Постановление



бет45/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ


Құқықтарын түсіндірді:




Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев


Күдіктіден жауап алу
Х А Т Т А М А С Ы

"__" қаңтар2015 ж Ақтөбе қаласы


«17» сағат «00»мин. басталды


«18 » сағат «00 »мин. аяқталды
Ақтөбе қалалық ІІБ ПБ Елек ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешов ҚР ҚПК-нің 209, 210, 212, 216-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті ретінде жауап алды:
Тегі, аты, әкесінің аты: Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетова
Туған күні, айы мен жылы: 06.03.1983 ж.т.
Туған жері: Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер
Ұлты: қазақ
Азаматтығы: ҚР
Білімі: орта
Партиялылығы: партияда жоқ
Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді
Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған
Мемлекеттік награда: жоқ
Депутатқа сайланды ма: сайланған жоқ
Төлқұжаты немесе басқа құжаттары: жеке басы анықталмады
Қорғаушыны қажет ете ме: қамтамасыз етілді
Түсінікті қай тілде бергісі келеді: орыс тілінде
Әскери міндеттілікке қатыстылығы: әскери міндетті емес
Соттылығы: бұрын сотталмаған
Жауап алу алдында Ж. Ділмағанбетоваға ол ҚК 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмысты жасады, яғни бірнеше рет алаяқтық жасады деп күдік келтірілетіні хабарланды және ҚПК 64-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді, ол туралы хаттама жасалды
____________Ділмағанбетова Ж.
Тергеуші сұрағы: Сіз қылмыстық құқықтық бұзушылықтар жасауда өзіңізді кінәлі деп мойындайсыз ба немесе өз кінәңізді мойындамайсыз ба? Жауап: өз кінәмді толық мойындаймын.
Тергеуші оған күдік келтірген және іс үшін маңызы болуы мүмкін басқа барлық мән-жайлар жайында айтып беру ұсынылды.
Істің мәні бойынша мынаны түсіндіремін, жоғарыда көрсетілген мекенжайы бойынша өз анам Агила Хабилбаевна Ділмағанбетовамен бірге тұрамын. Психоневрологиялық диспансер есебінде тұрмаймын, наркологиялық диспансер есебінде «апиын нашақорлық» диагнозымен тұрмын. Бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған жоқпын.
10.01.2015 жылы шамамен сағат 18:00 алдау жолымен ақша қаражатын табу мақсатында Ломоносов көшесі бойынша орналасқан Ақтөбе қаласының Теміржол вокзалына бардым. Содан кейін вокзал алаңы жанында орналасқан «Каспий толқыны» дүкені жанында тұрып, тәуліктеп пәтерді жалға беремін деген түрде жолаушыларға ұсына бастадым. Шамамен сағат 19.00-де мен ұлты азиаттық жас шамасы 28-30 жыл екі еркекке барып, шын мәнінде менде жоқ пәтерлерді ұсындым. Оған еркектердің бірі оларға 2-бөлмелі пәтер керек деп айтты, оған мен 2-бөлмелі пәтер 10 000 теңге тұрады деп жауап бердім, сонда еркек оның ақшасы жоқ, бірақ кепілге «Nokia» маркалы ұялы телефонын қалдыра аламын деді, оған мен келістім және біз Ақтөбе қаласы Кереев көшесі бойынша орналасқан №1 үйдің ауласына бардық. Үйдің ауласында мен одан оның ұялы телефонын алдым және мен оларға тоса тұрыңдар себебі пәтердің кілтін алып келу үшін баруым керек дедім. Мен ешбір кілт алуды ойлаған емеспін, себебі мен солай айта отырып, ұялы телефонды иелену және олардан қашып кету үшін осы еркектерді әдейі алдадым. Содан кейін мен вокзал жанындағы алаңға бардым, ол жерде такси автомашинасын тоқтаттым, автомашинаның маркасын және мемлекеттік нөмірін мен есіме сақтаған жоқпын, өйткені вокзал жанындағы алаңда тұрған таксиге арнайы отырған жоқпын, және өз үйіме кеттім.
22.01.2013 жылы вокзал жанындағы алаңға мен қайта келдім, онда маған азаматтық киім киген жігіт жақындап келді, мен одан жалға пәтер керек жоқ па деп сұрадым, оған ол керек деді, бірақ оның ақшасы болмағандықтан ол өз досына қоңырау шалуды шешті. Содан кейін, жігіт жақындап келді де тергеушімін деп таныстырды және менен жеке куәлігімді сұрады, оған мен өзіммен бірге жоқ деп жауап бердім. Осыдан кейін, мені мән-жайларды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді, онда тану жүргізді, мені күдікті деп таныды және мен алаяқтық жасады деп күдік келтірілетіні түсіндірілді.
Қазіргі уақытта мен ұялы телефондарды жоғалтып алғанмын, соған байланысты оларды ұсына алмаймын.
Мен алаяқтық жасағаныма қатты қынжыламын, кінәмді толық мойындаймын істеген ісіме өкінемін, келтірген залалды өтеуге тырысамын.
Хаттама менің сөзімнен дұрыс басылды және мен жазылғандарды оқыдым.
Күдікті ________________________ Ж.К. Ділмағанбетова
Қорғаушы ______________________________ З.З. Мәмедов
Жауап алды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет