Практика бойынша есеп н 3


Бухгалтерлік есептің даму тарихы



бет2/7
Дата14.06.2023
өлшемі190,86 Kb.
#101272
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практика бойынша

Бухгалтерлік есептің даму тарихы

Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.




Бухгалтерлік есептің пайда болуы
Ертедегі Египетте пирамида құрылысы жақсы дамыды. Құрылысты басқаратын терең білімді адамдармен бірге есеп жүргізетін мамандар да қажет болды. Арнайы мектептерде дайындалған мамандар әр түрлі қаттардың кіріс, шығысының есебін жүргізіп, белгілі бір мерзімге олардың қалдықтарын анықтай алатын болды. Египетте есеп жүргізуші кітап – ұзындығы 10-12 м болатын папирус лентасы болды. Ондағы мәліметтер ұзақ уақытта сақталды.
Қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген көптеген әдістер мен тәсілдер ерте кездің өзінде‑ақ (5-6 мың жыл бұрын) пайда болды. Біріншіден, шаруашылық құралдар тегіне қарай топтастырылды. Екіншіден, шаруашылық құралдары қозғалысының есебі жүргізілді. Үшіншіден, есеп бақылау жасау құралы ретінде пайдаланылды.
Есеп жүргізу деңгейі ертедегі Греция мен Римде де мейілінше жоғары болды. Себебі ертедегі гректер шығыс пен батыстағы ұлан ғайыр территорияда сауда-саттық жүргізген. Есеп жүргізу үшін олар да папирусты қолданған, бірақ ағымдағы жазуды орындау үшін тақтайдан жасалып, балауыз жағылған кестелер пайдаланылды.
Ертедегі римдіктер де бұл балауыз жағылған тақтай кестелерді бір-біріне кітап сияқты етіп байлап, оларды «Кодекстер» деп атады.
Орта ғасырларда Рим империясының есеп мамандарына инвентарлық кітап, кіріс-шығыс кітаптары белгілі болды. Олар қазіргі касса, кассир, кассалық жазу, шоттарды жабу, сальдоны (қалдықты) анықтау деген терминдерді білді.
Орта ғасырлардың аяғында бухгалтер деген термин Австрияда пайда болды. 1498 жылы Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан-I бірінші бухгалтер етіп Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехерді тағайындады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император Максимилианның 1498 ж. 13 ақпанындағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн «бухгалтер» және бухгалтерия ұғымының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бухгалетрдің адамгершілік қасиетіне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.
Осы кезеңнен бастап біздің ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі түрі – кітаппен байланысты болды.
Есептің жетілдірілуі ескі және жаңа италиялық екі жақты бухгалтерияның пайда болуына жағдай туғызды. Екі жақты жазудың өмірге келуі адамзат қоғамының өмірі эәне шығармашылығы үшін ауқаттылық жасаған меншік капиталының дамуына (мүмкіндік жасады) жол ашты. Екі жақты жазу жүйесі XIII-XIV ғғ. дүииеге келді, оны солтүстік Италияның сауда орталықтарында қолданған еді. Генуяның муниципалдық жазуларында табылған екі жақты жазудың жүйесі 1340 жылмен көрсетілген.
Одан ерте екі жақты жазу 1299-1300 жж, Францияда Шампань провинциясындағы фирмада анықталған.
Ескі италиялық бухгалтерияның негізгі ерекшеліктері – есеп жүргізуші екі кітапты: журналды және Бас кітапты болып көрсетілуі. Журналда хронологиялық жазулар жазылса, Бас кітапта топтастырылып жазылды. Кітаптың барлық парағы номерленді жіне бір парақтың жоғалуы кітаптың құнын айтарлықтай түсірді.
Бухгалтерлік есеп туралы бірінші кітапты 1494 жылы италиялық ғалым-математик Лука Пачоли жазды. Лука Пачоли алғаш рет бухгалтерлік есеп туралы білімді бір жүйеге келтірді. Оның осы «Арифметика, геометрия салалары, пропорциялар және қатынастар туралы ілім» деген кітабында «Шоттар және жазулар туралы трактаттар» деп аталатын бөлімінде екі жақты бухгалтерияны жүргізу әдісін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет