Университеттің оқу үдерісінің негізгі элементтерінің бірі оку тәжірибесі болып табылады және студенттің білім беру траекториясының құрамдас бөлігі болып табылады. 6В06118 тағылымдама мамандығы бойынша 2 кредит оку процесінің жалғасы ретінде оку үдерісінен тыс екі апта ішінде өткізілді. Оку практикасын ету уақытында студенттің максаты С++ тілдердің мүмкіндіктерін терең игеру, теориялық және практикалык білімдер арасында байланыстарды тығыздау. Осы жобаның бір бөлігі ретінде біз математикалық есепті шешетін және калькулятор жасайтын бағдарлама кодын әзірлеу және енгізу үшін Visual Studio бағдарламасын сәтті пайдаландық. Visual Studio C++ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, біз жұмысымызды тиімді ұйымдастырып, алға қойған мақсаттарымызға жете алдық. Біздің практикамыз сәтті аяқталып, математикалық есепті шешу және C++ тілінде калькулятор жасау мақсатына жетті. Біз деректерді өңдеу және негізгі математикалық операцияларды жүзеге асыру үшін әртүрлі алгоритмдер мен деректер құрылымдарын қолдандық. Тестілеу біздің бағдарламаның дұрыс жұмыс істейтінін және қажетті функционалдылықты қамтамасыз ететінін көрсетті.Дегенмен, одан әрі жетілдіруге мүмкіндік бар.