М.Әуезов көп еңбектенген. Енді сол тұстағы «Манас» эпосын зерттеп білуге талпынған жас Әуезовтің өз бойында болашақ ғалым болуға жетелер талант барын танытқан алғашқы ғылыми баяндамасын айтса жеткілікті болар. Пікіріміздің дәлелді болуы үшін Ташкентте ашылған алғашқы ағарту институтында Әуезовтен дәріс алған шәкірттерінің бірі, кейінірек тілші ғалым, филология ғылымының докторы Сейділда Телжанов «Мұхтар аға туралы» деген мақаласында: «Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы естігеннің қоспасы көп қой. Біз көргенімізді ғана айта алдық. Мұхтар аға 1922 жылдың аяқ шенінде Ташкентке келді. Алғаш көргеніміз сол еді... Бір күні кешке таман Қазақ ағарту иститутында (әуелде Киринпрос, кейініре Қазинпрос аталған) мәжіліс болды. Атақты ғалым, этнограф Әбубәкір Диваев жиналысты ашты да сөзді Мұхтарға берді. Мұхтар ағаның баяндамасы фольклорды зерттеу жайында болды. Сонда: «Қырғыз елінің «Манасын» қазақтан шыққан ғалым, әрі жазушы, әрі этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов зерттеген болатын – деп бастады Мұхаң. «Манасты» ол – Сахараның Илиадасы» оның жалғасы «Семетейді» - Орта Азияның «одиссеясы» деп атаған. Біздің елдегі батырлар жыры «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», махаббат күйін шертетін лиро-эпостар: «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» бар. Ескі түркі-шағатай тілінде жазылған «Көроұғлы Сұлтан», «Зарқұн», «Сал –салдар» бар, міне осылардың бәрін зерттеу керек. Халық қазынасының тоңын тазартып, асылын аршып алуымыз мақұл » - деп еске алады.