Позитивистік бағыттағы ойшыл. Сондықтан көзқарастары да шындық верификациялау



Дата15.12.2023
өлшемі15,58 Kb.
#139712

Витгенштейн 20 ғасырға орасан ықпал еткен австриялық философ. Аналитикалық философияның негізін қалаушы.
Белгілі бір деңгейде ол позитивистік бағыттағы ойшыл. Сондықтан көзқарастары да шындық верификациялау арқылы анықтауға негізделген.
Витгенштейн философияны жоққа шығарушы. Оның мүлде қажеті жоқ деп санайды. Философияда қозғалатын тақырыптар түк те маңызды емес. Босқа уақытты өлтіру. Метафизиканың қажеті жоқ.
Ол үшін философия сауал тудырмай, мәселе шешумен айналысуы керек.
Әдетте Витгенштейннің көзқарастары жайлы сөз болғанда оның көзқарастары бастапқы және кейінгі деп екіге бөліп қарастырылады.
Алдымен Витгенштейн жеке өмірлік тәжірибелерін де айта кету керек шығар. Ол жас кезінде мінезі тұйық, қоғамнан оқшауланып жүретін, тілінде кекештігі бар бала еді. Льюдвик төрт ағайынды еді, соның үшеуі өзіне қол салып өлген. Витгенштейннің өзі де суицид жайлы көп ойлайтын. Сөйлеуі, сөйлем құрауы қиын болды. Ойын жеткізе алмайтын. Жалпы адамдармен қарым қатынасқа түсуі өте ауыр еді. Мүмкін оның ғылымдағы жетістіктері, ашқан жаңалықтары осы кемшіліктерінің арқасында болған шығар. Ол жастайынан сөйлеу және қарым-қатынас тақырыбын сырттай зерттей бастайды.
Сол зерттеулерінің негізінде оның «Логико-философиялық трактаты» жарық көреді. Өзі бір жұп-жұмыр, шағын еңбек. Бұл кітаптың негізгі сұрағы: Адамдар бір бірімен қалай қарым қатынасқа түседі? Ойларын, идеяларын бір біріне қалай жеткізеді?
Сол сұраққа өзі жауап береді.
«Біз тіл арқылы обьектінің бейнесін қабылдаймыз. Яғни мида картина пайда болады», – деді.
Оның бұл жаңалықты негіздеуіне газеттен оқыған бір сот процессі туралы жаңалық себеп болады. Париждің көшесінде жол көлік апаты болады. Сот сол апаттың себебін анықтау үшін ойыншық мәшнелерді қойып, визуалды түрде сол апатты суреттейді.
Бұл жаңалықты оқыған Витгеншейн өзінің тіл туралы концепциясын тудырады. Оның ойынша біз сөз арқылы фактінің картинасын аламыз. Мәселен мен жираф деп айтсам сіздің санаңызда жылт етіп жирафтың визуалды бейнесі жүріп өтеді. Сол арқылы келе мен бір фактіні келесі біреуге жеткіземін. Осылайша біз бір бірімізбен қарым-қатынасқа түскенде үздіксіз картиналармен алмасып отырамыз. Когнитивный

Бұл жерде Витгеншейн факті деп обьектіні, шындықты айтып отыр. Оған факті деген термин жақын.


Ал Париж соты неліктен ойыншық көліктермен визуалды түрде Жол көлік апатын суреттеді деген сауалға Витгеншейт былай жауап береді. Соттағы мәселе өте маңызды әрі нақтылықты қажет етеді. Ал фактіні келесі бір адамға тіл арқылы, сөз арқылы жеткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Көп адам сөзге шебер емес. Сондықтан олар визуалды нұсқаға жүгінді» дейді. Дұрыс сөйлей алмайтын адамдар бәрін шатастырып, фактіні қате жеткізуі мүмкін.
Осыдан келе Витгенштейн мынадай қорытынды жасайды. Адамдардың арасында түсініспеушілік неге болады. Біреу өзінің ойын айтады, ал екінші бір адамның ойында басқаша бір, қате картиналар пайда болады. Кейде ол дұрыс сөйлей алмаудан, жеткізе алмаудан. Біреуге жеткізу былай тұрсын, өзінің санасында соны дұрыс құрай алмаудан болады. Біз мәнсіз-мағынасы нәрсе айтуымыз мүмкін, немесе абстрактілі, шашыраңқы дүние айтуымыз мүмкін.
Немесе тағы бір себеп бар: біз сөйлеп тұрған адамның әңгімесіне өз тарапымыздан шектен тыс картина жүктеп алуымыз мүмкін.
Мәселен мен әйеліме жұмыста бір қызбен таныстым деп айтсам. Мен мүлде фактіні айтып тұрмын, жұмыс бабымен таныстым, ойымда ештеңе жоқ болуы мүмкін. Ал ол оны қиялымен мүлде басқаша елестетуі мүмкін. Осылайша екі субьектінің арасында визуалды сәйкессіздік, қашықтық пайда болады.
Осыдан келе Витгеншейн қандай қорытынды жасайды? Адам сөзіне барынша абай олуы керек, барынша аз сөйлеуі керек және ойын барынша дәл жеткізуге тырысуы керек.
«О чем невозможно говорить о том следует молчать» дегендей ойыңды жеткізе алмасаң мүлде сөйлеме дегенге саяды.
Осы трактатты жариялаған соң Витгеншейн философияның шаруасын бітірдім. Бүкіл жұмбағын аштым деп санап, философиямен біржола қоштасып кетеді. Сабақ береді, басқа шаруаларымен айнаылсып кетеді.

Кейінгі Витгеншейн
Бірақ біраз ылдан кейін, 1925 жылы ол философияға қайтып келеді. Себебі өзінің ойларында кемшілік барын түсінеді. Оны толықтыру керек деп санайды.
Осылайша «Философиялық жұмыстар» деген атпен екінші кітабын жазады.
Бастапқы кітапта ол «Тіл – картина алмасудың әдісі» болса енді «Тіл – адамдардың ойын құралына» айналып кетті. Тура мағынасындағы ойын емес, одан көрі ниеттің алгоритмі деуге болады.
Мәселен ата-ана баласына «қорықпа, бәрі жақсы болады» деген кезде рационалды түсініктегідей бәрі жақсы болатынын анық біліп тұр деген сөз емес, Бұл оны жұбату ойыны. Оған ниетін білдіру, көңілін көтеру үшін жасалатын ойын.
Бұл жолы Витгеншейн үшін адаммен адамның арасындағы түсініспеушілік неге болады деген сұрақтың жауабы өзгерді. «Адам мен адам бір бірінің қандай ойынға сүйеніп тұрғанын білмейді. Олар сондықтан түсініспейді, жауласады» деді.
Мәселен әйелі күйеуіне «сен мені жақсы көрмейсің десе рационалды түрде екеуміз ажыраса берсек болады» деген сөз емес. Бұл психологиялық ойын. Бұл көңіл дәм ету. Мені еркелет, маған көңіл бөл деген сөз. Ер адам сол ойын тілін, ойынның ережесін түсінбегендіктен ашуға беріледі. Әйел фактіні жеткізу үшін сөйлеп тұрған жоқ. Ол психологиялық көңіл дәм етіп тұр.
Кейінгі Витгеншейн үшін басқа адаммен тіл табысу үшін оның қандай ойынға жүгініп тұрғанын түсіну маңызды. Сон да ғана арада ұрыс-керіс, түсініспеушілік болмайды.
Витгеншейн философиясы көп жағдайда қолданбалы сипатқа ие. Ол үнемі шығудың жолын айтып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет