Постановление



бет24/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ


Құқықтарды түсіндірген:




Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға
жол берілмейтіндігі туралы ескерту

ҚОЛХАТЫ

«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы



Мен, Мәмедов Закир Зафарович, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан көш., 15-үй, 77-пәтер мекенжайы бойынша тұрамын, Ақтөбе қаласы прокурорының және іс бойынша тергеушінің келісімінсіз сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы «10» қаңтарда №15151003100014 тіркелген іс бойынша бар маған менің қатысуыммен жүргізілген тергеу амалдарын жүргізген кезде белгілі болған қылмыстық іс жүргізудегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы маған ескертілгені туралы осы қолхатты беремін.
ҚР ҚК-нің 423-бабы бойынша прокурордың немесе тергеушінің келiсуiнсiз істегі мәліметтерді жария ету үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.
______________

Қолхатты алдым З.З. Мәмедов


Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев

Беттестіру
ХАТТАМАСЫ

«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы



Басталды: «___» сағ. «___» мин. Аяқталды: «___» сағ. «___» мин.

Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев ҚР ҚП-нің 199 және 218-баптарының талаптарын сақтай отырып, Ақтөбе қаласы Әйтеке би көш., 35-үй мекенжайы бойынша орналасқан Ақтөбе қалалық ІІБ Елек полиция бөлімінің ғимаратында №305 қызметтік кабинетте адвокат З.З. Мәмедовтың қатысуымен, осыдан бұрын жауап алынған жәбірленуші Дархан Омарұлы Сәрсенбаев пен айыпталушы Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетованы беттестіруді жүргізгені туралы осы хаттаманы жасады.


ҚР ҚПК-нің 218-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес жәбірленушіге айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға – олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге – тәубеге келу үстiнде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.

Жәбірленуші: (қолы) Д.О. Сәрсенбаев


Айыпталушы Ж.К. Ділмағанбетоваға ________________ ҚР ҚПК-нің 65-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді, оның:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Күдіктінің қорғаушысының немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын алып тастау немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.

Күдікті:______________ Ж.К. Ділмаганбетова


Бір-бірін біле ме, және бір-бірімен қандай қатынаста екені туралы сұраққа жауап алынып отырған адамдар былай көрсетті:
Д.О. Сәрсенбаевтың жауабы: "Менің алдымда отырған адамды бұрын білмегенмін, оған ешқандай теріс қатынасым жоқ".

Ж.К. Ділмағанбетованың жауабы: " Менің алдымда отырған адамды бұрын білмегенмін, оған ешқандай теріс қатынасым жоқ".


Д.О. Сарсенбаевке сұрақ: Ділмағанбетовамен бірінші рет қандай жағдайда кездестіңіз?


Д.О. Сарсенбаевтың жауабы: 2015 жылғы 05 қаңтарда шамамен сағат


15.00-де Ақтөбе қаласына жеке жұмыстарымен келдім. Келгенімде менде 6.000 теңге мөлшерінде ақша болды, кешке дейін мен оны өз қажеттілігіме пайдаландым. Істерімді бітіріп, үйге жиналдым, бірақ тым кеш болғандықтан, Алға қаласына такси болмады, ал Ақтөбе қаласында менің туыстарым жоқ, сондықтан таңертеңге дейін пәтер жалдау үшін вокзал маңындағы алаңға бардым.
Вокзал маңындағы алаңға мен 2015 жылы 05 қаңтарда шамамен сағат
17.00-де келдім, маған бұрын таныс емес болған Ділмаганбетова тақап, бір тәулікке пәтер ұсынды, мен ақшамның жоқ екендігін үйіме кетіп үлгермегенімді айттым. Одан кейін мен оған төлеу үшін ақша тапқанға дейін, кепіл ретінде өзінің қара түстік «Nokia 6303» маркалы ұялы телефоным мен жеке куәлігімді ұсындым, ол келісті. Осыдан кейін ол менің ұялы телефонымнан сим-картаны алып тастап, оны өзіне қайтарды, сондай-ақ жеке куәлігімді де қайтарды. Бұдан кейін қыз бала өзінің ұялы телефонынан біреуге қоңырау шалып, мені қарсы алып, пәтерге апару қажет екендігін айтты. Ол маған пәтердің Кереев көшесінде «Бестеу» дәмханасы жанындағы үйде орналасқанын түсіндіріп, маған сол жерге бар, сені қарсы алады деді. Мен бірден сол үйге қарай жүрдім, алайда мені ешкім күтіп тұрмады. Бұдан кейін мен Ж.К. Ділмаганбетованың мені алдағанын түсініп, темір жол вокзалына қайта жүгіріп бардым, бірақ вокзалды ралап шығып, мен оны кездеспедім.

Күдіктіге сұрақ:


Сізге Д.О. Сәрсенбаевтың жауаптары түсінікті ме, Сіз оларды растайсыз ба?

Ж.К. Ділмаганбетованың жауабы: иә, мен оның жауаптарын растаймын, 05.01.2015 жылы шамамен 16:00 сағатта мен алдау арқылы ақша табайын деген оймен Ақтөбе қаласында темір жол вокзалына Ломоносов көшесіне келдім. Осыдан кейін мен вокзал маңындағы алаңда жүріп, өткен-кеткен адамдарға тәулікке пәтер ұсындым, іс жүзінде менде ешқандай пәтер болмаған. Шамамен 17:00 сағатта мен азиаттық ұлт жігітке тақап, оған бір тәулікке 4.000 теңгеге пәтер ұсындым, ол қазір ақшасының жоқ екендігін айтып, бірақ ол оны таба алатынын, әзіре маған кепілге «Nokia 6303» марқалы өзінің ұялы телефоны мен жеке куәлігін қалдыра тұра алатынын айтты. Мен бұған келісіп, оның ұялы телефонын алдым, одан сим-картаны алып шығып, өзіне қайтарып бердім, жеке куәлігін қарап оны да қайтарып бердім. Бұдан кейін мен біреуге қоңырау шалған болып, телефон арқылы қазір бір жігіт келетіні, оны пәтерге апару қажеттілігі туралы айттым. Сосын мен оған пәтердің Ақтөбе қаласында Кереев көшесінде «Бестау» дәмханасы жанындағы тоғыз қабатты үйде орналасқанын түсіндірдім. Бұдан кейін жігіт мен айтқан үйге қарай бағыт алды, ал мен оның кеткенін пайдаланып, такси маркалы актомашинаны тоқтатып, үйге кеттім, автомашинаның мемлекеттік нөмірі есімде жоқ. Бұл ұялы телефонды мен өзім пайдаландым.


Д.О. Сәрсенбаевке сұрақ: Өзіңіздің осыдан кейінгі әрекеттеріңіз қандай болды?


Д.О. Сәрсенбаевтың жауабы: Мен ішкі істер органдарына жүгінбедім, өйткені оны өзім табамын деп ойладым. Алайда, оны таба алмадым, бұдан кейін 10.01.2015 ж. мен «Менің ұялы телефонымды қайтару үшін шара қабылдауды сұраймын» деген арызбен Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ-ге жүгіндім.

Тергеуші тарапынан басқа сұрақтар болмады.


Бір-біріне сұрақтарың бар ма деген тергеушінің сұрағына Д.О. Сәрсенбаев пен Ж.К. Ділмаганбетова жоқ деп жауап берді.
Сәрсенбаев Д.О.
Ділмаганбетова Ж.К.

Адвокат _____________ сұрақтар түскен жоқ.


Беттестіру хаттамасы дауыстап оқылды, дұрыс жазылды, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.

Жәбірленуші: Сәрсенбаев Д.О.


Айыпталушы: Ділмаганбетова Ж.К.


Адвокат: Мәмедов З.З.


Беттестіруді өткізген






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет