Постановление



бет47/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

Ақтөбе қалалық ІІБ
Елек ПБ ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев


Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптамасын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ

2015 жылғы «__» қаңтар Ақтөбе қаласы


Ақтөбе қалалық ІІБ ПБ Елек ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К.Дакешев 274,275 және 276-баптардың талаптарын сақтай отырып, №15151003100014 қылмыстық іс материалдарын қарап,


АНЫҚТАДЫ:
Аз. Ж. Ділмағанбетова бірқатар пайдакүнемдік қылмыстар жасаған. Осы іс бойынша жүргізілген тергеумен аз. Ж.Ділмағанбетова наркологиялық диспансерде «апиын нашақорлық» «тәуелділік синдромымен есірткі заттарды пайдалану салдарынан болатын психикалық және мінез-құлық бұзылулары» диагнозымен есепте тұратыны анықталды.
Оған тағылған қылмыстық іс-әрекеттерін жасау кезінде аз-ша Ж.Ділмағанбетованың психикалық жай-күйі айқындау үшін сот психиатриясы саласында арнаулы білім қажеттігін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 272-бабын басшылыққа алып, -
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Осы іс бойынша амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалсын, оны жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі «Сот медицинасы орталығы» Ақтөбе филиалының психиатр-сарапшыларына тапсырылсын.
2. Сарапшының шешуіне мына сұрақтар қойылсын:
- аз-ша Ж.Ділмағанбетова қандай да бір психикасы аурумен бұрын ауырды ма және қазіргі уақытта ауыра ма? Егер иә, онда нақты қандай және мерзімі қандай?
- аз-ша Ж.Ділмағанбетова өз әрекеттеріне есеп бере алды ма және оған тағылған қылмыстық іс-әрекеттерін жасау кезінде оларды басқара алды ма?
- аз-ша Ж.Ділмағанбетова тергеу және сот алдында жауап бере ала ма?
- аз-ша Ж.Ділмағанбетова мәжбүрлі емдеуді қажет ете ме?
3. Зерттеу үшін сарапшыларға аз-ша Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетованы, 06.03.1983 ж.т. және осы азаматшаның амбулаториялық карточкасы жіберілсін.
4. Танысу үшін сарапшыларға қылмыстық іс материалдары ұсынылсын.
5. Осы қаулының көшірмесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі «Сот медицинасы орталығы» Ақтөбе филиалының сараптама комиссиясының төрағасына жіберілсін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет