181 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы ҚАЛДЫРҒАН I түрі Жасымда болдым балдырған,
Халқымды сөзге қандырған.
Айналайын, халқым-ау,
Маңдайдан шырақ жандырған.
Мəжілісімді көркейтіп,
Мырзалар қалап алдырған.
Сол балдырған кезімде,
Ғашықтық оты жандырған.
Бір сағатта он көрсе,
Көсіліп əнім жаңғырған.
Сүмбіленің бұлтындай,
Сөзім қалың жаңбырдан.
Алпысқа келген мендей шал,
Есін білмей қаңғырған.
Құрбы-құрдас, замандас,
Іздеп кеп атын шалдырған.
Кейінгі жастар айтсын деп,
Атын бір қойдым Қалдырған.
Шіркін, дүние, кең едің,
Біраз күн алдап бөгедің,
Орта жүздің ішінде,
Əн шырқаған мен едім.
Сарыарқаны сайраңдап,
Жал мен жая жеп едім.
Қартайған, да дүние-ай,
“Қайдасың, Ыбырай” демедің.
182 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Қызығың, дүние, өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Қарлығып қарттың дауысы,
Жастар желдей ескен күн.
Қара бура қартайса,
Жар басына көшкен күн.
Байланбаған асаудай
Сырт айналып тепкен күн.
Беремін, жастар, батамды,
Сендерге тізгін көшкен күн.
Кəрілер бесік тербетіп,
Жастар гүлдеп өскен күн.
Жасымда өстім қындай боп,
Күмістен тартқан сымдай боп.
Болам деген ой бар ма,
Аппақ қу шұнақ мұндай боп.
Алпысқа келдім аманат,
Шықпады-ау ешбір жаманат.
Қалдырғанды тапсырдым,
Сұраған саған аманат.