Потенциалдық және потенциалдық емес күштер. Тұйық контурмен қозғалғандағы күг жұмысы. Күш өрісі. Потенциалдық энергия және оны нормалау



бет2/3
Дата14.11.2022
өлшемі0,59 Mb.
#50088
түріРеферат
1   2   3
Магнит өрісінің күш сызықтары  өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің (магнит индукция векторының) бағытымен сәйкес келетін көрнекті сызықтар. Магнит өрісінің күш сызықтарын бақылау үшін келесі тәжірибені қолдануға болады. Қағаздың бетіне темір үгінділерін төгіп, оның ортасына өткізгіш қоямыз. Өткізгіштің бойында тоқ жоқ кезде ешқандай өзгеріс балқалмайды, ал өткізгіш бойынан ток өткенде темір үгінділері шеңбер бойымен реттеліп орналасады. Себебі ток туғызған магнит өрісінде темір үгінділері магниттеледі де бір-біріне тартылады. Пайда болған сызықтарды көрнекілік үшін магнит өрісінің күш сызықтары деп атайды.
Потенциалдық энергия 
Потенциалдық энергия — жүйенің толық механикалық энергиясының бір бөлігі.
Ол жүйені құрайтын материалдық бөлшектердің өзара орналасуына және олардың сыртқы күш өрісіндегі (мысалы, гравитация өрісі) орнына байланысты анықталады. Жүйенің қарастырылып отырған орнындағы потенциалдық энергиясының сандық мәні жүйенің осы орнынан потенциалдық энергиясы шартты түрде нөлге тең (П=0) болатын орынға ауысуы кезінде жүйеге әсер ететін күштердің атқаратын жұмысына тең. Потенциалдық энергия ұғымы тек консервативтік жүйелерге ғана, яғни сырттан әсер етуші күштердің атқаратын жұмысы жүйенің бастапқы және соңғы орындарына ғана тәуелді болатын жүйелерге қолданылады. Мысалы, і — биіктікке көтерілген салмағы Р жүктің потенциалдық энергиясы П=P×і-қа тең (і=0 болғанда П=0); серіппеге бекітілген жүк үшін , мұндағы — серіппенің созылуы (сығылуы), k — оның қатаңдық коэфф. болғанда П=0. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша массалары m1 және m2 екі бөлшек үшін П=–G m1m2/r, мұндағы G — гравитациялық тұрақты, r — бөлшектердің ара қашықтығы (r=¥ болғанда П=0). Нүктелік екі зарядтың потенциалдық энергиясы да осылайша анықталады.

Физикалық өріс
Физикалық өріс - шексіз еркіндік дәрежесінің санына ие және физикалық шаманың кеңістікте үздіксіз таралуымен сипатталатын жүйе түріндегі материяның ерекше түрі.

Жердің гравитациялық өрісі.

Коаксиаль резонаторындағы Электрлік және Магниттік өрісі.
Өріс– еркіндік дәрежесі шексіз көп физикалық жүйе, материяның негізгі түрі. Электрлік, гравитациялық, ядролық және әлсіз әсерлесуге қатысатын нысандардың өз өрістерітері болады. Өріс – осы нысандардың әсерлесуін тасымалдайтын орта. Бір бөлшектің күш әсері екінші бөлшекке өріс арқылы біртіндеп шекті уақытта беріледі. Әсерлесу кезінде өріс бірінші бөлшектің энергиясы мен импульсының бір бөлігін екінші бөлшекке қарай тасымалдайды. Сондықтан өріс материяның негізгі түрі болып табылады. Өріс ұғымын тұтас ортаның қасиеттерін зерттеуге де қолданады. Бұл жерде ортаның әр нүктесінің күйін анықтайтын физикалық шамалар жиынтығы (қысым, температура, тартылыс күші, т.б.) өріс болып табылады. Ал кванттық механикада әр бөлшекке оның физикалық қасиетінің кеңістікте таралуын сипаттайтын толқындық функциялар өрісі сәйкес келеді. Яғни, элементар бөлшектерді және олардың әсерлесуін сипаттауда өріс басты ұғым. Өрістерді сипаттайтын теңдеулерден бөлшектердің барлық қасиеттерін анықтауға болады. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген өріс теңдеулері сызықты, локалды және нормаланған болып келеді. Өрістердің бейсызық, локалды емес теңдеулері соңғы кездерде қарастырылып жүр. Ол сызықты теорияның негізгі принциптерін өзгертіп, қайта қарастыруды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет