Портфолио тақырыбы: «Аалы Тоқамбаевтың өмірі мен жазушылық қызметі»



бет2/5
Дата19.06.2023
өлшемі277,28 Kb.
#102299
1   2   3   4   5

Жалғасы:

  • Жалғасы:
  • Түрік» сөзінің мәні, түрік қағанатының құрылуы, оның екіге бөлінуі, қыпшақ феодалдық мемлекет бірлестігі мен түрік мұсылмандарының алғашқы Қарахан мемлекетінің құрылып, өмір сүруі, дәуірлеуі, «Ұлы жібек жолындағы» түркілердің ежелгі қалаларының маңызы, ертедегі түрік таңбалары және әріптері, ислам дәуіріне дейінгі түркілердің діни ұғым-түсініктері, тәңірге, табиғат бөлшектеріне табынуы тарихи тұрғыда саралап, ғылыми баға беру осы пән зерттеуіне жатады. Орхон, Енисей, Талас, Алтай, Турфан бойындағы биік тастар мен қағазға түсірілген көне түркі руна жазба ескерткіштерін тауып, оқып, аударып, мәтінін дайындау, ғылыми бағасын беру, әлемге танылған Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған мәдени ескерткіштері мен «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабының» ғылыми бағасын беру. «Рабғузи қиссалары», «Кодекс Куманикус», «Махаббатнама», «Құсрау-Шырын», «Жүсіп-Зылиха» дастандары мен «Түрік тіліндегі Гүлстан» шығармасы және басқа шежіре мұралар осы пән арқылы ғылыми бағасы беріледі.

Терминолоиялық сөздік: Эпос

  • Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең)
  • Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет