Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев
Беттестіру
ХАТТАМАСЫ
2015 ж."__" қаңтар Ақтөбе қаласы
«___» сағ. «___» мин. басталды
«___» сағ. «___» мин. аяқталды
Ақтөбе қалалық ІІБ ПБ Елек ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты
А.К. Дакешев ҚР ҚПК-нің 199 және 218-баптарының талаптарын сақтай отырып, Ақтөбе қаласы Әйтеке би көш.,35 үй мекенжайы бойынша орналасқан Ақтөбе қаласы ІІБ Елек полиция бөлімі ғимаратының №305 қызметтік бөлмесінде бұрын жауап алынған куә Аман Мақсатұлы Қарашбаев пен айыпталушы Жанна Кәмелқызы Ділмағанбетова арасында адвокат З.З.Мамедов қатысуымен беттестіру өткізіп, ол туралы осы хаттаманы жасады.
ҚР ҚПК-нің 218-бабының 3-бөлігі талаптарына сәйкес жәбiрленушiге олардың айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға – олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге – тәубеге келу үстiнде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiлдi.
Жәбірленуші: А.М. Қарашбаев
Айыпталушы Ж.К.Ділмағанбетоваға ________________ ҚР ҚК-нің 65-бабымен көзделген құқықтар түсіндірілді, ол құқылы:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.
Күдіктiнiң қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы күдiктiнiң қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негiз бола алмайды
Күдікті:______________ Ж.К. Ділмағанбетова
Бір-бірін таниды ма деген сұраққа, жауап алынып жатқандар мыналарды көрсетті:
А.М. Қарашбаева жауабы: "Менің алдымда отырған адамды мен бұрын білген емеспін, оған ешқандай жек көру қатынасым жоқ".
Ж.К. Ділмағанбетова жауабы: " Менің алдымда отырған адамды мен бұрын білген емеспін, оған ешқандай жек көру қатынасым жоқ ".
А.М.Қарашбаевқа сұрақ: Қандай жағдайларда сіз алғаш Ділмағанбетованы кездестірдіңіз?
А.М.Қарашбаев жауабы: 10.01.2015 жылы шамамен сағат 17:00-де мен Байғаны өңірінің Баршақұм ауылына кетуім керек болғандықтан Ақтөбе қаласының Теміржол вокзалы ауданында болдым. Осы кезде мен өзімнің бұрынғы досым Серік Аязбергеновты кездестірдім. Содан кейін, біз біраз әңгімелестік, ішуді шештік және дәмханаға беттедік. Дәмханадан біз шамамен сағат 18.30-да келдік, үйге қайтуға кеш болып кеткендіктен және менде таксиге ақша жоқ болғандықтан мен Серікке таңертеңге дейін пәтерді қарызға жалға алуға ұсындым, оған ол келісті. Содан кейін вокзал жанындағы алаңда бізге копюшоны бар қара түсті тон киген Ж.К.Ділмағанбетова жақындап келді, ол бізге пәтерлерді ұсынды, оған мен бізге таңертеңге дейін 2-бөлмелі пәтер керек дедім, ол оның ондай пәтері бар және құны 10 000 теңге болады деп жауап берді. Сол кезде мен Ж.К.Ділмағанбетоваға біздің ақшамыз жоқ деп айттым, оған ол кепілге бір нәрсе беруді сұрады, сол уақытта мен оған қара түсті «Nokia 105» маркалы өз ұялы телефонымды ұсындым, ол келісті және біз Ақтөбе қаласы Кереев көшесі бойында орналасқан №1 үйдің ауласына бардық. Үйдің ауласында «Nokia 105» маркалы өз ұялы телефонымнан «Activ» ұялы байланыс операторының сим-картасын алып шықтым да телефонды қызға бердім. Телефонды алып, ол вокзал жанындағы алаңында жатқан пәтердің кілтін алып келуім керек деп айтып, бізді үйдің ауласында күте тұруымызды сұрады. Ж.К.Ділмағанбетованы шамамен 10-15 минут күттік және оның келуін күтпестен біз қайтадан вокзал жанындағы алаңға беттедік, онда аталған қызды іздедік, бірақ біз оны сол күйі таба алмадық. Содан кейін 11.05.2014 жылдың түнгі сағат 1-де біз Елек полиция бөліміне бардық, онда мен арыз бердім. Осы телефонды мен 10.11.2013 жылы Ақтөбе қаласының орталық базарында 5 000 теңгеге сатып алғанмын, оның қажеттілігі болмағандықтан ұялы телефонның құжаттарын лақтырып жібергенмін. Қылмыспен маған 5 000 теңге сомасына зиян келтірілді.
Күдіктіге сұрақ:
А.М.Қарашбаевтың берген айғақтары Сізге түсінікті ме және Сіз оларды растайсыз ба?
Ж.К.Ділмағанбетованың жауабы: иә мен растаймын, 10.01.2015 жылы шамамен сағат 18:00 алдау жолымен ақша қаражатын табу мақсатында Ломоносов көшесі бойында орналасқан Ақтөбе қаласының Теміржол вокзалына бардым. Содан кейін вокзал алаңы жанында орналасқан «Каспий толқыны» дүкені жанында тұрып, тәуліктеп пәтерді жалға беремін деген түрде жолаушыларға ұсына бастадым. Шамамен сағат 19.00-де мен ұлты азиаттық жас шамасы 28-30 жыл екі еркекке барып, шын мәнінде менде жоқ пәтерлерді ұсындым. Оған еркектердің бірі оларға 2-бөлмелі пәтер керек деп айтты, оған мен 2-бөлмелі пәтер 10 000 теңге тұрады деп жауап бердім, сонда еркек оның ақшасы жоқ, бірақ кепілге «Nokia» маркалы ұялы телефонын қалдыра аламын деді, оған мен келістім және біз Ақтөбе қаласы Кереев көшесі бойынша орналасқан №1 үйдің ауласына бардық. Үйдің ауласында мен одан оның ұялы телефонын алдым және мен оларға тоса тұрыңдар себебі пәтердің кілтін алып келу үшін баруым керек дедім. Мен ешбір кілт алуды ойлаған емеспін, себебі мен солай айта отырып, ұялы телефонды иелену және олардан қашып кету үшін осы еркектерді әдейі алдадым. Содан кейін мен вокзал жанындағы алаңға бардым, ол жерде такси автомашинасын тоқтаттым, автомашинаның маркасын және мемлекеттік нөмірін мен есіме сақтаған жоқпын, өйткені вокзал жанындағы алаңда тұрған таксиге арнайы отырған жоқпын, және өз үйіме кеттім.
22.01.2013 жылы вокзал жанындағы алаңға мен қайта келдім, онда маған азаматтық киім киген жігіт жақындап келді, мен одан жалға пәтер керек жоқ па деп сұрадым, оған ол керек деді, бірақ оның ақшасы болмағандықтан ол өз досына қоңырау шалуды шешті. Содан кейін, жігіт жақындап келді де тергеушімін деп таныстырды және менен жеке куәлігімді сұрады, оған мен өзіммен бірге жоқ деп жауап бердім. Осыдан кейін, мені мән-жайларды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді, онда тану жүргізді, мені күдікті деп таныды және мен алаяқтық жасады деп күдік келтірілетіні түсіндірілді.
Қазіргі уақытта мен ұялы телефондарды жоғалтып алғанмын, соған байланысты оларды ұсына алмаймын.
Мен алаяқтық жасағаныма қатты қынжыламын, кінәмді толық мойындаймын істеген ісіме өкінемін, келтірген залалды өтеуге тырысамын.
А.М.Қарашбаевқа сұрақ: Айтыңызшы, сіздің кейінгі әрекеттеріңіз қандай болды?
А.М.Қарашбаев жауабы: Оны өзім таба аламын деп сенгендіктен, ішкі істер органдарына жүгінген жоқпын. Алайда, оны таба алмады, содан кейін 10.01.2015 жылы мен Ақтөбе қаласы ІІБ Елек ПБ «Маған ұялы телефонымды қайтару бойынша шаралар қабылдауыңызды сұраймын» деген арызбен жүгіндім.
Тараптар тергеушіге басқа сұрақтар қойған жоқ.
Тергеушінің А.М.Қарашбаев пен Ж.К.Ділмағанбетова бір-біріңізге сұрақтарыңыз бар ма деген сұрағына жоқ деп жауап берді.
Қарашбаев А.М.
Ділмағанбетова Ж.К.
Адвокат _____________ сұрақтар түскен жоқ.
Беттестіру хаттамасы дауыстап оқылды, дұрыс жазылды, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.
Жәбірленуші: Қарашбаев А.М.
Айыпталушы: Ділмағанбетова Ж.К.
Адвокат: Мәмедов З.З.
Беттестіруді жүргізді
Достарыңызбен бөлісу: |