Электростикалық өріс - қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі.
Жермен өзара әрекеттесетін кез - келген дене оның центірінен әр түрлі қашықтықта түрліше потенциалдық энергияға ие, g1 электр заряды басқа g2 зарядынан әр түрлі қашықтықта болған сайын әр түрлі потенциалдық энергияға ие болады. [1] g заряды тудырған электр өрісіндегі зарядты, өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің атқарған жұмысы электрлік өзара әрекеттің потенциалдық энергиясының өзгеру өлшемі болып табылады:
A=Eп-Eк Өрістің әр нүктесіне зарядқа осы зарядқа пропорционал F=gE күші әрекет етеді. Заряд орын ауыстырғандағы бастапқы және соңғы орындарына тәуелді:
A/g=Еп1/g-Еп2/g Eп1 мен Еп2 электр өрісінің 1 және 2 нүктелеріндегі g зарядының потенциалдық энергиясы. Бұл зарядтың әр нүктедегі потенциалдық энергиясы әр түрлі болады. Ол зарядтың өзіне және өрістің қасиеттеріне байланысты. Eп/g қатынасы зарядтың шамасына тәуелді емес, өрістің энергетикалық сипаттамасы деп қабылдап, p әріпімен белгілейді және берілген нүктедегі өрістің потенциалы деп атайды:
Р=Еп/g Eп1/g-Еп2/g шамасы бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясының өзгеруі болып табылады. Өрістің нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырымы дейді және оны р1-р2 немесе U деп белгілейді:
U=p1-p2=Eп1/g-Еп2/g=A/g
Өрістегі заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқаратын жұмысы мынаған тең:
A=g(p1-p2)=gU
Өрістің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырымының физикалық мәні бар - кернеу деп атайды. Потенциалдар айырымы электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Электр өрісінің кернеулігі қарастырылатын нүктелер арасындағы кернеудің олардың арақашықтығына қатынасына тең.
Күш (лат. fortis) - материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі.[1] Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар бұл ұғым ауыспалы мағынада да қолданылады.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.[2] Тең әрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»,«Көптің күші - бірлікте» деген аталы сөздердің терең мағынасын жеткізу үшін де күш ұғымы қолданылған. Күш ұғымы ғылымда да кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарының біріне жатады.
Инерция құбылысын қарастыра отырып, басқа денелермен әрекеттеспейтін дене санақ. денесіне қатысты түзу сызықты және бірқалыпты қозғалатынына көзімізді жеткіздік. Басқа денелермен әрекеттесу дененің жылдамдығының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қалақшамен ұшып бара жатқан теннис добының қозғалыс бағытын өзгертуге болады . Әткеншекті тербеткенімізде, онда отырған бала онымен бірге қозғала бастайды (69,ә-сурет). Осы келтірілген мысалдар дененің басқа денелермен әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне əкелетінін көрсетеді.
Бұл жағдайда денелердің жылдамдығы күш әрекетінен өзгереді деп айту қабылданған. Сонымен, күш –денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әртүрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әртүрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жұмсаймыз. Бос және жүгі бар арбаларды орнынан қозғалту үшін және олардын қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оларға шамасы әртүрлі күш түсіреміз. Демек, күштің сан мəні көп те, аз да болуы мүмкін. Күш әрекеті сан мəніне (модуліне) ғана емес, оның бағытына да байланысты болады. Өздерің де ойын үстінде денелерге ( допқа, шайбаға, т.б.) әсер ете отырып, өз ойларыңды жүзеге асыру үшін, Бұл әрекетке белгілі бір бағыт бересіңдер.Сонымен күш сандық мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады. Күшті F әрпімен белгілейді.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі. Кесіндінің ұзындығы шартты түрде қандай да бір таңдап алынған масштабтағы күштің шамасын көрсетеді. Оның бағыты күш әрекетінің бағытымен сәйкес келеді. Кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.
Күштің дененің қандай нүктесіне түсетінінің де мəні зор. Расында да, мұны есікті тұтқасына және топсасына таяу нүктеге күш түсіріп ашқанда байқауға болады.
SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған. 1Н- массасы 1 кг дененің жыл-дамдығын 1 м/с-ка өзгертетін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі- килоньютон (кН) да қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер 7 сынып «Физика кітабы» 8 сынып Физика кітабы «Электр тогы» тақырыбы 10 сынып Физика кітабы «Электр өрісі» тақырыбы http://www.bilimland.kz/kk/#lesson=10701