Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев
Күдіктіден жауап алу
ХАТТАМАСЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
басталды: «10» сағат «00»мин аяқталды: «10 »сағат «30 »мин
Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев, ҚР ҚПК-нің 209, 210, 212, 216-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті ретінде келесі адамнан жауап алды:
Тегі, аты, әкесінің аты: Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы
Туған күні, айы және жылы: 06.03.1983 ж.т.
Туған жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Тұратын жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер. Тел.: 8 707 518 05 37
Ұлты: қазақ
Азаматтығы: ҚР.
Білімі: орта
Партияда тұруы: партияда тұрмайды
Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді
Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған
Үкіметтік наградалары: жоқ
Депутат болып сайланған ба: сайланбаған
Паспорты немесе басқа құжаттары: жеке куәлігі № _________ _________ж.
Қорғаушыны қажет ете ме: қамтамасыз етілді
Қай тілде жауап беруді қалайсыз: орыс тілінде
Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес
Соттылығы: бұрын сотталмаған
Жауап алудың алдында Ж. Ділмағанбетоваға оның ҚК-нің
190-бабы 2-бөлігінің 1-бөлігімен көзделген қылмысты, яғни алаяқтықты бірнеше рет жасағаны үшін күдікті екені хабарланды және ҚПК-нің
64-бабымен көзделген құқықтар түсіндірілді, ол туралы бұрын хаттама жасалды _____________________Ділмағанбетова Ж.
Тергеушінің сұрағы: Сіз өзіңіздің қылмыстық құқық бұзушылық жасағаныңызды мойындайсыз ба немесе кінәңізді мойындамайсыз ба? Жауап кінәмді толығымен мойындаймын.
Тергеуші оған қойылған күдікке қатысты және іс үшін маңызы болуы мүмкін барлық басқа да мән-жайларды айту ұсынылды.
Мәні бойынша келесіні түсіндіремін, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша мен анам Агила Хабилбайқызы Ділмағанбетовамен бірге тұрамын. Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоқпын, наркологиялық диспансерде «апиын нашақарлық» диагнозымен есепте тұрмын. Осыдан бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған жоқпын.
05.01.2015 жылы шамамен 16:00 сағатта мен алдау арқылы ақша табайын деген оймен Ақтөбе қаласында темір жол вокзалына Ломоносов көшесіне келдім. Осыдан кейін мен вокзал маңындағы алаңда жүріп, өткен-кеткен адамдарға тәулікке пәтер ұсындым, іс жүзінде менде ешқандай пәтер болмаған. Шамамен 17:00 сағатта мен азиаттық ұлт жігітке тақап, оған бір тәулікке 4.000 теңгеге пәтер ұсындым, ол қазір ақшасының жоқ екендігін айтып, бірақ ол оны таба алатынын, әзірге маған кепілге «Nokia 6303» марқалы өзінің ұялы телефоны мен жеке куәлігін қалдыра тұра алатынын айтты. Мен бұған келісіп, оның ұялы телефонын алдым, одан сим-картаны алып шығып, өзіне қайтарып бердім, жеке куәлігін қарап оны да қайтарып бердім. Бұдан кейін мен біреуге қоңырау шалған болып, телефон арқылы қазір бір жігіт келетіні, оны пәтерге апару қажеттілігі туралы айттым. Сосын мен оған пәтердің Ақтөбе қаласында Кереев көшесінде «Бестау» дәмханасы жанындағы тоғыз қабатты үйде орналасқанын түсіндірдім. Бұдан кейін жігіт мен айтқан үйге қарай бағыт алды, ал мен оның кеткенін пайдаланып, такси маркалы актомашинаны тоқтатып, үйге кеттім, автомашинаның мемлекеттік нөмірі есімде жоқ. Бұл ұялы телефонды мен өзім пайдаландым.
Қазіргі уақытта мен ұялы телефонды жоғалтып алдым, сондықтан оны бере алмаймын.
Алаяқтық жасағаным үшін қатты өкінемін, жасаған үшін кінәмді толығымен мойындаймын, келтірілген зиянды өтеуге тырысамын.
Жауап алу хаттамасы менің сөзімнен дұрыс жазылды және мен оны оқыдым.
Күдікті ________________________ Ж.К. Ділмағанбетова
Қорғаушы ______________________________ З.З. Мәмедов
Жауап алған:
Достарыңызбен бөлісу: |