Постановление


ҚР ҚПК-нің 157-бабы. Шақыру қағазы бойынша келмеудің салдары



бет20/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

ҚР ҚПК-нің 157-бабы. Шақыру қағазы бойынша келмеудің салдары:
Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін, келуден жалтарған куәға, жәбiрленушiге қатысты бір мезгілде
ҚР ҚК-нің 421-бабымен көзделген шара қолданады.
Адамның шақыртуға келмеуінің дәлелді себептері:
Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып:
1) адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы;
2) жақын туыстарының қайтыс болуы;
3) дүлей зілзала;
4) адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады.
Тергеуші (анықтаушы) _______________________ А.К. Дакешев
м.о. «_» қаңтар 2015 жыл



Адамды күдікті деп тану туралы
ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімі ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев азамат Д.О. Сәрсенбаевтың арызы бойынша №15151003100014 қылмыстық істердің материалдарын қарап,




АНЫҚТАДЫ:

10.01.2015 жылы сағат шамамен 15:00-де Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөліміне азамат Д.О. Сәрсенбаев «Жанна» есімді қызбаланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 05.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жаңылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынған көрсетті.


«Жанна» есімді қызбаланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде
Д. Сәрсенбаевқа 23 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген.
Осы факт бойынша 10.01.2015 ж. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында 06.03.1983 ж.т., Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер мекенжайы бойынша тұратын Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетова анықталды.
Д. Сәрсенбаевқа қатысты қылмысты нақты осы
Ж.К. Ділмағанбетованың жасағанына көрсететін жеткілікті деректердің болуын ескере келе, ҚПК-нің 202-бабына сәйкес оңғыны ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті деп тану қажет.
Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 202-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. 06.03.1983 ж.т., Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер мекенжайы бойынша тұратын Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетова №15151003100014 қылмыстық іс бойыша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті болып танылсын.


2. Осы қаулының көшірмесі Ақтөбе қаласының прокурорына жолдансын.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет