Адамды күдікті деп тану туралы
ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімі ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев азамат А.М. Қарашбаевтың арызы бойынша №15151003100014 қылмыстық істердің материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
10.01.2015 жылы азамат А.М. Қарашбаевқа Ақтөбе қаласының вокзал маңындағы алаңда Ж.К. Ділмағанбетова жолығып, оған пәтер ұсынған, бұған ол Ж.К. Ділмағанбетоваға өздеріне таңертенге дейін 2-бөлмелі пәтер қажет кендігі туралы айтқан, ал ол өзінде сондай пәтердің бар екенін, оның 10.000 теңге тұратынын айтты.
Сонда ол Ж.К. Ділмағанбетоваға өзінде ақшаның жоқ екендігін айтқан, бұған ол бір затты кепілге беруді сұрағанда, ол өзінің қара түсті «Nokia 105» маркалы ұялы телефонын ұсынған, оған ол келісіп,
А.М. Қарашбаев оған өзінің телефонын берген. Ол телефонды алып, олардан үйдің ауласында күтуді сұрап, өзі пәтердің кілтін алып келу үшін қайтадан вокзал маңындағы алаңға кеткен. Оны шамамен 10-15 минут күтіп, ол келмегеннен кейін оны вокзал маңындағы алаңға іздеу үшін барған, бірақ оны таба алмаған. Бұдан кейін 11.01.2015 жылы түңгі сағат 1-де А.М. Қарашбаев Елек полициясы бөліміне барып, арыз берген.
«Жанна» есімді қыз баланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде А.М. Карашбаевқа 5.000 теңге сомаға зиян келтірілген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында күдікті 06.03.1983 ж.т., Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер мекенжайы бойынша тұратын азаматша Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетованың жеке басы анықталған.
А.М. Қарашбаевқа қатысты қылмысты нақты осы
Ж.К. Ділмағанбетованың жасағанына көрсететін жеткілікті деректердің болуын ескере келе, ҚПК-нің 202-бабына сәйкес соңғыны ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес күдікті деп тану қажет.
Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 202-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 06.03.1983 жылы туылған, Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер мекенжайы бойынша тұратын Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетова №15151003100014 қылмыстық іс бойыша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті болып танылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Ақтөбе қаласының прокурорына жолдансын.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
Достарыңызбен бөлісу: |